ҚАЗАҚСТАНДА МЕНЕДЖМЕНТТІҢ ДАМУЫ




Презентация қосу
ҚАЗАҚСТАНДА
МЕНЕДЖМЕНТТІҢ ДАМУЫ

ОРЫНДАҒАН: ҚАРЫМБАЕВА С.
«Менеджмент» ұғымының анықтамасына сүйенетін болсақ, онда
менеджмент дегеніміз қазіргі индустриялық қоғамда жұмыс істейтін
экономикалық орган. Менеджмент қабылдаған кез келген әрекет, кез
келген шешім –бұл экономикалық сипаттағы шаралар.
Сонымен, менеджменттің тиімділігін және менеджерлердің іс-әрекетін
экономикалық табыстар, экономикалық нәтижелер арқылы ғана
таразылауға болады.
Кәсіпорын ең сапалы, әрі бағасы бір шама арзан тауарларды шығара
алуы немесе бәсекелестеріне қарағанда ең тәуір қызмет көрсете алуы
тиіс.
Менеджменттің міндетіне, басшылық етуіне жаңа рыноктарды
игеруіне жұртшылықтың мұқтажын қанағаттандыру жатады. Егер
кәсіпорын нашар әрі тиімсіз жұмыс істесе, онда оның жаңа қожайыны
жұмысшыларды емес, басшыларын ауыстырады. Сонымен,
менеджмент дегеніміз ұжым (коллектив) жұмысын ұйымдастыру.
Кәсіпорын жұмысын ұйымдастырғанда, қызметкерлер мұқтажын
барынша толық қанағаттандыруды, олардың жұмысын
жандандыруды, әрі тиімділігін арттыруды көздеу қажет.
Менеджментті жеке адамдар арасындағы психологиялық қарым-
қатынасқа тәуелді етеді де, бұлар материалдық жағдайларға тәуелсіз
ретінде қарастырылады, өйткені соңғы айтылғанның алуан түрлілігінде
шек жоқ.
Менеджментке алуан түрде түсінік бергенімен, классиктердің бұл
жөніндегі тұжырымдары көп жағдайда ұқсас келеді. Гальвецияның
пікірінше, басқару процесі-өнер, оның басты мәні мен мазмұны нақты
жағдайда қарап ғылымды (басқару саласындағы ұйымдық ілім негізін)
қолдану.
Тіпті маман болмағанның өзінде де, біздің кез келгеніміздің басқару
ғылымы мен өнері туралы азын-аулақ хабарымыз болатыны сөзсіз.
Менеджмент - нарықтық экономика жағдайында өндірісті тиімді
басқарудың теориясы мен практикасы.
Менеджмент – нақты мақсатты жүзеге асыру үшін кәсіпорын
жұмысын басқаруға және ұйымдастыруға байланысты адамдар
қызметінің түрі.
Менеджмент - бұл өнім, технология, өндірісті ұйымдастыру,
басқару еңбегі, әлеуметтік қатынас саласында жаңарту, инновациялау,
жаңалық енгізу мақсатында фирмаларды, компанияларды тиімді
басқару принциптерінің, тәсілдері мен формаларының жиынтығы.
Қазіргі кездегі менеджмент жоспарлау функциясы мазмұнының
өзгеруімен, фактілерді жан-жақты зерттеуімен,
кәсіпорындардың ойдағыдай іс-әрекетімен, басқаруды түпкі
нәтижесіне қарай ұйымдастыруымен, дамыған теориясымен
және маркетинг практикасымен, жаңа технологияны
жасауымен, адам факторын жандандыратын шешімдер
қабылдауымен сипатталады.
Менеджменттің бірнеше ұғымы бар: «Менеджмент-бұл
жұмыс істеп тұрған коммерсиялық кәсіпорынның арнайы
органы». Егер батыста кез келген кәсіпорын жөнінде сөз бола
қалса, адамдар әуелі сол кәсіпорындағы бүкіл басшылыққа ден
қояды, өйткені кәсіпорынды қоғамға танытатын да тек
басшылар.
Басқару ұғымының туындауы еңбек бөлінісінің пайда
болуымен туындауымен байланысты.
Мұның өзі жалпы процестің қарым – қатынасы басқарушы
функциямен қамтамасыз етіледі, сондықтан басқару қоғамдық
еңбекке тән. Өндіріс масштабы өскен сайын басқару ролі де
атқарады.
Сондықтан, әлеуметтік жүйелердегі басқару кең ұғымда
қызмет түрі мен мақсатына тәуелсіз кез-келген ұғымдағы
басқару ретінде қарастырылады. Барлық мекемедегі
басқару нақты функциядан орындауға мүмкіндік беретін
қызмет ретінде түсіндіріледі. Нақты функцияларды пайда
алуға бағытталған мекемелердегі басқару менеджмент деп
аталады.
Менеджер - ең көп тараған кәсіптің бірі. Бұл -
басқарумен, экономикамен шұғылданатын, заң және басқа
да мәселелерді жақсы білетін кез келген адам.
Шаруашылықтың түйінді орнында жұмыс істейтін кез
келген адам да менеджер.
Барлық менеджерлер үшін, олардың қызмет орнына
қарамастан, ортақ қызмет міндеті болады.
Менеджер адамдарды жұмысқа ынталандырады,
бағыттайды, ұйымдастырады. Оның бірден-бір құралы-
жазбаша немесе ауызша сөзі; немесе цифр тілі.
Менеджмент мкәсіпорынды ұйымдастырудың
принциптері (заң жағынан ) туралы, оны
дамытудың стратегиясы (идеологиялық бөлігі)
туралы, қызметтерді іріктеу (әлеуметтік жағы)
туралы және олардың жұмысын
оңтайландырудың тәсілдері (психологиялық
бөлігі) туралы ілімдерді қамтитын кәсіпорынды
тиімді басқару ғылымы.
Менеджментте басты нәрсе кез келген
адамдық қарым-қатнастарға жарайтын баршаға
ортақ басқару принциптерін іс жүзінде бөлу,
анықтау және қолдану болып табылады.
Менеджмент тура мағынасында «адамдарды
басқару» ұғымын білдіреді. Менеджменттің
отаны болған АҚШ-та корпаративтік бизнеспен
мүлікке билік жүргізуді жүзеге асыру бойынша
міндетті заңға сәйкес өз мойнына алатын
тұлғаны менеджер деп атайды. «Менеджмент»
термині американдықтар үшін фирманың алға
қойған мақсаттарна қол жеткізудегі
материалдық және адамдық ресурстарды әлде
қайда тиімді пайдалануды және интеграцияны
қамтамасыз ететін процесті білдіреді.
Басқаша айтқанда, менеджмент – бұл нарық жағдайында
фирманы және оның қызметкерлерін басқарудың
теориясы мен іс тәжірибесі.
Менеджмент – нарықтық экономиканың
қажеттіліктері мен жағдайына толығырақ жауап бере
алатын басқару типі.
Менеджмент еркін кәсіпкерлік, бәсекелестік,
экономикалық уәждеме (мотивация) жағдайларында
туған нақты басқарудың өзінше тұжырымдамасында
пайда болып, ресімделеді. Әміршілдік-әкімшілдік,
технократиялық, жоспарлы-директивтік, өктемшілік
(авторитарное) басқарулар оның қарсы түрлері болуы
ықтимал.
Басқару типі ретінде менеджменттің негізгі
белгілеріне мыналарды жатқызуға болады:
1.Адам, онвң қажеттіліктері, мүдделері, уәждері
(мотивы), құндылықтары, нұсқамалары басқаруды
ұйымдастырудың бастапқы сәті мен оны жүзеге асырушы
болып табылады.
2.Басқарудың тәсілдемесінде, птинциптерінде және
әдістерінде экономикалық құралдар мен басқару әдістеріне
артықшылықтар беріледі. Бұл әсіресе маркетингте –
тұтынушылардың мүддесін алдыңғы орынға қоятын
басқаруда жиі білінеді.
3.Менеджермен қызметкерге қойылатын басты талап ретінде
көрінетін кәсіби тұрғыдан басқару менеджментке тән. Менедже,р
экономикалық және әлеуметтік – психологиялық білімдерді игеріп
оқуы керек.
4.Ұйымдастыру ісінде менеджментке жағдайдың өзгеруіне қарай
және инновациялық типті ұйымдастыруда, яғни жаңашылдыққа
жылдам бейімделе алатындай басқаруды икемді ұйымдастыру тән.
5.Менеджмент менеджменттің жеке басына қойылатын
талаптардың кешенін танытуы керек. Олардың ішіндегі негізгілері-
тапқырлық, байланысқа бейімділік (коммуникабельность), сенімділік.
Менеджменттің басқару өнерімен қатар қойылатыны кездейсоқ
емес.
Менеджменттің мыналарды қамтамасыз ететін ең
маңызды деп саналатын сәттерін бөліп көрсетуге болады:
еңбек өнімділігін арттыру;
бәсекеге жарамдылық;
тұтынушыға бағдарлану (маркетинг);
іс-әрекетте еркін болу әрі ереже бойынша жұмыс істеу.
Басқару процесі кез келген ахуалға ғылыми тәсілдемені
қолдану өнері болып табылады. Менеджмент әрдайым
жағдайларға қарай басқаратын ахуалдық басқаруды
білдіреді.
Менеджментте бастысы – ең алдымен кәсіпорынның
мүддесін көздейтін нақты мақсаттарды (ұзақ мерзімді,
алдағы кезендік және ағымдық) белгілейді.
Ескі стилді ұсынатын кәсіпорын басшыларынан
менеджерлердің басты, яғыни принциптік
айырмашылығы, міне, осында.
Басқару объектілері ретінде қоғамдық өндірістің әр түрлі ұйымдық формалары танылады: салалар,
бірлестіктер, акционерлік қоғамдар, мекемелер, жеке еңбектік қызмет немесе ұйымдар.
Дамыған экономика қоғамдық еңбекті нақты пропорцияларда тарату қажеттілігін тудырады.
Жеке сферамен өндіріс саласы халық шаруашылығының құрамдас бөлігі бола отырып жеке
комплексті құрайды. Сондықтан, өндірісті басқару қоғамдық өндірістік мекемелер мен салалар,
сфераларды ұйымдастыру бойынша жоспарланған қызмет.
Қоғамдық процестерді басқару адамның қарым-қатынастары арқылы жүзеге асырылады.
Басқарушылық қарым-қатынастар бірлескен қызметті ұйымдастыру бойынша адамдардың
байланыстары. Қоғамдық өндірісті басқарушылық қарым-қатынастарға басқарушылық әсер етуді
жүзеге асыру мен дайындау процесіндегі адамдардың әрекеттерін қамтиді. Басқарушылық қарым-
қатынастар экономикалық әлеуметтік, саяси және басқа да қоғамдық қатынастармен байланысты.
Өндірісті басқару қатынастары адамдар тұрғысында көрсетілсе, онда жеке сипатқа ие. Егер
басқару нақты экономикалық жүйелермен байланысты болса, жүйеішілік қатынастар пайда болады.
Менеджменттің тағы бір анықтамасына сәйкес оның жұмыс істеу міндетіне жататыны - қолда
бар адам мен материалдық ресурстар негізінде тиімді кәсіпорын құру.
Қазақстанда менеджменттің қолданылуы оның методы мен қолданылу сферасынан көрінеді.
Егеменді мемлекет өзінің стратегиялық мақсатын менеджмент жүйесіне тарихи, экономикалық,
табиғи ерекшелігімен бай елге қолданады. Бұл әлемдік мәселе, оны азғантай мерзімде орындау
мүмкін емес, бұған нақты әдістер және басқару үрдісі қажет.
Осылардың ішінде ілгерілеген маңызды үрдіс бұйрықты экономикаға айналу, нарықтық жүйенің
қалыптасуы, базалық басқару әдісімен байланыстылығында еді.

Ұқсас жұмыстар
Басқару амалдары және мектептер
Басқару революциясы
Менеджмент ұғымының пайда болуы
Баскару алгоритмі
Менеджмент ғылымы
Басқарудағы жүйелік тәсіл. Қазақстандағы менеджменттің әдістемелік негіздері
Менеджменттің дамуы
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТТЕГІ МЕНЕДЖМЕНТ
Экономикалық басқару
Онтогенез туралы толық мағлұмат
Пәндер