Аграрлық өндірістің жер ресурстары және оларды пайдалану тиімділігін арттыру жолдары


Slide 1

ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚ ТАҚЫРЫБЫ: Аграрлық өндірістің жер ресурстары және оларды пайдалану тиімділігін арттыру жолдары.

Семинар жоспары:

1. Жер ресурстары және олардың құрамы, ерекшеліктері 2. Қазақстанда жер қатнастарының реттелуі 3. Топырақ құнарлығы, олардың түрлері 4. Мемлекеттік жер кадастры, мониторигі 5. Жерді пайдалану көрсеткіштерін анықтау әдістемесі

Slide 2

Жерді экономикалық бағалау негізгі үш қызмет атқарады:

1. Есептеу. Жер ұлттық байлық ретінде, аймақтардың, к/о-дың, жеке жер иеленушілер мен жер пайдаланушылардың өндірістік-материалдық қоры ретінде есептеледі.

2. Жер қорын тиімді пайдалануға экономикалық ынталандыру үшін оның бағасы болуы керек және сол арқылы нарықтық қарым-қатынасқа қосылады.

3. Жер бөлімшелерінің сапалық қасиеттері - өнімділігі, орналасу тиімділігі әр түрлі. Құнарлығы, тиімді жерлер жеткіліксіз, сондықтан өнімділігі, тиімділігі төмен жерлер де пайдаланылады және жұмсалған еңбектеріне қарамай жақсы (тиімді) пайдаланушылар қосымша пайда табады.

Жерді бағалау туралы екі бағыт айқындалады:

─ топырақтың сапасын бағалау

─жер қорын экономикалық бағалау

Жердің сапасының жиынтық көрсеткіші ретінде бір өлшем ауданнан алынатын нақты өнімділіктің оған жұмсалған шығындарға қатынасы бойынша анықталатын «өлшемдес өнімділік» көрсеткішін қолданады.

Шығындық қағида бойынша бағалаудың негізі- жерді игеруге жұмсалған еңбек пен еңбек құралдарының шығыны болып табылады.

Осы қағиданың негізін қалаушы академик С. Г. Струмилиннің әдістемесі бойынша жердің экономикалық бағасы мына формуламен анықталады.

бағаланатын жер және орташа жер бойынша 1гектар жерден

алынатын өнімдердің осы өнімді алуға жұмсалатын шығындарға қатынасы.

Slide 3

2. 1. Жер ресурстары және олардың құрылымы, ерекшеліктері

Жер - бұл территориялық кеңістік, табиғи ресурс, жалпыға ортақ өндіріс құралы.

Жердің өзіндік ерекшеліктері:

жер - табиғат өнімі .

жер - территориясы шектеулі.

жер басқа өндірістік құралымен алмастырылмайды .

жер учаскелері құнарлығы әр түрлі .

бір жерден басқа жерге алмастыруға келмейді.

жер мәңгілік құрал.

Ауыл шаруашылық жер құрамы :

Жыртылған жер ;

Мал жайылымы ;

шабындық ;

Көп жылдық екпелер ;

тыңайтудағы ауыл шаруашылық жерлері ;

Жерді экономикалық бағалау:

Жалпы жерді өндіріс құралы ретінде экономикалық бағалау;

Ауыл шаруашылық дақылдарын өндіру тиімділігіне байланысты жеке бағалау.

Slide 4

Ауыл шаруашылық жерді пайдалану көрсеткіштері:

Ауыл шаруашылық дақылдарының өнімділігі;

1 гектардан алынған жалпы өнім құны, тауарлы өнім құны, жалпы және таза табыс, пайда;

Жер ресурстарына кеткен шығындардың өтелуі:

Дифференциалдық табыс:

Өнім рентабельдігі .

Қосымша көрсеткіштер:

Жалпы жер ауданындағы ауыл шаруашылық алқаптарының үлестік салмағы;

Жалпы жер ауданындағы ауыл шаруашылық алқаптардағы жыртылған жер үлестік салмағы;

Жыртылған жер ауданындағы ауыл шаруашылық дақылдары егінінің үлесі;

Slide 5

2. 2. Топырақ құнарлығы олардың түрлері

Топырақ құнарлығын, жерді пайдалану тиімділігін арттыру жөніндегі негізгі агрономиялық, агротехникалық, агромелиоративтік, ұйымдастырушылық шаралар мыналар:

* Топырақты эрозиядан (азудан) қорғау. Эрозияның негізгі үш түрі бар: жел, су және техникалық.

Топырақты эрозиядан қорғау үшін жер ерекшелігін, ауа райын, эрозиялық құбылыстың жылдамдығын ескере отырып мынадай шаралар қолданылады:

ұйымдастырушылық шаралары - айналмалы егістік, жайылымдарды дұрыс пайдалану, суландыру, жерді пайдалану құрылымын жақсарту.

Агротехникалық шаралар - жерді топырақтың түріне, қасиетіне сәйкес өңдеу, тыңайтқыш беру, арам шөптерді отау, зиянкестермен күресу.

Егістіктің айналасына қорғаныш ормандар өсіру, ылғалдандыру

Топырақты сортаңдаудан (тұзданудан) қорғау

Топырақты құм басудан қорғау жолдары- ағаш (сексеуіл, жыңғыл), бұталар отырғызу, көп жылдық шөптер егу

Жерді батпақтанудан қорғау үшін гидромелиоративтік жұмыстар жүргізу, суғару жүйелерін жетілдіру қажет болады.

Топырақты қоректік заттарды сақтау үшін мелиоративтік жұмыстар, сортаң жерлерді әкпен, гипспен өңдеу, арнаулы әдіспен жырту, тыңайтқыш беру, мал жаюды реттеу, т. б. агрономиялық жұмыстар жүргізіледі.

Топырақты уланудан қорғау

Құрылыс, жол салу, жер қойнауын барлау, пайдалы қазбаларды өндіру, қалдықтарды орналастыру нәтижесінде бүлінген жерлерді қалпына келтіру республикамыздың жер қорын едәуір жақсартады.

Егістік құнарлы жерлердің ауылшаруашылық айналымнан шығарылуын болдырмау шаралары заңдастыруды талап етеді.

Аталған жұмыстар арнаулы ғылымдар саласындағы жетістіктерге сүйеніп жүргізіледі.

Slide 6

2. 3. Жер кадастры, экономикалық бағалануы, жер рентасы

Жерді экономикалық бағалау негізгі үш қызмет атқарады:

1. Есептеу. Жер ұлттық байлық ретінде, аймақтардың, к/о-дың, жеке жер иеленушілер мен жер пайдаланушылардың өндірістік-материалдық қоры ретінде есептеледі.

2. Жер қорын тиімді пайдалануға экономикалық ынталандыру үшін оның бағасы болуы керек және сол арқылы нарықтық қарым-қатынасқа қосылады.

3. Жер бөлімшелерінің сапалық қасиеттері - өнімділігі, орналасу тиімділігі әр түрлі. Құнарлығы, тиімді жерлер жеткіліксіз, сондықтан өнімділігі, тиімділігі төмен жерлер де пайдаланылады және жұмсалған еңбектеріне қарамай жақсы (тиімді) пайдаланушылар қосымша пайда табады.

Жерді бағалау туралы екі бағыт айқындалады:

─ топырақтың сапасын бағалау

─жер қорын экономикалық бағалау

Жердің сапасының жиынтық көрсеткіші ретінде бір өлшем ауданнан алынатын нақты өнімділіктің оған жұмсалған шығындарға қатынасы бойынша анықталатын «өлшемдес өнімділік» көрсеткішін қолданады.

Шығындық қағида бойынша бағалаудың негізі- жерді игеруге жұмсалған еңбек пен еңбек құралдарының шығыны болып табылады.

Осы қағиданың негізін қалаушы академик С. Г. Струмилиннің әдістемесі бойынша жердің экономикалық бағасы мына формуламен анықталады.

бағаланатын жер және орташа жер бойынша 1гектар жерден

алынатын өнімдердің осы өнімді алуға жұмсалатын шығындарға қатынасы.

Slide 7
Ұқсас жұмыстар
Ауыл шаруашылығының негізгі және айналым капиталы
Ауыл шаруашылығының жалпы және тауарлы өнімі, оларды сату жолдары
Табиғи ресурстар және табиғатты ұтымды пайдалану
Еңбек ресурстарын пайдалану көрсеткіштері
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЖЕР ҚОРЫ
Ветеринарлық шаралардың экономикалық тиімділігі
Күнделікті тұрмыста өнеркәсіпте
Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылық өнімін сапасын жақсарту проблемалары
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТАБИҒИ-РЕСУРСТЫҚ ПОТЕНЦИАЛЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ БАҒАСЫ
Экономикалық жүйенің жіктелуі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz