Атмосфераның ластануы



Қазақ Ұлттық Аграрлық Университеті
Орындаған:Ермекбаев Даурен
Атмосфераның
ластануы

Атмосфера туралы жалпы түсінік.
Атмосфера. Әуелде жер ғаламшарының газ қабығы, яғни газды қауырсыны болмаған. Атмосфераның пайда болуы - жанартаулардың тынымсыз атқылап, жер кідігінен азот пен көміртектің қос тотығы шығарылуы салдарынан жүрген геологиялық, геохимиялық әрекеттесулер нәтижесі. Жер үстінде өмір іздері пайда болғанға дейінгі кезеңде атмосфера метан мен аммиактан және су буынан тұрған. Шамамен 1, 8 млрд. жыл бұрын бактериялардың тіршілік әрекеттері, онан соң өсімдіктердің өсуі нәтижесінде атмосфера құрамы өзгеріп, ондағы еркін күйдегі оттек мөлшері арта бастады. Оттек қорының артуы әуе құрамының бірте-бірте азотты оттектікке ауысуына алып келді. Сөтіп тотығу әрекеттері тән «екіншілік» атмосфера пайда болды.
Жердің атмосфера қабығының салмағы астрономиялық санмен есептелінеді және ол 5, 2*10, 15 т. Әринежер қабығының аса мол көлемі және оның газдық құраушының табиғи айналым арқасында үнемі теңгеріліп, орны толтырылып отыруы жайына байланысты әуеде ешқашан таусылмайтын болып көрінуі мүмкін.
Атмосфера химиялық қосылыс емес, өзін құраушы газдардың жай араласып жүрген қоспасы болып табылады және оның теңіз деңгейіндегі орташа құрамы 78, 08% азоттан, 20, 95% оттектен, 0, 03% көмірқышқыл газынан, барлығы бірігіп 0, 94% құрайтын енжар газдардан, озоннан, радонна, сутектің асқын тотығынан, аммиактан және йодтан тұрады.

Атмосфера үнемі қозғалыс үстінде болады және бұл оның ең маңызды физикалық қасиеті болып табылады. Ол жерге тік және қапталдас бағыттарда қозғалады. Бұл қозғалыстардың бәрі де атмосфераның әр тұсындағы қызу айналыстан туады. Ау адамның және бүкіл жер үстіндегі жан-жануарлары мен өсімдіктерінің өмір сүру ортасын құрайды. Олардың атмосферасыз тіршілік етуі мүмкін болмас еді. Атмосфераның басым бөлігін құраушы азот - жер үстінде тіршіліктің пайда болып, дамуының негізі болып табылатынбасқада тіршілік туғзушы қосылыстар құрамындағы басты элемент. Сондықтан азотты қазақша өміртегі немесе тіршіліктегі деп атаса болады.
Табиғатта оттек пен азот тоқтаусыз айналымда болады және сол арқылы атмосфера құрамының тұрақтылығы сақталады. Барлық ағзалар, соның ішінде өсімдіктер де оттек пен демалады.

Атмосфераның ластануы
Атмосфера құрамындағы қатты ермелерді шаң дейміз. Тау кен үйектік аймақтық атмосфераларында шаң жаққа жақын да дала және құмды жерлер атмосферасында ол өте көп болады.
Әуенің адам әрекеті негізінде былғау көздеріне қатты, сұйық және газдық отындарды пайдаланушы жылу электрлік орталықтардан, тұрмыстық отжағулардан, темір көліктерден, темір өңдеуші және химиялық кәсіпорындардын бөлінетін шаңдарды жатқызуға болады және бұлар тіршілік аясы былғануының басты себепкерлері болып табылады.
Айталық Алматы облысында 2005 жылы әуені былғауға қатысушы тұрғылық тұтынушы көздерінің саны 4243 болса, қозғалысты ұшынды көздері, яғни облыс аумағында тіркелген автокөлік саны 138 мыңға жетті және осы жыл ішінде әуге тұрғылықты көздерден 69 мың тонна (2004 жылы 71 мың тонна) қозғалысты көздерден 130, 9 мың тонна ұшынды бөлініп шыққан. Келтірілген 4243 тұрғылықты ұшынды көздері ішінде Қарасай, Іле аудандарындағы, Алматы 2-ЖЭС, Қзмырыш Текелі қуатты кешені, «Талдықорған жылу қызмет», Қарасай; Іле аудандары мен Қарабұлақ, Балпық би аудандарындағы қант зауоттары әуеге бөлініп жатқан ұшындының басым бөлігін шығаратындардың ең ірілері болып табылады. Мысалы: бір ғана Текелі қуаттық кешені 2001ж 2077, 8 тонна, яғни облыстағы барлық тұрғылықты көздерден шыққан ұшындының 7/1-ін шығарған.
Соңғы жылдары жүргізілген әлемдегі шаң шығарушы басты салалар әрекетін бақылау нәтижесінде ауқымы 20мкм төмен тозаңдардың бір жыл ішінде әуеге көтерілетін мөлшері 1-ден 6 млн. т. дейін жететінін көрсетті.

Атмосфера тазалығын сақтау
Атмосфераның зиянды өнеркәсіп ұшындыларымен былғануымен алдын-алу жолындағы әрекеттер бірнеше бағытта жүргізіледі. Бұған өндіріске қалдықсыз технологияларды енгізу, технологиялық процестерді өз ортасында тұмшаландыра жүргізу, зиянды қалдықтарды іске жарата білу жолдары т. б. жатады. Технологиялық тұрғыда газ тазалау, шаң тұтыну құралдарын орнату, зиянды заттарды биік моржалар арқылы тропосферадан жоғары шығарып шашырату, зиянды заттарды зиянсызға алмастыру, шикізатты ылғалдандыра өндеу тәсілдерін қолдану сияқты амалдар бар. Битум өндірісінің ұшындылары 700-750 С-та толық жағылып жіберілсе, тыңайтқыш өндірісінде ол газдарды қайта пайдалану технологиясы енгізілген. Бояу өндірісінде хлорланған көмірсутектерді хлорға айналдырады.

Жалпы тау кен кәсіпорындарынан шығатын зиянды ұшындылар салдарын экономика - экологиялық тұрғыдан бағалағанда:
1) Олардың қоршаған ортаға тікелей тигізітін
зиянды әсерлері
2) Ол жерден туатын экономикалық зиянды
3) Қоршаған ортаны жақсартуға, қалпына
кететіруге кететін шығын мөлшерін
4) Қалдықтарды ұтымды пайдалану, іскежарату
технологияларын жасауға кететін шығын
мөлшерін есептеу керек болады.
Яғни бұл ретте болатын шығындар, ластанған атмосфера ортасының тіршілік иелеріне зиянды әсерін жоюға жұмсалған және осы әсерден туатын шығындарға бөлінеді. Мұның біріншісінде тіршілік иелерін былғаныш әуе ортасынан көшіру, тазалық қорғаныш аймағын көгалдандыру, тұрған үйлерге берілетін атмосфераны тазалау жүйесін салу және пайдалану істері жатады. Екінші топқа қатысты шығындарға былғаныш атмосфера салдарынан ауруға ұшыраған адамдарға емдік қызмет көрсету, олардың кейбіреулеріне еңбекке жарамсыздығына ақы төлеу, ғимараттарды, құрылыс орындары мен құрал-жабдықтарды қалпына келтіру шығындары жатады

Табиғат пен адам арасындағы байланыс
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz