Пластикалық хирургия мен трансплантология негіздері туралы



С. Д. АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ Жалпы хирургия кафедрасы
Тексерген: Бекішев Б. М
доцент, м. ғ. к
Орындаған: Даниярбекқызы Ж
Факультет: Жалпы медицина
3-курс 07-055 топ
Алматы-2009

Тақырыбы: Пластикалық хирургия мен трансплантология негіздері

Жоспар: 1. Пластикалық хирургияның даму тарихы. 2. Пластикалық хирургия әдістері. 3. Трансплантация түрлері

Пластикалық хирургия-тіндер ағзалардың түрі мен қызметін қалпына келтірумен айналысатын хирургияның бөлімі. Пластикалық хирургияның міндеті-қызметтік және анатомиялық өзгерістерді шақыратын туа біткен және жүре пайда болған кемістіктерді жою болып табылады.

Пластикалық хирургияның даму тарихы ғасырлардың тереңінде жатыр. Оны шартты түрде үш кезеңге бөлуге болады: 1. Эмпирикалық кезең (б. д. 1ғ. -19ғ. ортасы) 2. Пластикалық хирургияның негізінің қалыптасу кезеңі. (19ғ. ортасы-20ғ. 50-ші жылдары) 3. Қазіргі кезең (20ғ. 60ж. -қазіргі уақытқа дейін)

Эмпирикалық кезең. Рим дәрігері- Цельстің еңбектерінде, ежелгі үнді энциклопедияларында мұрын, қабақ және құлақ қалқанын, маңдай, бет және қолдың тіндеріне пластикалық операциялар жасалғаны туралы мәліметтер кездеседі.

Пластикалық хирургияның негізінің қалыптасу кезеңі. Жергілікті жіне жалпы жансыздандырудың жаңа тәсілдерінің ашылуы, пластикалық хирургия әдістерінің тәжірибеге кеңірек енуіне себепші болды. Оларға: 1. Үнді пластика, айқас пластика жатады. 2. Дерматомды тері пластика 3. Жылжытылған тері кесіндісі тәсілі 4. “Филатов”сабағы немесе миграциялаушы сабақ 5. Қол ұшының пластикалық хирургиясы дамыды 6. П. Х жаңа бөлімдері ашылды:эстетикалық хирургия және трансплантология

Қазіргі кезең. Микрохирургтялық техникалық дамуымен тығыз байланыста, оларды қолдану көп кезеңді пластикалық операциялардан бас тартуға және кемістіктерді әртүрлі , ондаңы қан айналымын микротамырлық анастамоз салу арқылы қалпына келтіруші бір кезеңді операцияларды жасауға мүмкіндік берді.

Пластикалық хирургия кемістіктерді жоюға және кез-келген ағзаларды қалпына келтіруге бағытталған әртүрлі әдістерді қолданады.
Транспозиция немесе қоректендіруші аяқшасы бар пластика ағзаларды немесе тіндерді ауыстырып отырғызу кезінде отырғызылатын бөліктің аналық қоректенуі сақталатын әдіс.
Трасплантация немесе бос отырғызу ауыстырып отырғызылатын ағза немесе тін операция барысында өзі орналасқан денедегі немесе донор денесіндегі аналық қореқтенуін жоғалтатын әдіс.
Реплантация зақымдалған ағзаны немесе тінді бұрынғы орнына қайта отырғызу болып табылады.
Имплантация тіндерді немесе жасушаларды жақын орналасқан жерге әкеліпқоюды айтады.

Ауыстырып отырғызылған тіндерді белгілеуге арналған терминдерді де білу керек. Пластикалық хирургияға арналған арнайы әдебиеттерде үш негізгі терминді қолданады:”кесінді”, ”тіндердің кешені” және “трансплант”.
Кесінді - денеден операциялық жолмен немесе жарақат алудың салдарынан ажыраған тіндердің белгілі көлемді жұқа бөлігі болып табылады.
Кейінгі кезде түріне және өлшеміне тәуелсіз ауыстырып отырғызылатын “тіндердің кешені” қолданып жүр.
Трансплантат - пластика жасау мақсатымен өзінің немесе донордың денесінен толық ажыратылып алынған тіндердің бөлігі.

Трансплантацияның мынадай түрлерін ажыратады:
Аутогенді трансплантация - донор мен реципиент бір адам болып табылады.
Аллогенді трансплантация (гомопластика) - донор мен реципиент бір түрге жатады. Изогенді және сингенді болып бөлінеді.
Ксеногенді трансплантация (гетерогенді) - донор мен реципиент әр түрге жатады.
Ағзалар мен тіндерге протез салу- синтетикалық заттарды, металлдарды немесе басқа да бейорганикалық заттарды пайдаланады.

Ауыстырып отырғызылатын тәннің түріне байланысты ажыратылады: терілік бұлшықеттік сіңірлік нервтік сүйектік шеміршектік тамырлық

Тері пластикасының екі түрі ажыратылады:
Бос терілік пластика.
Толық қабатты және ажыратылған бос тері кесінділер пайдаланады. Ұзақ уақыт жазылмаған жаралар мен трофикалық ойық жараларды емдеу үшін, мына әдістерді қолданады:
1. Яценко-Реверден әдісі
2. Янович-Чаинский-Дейвис әдісі
3. Тирша әдісі
4. Лоусон-Краузе әдісі
Бос емес терілік пластика
Жергілікті жылжытылған терілік кесінділерді қолдану:
1. Кең етіп ажырату жолымен мобилизациялау.
2. Босатушы тіліктер
3. Z-тәрізді пластика
4. Тіл тәрізді айналмалы тері кесіндісі
Дененің алшақ орналасқан аймақтарынан кесіндіні жылжыту:
1. Тік ауыстырып отырғызу
2. Көпір тәрізді пластика
3. Жылжымалы пластика
4. Сабақ тәрізді кесінді

- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz