МАРКЕТИНГ ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ


Slide 1

Маркетинг тұжырымдамасы Орындағандар: Еркебай Р. Дәулетханов М. Әлібеков Е. Туғанбаев Б НҰРҒОЖАНОВ А. Тексерген: Елтаева Қ Алматы 2011

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

АЛМАТЫ АГРАРЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ

Slide 2

Маркетинг

Маркетингтің эволюциялық даму кезеңі бір ғасырдан асты. Ол ірі ауқымды өндіріс қалыптасып, бәсекелестіктің күрт шиеленіскен жағдайларында өндірісті басқару және өнімді өткізу әдісі ретінде ең алғаш АҚШ-та, содан кейін Еуропа елдерінде пайдаланыла бастады. ХХ ғасырдың 60-жылдары маркетинг ғылыми тұрғыдан негізделді және толысқан нарық жағдайында өнімді сатудың тиімді әдісі ретінде кең қолданылды, 70-жылдары өнеркәсіпте белсенді пайдаланылды, ал 80-жылдары қызмет көрсету саласына және коммерциялық емес іс-әрекетке де енгізіле бастады.

Slide 3

Маркетинг

Slide 4

Маркетинг ұғымы

«Маркетинг» ұғымы ағылшынның «market» (нарық) сөзінен шыққан, ал «инг» жалғауы нарық жасаушы немесе нарық аумағындағы қызмет дегенді сипаттайды. Маркетинг ірі ауқымды өндірістің қалыптасуы және бәсекелестіктің күрт шиеленіскен жағдайында өнімді өндіру мен өткізуді басқарудың әдісі ретінде бөлініп шықты.

Slide 5

Маркетинг

Маркетинг нарықтық экономикалық жүйеде орны бар ойлау стилі, іргетасты қалайтын қондырғы немесе басқару философиясы сияқты кәсіпкерліктің де ең негізгі тірегі. Маркетинг тұжырымдамасы фирма қызметінің басты мұраты - сатып алушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыру және осының негізінде өсу мен мол пайда табуға жетуді көздейді.

Slide 6

Маркетинг

Маркетингтік тұжырымдама қазіргі таңдағы жаңа тұжырымдама ретінде өткен ғасырдың 50-жылдарында қалыптасты. Оның мәні мынада: ұйымның табысты қызмет етуінің шарты - тұтынушының қажеттіліктері мен мұқтаждықтарын анықтау және оларды қанағаттандыру есебінен фирма мен компаниялардың өз мақсаттарына жетуі. Фирма маркетингінің басты объектісі - мұқтаждықтары мен қажеттіліктері бар мақсатты клиенттер. Демек, маркетингтік тұжырымдама дегеніміз - клиенттердің мұқтаждықтары мен қажеттіліктерін анықтап, оларды бәсекелестермен салыстырғанда тауармен тиімді қамтамасыз етуге бағытталған фирма жұмысын бір арнаға біріктіру.

Slide 7

Ф. Котлердің анықтамасы бойынша:

маркетинг тұжырымдамасы төрт китке негізделген, олар: мақсатты нарық, тұтынушылардың мұқтаждықтары мен қажеттіліктерін білу, интегралданған маркетинг жүйесінің болуы және рентабельділік.

Тұтынушылардың қажеттілігін қанағаттандыруға бейім­делген компанияның барлық бөлімшелерінің үйлесімді жұмыс істеуін интегралданған маркетинг жүйесі деп атайды. Ол екі деңгейден тұрады.

Slide 8

Ф. Котлер тұтынушылар құқығын қорғау қозғалысының дамуына байланысты «Coca Cola» компаниясы қызметінен өте қызықты мысал келтірген.

1970 жылдары тұтынушы құқықтары мен қоршаған ортаны қорғау топтары компанияға мынадай кінәлар тақты:

1. «Coca-Cola» сусынының нәрлілігі аз.

2. Оның құрамындағы қант және фосфор қышқылы тіске зиян келтіреді.

3. «Coca-Colaда» қолданылатын бромдалған өсімдік майы азық-түлік өнімдерінің, дәрі-дәрмектердің және косметикалық заттардың сапасын бақылау басқармасының зиянсыз деп есептелетін өнімдер тізімінде жоқ.

4. «Cola» сусындарындағы кофеиннің көптігі тырысу, ұйқысыздық, асқазан-ішек құрылысы ауруларына әкелуі мүмкін.

5. Қайта өңделмейтін шөлмектер - орасан зор босқа кеткен шығындар. Олардың көбі биохимиялық ыдыратуға келмейтін материалдардан жасалады және қоршаған ортаның ластануына әкеледі.

Slide 9

Филипп Котлер

Slide 10

Маркетингтің теориясы мен тәжірибесінде мынадай тұжырымдамалар белгілі:

- өндірістік;

- тауарлық;

- өткізу немесе саудалық;

- маркетингтік;

- қоғамдық немесе әлеуметтік-этикалық маркетинг тұжырымдамасы.

- өзара әрекеттесу маркетингі

Slide 11

Маркетинг

Маркетинг тұжырымдамасын тәжірибе жүзінде енгізу - сатып алушы нарығын қалыптастыру, нақты тұтынушылар тобының қажеттіліктерін қанағаттандыру, сол үшін өндірісті қайта бейімдеу болып табылады.

Қазақстанда әлеуметтік бейімделген нарықтық экономиканың қалыптасуы мен дамуына сәйкес, кәсіпорындар әлемнің дамыған елдерінде қазіргі заманда негізгі болып саналатын әлеуметтік және өзара әрекеттесу тұжырымдамасын пайдалануы керек.

Slide 12

Сұраныс

Сұраныс - сатып алу қабілеті бар қажеттілік. Сұраныс адамның қажеттілігін ғана емес, ең бастысы оның қажетті тауар сатып алуға қаржылық мүмкіндіктерін де білдіреді.

Сұраныстың екі деңгейі бар: жалпы нарықтағы (немесе ғаламды) сұраныс және фирма өніміне (не маркасына) сұраныс.

Нарықтағы сұраныс - бұл тауар нарығындағы фирма және тауар маркалары жиынтығының нақты кезең мен белгілі мекендегі жалпы сату көлемі

Өнімге (немесе маркаға) сұраныс - фирманың нарықтағы үлесіне сәйкеc айырмашылық келетін, тауар нарығындағы сұраныс бөлігі.


Ұқсас жұмыстар
Кәсіпорынның маркетингтік қызметін талдау
Маркетнигтік экономикалық маңызы
МАРКЕТИНГТІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ ЖӘНЕ ТҰЖЫРЫМДАМАЛАРЫ
Қазақстанның сауда жүйесінде маркетингті қолдану ерекшеліктері
Кәсіпорынның қаржы ресурстарын қалыптастыруда маркетингтің атқаратын қызметі
ТАРИХЫ МАРКЕТИНГТІК МИКС ТҮСІНІГІ
Ірі қара мал өсіретін фирма құру
Жобаның тұжырымдамасы
КОМПАНИЯДА МАРКЕТИНГТІК
Бизнестегі мәліметтерді зияткерлік талдау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz