Күріш туралы



Күріш
Тексерген Оразбаев Серік профессор
Орындаған Айтжанқызы Майгүл ПА-304

Халық шауашылыұтағы маңызы, өсірілетін аудандары, өнімділігі, сорттары
Күріш-бағалы жармалы дақыл Күріш- дүниежүзі халыктарының (Қытай, Үндістан, Корея, Вьетнам және баска елдердін халықтары) жартысынан астамының сүйіп жейтін асы, өйткені ол басқа жармалық дақылдармен салыстырғанда әрі дәмді, әрі сіңімді Ол дәнінде 70 проценттей крахмал, 7, 5процент белок және аздап 0, 5прцент май болады
Күріштін сабаны жоңары сортты қаңаз, құрылыс материялы, арқан есіледі. Сондай-ақ одан әр түрлі сәнді қалпақ үйде киетін жеңіл аяқ киім, еденге төселетін шағын кілемдер, әшекей бұйымдар жасалады.
Күріштін 1 кг сабанында 0, 25 мал азыктык өлшем болңанмен, ол нашар қортылады. Бірақ орналасқан. Сонымен қатар ол Алматы облысының Балхаш ауданында(Ақдала алқабы), Талдықорңан облысыоған концентраттар қосылса оны мал азығы ретінде пайдалануға әбден болады. Күріш егісі негізі бізде Қызылорда облысында ның Қаратал ауданында және Оңтүстік Қазақстан облысының Шардара ауданында өсіріледі. 1990жылы республикада күріш егісінің көлемі124, 0 мың гектар, ал әр гектардан алынңан өнім 52, 5центнер мол өнім алуға болады. Күтіп -баптай білсе күріштен мол өнім алуға болатынын тәжірбие көрсетіп тұр. Мәселен, екі мәрте Социолистік Еңбек Ері Ыбырай Жақаев кезінде күріштің әр гектарынан 171центнерден өнім алды. Бұл дақылдың мол мүмкіндігінің кепілі.
Қазақстанда 1991жылы күріштің 12 сорты аудандастырылып, себілді, олар-Авангард, Золотистый, Кубань-3, Краснодарский-424, Лазурный, Лимон, Маржан,

Сыртқы ортаның факторларына қойылатын талаптар
Күріш- жылылықты сүйетін дақыл. Оның-өнуіне қолайлы температура 11-12 градус, ал 14-15 градус жылылықта. ол тез және тегіс коктеп шыгады Күріштің өсу кезеңіндегі қолайлы температура-25-30 градус шамасында Оның жаңа шыққан көгі үшін 3000-3500 градус жылулық қажет
Барлық ауыл шаруашылық дақылдардың ішінде суды коп пайдаланатын да осы күріш. Оның орташа алған транспирациялық коэффициенті 500-600-ге тең болады.
Өсу кезінде суға мұқтаждығы әр түрлі. Суды ең көп қажет ететін кезі түптенуден шашақ шығаруға дейінгі кезең. Кездерде күріш атыздарындығы судың тереңдігі 15см болуы керек.
Бір гектар күріш егісіне 15-18 мың текше метр су жұмсалады

Өсірудің интенсивті технологиясы және жинау
Алғы дақыл күрішті бір жерге екі, әрі кетсе үш жылдан артық себуге болмайды . Өйткені батпақтанып және сортаңданып кетеді .
Мұнымен қатар топырақтың ауа құбылымы бұзылады, анаэробты процес жүріп, алюмини, темір металдарының шала тотықтары пайда болады, сөйтіп күріштің өсуіне зиян келтіреді Сондықтан жақсы алғы дақыл егістен кейін орналастырудың үлкен маңызы бар Ғылыми-зерттеу мекемелері мен озық шаруашылықтардың тәжірбие күріштің ең жақсы алғы дақылы жоңышқа екенін көрсетеді . Одан кейінгі тиімді алғы дақыл жоңышқа тыңының аударылған алқабы . Күріш ауыспалы егісінде екпе немесе таза пар енгізген дұрыс, одан кейін күрішті бір екі жыл егуге болады. Қазахстанда негізінен күріштің 7 танапты ауыспалы егісі игеріледі. Оған дақылдардың орналасуы мынадай:

Жіктелуі.
1, 2-ші танап жоңышқа-күріш
3, 4 танап-күріш
5-ші танап екпе немесетаза пар, әйтпесе сүрлемдік жүгері
6, 7-ші танап-күріш

Тыңайту
Ылғи өсетін күріш егісіне миниралдық және органикалық тыңайтқыштар енгізу аса тиімді Тыңайтқыштарды қолдану жердің мелирататциялық жаңдайына, топырақтың құнарлыңына, алынатын өнімнің мөлшеріне тікелей байланысты
Мысалы, бір гектардан 1 тонна дән және сол шамалас сабан алынғанда жыл сайын күріш топырақтан 25 кг азот, 15 кг фосфор және 30 кг калий пайдананады
Күріш азотты ұнатады. Оған аса зәру шағы - түптену мен генеративтік органда рының құралу кезеңі. Азот тапшы болса, күріш баяу өсіп, нашар түптенеді және шашақтары нашар дәндейді
Фосфор күрішке көктеп шыққае уақытта керек. Ол жетіспеген өсімдіктегі белок алмасуы бұзылады, тамырлардың осі кешеуілдейді
Калий жеткілікті болуы қажет. Күріш оны өсу кезеңінің екінші жартысында көбірек пайдаланады. Күріштің осындай ескере отырып миниралдық және органикалық тыңайтқыштарды қолдану оның өнімін арттыруға жәрдемдеседі.
Топырақты органикалық заттардың қорын молайтуда күріштін алғы дақылы ретінде пайдаланылатын жоңышқаның, жасыл тыңайтқыш ретінде егілетін бір жылдық дәнді бұршақты дақылдардың маңызы зор. Сонымен қатар 1гектар жерге 20-30 тонна көң шашу керек.

Миниралдық тыңайтқыштарды негізг енгізу үшін тұқым себер алдында жер культивациялау кезінде РТТ-4, 2, 1-РМГ-4 машиналармен шашып, ЛПЛ-10-25, БДТ-7 құралдарымен топырақтың 10-12 см тереңдікке сіңіреді. Егісті азот мниралдық тыңайытқыштармен үстеп қоректендіру АН-2 ұшағымен немесе КА-26 машинасымен күріштің 3-4 жапырағы пайда болған кезде жүзеге асады, ал қажет қажет болған жағдайда екінші үстеме қоректендіру өсімдік 6-7 жапырақ жайған кезде жүргізіледі Қазақстан күріш ғылыми - зерттеу институтының деректері бойынша оның алғы дақылына байланысты егістікке минералдық тыңайтқыштар енгізудің тиімді мөлшері мынадай - көп жылдық шөптер қыртысынан кейін 3ц аммоний сульфаты, 5ц суперфосфат, көп жылдық шөптердің екінші айналымынан кейін кейін гектарына 5-6ц аммоний суперфосфаты, 4ц суперфосфат, ал үшінші жыл күріш егілген жерге-гектарына 7-8ц аммоний сульфаты, 4-5ц суперфосфат беріледі.


Суғару жүйесі
Күріш өндіруді механикаландыру үшін инженерлік суғару жүйесін жасау керек. Суғару жүйесінің басты элементі- атыз. Оның көлемі 2-3 гектар шамасында болуы керек. Су ағып кетпеу үшін танапты айнала биіктігі 30-35 см топырақ үйіндісімен қоршайды. Атыздың ені 20 м, ұзындығы 700-1500 м болғаны дұрыс.
Әр атыздын ұзына бойына, бас арыққа қарама-қарсы тереңдігі ең кем дегенде 0, 7 м қашыртқы арық қазылады. Ол негізінен егістік бетіндегі артық суды шығаруға арналған

Топырақ өңдеу
Көбіне алғы даөылдарға байланысты. Көп жылдық шөптерден кейін оның қыртысын сәуір - мамыр айларында 7-8 см тереңдікте БДТ-2, 8, БДТ-4, 0 ауыр дискілі тырмалармен өңдейді, содан кейін ПН-4-35 түренді плугымен 18-20 см тереңдікте (БДТ-7, Ақдала алқабында 25-27 см тереңдікте) жыртады.
Мамыр айында топырақты 8-10 см тереңдікте БДТ-3, БДТ-7 дискілі құралдармен екінші рет өңдейді, содан кейін ПА-3А, Д-20Б құралдарымен танапты тегістейді.
Топырақ ірі түйіршіктерін үгу және жерді тегістеу үшін егін себер алдында танапты ЗКК-6А, ЗКК-1, 4 катоктарымен нығыздайды.
Күріш көп жылдық шөптердің екінші айналымына себілгенде топырақ қңдеу наурыз-сәуір айларында 3-4 см тереңдікте БЗТС-1, 0 тырмасымен ылғал жабудан басталады.
Сәуір-мамыр айларында танап РЧ-3, 6 чизел плугімен 16-18 см тереңдікте қопсытылса, содан кейін Д-719, Д-20Б, ПА-4А, құралдарымен танапты тегістейді.

Тұқымды себуге әзірлеу және себу
Тұқымды себер алдында ауада қыздыру қажет. Бұл жұмысты егін себуге 7-10 күн қалғанда жүргізген дұрыс.
Күрішті суға шашып сепкенде тұқымды себер алдында 1, 5-2 тәлік бойы таза суға немесе қоректік заттар (5-10 процент аммоний сульфаты) ерітіндісіне салып жібітеді.
Әр түрлі ауруға қарсы (фузариоз, бактериоз) шара ретінде тұқымды бояғыш қосылған 1, 8-2, 3 проценттік граноназанмен дәрілейді. Оның мөлшері 1т тұқымға 2 кг.
Күрішті ең қолайлы себу мерзімі топырақтың тұқым сіңірілетін тереңдігі 12-14 градус қызған уақыт немесе мамыр айының 1-20 жұлдыздары аралығы

- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz