Ревматоидтық артриттің этиологиясы және патогенезі


Slide 1

Жоспар

I. Кіріспе

II. Негізгі бөлім

1. Этиологиясы

А. Ген ерекшеліктері

Б. Инфекциялық агенттер.

2. Патогенезі

Slide 2

Ревматоидтық артрит-көбінесе шеттік буындардың симметриялы эрозиялық-деструкциялық зақымдануына және буыннан тыс бұзылыстарға әкелетін дәнекер тіннің тоқтаусыз меңдейтін жүйелі ауру.

Slide 3

Этиологиясы

Ревматоидтық артриттің дамуына әсер ететін факторлар.

1. Ген ерекшеліктері. Ревматоидтық артритке шалдыққандардың қандас туыстарында осы дерт 4 есе жиі кездеседі. Бұл HLA жүйесінің антигендік құрылымының ерекшелігінен болуы мүмкін, науқастардың HLA жүйесінде DR1, DR4, DRW4, DW14-антигендері жиі анықталады.

Slide 4

2. Инфекциялық агенттер. Соңғы кезде иммундық жасушалардың зақымдануына алып келетін кейбір вирустарға-ретровирусқа, герпес, қызамық вирусына, цитомегаловирусқа, әсіресе Эпстайн-Барр вирусының ревматоидтық артриттің дамуына қатысу мүмкіндігін дәлелдейтін мәліметтер анықталған: А. ревматоидтық артритпен ауыратындардың 80%-да Эпстайн-Барр вирусына антиденелер титрінің; Б. аталмыш вирустың ревматоидтық фактордың түзілуіне септігін тигізу мүмкіндігін; В. осы вирустың ревматоидтық артритпен ауыратын науқастардың В-лимфоциттерде жиі табылуы;

Slide 5

Патогенезі

Буын тініне тропты белгісіз бір агент синовий қабатын мекендеп, иммундық реакцияны қоздырады. Осыдан агрегацияланған IgG және IgA, IgM түзіледі. Синовийдегі плазмалық жасушалар мен лимфоциттер бұл IgG Fc1фрагментіне қарсы IgM және A, G кластарына жататын антиденелерді түзе бастайды.

Slide 6

Құрылымы бұрыс, яғни иммундық жүйеге бөгде болып танылатын иммуноглобулиндерге қарсы түзілген антиденелердің қосындысы ревматоидтық фактор деп аталады. Осы антиденелердің, антигеннің және комплементтердің қатысуымен синовиялық қабық пен синовиялық сұйықтықта иммундық комплекстер түзіледі. Иммундық комплекстерді жою мақсатымен синовий қабығына нейтрофилдер, макрофагтар жиналады.

Slide 7

Иммундық комплекстерді жою нәтижесінде бұлардан түрлі қабыну медиаторлары-лимфокиндер, лизосомалық ферменттер, лейкотриендер, простагландиндер, бос оттегі радикалдары т. б. бөлінеді. Аталмыш заттар, әсіресе, бос радикалдар сіңір мен сүйекті зақымдайды. Иммундық жүйенің белгісіз бір кемістігінен, организм иммундық комплекстерден жөнді тазартылмайды, сондықтан буын қуысында бір басталған қабыну процессі созылмалыға айналып, тоқтаусыз өрістейді. Ревматоидтық артритке буындардың қабынуымен қатар иммунокомплекстік васкулиттің дамуы тән.

Slide 8

С. Д. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медецина Университеті Кафедра:Ішкі аурулар пропедевтикасы Тақырыбы:Ревматоидтық артрит Тексерген: Орындаған:Утелова А Факультеті:Жалпы медецина Тобы:07-037 Курс:3


Ұқсас жұмыстар
Гломерулонефриттер: этиологиясы, патогенезі, жіктелуі және морфологиялық сипаттамасы
Подагра: этиологиясы, патогенезі, клиникалық көріністері, диагностикасы және емі
Реактивті артрит: этиологиясы, патогенезі және клиникалық көріністері
Жүйелі склеродермия: этиологиясы, патогенезі, клиникалық көрінісі және емі
Жүйелі склеродермия: этиологиясы, патогенезі, клиникасы, диагностикасы және емі
Тірек-қимыл жүйесі аурулары: ревматоидтық артрит, остеохондроз, остеоартроз және анкилозирлеуші спондилоартриттің клиникасы, диагностикасы және емі
Бүйрек қызметінің бұзылыстары: этиологиясы, патогенезі және клиникалық түрлері
Тірек-қимыл аппаратының гигиенасы: қаңқа мен бұлшық еттің құрылымы және ревматоидтық артрит
Қабыну: этиологиясы, патогенезі және емдеу қағидалары
Тырысқақ: этиологиясы, патогенезі, клиникасы, диагностикасы және емі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz