Ағзаның су-электролиттік тепе- теңдігі
Презентация қосу
Ағзаның су-электролиттік
тепе- теңдігі.
Ағзаның су-электролиттік тепе-теңдігін бағалау
жағдайы ауыр қалдегі науқасттарды жүргізуде басты
орын алады. Сарысу құрамында натрий, калийдің
деңгейін өлшеу, сонымен қатар хлоридтер мен
бикарбонаттарды, мочевина мен креатининді анықтау-
науқастың су- элекролиттік статусын, бүйректің
қызметінің жағдайын сипаттаудағы ең жиі
пайдаланылатын тесттердің бірі болып табылады.
Су-элекролиттік тепе-теңдік көрсеткіштерін талдағанда
дәрігер міндетті түрде науқас анамнезінде сұйықтық
жоғалтқаны немесе керісінше оның артық түскені
туралы клиникалық мағлұматтарын ескеру қажет. Бұл
мағлұматтарды науқас тарихымен мұқият
танысқанда, клиникалық тексеруді жүргізгенде алуға
болады.
Су-электролиттік тепе-теңдік:
негізгі түсініктемелер.
Ағзаның су кеңістіктері.
• Сандық жағынан су-ағзаның негізгі құрамдас
бөлігі.
• Салмағы 70 кг адамның ағзасында 42л су болады.
Жасуша ішілік сұйықтық көлемі -28л, ал
жасушадан тыс-14л.
• Жасушадан тыс сұйықтықты екіге плазмаға—
(3,5л) және интерстициальды сұйықтықты (10,5л)
–ге бөлуге болады.
• Ағзаның су кеңістіктері сыртқы ортамен 4 негізгі
жол арқылы қатынасады: бүйрек, ішек, өкпе және
тері. Осы жол арқылы су және электролиттер
толықтырылып және шығарылып отырады.
• Су барлық жасушалық мембраналардан
өте алатындықтан бір мүшеден екінші
мүшеге ешбір кедергісіз өте алады.
Оның соңғы әрі нақты таралуы
осмостық және гидростатистикалық
күштерге тәуелді болып келеді.
Қалыпты жағдайда ағзаға түсетін су
ерітінділерінің концентрацияларының
ерекшеленуіне қарамастан ағзадағы
судың көлемі салыстырмалы түрде
тұрақты болады.
• Сұйықтық ағзаға әдетте ауыз қуысы
арқылы немесе тамыр ішілік инфузия
арқылы түссе, ал оның ағзадан зәр
шығару жүйесі арқылы бөлініп
шығарылады. Сұйықтық тердің
бөліуі, өкпенің тыныс шығаруы,
асқазан –ішек жолдары арқылы аздап
қана жоғалуының аса маңызы жоқ.
Белгілі компартменнен сұйұқтықтың
жоғалуы арнайы белгілердің пайда
болуына әкеледі.
• Мысалы, жасуша ішілік сұйықтықтың жоғалуы
жасуша дисфункциясын шақырады, ол
ұйқышылдық, есінің бұзылуы, ал кейде
коматозды жағдаймен де көрінеді.
Жасушадан тыс компартменнен сұйықтықтың
жоғалуы қан тамырлық коллапс, бүйректік
блокада және комаға алып келеді. жасуша
ішілік-және жасушадан тыс сұйықтықтың бір
мезгілде жоғалуы жанама әсерлер көрсетеді.
• Ағзаның сұйықтықты жоғалту нәтижесінде
дамитын жағдайды «дегидротация»
терминімен белгілейді. Ағзаның
компартменінде судың жиналуы
«гипергидратацияға» алып келеді.
Электролиттер
• Электролиттер –ағзадағы барлық
сұйықтық ерітірділерінде орналасқан оң
және теріс зарядталған иондар.
• Натрий (Na+) жасушадан-тыс негізгі
катион, ал калий (К+) жасуша ішілік
катион. Жасуша ішіндегі аниондар яғни
белоктар және фосфаттар басым
болады, ал жасушадан-тыс сұйықтықта
хлоридтер (СI-) және бикарбонаттар
басым болады.
• Жасушалар және оларды қоршаған
сұйықтықтың иондық құрамындағы
ерекшіліктері өмірге маңызды болып
табылады. Бұл ерекшеліктер
жасушалық мембранада орналасқан
иондық насостардың белсенділігімен
сақталады. Иондық құрамының
ерекшелігіне қарамастан жасуша -
ішілік және жасушадан – тыс
сұйықтықтардың осмостық
белсенділігі іс жүзінде бірдей.
• Капиллярлардың өткізгіштігіне байланысты
плазма және интерстициальды
сұйықтықтағы электролиттер
концентрациясы өте ұқсас.
• Олардың арасындағы белок
молекулаларының алмасуы шектелгендіктер,
плазмадағы белок концентрациясы
анағұрлым жоғары. Плазманың көлемі
негізінен су және электролиттер сыртқа
итере алатын капиллярлық гидростатикалық
қысым және қан тамырлардағы су және
тұздардың ұсталып қалуын қамтамасыз
ететін плазма белоктарының коллоидты
осмостық қысымның арасындағы тепе-
теңдікке байланысты.
• Сарысулық электролиттерді
клиникалық жолмен
анықтағанда әдетте натрий,
калий иондары және хлоридпен
бикарбонат иондарының
концентрациясын өлшейді
• Натрий (Na+) иондары плазмада ең жоғары
концентарцияға ие және оның осмолялдылығын
анықтаудағы негізгі зат болып есептеледі.
• Жасуша ішінде концентрациясы жоғары болатын
калий жасушадан-тыс сұйықтықта мөлшері аз
болғанына қарамастан калий концентрациясының
плазмадағы өзгерістері өмірге қауіп туғызатын
жағдайларға әкелуі мүмкін.
• Мочевина креатининді жиі сарысу
электролиттерімен бірге анықтайды және ол екуі
бүйрек қызметінің көрсеткіші болып табылады.
• Мочевина және креатининнің концентрациясының
жоғарылауы глумерулярлық сүзгіштің
жылдамдылығын төмендетеді
Концентрация
• Концентрация – бұл ерітілген заттың
мөлшері (мысалы натрий және
еріткіш (су көлемі) мөлшерінің
арақатынасы. Осы екеуінің өзгерісі
нәтижесінен концентрациясы өзгеріп
отырады. Мысалы: натрийдің 140
ммоль/л концентрациясы 130
ммоль/л –ға айналады
Осмолялдық
• Ағзаңың сұйықтықтары өз құрамына қарай өте
күрделі болып келеді. Алайда, ағзаның
әртүрлі сұйықтықтарында заттардың орташа
мөлшері осмолялдығы өзгермейді.
• Ағзаның компартменттері жартылай өткізгіш
мембранамен бөлінген осы мембрана арқылы
су өте жеңіл өтеді, осмостық қысымның
жасушалық мембрананың екі жағында да
бірдей болуы қажет және су мембрана
арқылы осмолялдықты бір деңгейде сақтап
тұруы үшін керек.
• Жасуша ішілік сұйықтықтың осмолялдылығына
тең. Екі компартментте изотоникалық
сұйықтықтардан тұрады. Сұйықтықтың
осмолялдығы ммоль-мен белгіленеді.
• Адамда сарысудың осмолялдығы (зәрден басқа
ағзаның сұйықтарына) 28,5 ммоль/кг жуық
болады. Егер ерітілген заттың концентрациясы
белгілі болса, онда қан сарысуы және
плазмасының осмолялдығын өлшеуге мүмкіндік
туғызады.
• Сарысудың осмолялдылығын есептеуге арналған
көптеген формулалар бар. Клиникалық жағдайда
қолданатын формулаллардың ішіндегі ең
ыңғайлысы болып табылады:
• Сарысу
• Осмолялдығы = 2 X[сарысудағы Na+
концентрациясы]
• (ммоль/кг)
• Бұл формула егер мочевина
концентрациясы және сарысудағы
глюкоза референтті қашықттықта
болған жағдайда дұрыс болып
есептеледі.
Су және натрий тепе –теңдігі
• Ағзада су және электролиттер үнемі
қозғалыста болады. Жоғарыда көрсетілген
судың резервуарлық модельдері бойынша,
егер адам екі сұйықтық жоғалтса онда ол
резервуардың толығу индикаторларда айқын
көрінбейді. Бірақ, тамыр ішілік сұйықтықты
жоғалту өте ауыр жағдайларға әкеледі. Біздің
ағза өзгерістерді жойып немесе минимальдар
отыратын өте маңызды гомеостатикалық
механизмдердің көмегімен сұйық
компартменттердің өзгерістеріне бейім болып
келеді.
• Сұйықтықтан айырылған адам
бірнеше күннен кейін қан тамырлық
коллапстан қайтыс болады.
• Жасуша ішілік сұйықтықытың
көлемінің азаюы қан айналымның
бұзылуының нәтижесінде оттегі
нутриент жетіспеушілігі тіндердің
өлімін туғызады.
Су
• Су жоғалуы дәрежеде болуы мүмкін және
қалыпты жағдайда оның деңгейі бөлінетін
зәрге байланысты анықталуы мүмкін.
Бүйрек адамның суды пайдалану тәртібіне
байланысты ыңғайлана алады. Зәрдің
түзілу жылдамдығы кең көлемді және өте
тез ауыса алады. Алайда, суды сақтап
қалу керек болған жағдайдың өзінде адам
зәр бөлінуін ұстап қала алмайды. Судың
жалпы көлемі ағзаға түсуінің түрлі
жолдарына қарамастан тұрақты болып
қала береді.
Антидиуретикалық гормон және
осмолялдықтың реттелуі.
• Гипоталамуста жасуша ішілік осмолялдық
және жасушадан –тыс сұйықтықтығының
осмолялдығы арасындағы шекарасына
өте сезімтал арнайы жасушалар
орналасады. Бұл жасушалар гипофиздің
артқы бөлігінің АДГ- секрециясын
реттейді. Сарысудың осмолялдығы
жоғары болса АДГ- секрециясының
күшеюін шақырады, ал төмен болса –
гормонның секрециясын тежейді.
• АДГ +бүйрекпен суды тежелуін
шақырады.
• Ағзаға сұйықтықтың түсуінің
жетіспеушілігі АДГ-ң секрециясын
күшейтеді, ол ағзада суды сақтау үшін
зәрдің түзілуінің жылдамдығын 0,5
мл/мин дейін төмендетеді.
• Бірақ 2 л суды ішкеннен соң зәрдің
түзілуінің жылдамдығы 15 мл/мин дейін
жоғарылайды, ал АДГ-секрециясының
тежелуіне байланысты.
• Осылай, АДГ суды экскрециялап
немесе сақтап, ағзаға электролиттердің
қалыпты концентрациясын реттейді.
НАТРИЙ
• Салмағы 70 кг адамда натрийдің
жалпы мөлшері 3700 ммоль-ға жуық,
оның 75 % -ке жуығын алмасатын
натрий құрайды.
• Ағзадағы Na –ң бір бөлігін бір жүйеге
біріктірінген, төмен айналымды
жылдамдығы бар, сүйек сияқты ұлпалар
құрайды.
• Айналымдағы Натрийдің көп бөлігі
жасуша, плазма, интерстициальды
сұйықтықта Na –концентрация
140ммоль/л деңгейінде сақталып тұрады.
• Na –ң түсуі тәулігіне 100ммоль/тәу-нен
300ммоль/тәу деңгейінгі аралық болады.
Сау адамда ағзадағы Na –ң құрамы
сырттан түсуі 5ммоль/тәу. Дейін
төмендесе немесе 750ммоль/л жоғарыласа
да өзгермейді
• Na –ң шығарлауы да құбылмалы. Na –ң зәр
арқылы экрециясы оның түсу деңгейіне
байланысты.
• Na –ң көп бөлігі бүйрекпен шығарылады. Кейбір
бөлігі ~5ммоль/тәу термен шығарылады. Na –ң
көп жоғалуы асқорыту жолдарының аурулары
кезінде жиі байқалады.
• Бұны ескерту клиникалық практикада өте
маңызды, әсіресе педиатрияда. Өйткені жаңа
туылған нәрестелерде диарея, тұз-су
балансының бұзылуынан өлімге әкелуі мүмкін.
• Натрийдың зәрмен шығарылуы екі гормонмен
реттеледі:
• альдестерон
• жүрекшелік натрийуретикалық пептидпен
Альдестерон
• Альдестерон калий және сутегі
иондарының айқын шығарылуы кезінде,
оның бүйрек өзекшелеріндегі
реабсорбциясының жоғарылауына
байланысты натрийдің зәрмен
шығарылуын төмендетеді.
• Сонымен қатар альдестерон тер
бездері және ішектің кілегейлі қабат
жасушаларындағы натрийдің жиналуына
әсер етеді, бірақ қалыпты метаболизмде
бұл әсерлер шамалы
• Альдестерон секрециялануының негізгі
стимульдеуші, жасушадан-тыс
сұйықтықтың көлемі болып табылады.
• Нефронның юкстагломерулярлы
аппаратының арнайы жасушалары
артериялық қысымның төмендеуіне
сезімтал және ренинді секрециялайды,
бұл бүйрек үсті безінің қыртысты
қабатындағы гломерулярлы аймақтағы
альдестеронның секрециялануына
әкелетін бірінші қадам болып табылады.
Жүрекшілік
натрийуретикалық гормон.
• Жүрекшелік натрийуретикалық пептид –
бұл оң жақ жүрекшеде секрецияланатын
пептидті гормон. Ол натрийдің зәрмен
шығарылуын жоғарылатады.
• Бұл гормонның физиологиялық әсері
белгісіз, бірақ ол натрий
концентрациясында және жасушадан –
тыс сұйықтық көлемінің реттелуінде
жетекші рөль атқарады
Сұйықтық көлемінің реттелуі
• Жасушадан тыс компартментте судың
ұсталуының айқын факторы болып
иондардың осмосттық әсерлері болып
табылады.
• Натрий және оның аниондары(хлоридтер)
негізінен жасушадан – тыс сұйықтықта
ынталандырылған және де компартмент
көлемінің қандай болатыны, жасушадан –
тыс сұйықтықтағы натрийдің мөлшеріне
байланысты болады.
• Альдестерон және АДГ жасушадан – тыс
концентрациясының қалыпты
тұрақтылығына өзара әсер етеді.
• Бұл өзара әсер етуін құсуымен және
диареямен шағымданатын науқас мысалы
ретінде қарастыруға болады.
• Түспегендікке байланысты науқастарда
сұйықтықтың жеткіліксіздігі дамиды.
• Ағзада су мен натрийді жоғалтады.
• Жасушадан тыс сұйықтық көлемінің
төмендеуіне байланысты альдестерон
секрециясы жоғарылайды.
• Науқас суды пероральды
қабылдауды бастаған соң, ағзаға
түсетін тұздардың барлығы
максимальды пайдаланылады.
• Бұл жасушадан - тыс сұйықтықтық
осмолялдығының жоғарылауына
әкеледі, АДГ-ң әсері де судың
ұсталуына әкеледі.
• Сонымен, альдестерон мен АДГ –ң
бірлесіп әсер етуі жасушадан – тыс
сұйықтық көлемінің және құрамының
қалпына келуіне әкеледі
Гипернатриемия
• Гипернатриемия – қан сарысуындағы
натрий концентрациясының 135-145
ммоль/л жоғарылауы мүмкін. Қан
сарысуында натрийдің
жоғарылауының науқастағы
көріністерін жеке тексеру алдында,
осындай бұзылыстардың себептері
туралы клиникалық мәліметтерді
білу керек
• Келесі сұрақтарға жауап бере алу қажет:
• Науқас сұйықты жоғалтты ма?
• Жасушадан- тыс сұйықтық көлемінің
төмендеуінің клиникалық белгісі бар ма?
• Егер де сұйықтық жоғалтқан болса, бұл
негізінен су немесе су және Na –дің
жоғалуы болды ма?
• Науқас сұйықтық алмастырғыштарды
немесе натрий тұздарының ерітінділерін
қабылдады ма?
• Тек осы сұрақтарға жауап алған
кезде ған, алынған нәтижелерге баға
беруге болады. Негізінен,
гипергликемия жасушадан – тыс
сұйықтың көлемінің төмендеуінен
болды ма, әлде бұл көлем қалыпты
жағдайда немесе жоғарылағанан
анықтау керек.
• Науқастың емі осы көрсеткіштерге
байланысты белгіленеді.
Гипернатриемияның мүмкін
болатын себептері
• Науқастарда гипергликемия келесі нәтижелерде
дамуы мүмкін:
• Суды жоғалту
• Су және натрийды жоғалту
• Жасушадан – тыс орналасқан суға Na-ң түсуі
және жиналуы
• Бүйректің жетіспеушілігінің нәтижесінде Na
экскрециясы болуы мүмкін
• а) жасуша ішілік және тыс орналасқан судық
көлемі төмендеген.
• б) жасушадан – тыс орналасқан судың көлемі
аздап жоғарылаған, ал жасуша ішілік сұйықтық
қалыпты деңгейде.
Суды жоғалту
• Ағзада судың төмендеуі ол ағзаға
түсуімен және бөлінуіне байланысты.
• Егер көп уақыт бойы ағзаға су түспесе,
жасушаның ішінде және сыртында судың
көлемі төмендейді. Оны адам сезбейді,
бірақ ол жиі гипернатриемияға алып
келеді. Ондай жағдай көбінесе қарт
адамдарда пайда болады, өйткені
жеткілікті көлемде қабылдамайды, ал
жасуша ішілік Na-ң деңгейі қалыпты
• Гипернатриемияға судың бөлінуі де
алып келеді. Қантсыз диабетте АДГ-ң
бөлінуі төмендейді, нәтижесінде
бүйректің реабсорбциясы
төмендейді және гипернатриемия
дамиды. Сонымен қатар, бүйректің
шумақтарында орналасқан
рецепторлар АДГ сезімталдығы
әлсірейді
Суды және нартийді жоғалту
• Егер жасушадан-тыс орналасқан
сұйықтықта судың және Na-ң мөлшері
азайса, онда гипернатриемия пайда
болады, бірақ ол Na-ға байланысты емес,
тек қна судың көлеміне байланысты. Қант
диабеті жағдайында осмостық диурез
судың және Na-ң мөлшеріне әсер етеді,
сондықтан гипернатриемияға алып келеді.
• Осы жағдайға адамның терлеуі немесе іш
өтуі де әсер етеді
Жасушадан тыс сұйықтықта натрийдің
мөлшерінің жоғарылауы
• Жасушадан тыс сұйықтығ ында пайда болған
Na гипернатриемияға алып келеді.
• Ацидоз пайда болған жағдайда оны реттелу
үшін бикарбонат Na-ді қолданылады, бірақ
оның қауіптілігі өте жоғары, сондықтан оны
ескеру крек.
• Ал кейбір жағдайларда дәрігерлер оны
ескермей, енгізеді, бірақ ол физиологиялық
концентрациясы да жоғары болып келеді,
өйткені (8,4% бикарбонат Na-д Na-ң мөлшері
1000 ммоль/л тең, сондықтан ол
гипернатриемияға) алып келеді.
• Зәрдің осмостық қысымы және
натрийдің мөлшері
гипернатриемияның
дифференциальді диагнозында
маңызы зор. Науқастың
сырқатнамасында
гипернатриемияның пайда болу
себебін біз анықтай аламыз, ол көп
тағаммен натрийдың түсуінің
нәтижесінде немесе судың көп
жоғалтуымен пайда болады.
Клиникалық көрінісі:
• Гипернатриемияның әсерінен пайда
болады клиникасы әртүрлі. Егер көп
сұйықтық жоғалса, онда
дегидратация симтомы пайда
болады. Ал егер тұз жиналса, онда
ол судың жиналуына алып келеді.
Әсіресе веналық қысымның
жоғарылауымен және өкпенің
түсінуіне.
Емдеуі
• гипернатриемия гипонатриемияға
қарағанда сирек кездседі, бірақ
оның клиникалық маңызы зор.
• Оны реттелу үщін көп мөлшерде су
енгізу керек.
• Көбінесе оны ауыздан енгізу керек,
ал ондай жағдай болмаса қан тамыр
арқылы 5% декстрозы.
Осмолялдықтың бұзылуының
басқа да себептері
• Плазма осмоляльдығының жоғары
мөлшері басқа жағдайларда да көрінуі
мүмкін, гипернатриемиядан
ерекшеленеді. Плазма
гиперосмолярлығының себептері болуы
мүмкін:
• бүйрек аурулары кезіндегі мочевинаның
мөлшерінің ұлғаюы.
• қанты диабет кезіндегі гипергликемия
• этанолдың немесе басқа қолданылған
заттардың бар болуы.
• Осмолялды ауытқу дегеніміз, өлшенген
және есептелген осмолялдылығының
арасындағы үлкен айырмашылық.
Тәжірибеде бұл этанолдың қанда мүмкін
болуынан байланысты. Өте сирек
жағдайда себебі басқа заттардың
болуымен байланысты метанолдың
немесе этиленгликольдің алкогольдің
суррогатты ретінде антифризді
қолданады.
• Осмоляльды ауытқуды есептеу коматозды
науқастармен жұмыс істегенде
клиникалық өте маңызды болуы мүмкін
Судың ұсталуымен
шақырылған гипонатриемия
• Егер анамнезінде сұйықтықтық
жоғалуы туралы мәліметтер болмаса,
онда гипонатриемияның себебі судың
шамадан тыс болуымен байланысты
гипонатриемия – ол клиникалық
практикада анықталатын ең жиі
болатын биохимиялық бұзылысы.
• Гипонатриемиялық жағдайдың кейінгі
зерттеу және оның емдеуі науқастарда
ісіктердің бар болуына байланысты
• Ісінулер интерстициальды
компартментінде сұйықтың
жиналуының нәтижесі болып
табылады.
• Көбінесе ісінулер амбулаторлы
емделіп жатқан науқастарда
аяқтарды басқанда немесе
төсекте жататын науқастарда
сегіз көз аймағын басқанда
анықталады.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz