Жастарды жұбайлық өмірге дайындаудағы отбасылық тәрбие және қазақтың үйлену салт-дәстүрлері


Slide 1

Өзіндік жұмысы

Slide 2

Жастарды жұбайлық өмірге дайындаудағы отбасылық тәрбие

Slide 3

Халқымызда “ Ел боламын десең - бесігіңді түзе”- деген даналық сөзі бар. Иә, ұл-қыз тәрбиелеп, ұрпақ өсіру адамзат баласының басты арманы. Демек, ұлттық құндылықты жанғырту алда тұрған басты міндет. Ал, ұлттық рух пен құндылықтардың қадір қасиетін бойға сіңіру тәсілдерінің алғашқы әліппесі отбасынан бастау алмақ.

Slide 4

Ерлі зайыпты болып өмір сүру - табиғат заңы. Жастарды келешек жұбайлық өмірге тәрбиелеудің қоғамдық-әлеуметтік маңызы өте зор. Бүгінде жастарды жұбайлық өмірге дайындаудың жеткіліксіз жүргізілуі салдарынан қыз бен жігіттің 35-40 келгенге дейін уйленуге талпынбауы, оң жақта отырып қыздың некесіз бала табуы немесе бүгін қосылып, отбасы тауқыметіне шыдай алмай ертең айырылысуы етек алып, әдеттегі заңды құбылысқа айналып барады.

Slide 5

Қазақта ”Ата-енеңе нестесең, алдыңа сол келеді”- деген сөзі текке айтылмаған. Баланың әке-шешеге қатыгез болуы, тек өзі үшін ғана өмір сүруді мақсат етуі, әке-шешесіне немесе ата- енесін қарттар үйіне апарып тастап тірі жетім етуі - осы тасбауырлық, суық тәрбиенің нәтижесі.

Slide 6

Қазақта “Үйлену оңай, үй болу қиын” - деген мәтел бар. Ерлі зайыпты өмір сүру үшін психологиялық дайындықта, қиыншылыққа төзе білу, шыдамдылық, кешірімділік қасиеттері болуы керек.

Slide 7

Ерлі-зайыптылардың бір-бірін сыйлауы, жас отаудың қиындығын кеңесе отырып шешуі, еңбекті де, табысты да бірдей ортақ етуі, екеуінің де әке-шешелері мен ағайын-туғандарын бірдей сыйлап, құрметтей білуі қажет. Бала тәрбиесі, отбасының күнделікті күйбеңі де ерлі - зайыптыларға ортақ болғаны жөн. Мәселен, баланы бала-бақшаға апару, ойнату, тамақ әкелу, үй жинап, ас пісіруді екеуі бірдей атқарғаны артықтық етпейді.

Slide 8

Мысалы: үлкендер жігіттерге “Сүйгенің айдай сұлу, асқар таудай арлы, еңбек сүйгіш, мінезі де төзімді жар болсын”, ал қыздарға “қосағыңмен қоса ағар, яғни арлы, ақылды, абзал азаматқа тап бол”, деп тілектер тілеген.

Slide 9

Қыз айттыру

Құда түсу

Бата аяқ

Қалың мал

Шеге шапан

Қамшы қайтару

Қыз көру

Қыз алып қашу

Құда тартар

Құйырық бауыр

Өлтірі

Балдыз қалың

Киім тігу

Киіт

Қынаменде

Қыз қашар

Сәукеле кигізу

Күйеу киімі

Отбасын құруда орындалатын салт-дәстүрлер

Slide 10

Той малы

Сыңсу

Қыз ұзату

Төркіндеу

Қапқа салар

Жігіт түйе

Жар-жар

Неке қияр

Қыз танысу

Сүт ақы

Аушадияр

Ау-жар

Жасау

Қоштасу

Slide 11

«Құда түсу» - ертеден және қазірге дейін жалғасып келе жатқан әрі жарасты дәстүрлердің бірі. Жігіттің әкесі немесе жақын туыстары қызы бар үйге құда түседі, яғни бой жеткен қызын сұрайды. Құдалар құрметке лайықты сыйлы адам деп саналған. Құдалықты басқарып барған адам «бас құда» деп аталады. Тұрмыс құртын жігіт пен қалыңдықтың әкелері бір-біріне «бауыздау құда» деп есептелген. Құда түсуде түрлі ойын-сауық, әзіл-қалжыңдар, палуан күрес, айтыс, өлеңдер айтылады. «Қыз көру» - салт бойынша белгілі кісілердің балалары немесе өнерпаз, сал-сері жігіттер өзіне лайықты қыздарды елішінен өздері таңдаған. Қазақта «қызды кім көрмейді, қымызды кім ішпейді" деген мақал қыз іздеген жігіттерге жол ашқан. Ондай жігіттерге ешкімнің наразылық білідіруге, тосқауыл жасауға хақысы болмаған. Керісінше жігіттерді салтанатпен қарсы алған. Ауылдың бойжеткен өр мінезді, еркін қыздары мұндай "қыз көретін жігітті біз көрелік« деп белсене шығып, жігіттермен өнер сынасқан.

Slide 12

"Қамшы қайтару". Қамшы - қазақ тұрмысы мен мәдениетіне бірнеше қызмет атқаратын қасиетті зат, құрал есебінде саналған. Ұлына қалыңдық іздеген жігіт әкесі ауылдың ақсақалы мен азаматтарына және өз туыс-туғандарына жолығып, шаруасын айтады. Сөйтіп жігіт әкесінің беделді адамдарын ертіп қыз әкесінің үйіне барып түседі. Қонақ асын ішіп аттанған қыз әкесі өз қамшысын кереге басына іліп кетеді. Мұны көрген қыз әкесі келген кісілердің аты-жөнін, ата-тегін білгеннен кейін, оларға тиісті жауабын беруі керек. Егер қыздың басы бос болмаса (яғни, біреуге айттырылып қойылса) немесе қызын бергісі келмесе қамшы иесіне қайтарылған. Бұған жігіт әкесі ренжімеген.

Slide 13

"Шеге шапан". Құда болуға баталасқан екі жақ келіскен- нен кейін бір-біріне сый-сияпат ұсынады. Жігіт жағы қарғыбау ұсынғаннан кейін, қыз ікесі жаушыға шеге шапан жабады. Бұл уәде пісті деген сөз. Жаушы жіберген жақ жігіт ауылы келе жатқан өз жаушыларының үстіндегі жаңа яғни шеге шапанын көріп, оларды шашу шашып күтіп алған. "Құда тартар". Бұл ойын-кулкіге, сауыққа, сынға құрылған салт. Мұнда құда тартар кәдесін сұрай келген әйелдербастаған топ құдаларға лап қояды да, оларды көкпар тартқандай тарта жөнеледі. Бұған қарулы жігіттер мен жас әйелдерараласады. Олар құдаларды теріс қаратып өгізге мінгізеді де, кірлеп кетті ғой деп те өзенге сүнгітеді, аяғын жоғары қаратып үйдің шаңырағынада асып қойған. Бұған құдалары ашуланбаған.

Slide 14
Ұқсас жұмыстар
Қазақтың салт-дәстүрлері: ұлттық құндылықтар мен отбасылық рәсімдер
Қазақтың салт-дәстүрлері мен дәстүрлі той-жоралғылары
Қазақ халқының салт-дәстүрлері: тарихи-әлеуметтік және отбасылық нормалар
Қазақтың тұрмыс-салт дәстүрлері мен салттық жырлары
Қазақтың қыздар мен ұлдарға арналған салт-дәстүрлері және бала тәрбиесі
Қазақ отбасылық салт-дәстүрлері мен отбасы құндылықтарын нығайту
Қазақ салт-дәстүрлері мен отбасылық тәрбие: байғазы, көрімдік, бастаңағы, иткөйлек және тәрбиелік жағдаяттар
Қазақтың жаңа туған бала мен балалық кезеңге қатысты салт-дәстүрлері
Қазақтың ұлттық салт-дәстүрлері: ұмытылған рәсімдер, әлеуметтік функциялары және қайта жаңғырту жолдары
Қазақ салт-дәстүрлері: отбасы мен тәрбие ғұрыптарының талдауы және мектепке енгізу мәселелері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz