ЭПИДЕМИЯЛЫҚ ПРОЦЕССТІҢ АЙМАҚТЫҚ МЕРЗІМДІК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫҚ ӘР ТҮРЛІ ТОПТАРЫНДА КӨРІНІС БЕРУІНІҢ КАЗІРГІ КЕЗДЕГІ СИПАТТАМАСЫ


Slide 1

Эпидемиялық процесстің аймақтық мерзімдік және халықтық әр түрлі топтарында көрініс беруінің казіргі кездегі сипаттамасы

Slide 2

Эпидемиялық процестің құрамы

Эпидемиялық процесс туралы ілімнің негізін қалаған Л. В. Громошевский болып саналады. Ол бірінші болып эпидемиологияның негізгі заңдарын зерттеп, құрастырды, инфекцияның берілу механизмінің теориясын және эпидемиялық процестің қозғаушы күштерін анықтады.

Slide 3

Эпидемиялық процестің даму себебі мен шарты

Эпидемиологиялық болжау

Эпидемиологиялық процестің даму себебі мен шарты, оның мәні: белгілі әлеуметтік және табиғи жағдайда паразит популяциясы мен отганизмнің әрекеттестігі

Эпидемиялық процестің даму механизмі:

Берілу механизмінің теориясы;

Табиғи ошақтар теориясы;

Өзін-өзі реттеу теориясы;

Сәйкестік теориясы;

Әлеуметтік-экологиялық концепция

Эпидемиялық процестің көрінуі: жұқпалы сырқаттанушылықтың таралу түрлері:

Аумаққа;

Әр түрлі халық топтарында;

Уақытта;

Эпидемиологиялық диагноз қою

Slide 4

Бірінші бөлімде эпидемиялық процестің мәні, яғни оның даму себептері және осы себептердің болу шарттарын ашу қаралады. Осы бөлімге байланысты мағлұматтарды жүйеге келтіру арқылы эпидемиялық процесс неліктен дамыды деген сұраққа жалпы жауап табуға болады. Клиникалық медицинада патологиялық процестің организмдік деңгейде тексерген кезде оның ұқсас бөлімін зерттеуді этиология деп атайды.

Slide 5

Екінші бөлімінде эпидемиялық процестің даму механизмі жөнінде айтылады, яғни эпидемиялық процессқалай дамыды деген сұраққа жауаптар іздестірілді. Патологиялық процессті организмдік деңгейде зерттегенде клиникалық медицинаның ұқсас бөлімін патогенез деп атайды.

Slide 6

Үшінші бөлімінде эпидемиялық процестің көріну жақтары зерттеледі, яғни эпидемиялық процестің көрінуі, белгілері қандай болады деген сұраққа байланысты мағлұматтардың жиынтығы баяндалады. Клиникалық медицинада патологиялық процесстің белгілері зерттейтін бөлімді семиотика деп атайды.

Slide 7

Қоздырғыштың берілу механизмі туралы ілім

Эпидемиологиялық ғылымының өте маңызды теориялық жәтістігі ретінде Л. В. Громошевский ойлап тапқан инфекцияның берілу механизмі туралы айтуға болады. Бұл ілімнің негізгі түйіні мынада:паразит эвалюциялық даму барысында қалыптасқан механизм арқылы, өзіне тән берілу механизмдерінің көмегі мен, жеке тән организм иелерін ауыстырып отыру үшін, паразиттің биологиялық түрі ретінде сақталды. Берілу механизмінің қоздырғыштың ие организміндегі басты орнығуының сәйкестігі осы ілімнің негізі болып саналады.

Slide 8

Берілу механизмі

Эвалюциялық даму барысында қоздырғыштың иелерін ауыстыру арқылы биологиялық түрін сақтауды қамтамасыз ететін механизм, яғни қалыптасқан заңдылық негізінде қоздырғыштың инфекция көзінен қабылдаушы ие организміне ену механизмі. Ол үш сатымен іске асады:

1. Ауру адамнан шығу сатысы

2. Сыртқы ортаның биотикалық және абиотикалық объектілерінде уақытша бола тұру сатысы

3. Қабылдағыш организмге ену сатысы

Slide 9

Берілу факторлары

Қоздырғыштың бір организмнен екіншісіне тасылыуын қамтамасыз ететін сыртқы орта объектілірі және буынаяқтылар. Қоздырғыштың берілу механизмін бірінші сатыда іске қосуда қатысатын факторларды алғашқы берілу факторлары деп атайды. Қоздырғышты организмге жеткізетін факторларды соңғы факторлар деп атайды. Берілу факторлары міндетін атқаратындарға жататындар:ауа, тағамдар, су, топырақ, үй жабдықтары мен өндіріс құралдары және буынаяқтылар. Қоздырғышты инфекция көзінен қабылдаушыға тасуға қатысатын буынаяқтыларды қоздырғыштың тасымалдаушысы деп атайды.

Slide 10

Берілу жолдары

Нақты эпидемиялық жағдайда қоздырғышты бір организмнен екіншісіне жеткізуді қамтамасыз ететін нақты сыртқы орта элементтерін және тасымалдаушыларды немесе осылардың үйлесімділін айтады. Берілу механизмінің бірінші сатысы-қоздырғыштың шығуы кейбір физиологиялық реакциялар арқылы олардың патологиялық үдеуі арқылы жүзеге асады. Екінші сатысы-қоздырғыштың сыртқы ортада уақытша болуы. Бұл көптеген қоздырғыштарға тән қасиет. Бұл сатыда қоздырғыштың уақытша сақталуы ғана емес, оның келесі жана организмге жеткізілуі қамтамасыз етіледі. Үшінші сатысы- қоздырғыштың қабылдағыш организмге енуі. Бұл процесс әр түрлі факторлардың қатысуы мен, мысалы қоздырғыш пен ластанған ауаны жұту, суды немесе тағамды ішу, ластанған құрал-жабдықтармен жанасу немесе тасымалдаушылар арқылы жүзеге асады.

Slide 11

Эпидемиялық процестің реттелу механизмдері

Субклеткалық (молекулярлық) деңгейде

Клеткалық деңгейде

Тіндік-мүшелік деңгейде

Организмдік деңгейде

Әлеуметтік экожүйелік деңгейде

Slide 12

Эпидемиялық процестің көрінуі

Эпидемиялық процестің көрінуі

Эндемиялық сырқаттанушылық

Экзотикалық сырқаттанушылық

Кең мағынадағы эпидемиялық сырқаттанушылық

спорадия

эпидемия

пандемия

Эпидемиялық бұрқ ету

Slide 13

Назарларыңызға рахмет!


Ұқсас жұмыстар
Эпидемиялық процестің аймақ және уақыт бойынша көрінуінің қазіргі кездегі сипаттамасы
Эпидемиялық процестің аймақ және уақыт бойынша көрінуінің сипаттамасы
Эпидемиологиялық зерттеулер, эпидемиологиялық әдіс түсінігі, эпидзерттеулер типтері
Экономиканы мемлекеттік реттеудің шетелдік тәжірибесі
Эпидемиялық процесс
ЖЕРГІЛІКТІ БАСҚАРУ ОРГАНДАРЫНДА ІС- ӘРЕКЕТТІ ЖОСПАРЛАУ
Қойдың дене бітімі, сыртқы пішіні, ішкі құрылысы, биологиялық және өнімдік ерекшеліктері
Гетерозис пайда болу заңдылықтары
Педагогикалық процестің жалпы заңдылықтары
Мемлекеттік аудит саласындағы еуропалық ұйымдар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz