Соматосенсорлық жүйе және ауырсынуды қабылдау: тері рецепторлары, өткізгіш жолдар, ноцицепция және анальгезиялық механизмдер


Slide 1

Тақырыбы:Соматосенсорлық, ауырсыну талдағыштары.

Орындаған: Мамбетова М.

Қоғамдық денсаулық сақтау, 104 топ

2008-2009 оқу жылы

Slide 2

Жоспары:

Тері талдағыштарының және оның бөлімдерінің сипаттамасы.

Тері рецепторларының түрлері

Тері рецепциясының әртүрінің өткізгіш жолдары.

Ауырсыну, ауырсынудың биологиялық маңызы. Ноцицепция.

Ауырсынудың орталық механизмдері.

Антиноцицепцияның жүйесі.

Slide 3

Сезімдік жүйелер

Организмнің өзін қоршаған ортамен өзара әрекеттесуін жүзеге асыруда маңызды орын алады. Сезімдік жүйелер немесе талдағыштар белгілі райлы ақпаратты қабылдауға және тануға арнайы құралған құрылымдардан тұратын ж. ж. күрделі бөлігі.

Slide 4

Қабылдағыштар, қозу толқынын өткізетін жол және ми қыртысының белгілі бір аймағы организмнің тітіркендіруді қабылдауын және ажырата білуін қамтамасыз ететін біртұтас жүйе-талдағыштарды түзеді.

Slide 5

Талдағыштар

И. П. Павлов ашты.

Талдағыштың 3 бөлімнен тұратынын айтты:

Қабылдағыштық(шеткі бөлім)

Сезімдік нейрондар және өткізгіш жолдар(аралық бөлім)

Сезімдік сигналдадды қабылдайтын үлкен ми сыңарларының қыртысы(орталық бөлім)

Slide 6

Талдағыштардың құрылымы мен қызметі

Талдағыштар жүйесі көп қататты жүйке нейрондарынан тұрады. Олар қабылдағыш құрылымдармен және үлкен ми сыңары қыртысының ұласқан аймақтарымен байланысты болады.

Талдағыштар көп жолды болады.

Шектес қабаттарында сезіну “алқымы”деп аталатын әртүрлі элементтер саны кездеседі.

Тура және көлденең бөлшектері болады.

Әрбір сезім жүйесі қосқапталдас өлшемдестік түрінде құрастырылады.

Slide 7

Қабылдағыштардың жіктері

Экстерорецепторлар:Көру, дыбыс, иіс, дәм, терінің сезімдерін жеткізеді.

Интерорецепторлар:ішкі ағзалардың жағдайын ишараттайтын висцерорецепторлар мен тірек қимыл жүйесінің кіреберістік және пропиорецепторлық(меншікті) қабылдағыштары жатады.

Дистанциялық қаб-р-ақпаратты тітіркендіргіш көзінен әлдеқайда алыстан(көру, есту, иіс)

Контактты қаб-р-тікелей жанасқанда(тері, дәм сезімдері) мәлімет алады.

Slide 8

Қабылдағыштар тітіркендіргіштеріне қарай

Механорецепторлар-есту, тепе теңдік, тірек қимыл, сипап сезу, жүрек пен қантамырларының қысым қабылдағыштары.

Хеморецепторлар-дәм, иіс, тіндердің химиялық заттарды сезуі.

Фоторецепторлар-көру қабылдағыштары.

Терморецепторлар-терінің, ағзаның, ООЖ қызу сергіштері.

Ноцицепторлар-ауырсынғанды сезу.

Slide 9

Вебер-Фехнер заңы

Тітіркендіргіштің қарқынын ажырату табалдырығы бұрынғы әсер еткен күшінен белгілі бір мөлшерде жоғары болады.

Сезу әсерлесінің тітіркендіргіш күшінен тәуелділігі

Е=α*ℓоg I+b

Е-сезіну шамасы

І-тітіркендіргіш күші

а +b-тітіркендіргіш түріне қарай тұрақты шама.

Slide 10

Ақпаратты жеткізу

Табу

Ажырату

Өзгерту және жеткізу

Таңбалау

Анықтау түрінде атқарылады.

Slide 11

Сигналдарды тапқыштық (детекция)

Тітіркендіргіштің белгілі биологиялық мәнін және жеке ерекшеліктерін іріктеп анықтаудың арнайы түрі.

Slide 12

Ақпаратты талдау

Бейнелерді тану:талдағыштың ең соңғы және өте күрделі қызметі. Бұрын кездескен нәрселерді топқа бөліп, бейнелерді жіктеу қабілеті.

Қозғыштық әрекеттестік:

А) әрбір нейронның аксоны жоғарыда жатқан қабатқа жеткенде бір емес бірнеше нейрон түйіспелерімен жанасып, көптеген талшықтарға бөлінеді.

В) “дендритті бұтақтар”, яғни нейронның кіреберісі алдыңғы қабаттың бірнеше аксондарымен түйіседі.

Тежеуші әрекеттестік:талдағыштарда қондырғы тежеуші нейрондар арқылы жүзеге асырылады. Тежеу сигналдарды уақыттық өңдеуде жетекші орын алады.

Slide 13

Ауырғанды сезіну(ноцицепция)

Ауырсыну сезімі(алгезия) тін зақымданғанда туады.

П. К. Анохиннің айтуынша, ауырсыну организмде нақтылы және әрекеттік ауытқулар тудыратын әсері күшті, зиянды тітіркендіргіштерге қарсы п. б, адамның психофизиологиялық күйі. Мұндай жағдай жануарларда сана арқлы айқындалмағандықтан, оны ауырғанды сезу(ноцицепция) деп атайды.

Slide 14

Ауырсыну түрлері

Сырқы әсерлерден туатын ауырсыну:ол теріде п. б. Қысқа мерзімді, орналасуы оңай анықталады.

Ішкі үрдістер әсерінен туатын ауырсыну:мұның орналасымын ажырату, ауырсыну көзін жою науқастарға қиын соғады, жүйкесі зақымданбайды.

Жүйке зақымданғанда туатын ауырсыну:Бұл ішкі ауырсынуға ұқсас, оның шеткі және орталық өткізгіш жолдары бұзылады. Олар жергілікті не жүйелік түрінде байқалады.

Slide 15

Ауырсыну теориялары

Арнамалы теориясы, оның арнайы қабылдағыштары, өткізгіш жолдары, талдау жасалатын орталықтары болады. Ауырсыну мәліметтері санаға дейін тек ауыртатын тітіркендіргіштермен белсендірілетін жолдар арқылы өтеді.

Қарқындылық теориясы, әрбір райлы тітіркенудің артық күшінен туады. Өте күшті жарық, дыбыс не қысым ауырсыну түйсігін тудырады.


Ұқсас жұмыстар
Соматовисцеральды сенсорлы жүйе: рецепторлары, функциялары және афференттік жолдары
Сенсорлық жүйе мен тері сезімдері: қатерлі тері ісіктері, бұлшықет жүйесінің функциялары және дене шынықтыру гигиенасы
Сенсорлық жүйелер және анализаторлар: құрылымы, рецепторлары мен функциялары
Тері мен мех шикізатын қабылдау, сұрыптау және сақтау әдістемесі
Жұлынның өткізгіш жолдары: анатомиялық және физиологиялық негіздері
Тұлғааралық қабылдау және қарым-қатынас: когнитивтік, эмоциялық және коммуникативтік механизмдер
Жұлынның құрылымы, нейрондары және өткізгіш жолдары
Соматовисцеральді сенсорлы жүйе: сезім мүшелерінің құрылымы мен физиологиясы
Орталық жүйке жүйесінің анатомиялық құрылысы, өткізгіш жолдары және рефлекторлық доғасы
Цитокиндер: анықтамасы, түрлері, рецепторлары мен иммундық реттеу механизмдері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz