ЖЕР ҚҰҚЫҒЫ НЕГІЗДЕРІ




Презентация қосу
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

“Құқықтық пәндер” кафедрасы

ЖЕР ҚҰҚЫҒЫ
НЕГІЗДЕРІ
Орындаған: Жумабекова Алтынай “Орман, жер және су ресурстары”
факультеті, ЗУ-202к
Тексерген: Бекбергенова А.

Алматы, 2011
Жоспар:
1. Жер құқығы негіздері туралы түсінік
2. Жер құқығының негізгі қағидаттары
3. Жер құқығының негізгі міндеттері
4. Жер туралы түсінік, жердің мемлекеттік және жеке
меншіктегі түрі.
5. Жер құқықтары
6. Жер ресурстарын реттеу немесе басқару
7. Жер кадастры туралы түсінік
8. Жер кадастрының негізгі ұғымдары
9. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Пәні: Жерді пайдалану, қорғау, қорларын басқару, меншіктік
құқықтарды бекіту барысында туындайтын қоғамдық қатынастар.
Жүйесі: жалпы және ерекше бөлім. Жалпы: жер құқығының негізгі
ережелерін, қағидаттарын: жерге меншік құқығы, жер қорын
мемлекеттік басқару, жереге деген меншік және басқа мүліктік
құқықтарды қорғау, жерге байланысты құқық бұзушылық және
жауаптылық, жер үрдісі жатады.
Ерекше бөлім:
1. ауыл шарушылығы мақсатындағы жер;
2. елді мекендердің (қалалардың, кенттер мен ауылдық елді
мекендердің) жері;
3. өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс жері және өзге де ауыл
шарушылығы мақсатына арналмаған жерлер;
4. ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жері, сауықтыру
мақсатындағы, рекреациялық және тарихи-мәдени мақсаттағы жер;
5. орман қорының жері;
6. су қорының жері;
7. босалқы жер, осылардың құқықтық тәртібін реттейді.
Жер құқығының негізі қағидаттары:
1. Қазақстан Республикасы аумағының тұтастығы, қол
сұғылмаушылығы және бөлінбейтіндігі;
2. Жерді табиғи ресурс, ҚР халқының өмірі мен қызметінің негізі
ретінде сақтау;
3. Жерді қорғау және ұтымды пайдалану;
4. Экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;
5. Жерді нысаналы пайдалану;
6. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жердің басымдылығы;
7. Жердің жай-күйі және оған қолжетімділік туралы ақпаратпен
қамтамасыз ету;
8. Жерді пайдалану мен қорғау жөніндегі іс-шараларды
мемлекеттік қолдау;
9. Жерге залал келуін болдырмау немесе оның зардаптарын жою;
10. Жерді ақылы пайдалану.
Жер құқығының негізгі міндеттері немесе Қ.Р. Жер
заңдарының міндеттері:
Жер учаскесіне меншік құқығы мен жер пайдалану құқығы туындауының,
өзгертілуі мен тоқтатылуының негіздерін, шарттары мен шектерін;

жер учаскілерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардың құқықтары мен
міндеттерін жүзеге асыру тәртібін белгілеу;

жерді ұтымды пайдылану мен қорғауды, топырақ құнарлығын ұдайы қалпына
келтіріп отыруды, табиғи ортаны сақтау мен жақсартуды қамтамасыз ету
мақсатында жер қатынастарын реттеу;

шаруашылық жүргізудің барлық нысандарын тең құқықпен дамыту үшін
жағдайлар жасау;

жеке және заңды тұлғалар мен мемлекеттің жерге құқықтарын қорғау;
жылжымайтын мүлік рыногын жасау мен дамыту;
жер қатынастары саласында заңдылықты нығайту болып табылады.
Жер – Қазақстан Республикасының
егемендігі белгіленетін шектегі аумақтық
кеңістік, табиғи ресурс, жалпыға ортақ
өндіріс құралы және кез-келген еңбек
процесінің аумақтық негізі.

Қазақстан Республикасында жер
мемлекеттік меншікте болады. Жер
учаскелері Жер кодексінде белгіленген
негіздерде, шарттар мен шектерде жеке
меншікте болуы мүмкін.
Жер иелену құқығы – жерді іс жүзінде иеленуді жүзеге
асырудың заңмен қамтамасыз етілген мүмкіндігі.
Жеке меншіктегі жер учаскесін уақытша пайдалану
құқығы – жер учаскесінің меншік иесі мен уақытша
пайдаланушы арасындағы жер учаскесін уақытша
пайдалану шарт негізінде туындайтын, субъектінің жер
учаскесін иелену және пайдалану құқығы.
Жер пайдалану құқығы – тұлғаның мемлекеттік
меншіктегі жер учаскесін өтеулі және өтеусіз негізінде
шектеусіз мерзімге немесе белгілі бір мерзім ішінде
иелену және пайдалану құқығы.
Жерге билік ету құқығы – мемлекеттің Қ.Р.
Аумағындағы жердің заңдық тағдырын айқындаудағы
заңмен қамтамасыз етілген құқығы.
Жерге меншік құқығын және өзге құқықтарды
жүзеге асыра отырып, жер ресурстарын басқаруға,
жекелеген субъектілерге жер учаскелерін бекітіп
беруге байланысты жерді пайдалану мен қорғау
жөніндегі құқықтық қатынастар жер құқығы
қатынастары деп аталады.
Қоғамның материалдық, мәдени және басқа да
қажеттерін қанағаттандыру үшін шаруашылық және
өзге де қызмет процесінде пайдаланылатын немесе
пайдаланылуы мүмкін жер ресурстарын құрайды.
Ал жер туралы мәліметтер жүйесі, мемлекеттік
кадастрлардың құрамдас бөлігі жер кадастры деп
аталады.
Жер кадастры сөзі латын тілінен аударғанда
“капитаструм”, “салық салынатын заттар тізімі” деген
мағынаны білдіреді. Кадастрдың түрлері:
Жер кадастрының негізгі ұғымдары:

Сервитут – бөтен жер Кондоминиум –
учаскелерін шектеулі меншіктің ерекше
мақсатта пайдалану, нысаны. Мысалы,
оның ішінде жаяу өту,
ортақ
көлікпен өту, қажетті
коммуникацияларды
пайдаланудағы
тарту мен пайдалану, жерлерді үлестік
аң аулау түрде иелік ету.
шаруашылығы және
өзге де қажеттер үшін
пайдалану құқығы.
Кодекс бойынша ауыл шаруашылығы мақсатында
пайдалануы үшін тегін берілетін жер көлемі:
Пайдаланылған әдебиттер тізімі:

1. Қ.И.Оспанов Құқық негіздері
2. Ж.Т.Сейфуллин Жер кадастры
3. Магазинчиков М.К. Земельный кадастр
4. Қазақстан Республикасының Жер кодексі

Ұқсас жұмыстар
Экономика және Құқық факультеті
Қазақстан Республикасының Жер құқығының негіздері
ЖЕР ҚҰҚЫҒЫ
Жер қатынастары негізінде туындайтын құқық бұзушылықты реттеу
Жер құқығы басқа да құқық салалар сияқты өзіне тән құқықтық реттеу
Жер құқығы қатынастары
Жер құқығығының негіздері
Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер субъектілері
Геометрия бөлімінің бөлімшелері
Жер меншік құқығы
Пәндер