ЖЕКЕ ТҰЛҒАНЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ ЭТНОПЕДАГОГИКАЛЫҚ АСПЕКТІЛЕР


Slide 1

ЖЕКЕ ТҰЛҒАНЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ ЭТНОПЕДАГОГИКАЛЫҚ АСПЕКТІЛЕР

«ЖЕКЕ ТҰЛҒАНЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ» тәрбие тағылымының бағдарламасы

Slide 2

МЕКТЕП - БАЛАНЫ ТҮЗДЕН ТАНУ ОРТАЛЫҒЫ

Slide 3

ЖЕКЕ ТҰЛҒАНЫ “БАЛАНЫҢ БАС ҰСТАЗЫ - АТА-АНАСЫ” ҚАЛЫПТАСТЫРАДЫ

«Адамның адамшылығы - ақыл, білім, жақсы ата-анадан, жақсы ұстаз, жақсы құрбыдан болады» АБАЙ

Балаңды бес жасқа дейін патшаңдай сыйла (Ой-санасын ояту) .

Он бес жасқа дейін құлыңдай жұмса (Айтқанды екі етпейтін естілікке баулып, әр ісін «Талаппен бастап, талғаммен аяқтауға» дағдыландыру) .

Он бес жастан құрбыңдай сыйлас («Он үште отау иесі» болар тұлғаның ой-санасы мен мінез-құлқының, ар-ожданының қалыптасуын қадағалай отырып, кемшілік объектісіне бағдарлау) .

Slide 4

АДАМНЫҢ АДАМШЫЛЫҒЫ - АҚЫЛ МЕН БІЛІМНЕН

Білім толысып ақыл жетіледі. Ақыл жетіліп білім артады.

АҚЫЛ

Үш жастан сана оянып, 6 жасқа дейін ақыл кіреді. 6-7 жастан 13 жасқа дейін ақыл есейеді. 14 жастан ақыл ересектеніп, 25 жасқа дейін ақыл қалыптасып өседі. 25 жастан 37 жас аралығанда ақыл толысады. 37 жастан 49 жас аралығында ақыл тоқтайды. 49 жастан әрі кемелденеді.

Slide 5

МЕКТЕП - БАЛАНЫ ТҮЗДЕН ТАНУ ОРТАЛЫҒЫ

Тәрбие - белгілі бір ұлт болып отырған халықтың болмысындағы өмір сүру тәжірибесімен ұлттық философиялық тұжырымдарынан қалыптасқан үрдіс.

Slide 6

МЕКТЕП - БАЛАНЫ ТҮЗДЕН ТАНУ ОРТАЛЫҒЫ

Тәрбие - тағылым беретін үрдіс. Тәрбие тағылымы - ашық айтылмаса да, санаға ой саларлық тәрбие көзіне жүктеледі.

Slide 7

МЕКТЕП - БАЛАНЫ ТҮЗДЕН ТАНУ ОРТАЛЫҒЫ

Қоғам алдында ата-ана мен халық үшін баланы түзден танытатын орталық - мектеп.

Алғы шарттары:

Жас ерекшелігіне сай тәрбие білімі керек.

Сынып жетекшілердің тұлғалық таным ізденістері ата-анаға баласын түзден танырлық нәтиже беруі керек.

“Ата-анаға кеңес” тағылым бұрыштарын жабдықтау қажет.

“Ата-аналар алқасы” өз жарғысы бар ресми қоғамдық ұжым деңгейіне көтерілуі тиіс.

Оқушы жастар ұйымыда ресми қоғамдық ұйым дәрежесіне көтерілуі тиіс.

Slide 8

ТАҚЫРЫБЫ

ТАҒЫЛЫМЫ

КЕЛЕҢСІЗДІКТІҢ

САЛДАРЫ

ТӘРБИЕ

КӨЗІ

Тағылымтану әдістемесі:

Slide 9

АТА-АНАҒА КЕҢЕС “Баланың бас ұстазы - ата-анасы” Абай

Бала тәрбиемен өседі

Жас баланың істеген жақсы ісін қоштап, қошеметтеп отырған дұрыс. Жақсыға да, жаманға да бала біртіндеп үйренеді.

Төрт жасар Айгүл мамасы әкелген жұмыртқаны ыдысқа салып тұрған. Ол да біреуін алып табаққа салмақ болды. “Ұстама, сындырасың!” - деп анасы зекіді. Ал баланың ниеті дұрыс еді. Мамасына қолынан келгенінше көмектесе қоймақ. Енді меселі қайтып қалды. “Байқап сала ғой, сынып қалмасын” деп жұмсық сөйлеп, балаға өзі көмектесіп жіберсе, оның да көңілі марқайып, келешекте басқа істі үйренуге де талпынар еді . . .

Д. Тойшыбаева

мұғалім

Ұлттық педагогикадан:

“Бала жастан”

“Қылыш жарасы бітер, жан жарасы бітпес”

“Баланың тентек болмағы үйінен . . . ”

Тән сүйгенін бермесе,

Жан шыдамас жаны ашып.

Бере берсен, бер десе,

Әдет етер қарысып.

Абай

Slide 10

Баланы түзден танимыз десек . . .

Қоғам алдында ата-ана мен халық үшін баланы түзден танытатын орталық - мектеп

Алғы шарттары:

1. Жас ерекшелігіне сай тәрбие білімі керек. Ол үшін:

Мінез-құлықтың қалыптасуын құндақ тәрбиесінен бастап тану

Құндақ тәрбиесінен баланың мектепке дейінгі тәрбиесінде мәнді-мәнсіз әрекеттеріне ықпалдасу

Мектеп жасына дейінгі тәрбие жүйесінде баланың қабілеттілігін тану

2. Мектеп жасындағы тәрбие үрдісінде:

(1-7 сыныптар аралығында) білімге деген қызығушылығына ықпалдаса отырып, қабілет мүмкіндігін мамандармен бірлесе шешу

Құрбыластарының мінез-құлық жүйесіне ықпалдасу әрекеттерін сынып жетекшілерімен бірлесе жүйелеу

Slide 11

АҚЫЛ

САНАНЫҢ ОЯНУ КЕЗЕҢІ

НӘРЕСТЕ: Дүниеге келгеннен бұғанасы қатып отырғанға дейін

СӘБИ: Алты айлғынан 3 жасқа дейін

АҚЫЛДЫҢ КІРУ КЕЗЕҢІ

БҮЛДІРШІН: 3 жастан 6 жасқа дейін

САНАНЫҢ ЕСТИЯРЛАНУ КЕЗЕҢІ

БАЛДЫРҒАН: 6 жастан 13 жасқа дейін

АҚЫЛ-ОЙДЫҢ ЕСЕЮ КЕЗЕҢІ

БАЛДЫРҒАН: 11 жастан 13 жасқа дейін

САНАНЫҢ ЕРЕСЕКТЕНУ КЕЗЕҢІ

ЖАСӨСПІРІМ: 14 - 15 жасар

ЖЕТКІНШЕК ЖАСТАР: 15 - 18 жас аралығы

Slide 12

ЕҢБЕК ТӘРБИЕСІНДЕ

Он бес жасқа дейін құлыңдай жұмса

ҚОЗЫ ЖАСЫ: 5 - 13 жас аралығы

БАЛДЫРҒАН: 6 жастан 13 жасқа дейін

Он бес жастан құрбыңдай сыйлас

ҚОЙ ЖАСЫ: 13 - 17 жас аралығы

ЖАСӨСПІРІМ: 14 - 15 жасар

ЖЕТКІНШЕК ЖАСТАР: 15 - 18 жас аралығы


Ұқсас жұмыстар
ЭТНОПЕДАГОГИКА ТУРАЛЫ
БОЛАШАҚ ОҚЫТУШЫЛАРДЫҢ ЭТНОПЕДАГОГИКАЛЫҚ БІЛІМІНІҢ МАЗМҰНЫ
Жеке тұлғаның қалыптасуы
Мұғалімнің этнопедагогикалық құзыреттілігі
Жеке тұлға және оның дамуы
Қазақ халқының рухани адамгершілік дәстүрлерінің тұлға тәрбиесіндегі аксиологиялық аспектісі
Жеке тұлғалар және азаматтық субъектілері
Жеке тұлға туралы жалпы түсінік
ТҰЛҒАНЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ ҰЖЫМНЫҢ РӨЛІ
Объективтік факторлар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz