Репродуктивтік денсаулық және тәлім-тәрбие
Презентация қосу
Презентация
Тақырыбы:
Репродуктивтік денсаулық және тәлім-тәрбие
Кафедра:
Қоғамдық денсаулықты сактау
Орындаған:______________
Тексерген:_______________
Алматы-2009
Репродуктивтік денсаулық және тәлім-тәрбие
Жоспары:
1.Репродуктивтік денсаулық анықтамасы.
2.Репродуктивтік денсаулықтың медициналық-әлеуметтік аспектілері.
3.Репродуктивтік денсаулықтың бұқара халықтық,топтық және жекеше
деңгейлеріндегі көрсеткіштері.
4.Ер адамдар мен әйелдердің репродуктивтік денсаулығының
бұзылуларының дамуы және пайда болуына қауіпті жағдайлар.
5.Репродуктивтік денсаулықтың динамикасының ерекшеліктері.
6.Жасөспірім ұлдар мен қыздардың репродуктивтік денсаулығының
қалыптасу ережелері.
7.Халықтың репродуктивті денсаулығын қорғаудағы құқықтық-жыныстық
тәрбиелеудің маңызы.
8.Жанұяны жоспарлау.
9.Жүктілік кезіндегі асұынулардың және бедеуліктің ерте алдын алу және
болжамдау шараларын ұйымдастыру.
• Репродуктивтік денсаулық-бұл дене ,ақыл-ой жіне
әлеуметтік саулығы бар кезде дені сау ұрпақ әкелу,яғни
тұқым өрбіту үрдісін жүзеге асыра білу қабілеті. Тұқым
өрбіту саулығы-отбасы мен біздің қоғамымыздың
негізі.Ол тұқым өрбіту кезеңіндегі денсаулық қалпын
көрсетіп қоймай (әйелдерде 13 жастан 45-ке дейін,ерлерде
15-тен 55-ке дейін),балалық шақтағы ,бозбала кездегі,
тұқым өрбіту кезінен кейінгі тұстағы денсаулықтың
жағдайын білдіреді.
• Тұқым өрбіту денсаулығы-адамның өмір сүру
салтына,ішіп жер тамағына,сәби,бала кездегі
денсаулығына экологияға,тегіне, тұқым өрбіту
денсаулығын қорғау(мектеп,отбасын жоспарлау,бала
босанатын үйлер)қызметіне байланысты.
Тұқым өрбіту денсаулығын қорғау органдарының
қызметтері:
1. Отбасын жоспарлау бойынша ақпарат,кеңес беру,ағарту жұмыстарын
жүргізу(әйел консултациясы,бала босанатын үй,отбасын жоспарлау
орындары).
2. Жүкті әйелдерге медициналық көмек көрсету (ФАП,ауыл
амбулаториясы,әйел консултациясы).
3. Босану жағдайының қалыпты өтуі.
4. Бедеуліктің алдын алу.
5. Жыныс жолдары арқылы жұғатын аурулардың және тұқым өрбіту
денсаулығының ауруларының алдын алу,емдеу.
6. Ақпаратты білім беру .
Тұқым өрбіту денсаулығының өзекті тұсы-отбасын
жоспарлау.Отбасын жоспарлау мынадай жағдайға мүмкіндік
береді:
I. Өз нәпсілік өмірін бақылауға алуға,жыныстық
қатынастармен таралатын жұқпалы аурулардың алдын
алуға ;
II. Нәпсілік білімді дамыту үрдісіне белсене
қатысуға,әлеуметтік деңгейін өсіре отырып, тұқым
өрбіту қабілетін дамытуды жоспарлауға;
III. Жүкті болудың қажет емес түрлерінен сақтайды:
Аборт-жүктілік (28 аптаға дейін) үрдісін үзу.
Жүктілік мерзімінің ертерек кезінде аборт
медициналық мекемелерде жасалады.
Отбасын жоспарлау тәсілдері.
Ұрықтандырмайтын тәсілдер.
1. Физиологиялық тәсіл.
2. Ұрықтандырмайтын гормоналдық таблеткалар
(контрацептивтік) . Ұрықтандырмайтын гормоналдық
таблеткалардың жүктіліктен сақтау әсері 100%.
3. Ұрықтандырмайтын гормоналдық инъекйиялық
түрі(Депо-Провера).
4. Жатыр ішіне енгізілетін контрацептивтер.
5. Презервативтер(90-98%).
6. Спермицидтер(75-80%).
7. Стерилизация(100%).
8. Ұрықтандырмайтын имплантаттар.
Парасатты-жыныстық тәрбие
• Жыныс тәрбиесі-бұл жұмыс әрқашанда балалардың жас
шамасына орай түр мазмұны өзгертіліп,дәйекті,жүйелі
қалыпта өтілуі керек.Өнегелі жыныс тәрбиесі жергілікті
аймақтық,құқықтық ,мәдени-этикалық ерекшеліктерін
ескере отырып беріледі.
• Бұл үрдіске қатысатындар:
• Ата-ана;
• Мүғалімдер;
• Дәрігерлер;
• Бала үшін қадірі бар ересектер;
• Құрбылары;
• Бұқаралық ақпарат құралдары;
Парасатты жыныс тәрбиесі:
Жеке тұлғаның дамуына ықпал етеді;
Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай өткізіледі;
Нақтылы ақпараттарды хабарлайды;
“жәйден күрделіге”деген принципті қолданады;
Өтілген қүжаттарға жүйелі түрде қайта оралу;
Түрлі ұғым мен пікірлер талқыланады;
Жекелей және ұжымдық ой-қызметін дамытатын дағды
мен ыңғайдың жетілдірілуі ынталандырылады;
Өзін-өзі талдау,бағалау дағдысын дамытады;
Ақылға ыңғайланған мінез-құлықтың қалыптасуына
жағдай жасалады;
Алғашқы мағлүматтарды анықтау үшін нақтылы
жағдайды зерттеу;
• Жыныс тәрбиесінен-алынған ақпарат
білім,жетілдірілген дағдылар арқылы
әрекетке деген қарым-қатынасын
кқалыптастыра алатын қабілеті бар
және оған ие болуға үйренген адамды
тәрбиелеу болып табылады.
Парасатты жыныс тәрбиесінің мақсаттары:
Жыныстық бейіл өмір бойына,әрі дені сау адамға
тән қасиет екендігі жөнінде сенімді ақпарат
ұсынылады;
Ересектер өміріне жастарды дайындайды;
Отбасы құндылықтарын және
жалқылық(моногамия)қатынас-тұқым өрбіту
саулығының негізі екендігі туралы ой бойларына
сіңіріледі;
Өзін-өзі сыйлайтын мінез қалыптасады;
Денсаулығын бағалай білетін болады;
Көпшіл,икемді болуға ыңғай танытады;
Жыныстық бейіл-әр тұлғаның маңызды қадірі
және махаббат пен жыныс бейілә(секс) тегі бір
дүние емес екенін ұғатын болады;
Өзінің жыныс бейіл әрекетіне жауапкершілігі
артады;
Зорлық қылуға және зорлануға ,біреудің
зорлығына көнуге болмайды;
Осы жыныс тәрбиесі бағдарламасын жүзеге асыру
барысында:
1. Балалар мен жасөспірімдер арасында
жоспарланбаған жүктіліктің алдын алуға;
2. Жыныс қатынасынан жұғатын аурулар,адам
организміндегі қорғаныш тапшылығының
қоздырғышы-ВИЧ инфекциясын жұқтыру
қаупінің азаюына;
3. Жыныстық зорлыққа шек қоюға және басқа
жыныстық қылмысты тізгіндеуге мүмкіндік
туғызатынына үміттену керек.
• Репродуктивтік саулықты нығайту - басты мәселе 2008 жылдың 23 – 24 қазан айында,
Ұлттық ана мен бала ғылыми орталығының конференц залында «Еркек пен әйел:
репродуктивтік практикум» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы
өтті. Конференцияның басты көтерген мәселесі еліміздегі жанұяның, еркек пен әйелдің
репродуктивтік денсаулығын арттыру болды. Қазақстан Республикасының Денсаулық
Сақтау Министрлігі мен Ұлттық ана мен бала ғылыми орталығының бастамасымен
өткізілген аталмыш Халықаралық ғылыми-практикалық конференция репродуктивті
денсаулық саласына байланысты көкейкесті мәселелерді бөлісуге және тәжірибе
алмасуға, әсіресе эмбриология, контрацепция құралдары, вакцинопрофилактика
алаңындағы мәселелер қамтылды. Конференцияда Қазақстан Республикасының
Денсаулық Сақтау Министрлігінің өкілдері, Израиль, Германия, Египет және Ресейден
шақырылған жетекші мамандар мен отандық сала мамандарының баяндамалары
тыңдалды. Жиында мынадай мастер-класстар өткізілді: «Репродуктивтік денсаулық
және горманальды контрацепция; заманауи тәсілдері, пайдасы мен қәуіптері», «Түрлі
жастағы репродуктивті кезеңдегі емделушілерге орынбасушы гормоналді терапияны
(ЗГТ) еңгізудің қәуіпсіз тәсілдері», «Эндометриоидты ауру және репродуктивті саулық»,
«Фертильдік көзқарасқа және өмір сапасына орай еркек саулығы»,
«Вакцинопрофилактика және репродуктивті саулық». Конференция барысында
репродукция алаңында қолданылатын дәрі-дәрмек препараттарына және медицина
құрал-жабдықтарына арналған көрме өтті. Ақпараттық қолдау көрсеткен «Казахстанская
Правда» газеті, «Рахат Тв», «Эра ТВ» телеканалдары және «Казақпарат» ақпараттық
интернет басылымы болды.
• АСТАНА. Қазанның 5-і. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - Елімізде бала өлімін
төмендету әзірше мүмкін болмай отыр. 2008 жылдан бастап жоспарлы тірі босану
критерийлерін енгізу елімізде бала өлімінің тіркелуінің өсуіне түрткі болды.
• Бұл туралы бүгін елордада БҰҰ-ның «Мыңжылдықты дамыту мақсаттары»
бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде БҰҰ Еуропалық экономикалық
комиссиясының сарапшы тобымен өткен семинарда ҚР Статистика агенттігі
төрағасының орынбасар Жасұлан Омаров айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
• Оның айтуынша, ҚР Үкіметі аталған мәселеге баса назар аударып, өткен жылдан
бастап 2008-2010 жылдарға арналған ана мен бала өлімін төмендету бойынша
салалық бағдарламаны жүзеге асыруды қолға алған. Аталған бағдарлама
шеңберінде акушерлік көмек көрсетудің жаңа ұстанымы және дене массасы мен
жасына тәуелді балалардың тууын, өлімін есепке алып ресми мониторинг
жасайтын BABIES методологиясы енгізіліп отыр. Сондай-ақ 2008 жылы ана мен
бала өлімін төмендету мақсатында жедел шаралар қабылдау жөніндегі
республикалық штаб құрылған.
• «Қазақстанда ана өлімі 100 мың тірі босанғандарға шаққанда 31 адамды құрайды.
ҚР Үкіметі ана мен бала денсаулығын қорғауды денсаулық сақтау саласының
басым бағыттарының бірі ретінде қарастырып отыр. Осыған орай, елімізге Үкімет
тарапынан оны жүзеге асыру барысында қаржылық міндеттемесі бар
репродуктивті денсаулық стратегиясы қажет-ақ», дейді Ж.Омаров.
•
Қолданылған әдебиеттер:
1. Исаев Д.С.,Бейсембекова Г.К. Проблемы
репродуктивного здоровья в современных
условиях.-Алматы,1995.-129 с.
2. Лисицын Ю.П.Общественное здоровье
издаровоохранение:Учебник.-2-е изд.,перераб.и
доп.-ГЭОТАР-Медиа,2007.-512 с.
3. www.google.kz
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz