Акционерлік қоғам жайлы
Презентация қосу
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНСТРЛІГІ
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Факультет: «Экономиика және құқық»
Кафедра: «Құқықтану»
Презентация
Тақырыбы: «Акционерлік қоғам».
ОРЫНДАҒАН: ЫБРАЙЫМ А.
ТЕКСЕРГЕН: НҮРЕКИНА Г.
Алматы 2011
Акционерлік қоғам деген не?
Акционерлік қоғам — өз қызметін іске асыру үшін қаражат тарту
мақсатында акциялар шығаратын заңдық тұлға.
Аса өтімді акциялар құны
Аса өтімді акциялар құны 12.06.2009
Аса өтімді акциялар құны 19.06.2009
Аса өтімді акциялар құны 26.06.2009
Жана қаржы құралдары
АӨҚО-да капитал нарығына арнап бағалы қағаздардың жаңа
түрлерін шығару жөнінде шарттар жасалды. Бағалы қағаздардың
жаңа түрлерін айналымға енгізу ұйымдасқан бағалы қағаздар
нарығындағы тәуекелдікті диверсификациялануына мүмкіндік
береді. Сонымен қатар нарық өтімділігін арттырып, жеке
инвесторларды белсенді тартуға жол ашады.
2009—2011 жылдарға арналған Стратегиялық жоспарды жүзеге асыру
шеңберінде Агенттік қаржы құралдарын ендіруге қатысты нақты
жұмыстар жүргізуде. Осы бағытта Агенттік аталған жылдың маусым
айында күшіне енген жаңа листинг ережелерін жасап шығарды. Жаңа
листинг талаптарына сәйкес, айналымға жіберілген мемлекеттік емес
бағалы қағаздар спектрі акциялар және борыштық бағалы қағаздар секілді
екі негізгі топтарға бөлінді. Сонымен қатар ұсынылатын қаржы
құралдарының қатары артты пайлық инвестициялық қорлар, индекстік
қорлар, туынды бағалы қағаздар, борыштық бағалы қағаздар), отандық
және шетелдік инвесторлар үшін инвестициялаудың аса кең мүмкіндіктері
пайда болды. Бағалы қағаздардың жаңа түрлерінің айналымға жіберілмесі
сонымен қатар инвесторларға бағалы қағаздар нарығындағы операцияларға
қатысты тәуекелдерді хеджирлеуге, мүмкіндік береді.
Мәселен, Орталық-азия аймақтарында шетелдік инвесторларды тарту
мен индекстік қорларды, деривативтер нарығын құру мақсатында
құрамында орталық-азия аймақтарындағы компаниялардың акциялары бар
Renaissance Capital Central Asia Equity Index (RENCASIA,
www.centralasia.rencap.com) жаңа индексі енгізілді. Осыған байланысты,
Ресейдің туынды бағалы қағаздар нарығы дүниежүзіндегі ең жылдам
дамуышы нарық болып танылды.
Сонымен қатар, отандық қор нарығына жаңа қаржы құралдарын енгізу
жөніндегі Агенттіктің өткізген шаралары нәтижесінде Қазақстанда алғаш
рет жылжымалы мүліктің инвестициялық трасты енгізілді: ағымдағы
жылдың маусым айында «АИФН „Великая стена“ АҚ 12 266 қарапайым
акцияларын 1,472 млрд. теңге сомасына орналастырды.
Сондай-ақ, ислам қаржыландыруын ендіру бойынша қажетті шарттар құру
үшін Агенттік Қазақстан Республикасының әрекет етуші банктік
заңнамасына, салық заңнамасына, және Азаматтық кодекстің жалпы
нормаларына өзгерістр енгізу жөнінде ұсыныстар берді. Мұнымен қоса,
биржалық сауданың тауарлар арқылы (астық, мақта, ет және т. б.)
белсенділігін арттыру мақсатында, АӨҚО базасында тауар биржасын
ұйымдастыру жөнінде жұмыстар жүргізілуде: Агенттік астықтарға
фьючерстер бойынша мәмілелер жүргізу, және бағалы металлдар нарығын
жандандыру үшін биржалық алаңдарды құруға қатысты қызмет атқаруда.
Қазіргі уақытта секьюритизацияланған активтер, фьючерстер,
инвесторлардың ауқымды көлемі үшін тиімді опциондар секілді жаңа қаржы
құралдарын ендіру мен жасау жоспарлануда.
АӨҚО бәсекелестікке қабылеттілігі
АӨҚО бәсекеге қабылеттілігі Әлемдегі аймақтық және басқа
да дүниежүзілік қаржы орталықтарымен салыстырғанда, Алматы қаласы
өңірлік қаржы орталығының бәсекеге қабылеттілігі Қазақстан
қор нарығының артықшылықтарымен ерекшеленеді.
АӨҚО-ң бәсекеге қабылеттілігі - Қазақстан Республикасы Президентінің
2006 жылғы 1 наурыздағы қаулысында жарияланған дүниежүзінің бәсекеге
қабылетті 50 елінің қатарына ену жөніндегі Қазақстан Республикасының
жалпыұлттық Стратегиясын орындау кезіндегі маңызды құраушы бөлік
болып табылады.
АӨҚО-ң бәсекеге қабылеттілік артықшылықтары:
1. АӨҚО жобаларын мемлекеттің қолдауы
2. Жеңілдетілген листингтік талаптар
3. Үлкен инвесторлық база
4. Ұлттық рейтингтік қызметтер нарығының дамуы
5. Мамандандырылған қаржы соты
6. Ел экономикасының серпінді дамуы
Акционерлік қоғам
Акционерлік қоғам құрылтайшылары қоғам құру туралы шешім қабылдаған
жеке немесе заңды тұлғалар бола алады. Қоғам құрылтайшысы бір ғана
адам бола алады. Қоғам оның құрылтайшыларының жиналысы шешімімен
құрылады. Қоғам 2003 жылдың 13 мамырындағы «Акционерлік қоғамдар
туралы» ҚР Заңындағы тәртіппен бұрынғы заңды тұлғаның қайта
ұйымдастыруымен құрылуы мүмкін.
Бірінші құрылтайшылар жиналысында құрылтайшылардың атқаратын
жұмыстары мыналар:
• Қоғам мекемесі туралы шешім қабылдап, қоғам құрудағы атқарылатын
қызметтерді анықтайды;
• Құрылтайшылық келісім-шарт жасайды;
• Құрылтайшылардың беретін акциялардың алдын ала төлемін бекітеді;
• Жарияланған акциялардың, оның ішінде құрылтайшылар төлеміне енетін
акцияларды бекітеді;
• Акциялар шығаруға мемлекеттік тіркеу туралы шешім қабылдайды;
• Қоғам тіркеушісін таңдайды;
• Қоғам атынан мемлекеттік тіркеуге қол қою үшін өкілетті тұлғаны
таңдайды;
• ҚР заңнамасына сәйкес қоғам құрылтайшыларының жарғылық капитал
төлемінің мүліктік бағасын анықтайтын тұлғаны таңдайды;
• Қоғамның қаржылық-шаруашылығын жүргізетін және қызығушылығын
үшінші тұлға алдында қоғам органдарын оқытуға дейін көрсететін
тұлғаны таңдайды;
• Қоғам жарғысын бекітеді.
Акцияны орналастырмас бұрын бірнеше құрылтайшылар жиналысы өткізу
керек. Осыған орай шешімге толықтырулар мен өзгерістер енгізу үшін
барлық жақ құрылтайшыларының қатысуымен жүзеге асырылады. Бірінші
құрылтайшылар жиналысында әр құрылтайшы бір дауықа ие бола алады.
Келесі құрылтайшылар жиналысында да егер ол туралы құрылтайшылар
келісім-шартында көрсетілмесе, әр құрылтайшы бір ғана дауысқа ие.
Құрылтайшылар жиналысының шешімі барлық құрылтайшылар қол қойған
хаттамамен бекітіледі.
Құрылтайшылық келісім-шарт
• Жазбаша түрде бекітіледі
• Құрылтайшылар мен оның өкілдіктерінің қолдары қойылады
• Нотариуспен куәландырылады
Қоғам жарғысы қоғамның заңды тұлға ретіндегі хұқықтық статусын
анықтайтын құжат болып табылады.
Жарғы мазмұны мынадай боуға тиіс:
• Қоғамның толық және қысқартылған атауы;
• Қоғамның атқарушы органының орналасқан жері;
• Акционерлердің хұқықтары туралы, қоғамның жоғары дәрежелі акциясын
куәландыратын хұқық көлемін қоса алғанда мәлімет;
• Қоғам органдарының компетенциясы мен білім тәртібі;
• Қоғам органдары қызметінің ұйымдасу тәртібі мыналармен қоса:
жиналыс тәртібі, акционерлердің жалпы отырысының тәртібі және
қоғамның әріптестік отырысы тәртібі;
• Қоғам органдарының шешімінің тәртібі, соның ішінде көпшілік дауыспен
білікті болып қабылданатын шешім сұрақтары тәртібі;
• Қоғам қызметі туралы бұқаралық ақпарат құралдарында көрсетілген
ақпарат беру тәртібі;
• акционерлер мен міндетті тұлғалардың қоғамның аффилиирленген
тұлғалары туралы ақпарат тәртібі;
• егер қоғам коммерциялық емес ұйым болса, қоғамның коммерциялық емес
екенін көрсету, дивиденттердің төленбегені туралы, дауыс беру шарасы
және басқа да ҚР Заңы мен заңнамалық актілермен бекітілген талаптар;
• қоғам қызметін тоқтату шарасы;
• Қазақстан Республикасының заңнамалық актілері мен Заңына сәйкес басқа
да жағдайлар.
Жарғылық капитал
Қоғамның жарғылық капиталы құрылтайшылардың номиналды бағасымен
төлеген акция қаражатымен қалыптасып және Қазақстан Республикасы
валютасымен көрініс табады.
Қоғамның жарғылық капиталы «Акционерлік қоғамдар туралы» Заңда
бекітілген талаптармен жүзеге асады.
Акциялардың алдын ала төлемі олардың мемлекеттік тіркелуінен кейін отыз
күн ішінде жарғылық капиталдың ең аз мөлшерімен құрылтайшылар арқылы
төленеді. Қоғамның жарғылық капиталының өсуі қоғамның жарияланған
акцияларының орналасуына байланысты. Қоғамның жарғылық капиталының
ең аз мөлшері 50 000 еселік айлық есептік көрсеткішке тең. Бұл ҚР Сәйкес
қаржы жылдағы республикалық бюджет туралы заңымен бекітілген.
Акциялар
Қоғам жай және ерекше акциялар шығаруға хұқылы.
Есіңізде болсын!
Акция бөлінбейді. Егер акция бірнеше тұлға иелігіне жататын болса, олардың
барлығы бір акционер болып акциямен кәуланға хұқықты пайдалана алады.
Қазақстан Республикасы Заңнамалық актілермен мыналарға шектеу қойылуы
мүмкін:
• Қоғам акцияларымен келісім жасау;
• Бір акционер иелегіндегі қоғамның акцияларының ең жоғары саны;
• Бір акционерге берілген қоғам акциясы бойынша ең жоғары дауыс саны.
Қоғам басқа да құнды қағаздар шығаруға хұқылы. Оны шығарудың тәртібі
мен талабы, ұсыну мен алып тастау ҚР заңнамасымен бекітіледі.
Жылжымайтын мүлікті сатып алу. Ипотека. Коммуналдық тарифтер
Қатысушылар
Қаржы орталығының қатысушылары қатарына Алматы қаласы өңірлік
қаржы орталығының қыметін реттеу жөніндегі өкілетті мемлекеттік
орган берген мемлекеттік тіркеу жөніндегі куәлік немесе қаржы
орталығының қатысушысы ретінде аккредиттелу туралы куәлікке ие,
сонымен қатар Қазақстан Республикасы қаржы ұйымдары мен қаржы
нарығын қадағалау және реттеу агенттігі берген брокерлік және (немесе)
дилерлік қызметті жүзеге асыру лицензиясы бар бағалы қағаздар нарығының
кәсіби қатысушылары жатады. Қаржы орталығының қатысушылары
қатарына банктер, зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі
қызметті жүзеге асыратын бағалы қағаздар нарығының кәсіби
қатысушылары, жинақтаушы зейнетақы қорлары енбейді. Қаржы
орталығының қатысушысы статусын алу үшін заңдық тұлғаның Алматы
қаласы территориясында үнемі қызмет етуші органының болуы қажет.
Кәсіби қатысушылар жүзеге асыратын қызмет түрлері:
- брокерлік қызмет
- дилерлік қызмет
- бағалы қағаздарды басқару қызметі
- өзара міндеттерді анықтау қызметі (клиринг)
- депозитарлық қызмет
- бағалы қағаздар иелерін тіркеуді жүргізу қызметі
- бағалы қағаздар нарығында саудаластық жүргізу қызметі
АӨҚО қатысушысы болу жолдары
АӨҚО қатысушыларының тізбесі
Арнайы қаржы соты
Алматы қаласындағы Мамандандырылған қаржы соты Қазақстан
Республикасы Президентінің № 158 Жарлығына сәйкес, 2006 жылдың
17 тамызында бекітілді. Бүгінгі таңда, жаңадан құрылған сот жүйесі
Қазақстан Республикасындағы облыстық сот статусын алған, азаматтық-
құқықтық дауларды тек бірінші сатыда қарастыратын жалғыз сот жүйесі
болып табылады.
Алматы қаласының Мамандандырылған қаржы сотына шетелдік компания
өкілдері де араласа алатындықтан, ондағы іс жүргізу мемлекеттік және
орыс тілдерімен қоса ағылшын тілдерінде де жүргізіледі.
Алматы қаласы Мамандандырылған қаржы сотының юрисдикциясы
экстерриториалдық сипатта. Ол Қазақстан Республикасының барлық
территориясын қамтиды.
Қаржылық сотты құру қажеттілігі АӨҚО қатысушылары үшін сот ісін
барынша жеңілдету мақсатында туындады. Қаржылық соттың іс жүргізу
мәселесінде тілдік барьердің болмауы себебінен, қаржылық, салықтық
стипаттағы даулар тиімді шешіледі, яғни ол брокерлік/дилерлік қызметті
жүзеге асыруға байланысты азаматтық істер. Алайда, аталған
сот мұнымен қоса, жер, еңбек дауларын, келісімшарт міндеттемелері
жөніндегі дауларды қарастырады, тек айта кететін жайт, аталған
даудағы тараптардың бірі АӨҚО қатысушысы тарапынан болулары тиіс.
Аталған сотқа ұқсас қаржы соты дүние жүзінде санаулы. Қазақстан
Республикасының Жоғарғы Соты қаржылық сот қызметкерлерін шетелдің
қаржы және коммерциялық соттарында (Лондон, Дубай, Малайзия және
т. б.) оқытуды жоспарлап отыр.
Жалпы төрешілер құрамы жоғары кәсіби мамандардан тұрғандықтан,
Алматы қаласындағы Мамандандырылған қаржы соты кез-келген даулы
өтініштерді қабылдауға және азаматтық сот жүргізу тәртібі бойынша
қарастыруға дайын.
Назарларыңызға
рахмет!!!
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz