Өндірістің экономикалық тиімділігін арттыру
Презентация қосу
Қазақстан өнеркәсібі Кеңес Одағы кезінде шикізат өндіру бағытында,
шикізат көзіне жақын аймақтарда ірі зауыттар мен комбинаттар салу
кезінде дамыды. Қазақстан жері Кеңес Одағының ірі шикізат базасы
болды.
Тәуелсіздік алғаннан кейінгі алғашқы жылдары ұлттық
экономиканың шикізат бағыттылығын өзгертіп алу қиынға түсті,
өйткені сол кездегі мемлекеттің негізгі міндеттері – жоспарлы
экономиканы нарықтық экономикаға өткізу, экономикалық және
әлеуметтік қайта құру сакясатын жүргізу, шаруашылық тіршілігін
сақтап қалу болатын. Сол себепті осы жылдары, керісінше,
экономиканың шикізат бағыттылығы одан әрі күшейе түсті.
Қазақстандағы жалпы трансформация, оның құрамындағы меншік
қатынастарын қатйа құру процестері, ғаламдық интергацияның күшеюі
және ұлттық экономиканың ашық болуы отандық кешен шеңберінде
әртүрлі меншіктік формалары, оның ішінде шетелдің қатысуымен
құрылған кәсіпорындарға жағдай жасалды.
Өнеркәсіптік өндірістің тиімділігін арттырудың негізгі шарттарының
бірі, оның қоғамдық ұйымдастыруының жетілдіру формалары –
шоғырландыру, мамандандыру, кооперациялау және орналастыру болып
табылады.
1. Қазақстанда өндіністің шоғырлануы аса жоғары болып табылады.
Республиканың ірі кәсіпорындарының қатарында жүзге жуық
салыстырмалы ірі корпоративтік бірлестіктер құрылды. Олар бір-біріне
көлемдері, кәсіпорын құрамы, меншік құрылымы, ұйымдық формасы
және басқару жағдайы бойынша ерекшеленеді. Қазақстандағы
корпоративтік сектордың жектілікті дәреэжеде дамымағандығына және
аздығына қарамастан, мұнда қазірдің өзінде корпоративтік
- ұлттық және мемлекттік компаниялар (15-ке жуық);
- акционерлік қоғамдар, мемлекетпен құрылған және жеке
жобалар бойынша жекешелендірілген бірлестіктер;
- жеке корпорациялар, нарықтың өзін-өзі құру әдісімен құрылған
бірлестіктер (10-ға жуық);
- ТҰК-лардың қазақстандық бөлімдері.
Компаниялардың салалық шоғырлануын талдау кезінде барлық
инвестициялардың 80-90 %-ы өндіруші салаларға түсетіні көрінеді,
ал ірі капитал салымдарын талап ететін тамақ, жеңіл,
микроэлектроника, фармацевтика, табиғат қорғау технологиялар,
тұрмыстық электротехника сияқты перспективалы салалардағы
шетелдік секторының қатысуы мүлде жоқ немесе минималды
деңгейде ғана болып отыр.
Сонымен жоғарыда атап сипаттағандай шоғырландыру барлық
ірі саналатын кәсіпорындардың өндірісі бір жерге топтасу процесін
көрсетеді. Бұл процесс өнеркәсіптік кәсіпорынның көлемінің
ұлғаюымен және саладағы жалпы өнімнің өндірудегі
кәсіпорындардың үлесінің өсуімен анықталады. Өндірісті
шоғырландыру, қоғамдық ұйымдастыру өндірістің басқа
формаларымен тығыз байланыста болады. Жоғарғы деңгейдегі
шоғырланудың міндетті шарты жаңа сапалы технологияларды
қолдану, мамандандыруды, кооперациялауды, ұтымды
форамларын іске асыру болып табылады.
Өндірісті шоғырландырудың мәні кәсіпорындардың көлемін
нығайтуда – абсолютті шоғырландыруды және де жалпы өнеркәсіптік
саладағы өндіріс көлемін әр түрлі деңгейдегі кәсіпорындар арасында
бөлуде айқындалуын салыстырмалы шоғырлануды атайды.
Өндірістік шоғырландыру үш негізгі формада іске асады:
әмбебап түрдегі кәсіпорындардағы әрқилы өндірісінің шоғырлануы;
айрықша кәсіпорындардағы біртекті өнімдерді өндірудегі
шоғырландыру;
бір кәсіпорын ішіндегі өндірісінің өзара байланысын үйлестіру негізіндегі
шоғырландыру.
Бірінші шоғырландыру формасы машина жасауда сипатталса, екінші
барлық өндіруші өнеркәсіп салаларына, құрылыс материал өнеркәсібіне
де, кейбір тамақ өнеркәсібіне тән. Үшінші – металлургия, химия және
тамақ өнеркәсібінде көрінеді.
Айрықша бағыттағы ірі кәсіпорын және комбинат – бұл екі
прогрессивті шоғырландыру формасы, жоғарғы өндіріс тиімділігін
қамтасыз етеді.
Өнеркәсіпті нығайту процесіндегі негізгі бағыт шоғырландыру мен
орталықтандыру формасы ретінде көрінеді. Шоғырлану өндірістік
қорлану есебінен өнеркәсіптің дамуын көрсетеді. Ол жаңа ірі
кәсіпорындардың құрылуы және қайта қалыптасуы, кеңейтуі арқылы
іске асады. Өте тиімді өнеркәсіптің шоғырлану формасы
орталықтандыру болып табылады. Бұл жеке тәуелсіздігін жоғалтпауына
байланысты өз бетінше жеке кәсіпорындардың бірігуінен ірі
шаруашылық есептегі өндірістік кешеннің құрылуын білдіреді.
Әрекеттегі кәсіпорындар базасының төңірегіндегі өндірістік бірліктің
құрылуы - өндірістік шоғырлануды күшейтудегі ең қарқынды, тез
Өндірісті нығайту, тиімділігін арттыру қай деңгейде және қалай
іске асатынына байланысты агрегатты, технологиялық және
ұйымдастырушылық – шаруашылық шоғырландыру болып
бөлінеді. Агрегаттық шоғырландыру, бұл жабдықтардың бірліктік
қуаттылығының артуын, яғни жоғарғы қуатты жабдықтардың
үлесін арттыру және агрегаттары мен машиналардың өнімділік
техникасын дамытудағы қалыптасқан реттегі барынша өсуін
айтады. Агрегаттық шоғырландыруда ҒТП тікелей бейнеленеді,
өнеркәсіптің барлық салалрында іске асады және тек интенсивті
жолмен дамиды. Ал, технологиялық шоғырландыру цехтарды
нығайтуда, кәсіпорын құрамын өзгертуде, техниканың сапасын
жетілдіру есебі ретінде қол жеткізеді және де бір типті
жабдықтардың санын көбейту жолымен айқындалады. Келесі,
ұйымдастырушылық – шаруашылық шоғырландыру өндірісі,
өндірістік бірлесудің құрылуымен және ұсақ кәсіпорынның
әкімшілдік бірігуімен қалыптасады. Бұл орталықтық басқару өз
кезегінде оларды реконструкциялау және техникалық қайта
қарулану базасында кәсіпорынныңи бірігуіндегі өндіріс
шоғырлануы үшін алғышартты құрауы қажет.
Өнеркәсіптегі өндірістің шоғырлану тиімділігі – кәсіпорын мен
өндірістің көлемінің ұлғаюы нәтижесіндегі өнімді даярлаудағы
техника экономикалық көрсеткіштерінің жақсаруын қамтиды. Ірі
өндірістік қуаттылықтың, материалдар мен еңбек ресурстарының
бір ортаға жинақталуы, құрал-жабдықтарды, шикізат пен
материалдарды және жұмысшы күшін қамтитын барлық негізгі
өндіріс элементтерін үнемді және тиімді пайдалануға мүмкіндік
береді. Осының негізінде еңбек өнімділігін арттыруға және өнімнің
өзіндік құнын төмендетуге негіз болады.
Маманданудың экономикалық тиімділігі – бұл өндірістің техникалық
деңгейі мен ұйымдастырушылық жоспарлы шаралардың нәтижесі.
Ұйымдастырушылық – жоспарлы шаралардың тиімділігі еңбек өнімділігінің өсімі
мен өнім бірлігіне келетін шартты жоспарлы шығындарды азайту арқылы жүзеге
асырылады. Маманданудың экономикалық нәтижесінің негізіг үлесі өндірістің
техникалық деңгейі мен өнім сапасын жоғарылатуға келеді. Тиімділікті
жоғарылатудың бұл екі бағыты бір уақытта әрекет етеді.
Мамандану – қоғамдық өндірістің тиімділігін жоғарылатуыш маңызды фактор
болып табылады, өйткені ол жаңа жоғары өнімді техниканы кең түрде қолдануға
және өндірісті механизациялау мен автоматизациялауға жол ашады, оның жаппай
өндірісте қолданылуын экономикалық негіздейді, себебі, бұл еңбек өнімділігі мен
шығарылатын өнімнің сапасын күрт жоғарылатады.
Яғни, мамандану ғылыми-техникалық процесті дамытады.
Маманданудың рационалды даму қоғамдық өндірісті жетілдірудің барлық
жақтары мен оның тиімділігін жоғарылатуға үлкен әсерін тигізеді. Маманданудың
экономикалық тиімділігін анықтау үшін үш негізгі көрсеткіш қолданылады:
Өнім өндіруге ағымдағы шығындар мен оны тұтынушыларға жеткізудің
тасымалдау шығындарын үнемдеу;
Капитал салымдарын үнемдеу және оның қайтарылу мерзімі;
Өнім өндірудің мамандануынан жылдық экономикалық әсер.
Маманданудың экономикалық тиімділігі бірқатар факторлармен
анықталады:
Мамандану өнім өндірісі үрдісін ұсақ операцияларға бөлу үшін жағдай жасайды,
олардың әрқайсысы технологиялық үрдіс жолы бойынша орналасқан жұмыс
орындарында бекітіледі;
Мамандану өндірістік үрдісті бөлу арқылы өндірісті кешенді механизациялау мен
автоматизациялауға тиімді құралдар енгізуге жағыпмды жағдай жасайды;
Мамандану қызмет ететін құралдарды толық пайдалануға мүмкіндік жасайды.
Әрбір жоғары технологиялық машина ең үлкен қуатты жұмыс істеуі үшін, оның
унификациясы, типизациясы мен стандартизациялаудың негізінде құрылымдық
және технологиялық біркелкі өнім шығаруы тиіс.
Назарларыңызға
рахмет!!!
Орындаған: Рысбаев Е
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz