Аралық сот шешімін орындау



С. Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық Медицина университеті
Денсаулық сақтау мен фармациядағы менеджмент маркетинг және құқық негіздерімен кафедрасы
СӨЖ
Тақырыбы: Аралық сот шешімін орындау
ПӘНІ:Құқық негіздері
Қабылдаған:Байтекова Қ. Ж.
Орындаған:Өмірбекова Н. Б.
Курсы:I
Факультеті:Ж. М.
Тобы:09-036

Азаматтық іс жүргізу кодексі

жоспары:
*Аралық сот шешімін орындау
*Іс бойынша іс жүргізуді тоқтата тұру
*Іс бойынша іс жүргізуді тоқтату
*Арызды қараусыз қалдыру
*Сот ұйғарымы

аралық соттың шешімін мәжбүрлеп орындау
1. Егер аралық соттың шешімі ерікті түрде орындалмаған жағдайда, аралық соттың шешімі өз пайдасына шығарылған тарап осы бапта көзделген ереже бойынша аралық соттың шешімін әжбүрлеп орындату туралы арызбен аралық сот дауды қарайтын жердегі сотқа жүгінуге құқылы.
2. Атқару парағын беру туралы арызға мыналар қоса тіркеледі:
-Аралық сот шешімінің түпнұсқасы немесе көшірмесі;
-Аралық келісімнің түп-нұсқасы немесе нотариат растаған көшірмесі
3. Атқару парағын беру туралы арыз аралық соттың шешімін ерікті түрде орындауға арналған мерзім аяқталған күннен бастап 3 жылдан кешіктірілмей берілуі мүмкін;
4. Қажетті құжаттар қоса тіркелмей берілген атқару парағын беру туралы арызды сот қарамай кері қайтарады;
5. Сот аталған мерзімді өткізіп алу себептерін дәлелді деп тапса, атқару парағын беру туралы арызды беру мерзімін қалпына келтіреді.
Атқару парағын беру туралы соттың ұйғарымы дереу орындалу тиіс.

Атқару парағын беру
1. Сот аралық соттың шешімін мәжбүрлеп орындатуға арналған атқару парағын беру туралы ұйғарым беріледі.
2. Аралық соттың шешімін мәжбүрлеп орындатуға арналған атқару парағын беру туралы арыз бойынша шығарылған соттың ұйғарымына шағым жасалуы мүмкін.

Атқару парағын беруден бас тарту
1. Сот:
-Аралық соттың шешімі қарсы қабылданған тарап сотқа:
аралық келісімнің жарамсыз болып табылатындығының;
аралық соттың шешімі аралық келісімде көзделмеген немесе оның шарттарына тура келмейтін дау бойынша қабылдағанының немесе аралық келісімнің шегінен шығатын мәселелер жөніндегі қаулылардан тұратындығының, сондай-ақ даудың аралық соттың ведомстволық қарауында еместігінің дәлелдемелерін табыс еткен жағдайда;
аралық соттың құрамы немесе аралық сотта іс қарау Қазақстан Республикасының аралық сотта іс қарау туралы заңнамасының топтарына сәйкес келмеуінің;
тараптардың бірінің аралық келісім жасау кезінде әрекетке қабілеті шектеулі екендігінің;
соттың немесе аралық соттың сол тараптардың арасындағы дау бойынша ұйғарымы болғандығының;
соттың шешім шығаруы сот үкімімен белгіленген қылмыс жасау нәтижесінде мүмкін болғандығының дәлелдемелерін табыс еткен жағдайларда, аралық соттың шешімін мәжбүрлеп орындатуға арналған атқару парағын беруден бас тарту туралы ұйғарым шығарады;

Іс бойынша іс жүргізуді тоқтата тұру
1. Соттың іс жүргізуді тоқтата тұру міндеті
2. Соттың іс жүргізуді тоқтата тұру құқығы
3. Іс жүргізуді тоқтата тұру мерзімдері
4. Соттың іс жүргізуді тоқтата тұру туралы ұйғарымына шағымдану немесе наразылық келтіру
5. Іс жүргізуді қайта бастау

Соттың іс жүргізуді тоқтата тұру міндеті
Сот:
-даулы құқық қатынасы құқық мирасқорлығына жол беретін болса, істе тарап болып табылатын азамат қайтыс болғанда;
-тарап әрекет қабілеттілігінен айрылғанда;
-жауапкер Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің бөлімдерінде, басқа әскерлері мен әскери құрамаларында болған немесе жүрген талап қоюшылардың өтініші болған;
-азаматтық, қылмыстық немесе әкімшілік сот ісін жүргізуде қаралып жатқан басқа істің шешілуіне дейін бұл істі қараудың мүмкіндігі болмаған;
-құқықтық көмек көрсету жөніндегі тапсырмамен шет мемлекеттің сотына өтініш жасаған жағдайда іс бойынша іс жүргізуді тоқтата тұруға міндетті.

Соттың іс жүргізуді тоқтата тұру құқығы
Сот:
Тарап Қ. Р-ның Қ. К-інде, басқа әскерлерінде және әскери құрамаларында шақыру бойынша әскери қызметте болған немесе ол басқа да мемлекеттік міндетті орындауға жіберілген;
Тарап істі қарау мерзімінен асатын уақытта қызметтік іссапарда болған
Тарап емдеу мекемесінде болған немесе сотқа келуіне кедергі жасайтын сырқаты болған және ол медициналық мекеменің құжаты мен расталған;
Жауапкер іздеуде болған;
Сот сараптама тағайындаған;
Қаралып жатқан іс бойынша құқықтық көмек көрсету жөнінде сотқа тапсырылған өтінішті;
Қорғаншылық және қамқоршылық орган бала асырап алу ісі жөнінде асырап алушылардың тұрмыс жағдайын зерттеуді белгіленген жағдайда өз бастамшылығымен іс жүргізуді тоқтата тұра алады.

Іс жүргізуді тоқтата тұру мерзімдері
Шығып қалған адамның құқықтық мирасқоры анықталғанға дейін немесе әрекетке қабілетсіз адамға өкіл тағайындалғанға дейін;
Тарап Қ. Р-сы Қ. К. -нің құрамында болуын тоқтатқанға дейін, ол мемлекеттік міндетті орындауды аяқтағанға дейін, қызметтік іссапардан оралғанға дейін, емдеу мекемесінен шыққанға немесе сырқатынан айыққанға дейін, жауапкер іздестіріліп болғанға дейін немесе сарапшының қортындысы немесеқорғаншылық және қамқоршылық органның қортындысы сотқа табыс етілгенге дейін;
Сот шешімі, үкімі немесе соттың қаулысы шығарылғанға дейін
Қ. Р-СЫ Конституциялық Кеңесінің шешімі күшіне енгенге дейін
Сот құқықтық көмек көрсету туралы тапсырманы орындағанға дейін тоқтатыла тұрады.

Соттың іс жүргізуді тоқтата тұру туралы ұйғарымына шағымдану немесе наразылық келтіру
-Соттың іс бойынша жүргізуді тоқтата тұру туралы ұйғарымына жеке шағым берілуі немесе наразылық келтіруі мүмкін.
Іс бойынша қайта бастау.
Істі тоқтата тұруды туғызған мән-жайлар жойылғаннан кейін іске қатысушы адамдардың арызы бойынша немесе соттың бастамшылығымен іс жүргізу қайта басталады. Іс жүргізу қайта басталған кезде сот іске қатысушы адамдарға азаматтық сот ісін жүргізу дің жалпы ережелері бойынша хабарлайды.

Іс бойынша іс жүргізуді қысқарту
Іс бойынша іс жүргізуді қысқартудың негіздемелері
Сот, егер:
Іс азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен қарауға жатпаса,
Сол тараптардың арасындағы сол мәселе туралы дау бойынша және сол негіздер бойынша шығарылған іс жүргізуді қысқарту туралы соттың ұйғарымы болса,
Талап қоюшы өз талабынан бас тартса және бас тартуды сот қабылдаса,
Тараптар бітімгершілік келісімін жасаса және оны сот бекітсе,
Тараптардың бірі болып табылатын азамат қайтыс болғаннан кейін, даулы құқықтық қатынас құқық мирасқорлығына жол бермесе,
Іс бойынша іс жүргізуді қысқартады.
Іс бойынша іс жүргізуді қысқартудың тәртібі мен салдары
-Іс бойынша іс жүргізу сот ұйғарымымен қысқарталады,
-Іс бойынша іс жүргізу қысқартылған жағдайда сол тараптар арасындағы, сол мәселе туралы дау бойынша және сол негіздер бойынша екінші рет сотқа жүгінуге жол бермейді,
-Іс бойынша іс жүргізуді қысқарта отырып, сот ұйғарымда мемлекеттік баждың қайтарылатыны туралы және талапты қамтамасыз ету жөнінде қолданылған шаралардың күші жойылғаны туралы көрсетеді,
-Соттың іс жүргізуді қысқарту туралы ұйғарымына жеке шағым, наразылық берілуі мүмкін.

арызды қараусыз қалдыру
Арызды қараусыз қалдырудың негіздемелері:
Сот, егер:
Талап қоюшы осы санаттағы істер үшін заңда белгіленген дауды алдын ала сотқа дейін шешудің міндетті тәртібін сақтамаса және осы тәртіпте қолданудың мүмкіндігі жоғалмаса,
Арызды әрекетке қабілетсіз адам берсе,
Арызға қол қойған және оны берген адамның арызға қол қоюға, оны беруге өкілеттігі жоқ болса,
Өзінің мүддесіне сай іс қозғалған адам мәлімдеген талапты қолдамаса,
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz