Тісжегі тұрақтылық және тісжегі қабылдаушылық




Презентация қосу
С. Ж. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медициналық Университет

Тақырыбы: Тісжегі тұрақтылық және тісжегі
қабылдаушылық

Орындаған: Гаппарова Г. С.
Тексерген:
Жоспар:
Кіріспе
Негізгі бөлім

-тісжегі тұрақтылық
-тісжегі қабылдаушылық
-тісжегі тұрақтылыққа асер ететін
факторлар
-тісжегі қабылдаушылық себептері
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе

Тісжегі дегеніміз-тістердің жарып шыққаннан кейінгі
қатты тіндерінің деминералдануы мен жұмсаруы
нәтижесінде ақау пайда болатын патологиялық құбылыс.
ДДұ номенклатурасы бойынша тісжегі ауруына
ұшырағандарды бағалау үшін 3 негізгі көрсеткіш
қолданылады:
◦ аурудың таралуы;
◦ тістердің тісжегіге ұшырау интенсивтілігі;
◦ интенсивтіліктің өсуі.
Сонымен қатар осы көрсеткіштердің қатарына біз
тісжегітұрақтылық пен тісжегі қабылдаушылықты жатқызамыз.
Негізгі бөлім
Тісжегі тұрақтылық пен тісжегі
қабылдаушылықты біз бір-бірімен
байланыстыра отырып қарастырғанымыз
жөн. Тісжегінің пайда болуы осы екеуінің
өзара арқатынасының өзгеруінен болады.
Тісжегі қабылдаушылығы жоғары
тістерде патологиялық үрдістер тез және
жиі пайда болады, ол адам ағзасының
сол кездегі жағдайына байланысты.
Тісжегімен қатарласып жүрген аурулар басқа сау
тістерге әсері болмайды, бірақ ол мүшелер мен
мүшелер жүйесінің қызметіне әсерін тигізіп, ауыз
қуысы сұйықтығының ққұрамын өзгерту арқылы
тісжегінің пайда болуына әкеп соғады.
Тісжегі тұрақтылық созылмалы немесе сақталатын
аурулармен ауырмаған, құнды тамақтанатын, яғни
құрамында барлық керекті заттардың болуы,
макро-, микроэлементтердің жеткілікті болуы, әр
түрлі зиянды заттардан аман болатын адамдарда
жақсы қалыптасқан.
Тісжегі тұрақтылықты
қамтамасыз етіледі:
- кіреуке және басқа да тіндердің химиялық
құрамы мен құрылысы;
- пелликуланың болуымен;
- сілекейдің оптимальді химиялық құрамы
мен оның реминералдануға қатысуы;
- ауыз қуыс сұйықтығының жеткілікті болуы;
- тіс сауытының өткізгіштігінің төмен болуы;
- шайнау бетіне ауыр қысымның түсуі
нәтижесінде өзіндік тазаланудың болуы;
- тіс қағының құрамы;
- диета ерекшелігіне байланысты;
- ауыз қуысы гигиенасының жақсы болуы;
- тіс тіндеріндегі жасушалардың дұрыс түзілуі,
олардың дұрыс қалыптасуы;
- тіс жарып шыққан кездегі кіреукенің дұрыс және
толық қалыптасуы;
- ауыз қуысының спецификалық және
бейспецификалық қорғаныс факторлары.
Тісжегі қабылдаушылықтың
себептері:
- кіреукенің толық қалыптаспауы;
- диета. Белок, макро-, микроэлементтер
жетіспей, көмірсулардың артып кетуі;
- фторға қанықпаған су;
- пелликуланың болмауы;
- ауыз қуысы сұйықтығының құрамы,
концентрациясы, ағу жылдамдығы, мөлшері;
- тістің қатты тіндерінің биохимиялық
құрамы: егер тін тығыз болатын болса, онда
тісжегінің таралу жылдамдығы төмен
болады.
- қантамыр-нерв шоғырының жағдайы;
- тіс тіндерінің қалыптасу барысындағы
мүшелердің, жүйелердің функционалдық жағдайы;
- жалпы сомалық аурулар әсерінен тістердің дұрыс
дамымауы.
Тісжегі тұрақтылық 4 топқа жіктеледі:
1. Жоғары тұрақтылық
2. Орташа тұрақтылық
3. Төмен тұрақтылық
4.Өте төмен тұрақтылық
Пайдаланылған
әдебиеттер:
Боровский Е.В. с соавт.: Терапевтическая
стоматология / Учебник. М., 2001
www.google.ru

Ұқсас жұмыстар
Тісжегі қуысын егеп - тазалау
Тіс жегі қуыстарын реставрациялау ерекшеліктері
Стоматология мектебі
Күміс амальгамасы
Пневмо - кинетикалық әдіс
Сілекей құрамы
ҰЛПА ҚАБЫНУЫН ЕМДЕУДЕ ҚОЛДАНЫЛАТЫН ФИЗИКАЛЫҚ ФАКТОРЛАРДЫҢ САЛЫСТЫРМАЛЫ СИПАТТАМАСЫ
Уақытша материалдар
Тіс бетін кептіру
Ерте жастағы балаларға тіс жегі профилактика бағдарламасы
Пәндер