Қарын – ішек жолдарының (гастроинтестинальдық) гормондары




Презентация қосу
С.Ж. АСФЕНДИЯРОВ атындағы ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ
МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ
Кафедра: Қалыпты физиология кафедрасы
валеология курсымен

Қарын – ішек жолдарының
(гастроинтестинальдық) гормондары.

Орындаған:
Курс: 2.
Факультет: Жалпы медицина.
Тобы:
Тексерген:
Жоспары:
• Кіріспе
• Гастроинтестинальдық гормондар туралы жалпы
түсінік.
• І. Негізгі бөлім
• Гастроинтестинальдық гормондардың жалпы
сипаттамасы.
• Асқазан-ішек жолдарында түзілетін
гормондардың әсер ету ерекшеліктері.
• ІІ. Қортынды
• Пайдаланылған әдебиеттер.
ХХ ғасырдың басында У. Бейллис пен Э.Старлингтің
зерттеулерінің нәтижесінде он екі елі ішектің шырыш
бездерінде бөлінетін секретин затының гормондық
қызметін ашқан. Осы зат ұйқы безінің сөл бөлінуіне
гуморальды жолмен әсер ететін гормон екені анықталды
Организмде барлық қызметтерджің бір-бірімен үйлесімін
және қарым-қатынасын реттейтін алдымен жүйке жүйесі
болса, мұнымен қатар көптеген нейромедиаторлар мен
100-ден астам гормондардың және басқада
физиологиялық белсенді заттардың қызметтерге әсерін
қаматамасыз ететін гумаральдық жүйе.
• Қазіргі кезде гистохимиялық және
иммунологиялық зерттеу тәсілдері арқылы
асқорыту жүйесінің бездік аппаратында
гормондар жасап шығаратын түрлі арнайы
жасушалар бар екені анықталды.
• Асқорыту аппаратының эндокринді жүйесін
гастроинтестинальды гормондық жүйе немесе
ДЭЖ (диффузды эндокриді жүйе) деп атайды.
• Қазіргі кезде бұл жүйенің 20 дан гормоны
белгілі. Көптеген белгілерді есекре отырып, 1977
жылы халықаралық симфозиумда оларды
бірнеше топқа бөлді.
• 1.Нағыз гормондар, бұлардың гормондық табиғаты
барлық жалпыға мәлім тәсілдер арқылы
дәлеледенген, әрі синтезделген қолдан жасалған
анлогтары бар.Бұл топқа секретин, гастрин,
панкреозимин, холецистокинин, ГИП, ВИП т.б заттар
кіреді.

• 2.Химиялық құрамы анықталмаған, гормондық әсері
көптеген тәжрибе, тәсілдермен соның ішінде
иммунологиялық тәсілмен дәлелденген бомбезин,
цирулен, соматостатин, мотилин.

• 3.Гормонға ұқсастар- бұлардың биологиялық әсері
бірқатар тәсілдер арқылы анықталған. Бұлар
детерокинин, энтерогастрин, энтерогастрон, паротин,
вилликинин.
Гастрин.
• Асқазанның антральды бөлігінің шырышты қабатындағы G-клеткаларында
және он екі елі ішекте синтезделеді. G-клеткалардан түзілген гастрин 17 амин
қышқылы қалдығынан тұрады, ал он екі елі ішекте түзілген гастрин 34 амин
қышқылынан тұрады. Антральды гастринге қараған да дуоденальды
гастриннің биологиялық эффекті жоғары болып келеді. Гастрин синтезін белок
ыдыраған кезде пайда болатын өнімдермен экстрактивті заттар
күшейтеді.Гастрин қанға сіңіп, ол арқылы қарын бездеріне жетіп, оларды
тітіркендіреді.Гатрин және синтетикалық аналогы пентагастрин шырышты
қабықтағы фундальды клеткалардың функциясын жоғарылатып, эндогенді
гормондармен тұз қышқылы және пепсиногеннің бөлінуін ынталандырады.
Гастрин мен пентагастрин асқазан-өңеш сфинктерінің тонусын жоғарылатады.
• Гастрин секрециясы созылмалы гастритте, созылмалы дуоденитте, асқазан
және он екі елі ішектің ойық жарасында, Демпинг синдромында және басқада
асқазан-ішек жолдарының ауруларында.
Cекретин.

• Бір тізбекті полипептид.27 амин қышқылынан тұрады. Молекулярлық
массасы 3035. Ол асқазанның антральды бөлігінде және он екі елі
ішектің S-клеткаларында түзіледі.Он екі елі ішекте рН 4,5 тен
төмендегенде секретиннің түзілуін стимулдейді. Глюкоза, белок және
май секретин секрециясына әсер етпейді. Секретиннің әсер етуі
эндокринді әсерге ұқсас, оның рецепторлары ұйқы безінің экзокринді
түтікшелеріндегі жасушаларда орналасқан.
• Секретиннің негізгі әсері – ұйқы безі сөлінің мөлшерін жоғарылатып,
оның құрамын бикарбанаттың концентрациясын арттыру. Секретин
бөлінгеннен кейін немесе оны енгізгеннен кейін 2-3 минутта өз әсерін
көрсетеді.
Секретиннің басқа да әсерлері:
• Ұйқы безінің в-клеткалы аралшықтарында инсулин бөлінуі стимулдейді.
• Асқазан сөліндегі пепсиногеннің бөлінуін күшейтеді және тұз қышқылының
бөлінуін тежейді.
• Асқазанда гликопртеидтердің бөлінуін күшейтеді.
• Асқазанда ішқуыстық қысымды төмендетеді, асқазан сөлінің он екі елі ішекке
өтуін төмендетеді.
• Кардиальды және пилорикалық сфинктердің тонусын жоғарылатады.
• Гепатоциттерде өт бөлінуін күшейтеді.
• Өт қапшығын жиырылтатын панкреозиминнің әсерін күшейтеді.
• Ішекте натриймен судың сіңірілуін және ашішектің моторикасын төмендетеді.
• Тоқ ішектің моторикасын күшейтеді.
• Гастринемия деңгейін төмендетеді.
• Секретин қалқанша маңы безінде паратгормонның бөлінуін стимулдейді,
бүйректе гемодинамиканы жақсартады және диурезді жоғарылатады, қанның
газдық құрамына әсер етеді
• Тоқ ішектің моторикасын күшейтеді.
• Гастринемия деңгейін төмендетеді.
• Секретин қалқанша маңы безінде паратгормонның бөлінуін стимулдейді,
бүйректе гемодинамиканы жақсартады және диурезді жоғарылатады,
қанның газдық құрамына әсер етеді
Холецистокинин-панкреозимин.

• 1928 ж Айви мен Олдберг өт қапшығын жиырылтатын, ішектің шырышты
қабатында түзілетін холецистокининді тапты. Арадан 15 жыл өткен соң
Харпер мен Рейпер ашішектің шырышты қабатында панкреатидтік
ферменттердің түзілетінін хабарлады. Оны панкреозимин деп атады.

• Гормон он екі елі ішекте, ашішекте және мықын ішекте түзіледі.Оның
малекуласы 33 амин қышқылынан тұрады. ХКП өт қапшығының
моторикасын және ұйқы безінен ферменттердің бөлінуін жоғарылатады. Өт
қапшығының моторикасы жоғарылауы нәтижесінде Одди сфинктері
босаңсып, өт он екі елі ішекке түседі.
• ХКП мен секретіннің әсері бір-біріне қарама-қарсы. Себебі,ХКП тұз
қышқылының бөлінуін, асқазанішілік қысымды төмендетеді.Секретин
асқазан сөлінде пепсин көбейтсе, ал ХКП азайтады. ХКП кардиалды
сфинктрдің тонусын төмендетіп, босаңсытады.
Мотолин.
• 1978 жылы он екі елі ішектің шырышты қабатынан 22
амин қышқылынан тұратын қалдық гормондық
полипептид бөлініп алынды.Оның биосинтезі қандай да
бір энтерохромофиндік клеткаларға (ЕС2)
байланысты.Мотолиннің секрециясын май стимулдейді,
ал глюкоза тежейді.

• Мотолиннің негізгі әсері асқазан-ішек жолдарының
моторикасын реттеу.Оның рецепторлары бірыңғай
салалы бұлшықеттерде орналасқан. Мотолин тағы да
төменгі өңеш сфинктерінің тонусын күшейтеді. Және де
тоқ ішектің жиырылғыштығын күшейтеді.

• Кейбір әдебиеттерде мотолиннің тұз қышқылының және
пепсиннің бөлінуіне әсер етуі жайлы айтылады.
Гастроингибиторлы пептид (ГИП).
• 43 амин қышқылы қалдығынан тұратын гормондық полипептид.
Малекулалық массасы 5100.ГИП он екі елі ішектің эндокриндік
жасушаларында және ашішектің бастама бөлігінде синтезделеді.
Тағамдағы маймен көмірсу ГИП- тің секрециясын стимулдейді.

• Алғаш табылған кезде итте және адамда асқазанда тұз қышқылының
секрециясын тежеген. Сол үшін оны гастроингибитор деп атады. ГИП
асқазанда тұз қышқылының секрециясын және асқазан түбі мен
антральды бөлігінің моторикасын тежейді.Ал гастрин, пентагастрин,
инсулин, гистамин секрециясын жоғарылатады.

• ГИП мөлшерінің жоғарылауы созылмалы панкреатит кезінде
байқалады. Бұл семіру, гиперинсулинизм болады. ГИП жетіспеушілігі
целиака кезінде байқалады.
Вазоактивті интестинальды пептид
(ВИП).

• 28 амин қышқылынан тұрады. Он екі елі
ішекте, ішектің дистальды бөлігінде және
ұйқы безінде түзіледі.ВИП тез
активсізденеді. «Жарты өмірі» қанда өтеді
(2 минуттай).
Вазоактивті интестинальды пептидтің негізгі
әсерлері

• Қан тамырларын кеңейтіп артериялық гипотензия шақырады, аздап
миокардқа инотропты әсер етеді.
• Бронхтарды кеңейту арқылы өкпе желдетілуін күшейтеді.
• Асқазанның фундальды бөлігінің бұлшықетімен төменгі өңеш
сфинктерін босаңсытады.
• Аздап тұз қышқылымен пепсин синтезін тежейді.
• Өт бөлінуін жоғарылатып-холеритикалық әсер көрсетеді.
• ХКП тежейді.
• Тоқ ішектің бұлшықетін босаңсытады.
• Инсулин, глюкагон және соматостатиннің бөлінуін күшейтеді.
Қорытынды.
• Организмдегі барлық қызметтердің бір-бірімен
үйлесімін және қарым-қатынасын реттейтін жүйке
жүйесі.ішек-қарын жолдарындағы барлық бездер
инкрециялық қызмет атқарады.сөл құрамындағы
гормондар және гормон тәрізді заттар ас қорту
аппаратының жұмысын реттейді,сонымен қатар
оның қызметіне байланысты емес басқада толып
жатқан үрдістерге әсер етеді қортындыланды.
Қолданылған әдебиеттер:

• Гастроинтестинальные гормоны: научные обзор.-под. ред. проф.
В.В.Меньшикова. Москва, 1978. 123ст

• Геллер Л.И.-Основы клинической эндокринологии
системыпищеварение. Владивосток: Издательство
Дальневосточного университета, 1988.- 152 с

• Желудочно-кишечные гормоны и патологии пищеварительной
системы: М. Медицина, 1981. 272 с.

• Сатпаева. Х.Қ., Өтепбергенова А.А., Нілдібаева Ж.Б., Адам
физиологиясы Алматы 2005 176-177 с.

Ұқсас жұмыстар
Гормондардың биохимиясы. Тағам қорытылу реттелуінің биохимиялық механизмдері асқазан- ішек жолдың гормондары
Ұйқы безі гормондарының биохимиясы. Бүйрек үсті қыртысты және милы қабығының гормондарының биохимиясы
Асқорыту жүйесінің қызметі
Асқорыту бездерінің гормондары
Қалқанша без эндокринді жасушалары
Аралас бездер
Жас ерекшеліктері
Асқорытудың маңызы. Тістің құрылысы
Организмнің әрбір ағзаларының қалыпты микрофлорасы. Олардың маңызы. Дисбактериоз
Жарақатты ретикулит, ішек инвагинациясы және ішек странгуляциясы
Пәндер