1 жасқа дейінгі балалардағы психомоторлық даму ерекшеліктері


Slide 1

1 жасқа дейінгі балалардағы психомоторлық даму ерекшеліктері

Қабылдаған : Рыспекова Ш. О.

Орындаған : Сураншиева А. Р.

Факультет : Жалпы медицина

Топ:07-049

Slide 2

Жоспары:

Кіріспе

Негізгі бөлім

Ерте постнаталдық кезеңдегі қимыл белсенділігінің дамуы.

Антигравитациялық рефлекстің нықталуы:

3-3, 5 айында- басын тігінен ұстау

5-6 айында - екінші антигравитациялық реакция - отыру қалпы

12 айға дейін- үшінші антигравитациялық реакция - отыруға ұмтылу қалпы

Жаңа туған нәрестелердің негізгі шартсыз рефлекстері.

Сөйлеу қызметінің дамуы

Қорытынды

Slide 3

Кіріспе

Ұрықтағы моторлық сфераның дамуы жастық дамудң маңызды феномені болып табылады. Қалыпты моторлық даму проприорецепторларды тітіркендіріп жатыр ішілік қалыпты реттеп босану үрдісінің өтуін қамтамасыз етеді.

Slide 4

Талламопаллидарлы саты

Босанар алдындағы нәрестенің қозғалыс аппаратының қалыптасуын экстрапирамидалық жүйе интеграциялайды. Бұл сатыны Бернштейн бойынша талламопаллидарлы деп атайды. Бұл сатыда қозғалыс әлі дұрыс қалыптаса қоймаған, негізделген, бұлшықеттік гипертония байқалады.

Slide 5

Пирамида-стриарлы саты

Нәресте туылғаннан кейін ең алғаш көз бұлшықеттерінің координациясы қалыптсады. Ол 2-3 аптада ашық түсті заттараға, жоғарыда ілінген қозғалыстағы ойыншыққа қарап мойын бұру координациясы қалыптасады. 1-2 айда наресте басын ұстауды үйренеді. Содан кейін қол координациясы қалыптасады . Алдымен қолды көзге, мұрынға жақындату, содан кейін қолды бет үстінде ұстап тұру және оған қарау рефлексі қалыптасады.

Slide 6

3-4 айында қолдың мақсатты қимылдары жүзеге асады. Бұған мысал ретінде ілулі тұрған ойыншыққк алдымен бір қолымен содан кейін екінші қолымен ұмтылады. 5 айдан бастап қозғалыс ересектерге ұқсай бастайды, алайда әлі толық пісіп жетілмеген. 5-6 айда ішімен арқасына, кейін арқасынан ішіне аунап түсу қозғалысы қалыптасады. 6 айында бала отырады, бұл аяқ бұлшықеттерінің координациясының қалыптасқанын көрсетеді. 7 айдан бастап бала еңбектей бастайды. 8 айда баланың жүруге деген ұмтылысы төсектен, тосқауылдан ұстанып тұруынан басталады. 10-11 айында бала өзінің алғашқы қадамын жасайды.

Slide 7

жаңа туған балалардағы негізгі шартсыз рефлекстер

Жаңа туған балалардағы негізгі шартсыз рефлекстерді 3 түрге бөледі:

өмірлік автоматизм

Транзиторлы рудиментті рефлекстер

( қозғалыс аппаратының дамуына ықпал ететін спецификалық шарттар, кейін жойылады)

туыла салысымен көрініс бере қоймайтын рефлекстер

Slide 8

Бірінші топқа- жұтыну коньюктивалық, жұту, жұтыну, орбикулопальпебралды немесе қасүстілік рефлекс жатады

Екінші топқа- ауыздың сегменттік автоматизмі( алақан - ауыз бейнелісі, қабу бейнелісі, іздеу бейнелісі, сору бейнелісі), жұлынның автоматикалық қимылдарының бейнелісі( қорғану, еңбектеу, ұстау, Галант, Перес, Моро, Керниг, Бабинский, тіреу автоматты жазғыш бұлшықеттердің қиылыспа, тартып алу, жұлын мен мидың сақталып қалу бейнелісі, ассиметриялық және симметриялық бейнелістер)

Үшінші топқа - лабиринтті рефлекс, қарапайым және тізбектік мойын және тұлғалық рефлекс

Slide 9

Ауыздың сегменттік автоматизмі

Алақан - ауыз бейнелісі

Үлкен саусақпен жаңа туған нәрестенің алақанын басқанда, бала аузын ашып, басын иеді. Бұл бейнеліс 2 айда әлсіреп, 3 айда жоқ болады.

Қабу бейнелісі

Ерінге жайлап ұрғанда еріндері шошайып, ашылу пайда болады.

Slide 10

Іздеу бейнелісі ( Куссмауль бейнелісі)

Еріннің жан жағына сипағанда ерін бұрышы төмен түсіп, басын сипаған жаққа бұрып, ернімен емшек іздегендей қимыл жасайды.

Сору бейнелісі

Баланың ерніне мақта, емізік немесе саусақ тигізгенде сору қимылдары пайда болады

Slide 11

Жұлынның автоматикалық қимылдарының бейнелісі

Қорғану бейнелісі - баланы етпетіне жатқызғанда басын жанына бұрып алады.

Еңбектеу бейнелісі - баланы етпетінен жатқызып, табанына алақан тигізгенде бала алға ұмтылып, қолдарымен қимылдай бастайды, 4айға дейін сақталып қалады.

Ұстау бейнелісі - саусақтарды баланың алақанына салып, басқанда ұстау қимылы пайда болады.

Slide 12

Жұлынның автоматикалық қимылдарының бейнелісі

Галант бейнелісі- қырынан жатқан баланың, омыртқа маңы сызығының бойымен, мойыннан құйрығына қарай үлкен және сұқ саусақтармен сызып жүргізгенде, тітіркену қапталына қарай доға тәрізді майысады.

Перес бейнелісі- етпетінен жатқан баланың сегіз көзінен бастап мойнына қарай омыртқаның жоталы өсіндісінің бойымен саусақпен жүргізгенде денесі иіліп, аяқ қолдары бүгіліп, басы жоғары көтеріледі. Зәрі мен нәжісі жүріп, бала ауырсынады.

Slide 13

Жұлынның автоматикалық қимылдарының бейнелісі

Моро бейнелісі - әр түрлі әдістермен анықталады :аяғы мен денесінің төменгі жағын тез жоғары көтеру, бала жатқан жерді басынан 15-20 см қашықтықта ұру, баланы жылдам қолға алып жылдам төмен түсіріп қайтадан бұрынғы қалпына әкелу. Бұндай әсерлерге жауап ретінде бала әуелі екі қолын екі жаққа жайып жібереді. Содан соң тез қалпына келіп құшақтау тәрізді қимыл жасайды.

Slide 14

Жұлынның автоматикалық қимылдарының бейнелісі

Керниг бейнелісі - Шалқасынан жатқан баланың бір аяғын ұршық және тізе буындарына бүгеді. Содан соң тізе бунынан қозғалтпай ұстап тұрып, екінші қолымен өкшесінен ұстап, жайлап балтырын тікейтіп, жазуға бағышталған қимыл жасағанда, толық жазылмайды.

Бабинский бейнелісі- баланың табанын сыртқы жиегімен өкшеден бармақтарға қарап сызып тітіркендіргенде үлкен башпайы жазылады да, басқа саусақтарға желпуіш тәрізді бүгіледі. 1 асқа дейін сақталады.

Slide 15

Сөйлеу қызметінің дамуы

Сөздің қалыптасуы ми қыртысының сенсорлық жүйесі мен мидың функционалдық жетілуіне байланысты.


Ұқсас жұмыстар
Омыртқаның патологиялық және физиологиялық қисаюы
Жілік сүйектері
Жүйке жүйесінің морфологиялық субстраты рефлекторлық доға
Дизартрия тіл кемістігі
Мүмкіндігі шектеулі балалар категориясы
НӘРЕСТЕГЕ ҮЙІНДЕ ПАТРОНАЖ ЖАСАУ
ТҰМАУ ЖӘНЕ ЖРВИ
Балалардағы тірек – қимыл жүйесінің жасқа қатысты физиологиясы
Бас сүйектері
Балалардың жүрегінің және қан тамырларының құрылысының жастық ерекшеліктері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz