Су мен минералдық элементтердің адам ағзасындағы биологиялық маңызы


Slide 1

Презентация

Тақырыбы: Су мен тұздардың адам ағзасында маңызы

Орындаған:Алимханова Ә. Е

Тобы:06-17 ЖМҚА

Қабылдаған:Адилханова Р. А

Slide 2

Жоспар

Кіріспе

Негізгі бөлім

Су негізгі ерекшеліктері

Судың биологиялық мәні.

Минералды элементтер

Минералды заттардың биологиялық мәні

III. Қорытынды

IV. Пайдаланылған әдебиеттер

Slide 3

Судың негізгі ерекшеліктері

Судың негізгі ерекшеліңтерінің бірі-оның молекулаларының құрылымдық агрегеттарға бірігу қабілеті болып табылады, ол дипольдың әртүрлі зарядталған полюстерінің арасындағы байланыстың пайда болуына байланысты мүмкін болады, бұл жағдайда әрбір су молекуласы көршілес 4 молекуламен сутектік байланыс арқылы тығыз байланысқан. Судың жылу сыйымдылығы басқа биологиялық заттардың жылу сыйымдылығынан едәуір артық.

Slide 4

Су факторларына байланысты барлық ауруларды екі үлкен топқа бөлуге болады:

Судың биологиялық ластануы адамдарда жұқпалы және паразиттік аурулар туғызатындықтан, эпидемиологиялық тұрғыдан қауіпті екендігі айтылды.

Slide 5

Судың химиялық құрамына байланысты ауруларды да (жұқпалы емес ауруларды) екі топқа бөледі:

- судың табиғи химиялық құрамына байланысты ауруларға;

- судың антропогендік химиялық ластануымен байланысты ауруларға

Slide 6

Судың биологиялық мәні

Су-тірі ағзаларда кең тараған минералдық зат. Сусыз тіршілік ететін бірде бір ағза жоқ. Ағзада судың керекті мөлшері оның тағаммен түсуі арқылы қамтамасыз етіледі, тәулігіне шамамен 2, 0-2, 2л. Шамамен 200-300мл су ағзада биологиялық тотығу процестерінде органикалық молекулалардың катоболизімінде түзіледі.

Slide 7

Тағамның міндетті құрамы ретінде судың биологиялық қызметтері

Slide 8 Slide 9

Минералды элементтер

Минералды элементтер ағзада әртүрлі мөлшерде және әртүрлі қосылыстарда болады. Олардың кейбіреуінің мөлшері көп болуы мүмкін (макроэлементтер) және бірнеше граммға жетеді. Макроэлементтерге кальций, фосфор, магний, калий, натрий және т. б жатады. Адам ағзасының минералды құрамы тамақтануға және тағам құрамына, суда және тағам өнімдерінде минералдық заттардың мөлшеріне байланысты болады.

Slide 10

Фтор

Фтор - ағзада физиологиялық роль атқаратын, маңызды элемент болып саналады. Фтор адамның барлық мүщелерінің құрамына кіреді, бірақ, негізінен, сүйек пен тісте көбірек кездеседі. Ересек адам бір тәулігіне азық-түлік өнімдерімен бірге орта есеппен 0, 5-1, 1 мг, ал сумен бірге 2, 2-2, 5 мг/л фтор қабылдайды. Азық-түлік құрамындағы фтор, судағы еріген фторидтерге қарағанда, нашар сіңіріледі. Ауыз суда фтор неғұрлым көп болса, флюороз- жиі, ал кариес - сирек кездеседі. Флюорозбен, негізінен, туғаннан немесе 3-4 жастан бері эндемиялық аймақта тұратын балалардың тұрақты тістері (сүт тістері - сирек) көп зақымданады. Фтордың мөлшері қалыпты деңгейден сәл ғана жоғары болғанда, баланың азу тістері, ал өте жоғары болғанда, барлық тістері зақымданады. Ағзаға түскен фтордың көп бөлігі бүйрек пен тер бездері арқылы шығарылатыны, ал аз бөлігі ағзада ұсталынып қалатыны анықталды. Бұнымен қатар, эндемиялық аудандардағы тұрғындардың көпшілігінің тістерінде едәуір өзгерістер болған жағдайда, кейбір адамдарда тістерінің жеңіл зақымданулары болады, мұндай аудандарда, тіпті тістері түгелдей сау балалар да кездеседі. Бұл демек, суда фтордың концентрациясы бірдей болғанымен, олардың түсуіне ағза әр түрлі реакция беруі мүмкін деген сөз.

Slide 11

йод

Ауыз су құрамында йод жетіспейтін биогеохимиялық провинциялар да бар. Йодтың жетіспеушілігі, қалқанша бездің ұлғайымен, бой өсуі, ақыл-ой және дене дамуының тежелуімен білінетін, зоб ауруының пайда болуына әкеп соғады. Таулы жерлердің суларында (Қазақстанның оңтүстік аудандары), қара топырақты емес, шымды-ақшыл сұрғылт түсті, және батпақты топырақтарда (Полесье, Солтүстік Кавказ, т. б. ) йодтың мөлшері аз болады. Қалқанша бездің қалыпты жұмыс істеуі үшін, ағза тәулігіне 100-200 мкг йод түсіп отыруы керек, ол ауыз суы мен тағамдық азықтарды қабылдаумен қамтамасыз етіледі. Қоршаған ортада йодтың мөлшері жеткіліксіз жағдайда тамақ өнімдерге (ас тұзын, нанды) йод қосу әдісі қолданылады.

Slide 12

Кадмий

Кадмийдің кез келген түрі қауіпті. Оның 30-40 мг мөлшерінің өзі, өлімге әкеп соғады. Бұл металл ағзадан өте нашар шығарылады, тәулігіне - 0, 1 % ғана. Ағзаның кадмийдан улануының ерте белгілері бүйрек пен жүйке жүйесінің зақымдануы, зәрде белоктың болуы, жыныс мүшелері қызметінің бұзылуы (аталық жыныс бездеріне әсері), арқа және аяқ сүйектерінің қатты ауруы болып табылады. Сонымен бірге, кадмий өкпенің қызметінің бұзылуына әкеледі, канцерогендік әсері бар, бүйректе жиналады (бүйректің 1 г массасына шаққанда, Cd 0, 2 мг тең мөлшері ауыр улануға әкеп соғады) . Кадмийдің ағзаға артық мөлшерде түсуі қан аздықтың, бауыр зақымдануының, кардиопатияның, өкпе эмфиземасының, остеопороздың, гипертонияның дамуына және қаңқаның пішінінің өзгеруіне әкеп соғуы мүмкін. Ағзада темірдің жетіспеуі кадмийдің жинақталуын күшейтеді, ол Zn пен Se жетіспеген жағдайда тез жиналады. Кадмийдің артық болуы Zn пен Se жетіспеушілігін туғызады және күшейтеді.

Slide 13

Сынап


Ұқсас жұмыстар
Адам ағзасындағы су мен минералды тұздардың физиологиялық маңызы
Адам ағзасындағы витаминдердің физиологиялық қызметтері мен тағамдық маңызы
Сулы ерітінділердегі химиялық реакциялар және судың биологиялық рөлі: дистилденген, апирогенді су және s-элементтердің маңызы
S-, p- және d-элементтердің тірі ағзалардағы биологиялық маңызы
Адам ағзасындағы химиялық элементтер: макро- және микроэлементтердің таралуы мен физиологиялық маңызы
s-, p- және d-элементтердің биологиялық маңызы және медицинадағы қолданылуы
Макроэлементтердің адам ағзасындағы маңызы және олардың жетіспеушілігі мен артық мөлшерінің физиологиялық салдары
Адам тағамының химиялық құрамы мен биологиялық маңызы
Химиялық элементтердің тірі және өлі табиғаттағы таралуы мен адам организміндегі биологиялық рөлі
Адам ағзасындағы биогендік элементтер мен металдардың рөлі және олардың денсаулыққа әсері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz