Жүгері дақылының морфологиялық ерекшеліктері және сорттары мен будан алу әдістемелері



Жүгері дақылының морфологиялық
ерекшеліктері және сорттары мен будан алу әдістемелері
Орындаған:Камали. ж
Қабылдаған:Мырзабаева. Г. Ә

Қазақстанда жүгері тұқымы оңтүстік және және шығыс аудандардың суармалы жерлерінде өсіріледі. Өйткені мұнда жүгерінің барлық сорты мен түрінің толық пісуі және олардан жылма-жыл мол өнім алу үшін мүмкіндік бар. Бұл дақылдың будандарын өсірген тиімді. Өйткені олардан сүттеніп-қамырланып піскен собық, егістің әр гектарынан азық өлшемі едәуір көп алынады.
Жүгері дақылының морфологиялық ерекшеліетері-тамыры шашақты әрі мықты болады, тамыры 150 см тіпті онан да әрі тереңдікке бойлап кетеді. Тамырының көпшілігі 65 пайызға дейіні 30 см тереңдікте жатады.
Сабағының жер бетіндегі төменгі түйіндерінен бастап жуан тірек тамыр пайда болады; ол кеш пісетін сорттарда неғұрлым жақсы жетіледі. Жүгерінің жапырақтары әрбір буынынан бір-бірден екі жағына жайыла өседі. Сортына және өсіп жетілу жағдайына байланысты өсімдікте буын санына қарай 8-ден 30-ға дейін жапырақ өсіп шығады.


Тез пісетін сорттардың жапырақтары көп болмайды. Тез пісетін сорттарда 8-10, ерте пісіетін сорттарда 13-15, орташа мерзімде пісетін сорттарда 16-20, орташа мерзімнен гөрі кешірек пісетін сорттарда 23-25 және кеш пісетін сорттарда 25-тен аса жапырақ болады.
Жүгері дәні қабықтан (жемістік және тұқымдық) ұрықты және эндоспермнан тұрады. Жүгері эндоспермінде ұнтақты және қасаң қабықты екі бөлік болады. Эндоспермнің ұнтақты бөлігі борпылдақ-дәндердің аралығында крахмал болады. Эндоспермнің қасаң бөлігінде крахмалды дән тығыз орналасады.
Дәндегі ұнтақты және қасаң қабықты эндоспермнің жетілу дәрежесі жүгерінің әр түрінің айрықша белгілерінің бірі болып есептеледі. Жүгері бір жылдық өсімдік, оның аталық гүл шоғы мен аналық гүл шоғы жеке-жеке болады. Аталық гүлі сабақтың ең ұшындағы шашаққа (сұлтан), ал аналық гүлі собыққа бірнеше жапырақ арасында яғни (қабық ішіндегі) орналасады


Будан - деп өсімдік түрлерін будандастыру жолданымен алынған, бірақ тұқым қуалаушылық қасиеті жөнінен бір-бірінен едәір айырмашылығы бар өсімдікті айтады.
Сұрақ: Өсімдікті қалай будандастырған кезде оның тұқым қуалаушылық қасиеті не істейді, аталық-аналық жұбына қарағанда бірінші ұрпақтың тұқымы тез өсіп жетіледі, тіршілікке бейім келеді, әрі өнімді көп береді яғни гетерозис көрсетеді.
Өсімдікті бұлай будандастырған кезде оның тұқым қуалаушылық қасиеті артып, аталық-аналық жұбына қарағанда бірінші ұрпақтың тұқымы тез өсіп жетіледі, тіршілікке бейім келеді, әрі өнімді көп береді яғни гетерозис көрсетеді. Қазіргі кезде жүгері дәні мен сүрлемге арналған жапырақ сабағын мол жинау мақсатында сорт аралық, сорт линиялық, линияарлық будан мен будандық популяция кең түрде қолданылады


Сорт аралық будан - екі сортты өз ара будандастыру арқылы алады.
Әсіресе бір-бірінен алыс аудандарда ұзақ уақыт бойы өсірілген әр түрлі ботаникалық топтарға жататын сорттарды мысалы: сары жүгері мен ара тісті жүгері сорттарын будандастыру арқылы алынған сорт аралық будан неғұрлым мол өнім береді.
Сорт аралық буданға қарағанда өзінен тозаңдандырылған линияның
қатысуымен алынған будан өнімді едәуір мол береді.
Өзінен тозаңдандырылған линия- мұхият сұрыптап алынған өсімдіктерді өзінің тозаңдарымен бірнеше рет еріксіз тозаңдандыру арқылы алынған жүгерінің жаңа түрі.
Өзінен тозаңдандырылған линия тұқым қуалаушылық қасиетін жақсы сақтайды.
1. Линия аралық будан жәй және жұп болып келеді.
Линия аралық жәй будан -- өзінен тозаңдандырылған линияны будандастыру арқылы алынады.
Линия аралық жұп будан екі жәй буданды өз ара будандастыру арқылы алынады. Демек линия аралық жұп шығаруға өзінен тозаңдандырылған 4 - линия қатысады. Сондықтан бұл будан басқа сорттарға қарағанда өнімді 25-35 процент көп береді.
Сорт линиялық будан сорттарды тозаңданған линиямен немесе линия аралық жай буданмен будандастыру арқылы алынады. Түсімі жағынан линия аралық жұп буданнан артта қалады, бірақ таңдамалы аудандастырылған сорттар өнімі 15-20 процент көп береді, сондықтан да бұл будан өндіріске кең тараған.
Будандық популяция - көптеген будандар - бірнеше мол өнімді жәй буданмен немесе линия аралық жұп буданды будандастыру арқылы алады. Будандық популяция өнімі жөнінен линия аралық және сорт линиялық буданнан біраз артта қалады. Егер будан бірінші ұрпақта гетерозис көрсетсе, ал келесі ұрпақта өнімді күрт төмендетіп жіберсе будандық популяцияның өнімі бірнеше жылғы ұрпақта бірдей дәрежеде сақталады.

- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz