Жануарлар арасындағы қарым –қатынас
Презентация қосу
Үшінші желтоқсан
Сынып жұмысы
Сабақтың тақырыбы: Жануарлар
арасындағы қарым –қатынас
Қарастырылатын мәселелер
• Жануарлар арасындағы –қарым қатынас
• Жыртқыштық байланыс
• Симбиоздық тіршілік ету
• Комменсализмдік байланыс
• Паразитизм және оның түрлері
Жануарлар арасындағы қарым-қатынас
• Табиғаттағы барлық жануарлар қоршаған орта
жағдайымен,бір-бірімен байланыста тіршілік етеді.Байланыс
бейбіт жағдайда немесе керісінше болуы мүмкін.Бір жерде
тіршілік ететін жануарлар арасында азық,ұя салу үшін
бәсекелестік те туындап тұрады. Бейбіт жағдайда көптеген
жануарлар соның ішінде шөпқоректілерді айтсақ.Африка
саванналарында әр түрлі тұяқтылар үйірі мекен
етеді.Барлығы шөппен қоректенгенімен ,басты қорек ететін
шөп түрлері бір –біріне ұқсамайды.Жирафтар биік
ағаштардың жоғарғы жағындағы жапырақтарды , киіктер
бұталар мен шөптердің жұмсақ үстіңгі жағын, зебра
киіктерден қалған бұталар мен шөптердің қатты бөліктерімен
қоректенеді.Бұл жануарлар тіршілігіндегі байланыстардың
бейбіт жағдайы..Байланыстың бірнеше түрлері
бар.Оларға:жыртқыштық,симбиоз,комменсализм,паразитизмд
і жатқызамыз.Енді осыларға жеке-жеке тоқталсақ
Қоректік тізбек
Жануарлар арасындағы
жыртқыштық байланыс
Бұл түрлер табиғатта кеңінен тараған.
Жыртқыштық- жануарлардың бірін-бірі
жеуі.Жалпы жыртқыштық өмір сүру-
қорегін,азығын табудың бір жолы.Мысалы:
қасқырлардың қоянды жеуі
жатады.Сонымен қатар түлкілер тек қана
қояндармен ғана емес , сонымен қатар
тышқандармен,бақалармен де қоректенеді,
ал қажет болса тауық қораға да шабуыл
жасайды
Жолбарыстың қодасты
жеуі(жыртқыштық)
Бұғылар-шөпқоректі жануарлар
Түлкінің тышқанды аулап
жеуі
Симбиоз
• Симбиоз(грек сөзі “symbiosis”-бірлесіп тіршілік етуі немесе әр
түрлі жануарлардың бір-бірімен қосарланып тіршілік
етуі.Осылай өмір сүру екеуіне де қолайлы.Кейде олар бір-
бірінсіз тіршілік ете алмайды.Мысалы кейбір жәндіктер
өсімдіктердің шырынымен қоректене жүріп,оларды
тозаңдандырады.
• Мысырдың кішкене ғана жорға торғайы
қолтырауынның(крокодил) тісіне тұрып қалған тағаммен
қоретенеді.Қолтырауын да әдейілеп аузын ашып құстың тісін
тазалауына ыңғайын келтіріп жатады.
• Бір клеткалы (жасуша) талшықтылар-термит құмырсқасының
ішінде тіршілік етіп , олардың ортақ қорегі ағаш өзегін майдалап
қорытуға көмектеседі.Адамның ішегінде де тамақты қорытуға
көмектесетін ішек флорасы бар.
Симбиозға мысал
Термит құмырсқасы мен өсімдік биті
тля(өсімдік биті өзінен тәтті шырыш
бөліп,онымен құмырсқа қоректенеді)
Комменсализм
• Комменсализм (латын сөзі-com-бірлесу,mensa-дастархан) –
дегеніміз симбиоздық қарым-қатынастың бір түрі,яғни
организмнің екінші бір организмнің қоректенуінен қалған тағам
қалдықтарын өзінің тіршілік барысында пайдалануы.Бұлар бір-
біріне зиян тигізбейді.Мысалы:Волоклюй деген құс қодасты
кенелерден сақтап ,қауіп төнгенде шырылдап иесіне білдіріп,
отырады.Олар өздеріне қажетті жемтігінен басқа ұясына керек
жүнді алады.Комменсализмнің басқалардан айырмашылығы тек
біреуі екіншісіне қарағанда қосарлана тіршілік етуден көбірек
пайда көреді.Комменсализм негізінен қоректену және жауынан
қорғану мақсатымен тікелей байланысты.Мысал ретінде теңіздегі
кейбір ұсақ шабақтардың ірі актиниялармен бірлесіп тіршілік
етуіде жатады.Шабақ балықтар анемоннан қалған қорекпен
қоректеніп қана қоймай, жауынан қорғанады.Сонымен қатар
мысал ретінде асқазанда тіршілік ететін қарапайымдылар мен
бактерияларды мысал ретінде айтуға болады.
Комменсализмге мысал
Клоун балығы мен теңіздің ірі анемоны
Қодас пен волоклюй құсы
Паразиттік байланыс
• Паразиттік(паразитизм-грек сөзі parasitos-қосарланып
жеу,тұру Para және sitos-нан,тамақ)жағымсыз түр аралық
қарым-қатынас.Яғни бір организм ,екіншісі сол организмнің
дене сыртына немесе ішкі жағына орналасып,соның есебінен
тіршілік жасайды.(паразит және иесі).Паразиттер-көлемі
жағынан ұсақ,көбею жылдамдығы өте жоғары,ол иесін
өлтірмей ұзақ пайдаланады. Паразиттер екіге яғни
эктопаразитизм(сыртқы) және эндопаразитизм(ішкі) болып.
• Сыртқы паразитизм – иесінің сыртында яғни тері,шашқа
жабысып,иесінің қанын сорып тіршілік
етуі.Оған:кенелер,биттер,бүргелер жатады.
• Ішкі паразитизм – дегеніміз иесінің денесінің ішінде
паразиттік тіршілік етуі.Оған: аскаридалар,кейбір ауру
тудырғыш бактериялар жатады.
Лианалар және бит
Адамның ішкі паразиті-аскарида
• Аскарида-ірі құрттар қатарына жатады.Оның
ұзындығы – 40 см дейін жетеді.Ең негізінен
асқазан –ішек жолдарын
зақымдайды.Мекендейтін жері тоқ ішек.Аскарида
тоқ ішек қабырғаларын зақымдайды.Олар
асқазан жолдарында емін-еркін
жүреді,сондықтан ол тыныс алу жолдарына
баруы мүмкін.Бүйректі зақымдайды.Бұлардың
паразиттік тіршілік етуі иесіне аллергиялық
реакциялар береді:олар тері бөртпесі (сыпь) және
бронх демікпесі(бронхиальной астмы).Ішекте
көп уақыт бойы паразиттік тіршілік етсе ішекті
зақымдайды.
Бит
• Биттер-сүтқоректілердің экто(сыртқы)
паразиті.Оның ауыз органдары теріні тесіп
жабысып,иесінің (адам немесе жануарлардың)
қанын сорады.Бұл қанатсыз жәндік.Түрлері:адам
биті,жануарлардың биті болады.Қотыр(сыпь)
ауруын тасымалдаушы.Әлемнің барлық жерінде
таралған.Қанатының болмауы паразиттік тіршілік
ететіндігінен.Ауыз жағында екі тікенекті инесі
бар,ол иесінен қан сору қызметін
атқарады.Адамның шашында тіпті ішкі киім
ышқырлығында да тіршілік етеді.
Терінің биті
Өсімдік паразиті
• Тек қана адам мен жануарда ғана
емес,сонымен қатар жеміс –
жидектердің де паразиті боладв.
Оған мысал ретінде алма құртын
айтуымызға болады.Ол алманың
дұрыс дамуын тежеп,ішкі бөлігін
шірітіп жібереді.
Жануардың желінін шағып жатқан маса
Адам терісін шағып жатқан маса
Жыртқыштық-арыстанның зебраны аулауы көрсетілген
Төсек кенесі
Аскарида
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz