Патогенділігі бойынша микроорганизмдердің жалпы сипаттамасы



С. Ж. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина университеті
Кафедра: Микробиология, вирусология және иммунология
Тақырыбы: Патогенділігі бойынша микроорганизмдердің жалпы сипаттамасы
Қабылдаған: Жакубалиева Г. Л.
Орындаған: Ахимбекова С. А.
Топ:08-001
Факультет: ҚДС

Жоспары:
Кіріспе
Негізгі бөлім
Патоген микробтар
Күйдіргі
Оба микробтары
Азиялық холера
III. Қорытынды

Микроорганизмдер-көбінесе бір клеткалы, өте ұсақ, жай көзге көрінбейтін тірі организмдер. Олар миллиметрдің мыңнан бір бөлігі- микронмен өлшенеді. Бұлардың құрылысын, сыртқы пішінін және қозғалысын зерттеу үшін кем дегенде 400-500 есе үлкейтетін арнаулы аспап микроскоп қолданылады. Микроорганизмдер бір жерге топталғанда ғана оларды жай көзбен көруге болады.
Әлемде көп клеткалы және бір клеткалы микроорганизмдерден басқа клеткалық құрылымы жоқ тіршілік иелері- вирустар мен бактериофагтар болады.
Микроорганизмдер жасушаға дейінгі (вирустар-Vira патшалығы) және жасушалық (бактериялар, саңырауқұлақтар, қарапайымдылар) пішіндерімен берілген.

Жұқпалы аурулардың қоздырғыштары- патоген микробтар. Жұқпалы аурулардың таралуы адам мен жануарлар организмінің беріктігіне, яғни сол ауруға қарсы тұра алатындық қасиетіне байланысты. Мысалы: тауық топалаңмен мүлде ауырмайды, тіпті оларға топалаң микробы қолдан жұқтырсаңыз да ауырмайды. Егер басқа бір аурумен ауырып, адам организмі нашарласа, онда туберкулез микробына организмнің қарсы тұрарлық қасиеті әлсірейді де адам туберкулезбен ауырады.
Ауру қоздырушы, яғни патогенді микробтар бір адамнан екінші адамға тікелей жұғуы мүмкін. Мысалы: мерез ауруын қоздырушы гонококк микробы, әсіресе әйел мен еркектің жыныстық қатынасы кезінде, ал әр түрлі іш аурулары кір қол немесе заттар арқылы таралады.

Әрбір патоген микробтар тек бір ауруды ғана қоздыруы мүмкін, яғни олардың атқаратын қызметі жекелеген болады. Кейде адамдарда белгілі бір аурулар тек жануарлардың бір түрінен жұғады. Мәселен, маңқа ауруы адамға жылқы немесе мысықтан жұғады. Ал кейбір ауру адамға қауіпсіз. Мысалы, ит, шошқа және ірі қара обасы адамға қауіпсіз.
Жұқпалы ауру қоздырғыштары біздің организмге түрліше зиянды әсер етеді. Зиянды микробтардың көпшілігі организмді уландырып, нерв жүйесін, жүрек қызметін, қан тамырларын және ішкі мүшелердің барлығын зақымдайтын түрлі улы заттар бөліп шығарады.

Күйдіргі- біздің дәуірден мың жылдай бұрын белгілі болған. Атақты Гомер IX ғасырда малды және адамды қырғынға ұшыратқан “қасиетті от”, яғни күйдіргі туралы өз еңбектерінде жазған болатын. Бұл ауру әуелі Италияда етек алып, содан кейін Европаға ауысты.
Күйдіргіні қоздырғыш бациллус антрацис, ірі таяқшалар, қозғалмайды, ауалы жерде спора түзеді. Сондықтан оларды бацилдарға жатқызады. Клеткаларын қоршап тұратын капсулалары бар. Грам әдісімен боялады. Бацилдар бір немесе қос-қостан, көбіне шағын тізбек түрінде орналасады. Спора тек оттегі бар жерде ғана түзіле бастайды. Егер температура +12-тан төмен, +42-тан жоғары болса да спора түзілмейді. Споралары сопақша, клетканың орта шеніне орналасады. Өніп өсуі үшін ең қолайлы температура +30-37.

Топырақта күйдіргі микробының споралары бірнеше жыл бойына сақталады. Күн сәулесі де клеткалар мен спораларға жойқын әсер етеді, олар I проценттік формалинде және 10%-тік күйдіргіш натрийда екі сағаттан 5%-тік фенолда бір тәуліктен кейін қырылады.
В. В. Архипованың мәліметіне қарағанда жоңышқа, сиыр жоңышқа, бидай, қара бидай, сарымсақ және рауғаштардың тамырынан бөлінетін заттар бұл микробтарға зиянды әсер етеді екен.
Ауыл шаруашылық малына күйдіргіге қарсы актив иммунитет жасау мақсатында оларға Ценковский вакцинасын егеді. Оларға 12-13 айға дейін иммунитет жақсы сақталады. Сарысудан даярланған вакцинаны адамға да егіп, онда иммунитет жасауға болады.

Күйдіргінің ғылыми аты Сібір уытты жарасы. Ол ауруды қойда топалаң, сиырда қараталақ, қарасан, жылқыда жамандат, түйеде ақшелек, адамда күйдіргі деп атайды.
Ауру әдетте организмнің өлуімен аяқталады. Адам, кемірушілер және түйе обасының бәрінің де қоздырғышы біреу. Бұл ауру өте тез таралып, шапшаң өтеді.
1986 жылдан бастап Үндіде оба кең таралды. Үнді сол кезде ағылшын отары болатын. Мұнда жыл санап мыңдаған адам қырылды. Обаның бір түрі өкпе обасы 1910-1911 жылдары Манчжурияда ұшқындап, бірқатар адам өмірін жойды.
Оба бактериясы (Pasteurella pestis) қысқа таяқшалар, кейде бір бірден, кейде тіркесіп, ұзынша шынжыр тәрізденіп орналасады.

Қазір оба микробынан жасалған вакциналар барлық елдерде осы ауру пайда болар алдынан кеңінен қолданылып жүр.
Әдетте оба микробы ұзақ уақыт сақталып қалады. Сондықтан болса керек анда санда болса да кейбір мемлекеттерде бұл ауру байқалып қалады. Оба микробтарының биологиясын және оның таралу кезеңдерін зерттеген орыстың көрнекті ғалымдары Д. К. Заболотный мен И. А. Деминский.
Оба микробы адам денесіне ене қалса, көбінесе олар лимфалық тамырлар арқылы бездерге ауысады, ол жерлер ісініп, іріңдейді де, көлкілдеп тұрады. Оны бөртпе оба деп атайды. Ол көбінесе қан тамырлары арқылы таралады. Егер оба микробы өкпеге ене қалса, оба пневмониясын қоздырады.

Қазіргі оба вакцинасы әлсіретілген оба микробынан жасалады және адамға міндетті түрде егіледі. Осының нәтижесінде адам обаның жеңіл түрімен ауырып тұрады да, онда иммунитет пайда болып, ол екінші рет ауырмайды.
Азиялық холера (тырысқақ) . Тырысқақ ауруының отаны Үндідегі Бенгалия және Ганг өзенінің төменгі ағысының жағалаулары. Сондықтан оны Азия тырысқағы деп те атап кеткен.
Бұл аурудың нағыз қоздырушысы-тырысқақ микробы, яғни холера вибрионы екені 1880 жылдары белгілі болды. Оның пішіні кәдімгі үтір тәріздес.
Алғаш рет оны 1883 жылы Р. Кох тапқан болатын. Ол Египеттегі осы тырысқақ ауруынан өлген адамдардың нәжістерінен микробты бөліп алып зерттеген.

Ауру тым ауыр өтеді, кейде ауырғандардың 40-50% қаза табады. Ауру тек адамнан жұғады. Табиғи жағдайда ешбір тірі организм онымен ауырмайды. Лаборатория жағдайында жануарларға тырысқақ жұқтыру аса қиынға соғады.
Тырысқақ үтіршесі қозғалғыш, шеттерінде жіпшелері бар, спора да, капсула да түзбейді. Көбінесе екі екіден “S” өзгергіш келеді. Крахмал, гликоголь бар қоректік ортада таяқша тәрізденіп, бұйраланып, жіпшеленіп, шар тәрізді болып, тіпті ашытқы саңырауқұлақтары сияқтана да өніп өседі. Әдеттегі қоректік ортада олардың түрі қайтадан “үтір” тәрізденеді. Ортада аз ғана мөлшерде қышқыл болса, ол өніп өсе алмайды. Жалпы орталыққа жеке у бөлмейді. Организмде вибрион өніп өскенде ғана адамды улайды. Сонда олар эндотоксиндер бөлетін болады.

Тырысқақ ауруымен ауырғаннан кейін адамда иммунитет пайда болады да, екінші қайталап ауырмайды. Организмдер мұндайда вибрионды ерітіп жіберетін антителлалар түзіледі деген пікір дәлелденіп отыр.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz