Алтынемел Ұлттық бағы
Презентация қосу
Алтынемел
Ұлттық бағы
“Алтынемел” мемлекеттік ұлттық табиғи бағы
1996 жылы 10 сәуірде Қазақстан Республикасы
үкіметінің № 460 қаулысымен Қапшағай
мемлекеттік аңшылық шаруашылығы негізінен
құрылды. Ол Алматы облысының Кербұлақ және
Панфилов аудандарында орналасқан. Орталық үй-
жайы Алматы қаласынан 250 шақырым жердегі
Басши елді мекенінде орналасқан. Бақтың жалпы
көлемі 459 620 га.
Ұлттық бақ құрамында Қапшағай су
қоймасының солтүстік бөлігі мен Іле өзенінің оң
жағалауы, шөлденген таулар Кіші және Үлкен
Қалқан, Ақтау, Қатутау, Жоңғар Алатауының
оңтүстік- батыс сілімінің ең шеті (Шолақ, Дегерес,
Матай,) Алтынемел жотасының оңтүстік баурайы
және Қоянды тауы жотасының бір бөлігі, сонымен
қатар Қоңырөлең тауаралық аңғары кіреді.
Палеозойлық сілем Кіші және Үлкен қалақандар
жалаңаш типті, тау жынысы қарқынды бұзылуда.
Қалқандар арсындағы сілемде жел айдап әкелген
үлкен құм төбелер бар, ол- табиғаттың бірегей
ерекше құбылысы “Айғай құм”. Бұлай аталу себебі
мынада: одан әлсін әлсін шығатын терең тербелмелі
гуіл жылдам ұшатын ұшақтың дыбысын еске салады.
Ақтау – кайнозой қалдықтарынан құрылған борлы
тау. Бурабайлардың жалаңаш және тік жарлы болуы,
қатты тілімденуі тауға тән және күшті тау тасқыны
мен қатты нөсерлі жауын әсерінің нәтижесінде
қарқынды өзгеріске ұшыраған. Ақтау- дүние жүзіне
белгілі палеонталогиялық кен орны. Мұнай ерте
миоцен флорасының 56 түрі, оның ішінде қарағай,
шырша, қайың, қандыағаш, емен, жаңғақ, талшын,
жөке, таудаған, пісте қытай шаған және басқалар
табылған.
Қатутау тауы (теңіз деңгейінен 1630 м) басы
шоқы тәрізді төбелі құлама етекті жіңішке
адырлар түрінде оңтүстік батыстан
солтүстік шығысқа қарай созылып жатыр.
Баурайлары сусыз сайлар мен жыраларға
көптеп тілімденген. Үштік дәуірдің қызыл
сазы мен көгілдір сұр ізбесті құм тастары
ашық жолақпен ерекшеленіп көрініп тұрады.
Шолақ (1785 м), Дегерес (2280 м) және
Матай (2880 м) жоталары онша биік емес,
шөлді саздақты және қиыршық тасты
жазықтықпен жиектеліп жатыр. Бұл таулар
қар сызығына жетпейді және тұрақты
мұздықтары жоқ. Бұларға терең сайлар, тік
жарлы тасты беткейлер мен шөгінділер тән.
Қарашірігі басым ақшыл қоңыртау топырағы.
Едәуір биік жоталар- Алтынемел (2928 м) мен
Қояндытау (3459м). Олар үлкен Тоқсанбай
жотасымен Жоңғар Алатауының негізгі
бөлігінен алшақ орналасқан, оңтүстік жағынан
Қоңырөлең шұңқырына қараған. Алтынемелдің
далаланған оңтүстік беткейі терең шатқалды
сайлармен ерекшеленеді, ал жотаның су айрығы
– күмбез тәрізді басты шыңдар. Қояндытау
жотасы Жоңғар биік тауына тән қатаң келбетті
болып келген. Ұлттық бақтың негізгі су көзі және
табиғи шекарасы Іле өзені болып табылады, ол
Қытай жерінен басталады. Ол аралас қоректі
өзен қатарына жатады. Ағыны онша қатты емес
су тасқыны әдетте сәуір айының соңынан
басталады. Мамырда тау қара еруінен тасқын
жүреді ол шілдемен тамызда кездеседі.
Ұлттық бақ флорасында жоғары
өсімдіктердің 1500 түрі бар, оның ішінде
қызыл кітапқа енгізілген сирек кездесетін
22 түрі бар. Олардың ішінде әсіресе көз
тартатындары қалдық (жым таспашөбі, ілі
сасыры) және эндемиктік түрлері: Альберт
және қысқааталық қызғалдақтар, Мүслім
сылдыр шөбі, іле бөріқарақаты, жоңғар
аспарасы, қопал таспашөбі және т.б.
Бақтың көптеген өсімдіктерінің пайдалы
қасиеттері бар. Көбі жабайы аңдардың
қорегі болып табылады. Тұқымы мен жемісін
құстар мен тышқантәрізді кеміргіштер ал
өсімдік мүшелерін тұяқты жануарлар жейді.
Алтынемел жануарлар әлемінің бай
болуымен танымал. Омыртқасыздардың
ішінде ең көп кездесетіндері –өрмекші
тәрізділер мен насекомдар. Өрмекші
тәрізділердің ішіндегі ең ежелгісі –
құршаяндар. Бұл нағыз шөл мекендеушілері
түнде және ымыртта белсенді тіршілік етіп,
әр түрлі насекомдармен қоректенеді.
Бүйілер әдеттегідей. Тарантула (бүйі) –
аймақтағы ең ірі және әдемі өрмекшілердің
бірі.
Қосмекенділердің не бары үшеу – жасыл
құрбақа, қызылаяқ бақа, және көлбақа.
Бақ жерінде сүтқоректілердің 70- ден
астам түрі кездеседі, оның бесеуі
қызылкітаптық түрлер: тас сусары, шұбар
күзен орта азия өзен құндызы, тяньшань
тау қойы және боз ергежейлі қосаяқ.
Алтынемелде қарақұйрық және сібір
тауешкісінің ең үлкен топтары мекендейді.
Сонымен қатар тағы жұптұяқтылардың
төрт түрі (доңыз, елік, ақбөкен, арқар) және
екі тақтұяқты (құлан және Пржевальский
жылқысы) кездеседі.
Жергілікті ақбөкен тобының құралуының
тарихы қызық. 1976-1977жылдары қатаң
қыс кезінде ақбөкеннің көп санды үйірі
оңтүстікке алыс қоныс аудара жүріп,
оларға тән емес жерге келеді. Бұл
жануарлардың швғын тобы мұз арқылы
Қапшағай су қоймасына, яғни Шолақ және
Матай тау етегінен өтеді. Сөйтіп мұнда
көктемге дейін қалып қояды. Көктемде мұз
ерігенде, ақбөкендер кері кете алмай, тау
етегі аңғарындағы жаңа жерді игерулеріне
тура келеді.
Алтынемел ұлттық бағында өз
қызметкерлері еңбегі арқасында, тірі және
өлі табиғаттың барлық алуантүрлілігі
сақталуда, әр түрлі тақырыпта ғылыми
зерттеу жұмыстары мен Табиғат шежіресі
жүргізіліп жатыр. Экологиялық саяхатты
дамытуға көп көңіл бөлініп жатыр.
Орындаған: Сундетова Ж
Тобы: ЗР-110
Тексерген: Жапарова А .
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz