Microsoft Excel кестелік процессоры: ұяшықтар, мәліметтерді енгізу, формулалар және өңдеу


Slide 1

EXCEL - кестелік процессор

Slide 2

Excel программасы туралы

жалпы мағлұматтар

Microsoft фирмасының Excel программасы - кестелік процессорлар немесе электрондық кестелер тобына жататын ең кең тараған программалық дестелердің бірі. Excel жәй программа ғана емес, оны көптеген математикалық амалдарды, күрделі есептеулерді көрнекті жеңілдету үшін пайдалануға болады. Кестедегі мәліметтер негізінде, түрлі диаграммалар тұрғызып, мәліметтер базасын даярлап, олармен жұмыс істеуді, сандық эксперимент жүргізуді және т. б. қамтамасыз ете алады.

Slide 3

Электрондық кестенің негізгі ұғымдары

Жол номері - электрондық кестедегі жолды анықтайды. Ол көлденең орналасқан жұмыс аймағының сол жақ шекарасында номермен белгіленген.

Ұяшық - электрондық кестенің мәлімет енгізетін ең кіші элементі.

Ұяшық көрсеткіші - ағымдағы ұяшықты анықтайтын комескіленген тіктөртбұрыш. Көрсеткішті пернелер көмегімен, тышұан арқылы кесте бойынша орын ауыстыруға болады.

Ағымдағы ұяшық - көрсеткішпен белгіленіп тұрған ұя. Мәліметтер енгізу операциясы, басқа іс-әрекет ағымдағы ұяшыққа жатады.

Slide 4

Excel менюімен жұмыс атқару

Excel менюімен жұмыс істеу үшін тышқан көмегін пайдалану ыңғайлы, қажетті меню пунктін таңдап алып, тышқан курсорын оған қойып, сол жақ батырманы шерту керек. Осы тәсілмен менюдің ішкі командалары таңдалынып, қосымша беті ашылады да, жалаушалар орнатылады.

Excel менюімен

жұмыс атқару

Slide 5

Ұяшықтардағы мәліметтер

Excel-де кестенің кез келген ұяшықтарына мәліметтердің үш типін енгізуге болады: мәтін, сан, формула. Мәліметтерді ұяшыққа енгізу үшін теңбілторды сол ұяшыққа алып барып, керекті мәліметтерді пернелер (240 таңбаға дейін) теріп, соңынан enter пернесін немесе бағыттауыш тілсызық пернелердің бірін басу жеткілікті.

Slide 6

Мәтін - кез келген символдар жиыны. Мәтін цифрдан басталатын болса, онда енгізуді “′” символынан бастау керек. Егер мәтін ені ұяшықтың енінен артық болса және оң жақтағы ұяшық бос болса, мәтін сол ұяшыққа да орналасады. Егер оң жақтағы ұяшықта мәтін бар болса, онда ол мәтін экранда қиылады

Мәтін енгізу

Slide 7

Электрондық кесте ұяшықтарына сандарды =, +, - таңбаларымен енгізуге болады. Енгізілген санның ені экрандағы ұяшықтың енінен артық болса, онда Excel санды экспоненциал формада бейнелейді, ол санның орнына # ### қояды. Бірақ, ЭЕМ жадында ол санның барлық разрядтары толық сақталады.

САНДАРДЫ ЕНГІЗУ

Slide 8

Интержелі-әр түрлі ақпараттық платформалар, операциялық жүйелерден құралған компьютерлік желі.

Формулаларды енгізу

Excel-де кез келген арифметикалық формула түрінде жазылады. Ұяшық адрестері мен сандардың, функциялардың арифметикалық амалдар таңбасы арқылы біріктірілген жиынынан тұрады. Формула “=” таңбасынан басталуы керек. Ол 240 символға дейін

енгізе алады.

Slide 9

Бағаналар ені мен

жолдар биіктігін өзгерту

Бұл әрекеттерді тышқан арқылы меню көмегімен атқаруға болады. Тышұанды пайдаланар кезде оның сілтемесін бағаналар әріптері арасындағы немесе жолдар номері арасындағы бөлу сызығына жеткізіп, сілтеме екі тілсызығы бар бағыттауыш бейнесіне айналғанда тышқанның сол жақ батырмасын басып, бағананы немесе жолды тарту керек.

Slide 10

Ұяшықтағы мәліметтерді түзету

Мәліметтерді түзету оларды ұяшыққа енгізіп жатқанда немесе енгізіп болған соң да жүзеге асырылады.

Мәліметтерді ұяшыққа енгізу кезінде қате жіберілсе, онда дұрыс енгізілмеген символдарды backspase пернесінің көмегімен өшіріп өзгерте аламыз.

Еsc пернесі ұяшыққа енгізілген мәліметтерден бас тартып, оны қайта теруге мүмкіндік береді.

Slide 11

Орын ауыстыру

Мәліметтерді бір орыннан екінші орынға ауыстырғанда НЕНІ және ҚАЙДА орналастыратынымызды айқындап көрсету қажет. Орын ауыстыруды орындау үшін ұяшықты немесе блокты ерекшелеп аламыз да, оған тышұан курсорын алып барамыз.

Slide 12

Көшірме алу

Көшірме алу

Көшірме алу кезінде түп нұсқа (НЕ) мәлімет өз орында қалады, ал басқа орында (ҚАЙДА) оның көшірмесі пайда болады. Көшірме алу операциясы орын ауыстыру тәрізді бірақ CTRL пернесі басылуы кезінде орындалады.

Slide 13

Қолданылған әдебиеттер:

Бөрібаев Б. Информатика терминдерінің түсіндірме сөздігі

Бөрібаев Б., Балапанов Е. Информатикадан 30 сабақ

С О Ң Ы


Ұқсас жұмыстар
Microsoft Excel негіздері: интерфейс, мәліметтерді енгізу, формулалар мен диаграммалар
Microsoft Excel: кестелік құрылым, формулалар және диаграммалар
Microsoft Word пен Excel: интерфейс элементтері, пішімдеу және кестелік өңдеу операциялары
Excel электрондық кестелері арқылы экономикалық және статистикалық ақпаратты өңдеу: негізгі элементтер мен мәліметтерді енгізу
Microsoft Excel бағдарламасының интерфейсі, ұяшық құрылымы және деректерді енгізу әдістері
Microsoft Excel негіздері: кесте құрылымы, ұяшықтар және интерфейс элементтері
Microsoft Excel бағдарламасының негізгі элементтері, формулалар, пішімдеу және диаграммалар
Microsoft Excel бағдарламасында диаграмма құру және мәліметтерді визуализациялау - сабақ жоспары мен тест тапсырмалары
Microsoft Excel: деректерді енгізу және редакциялау - сабақ жоспары
Excel кестелік процессорындағы графикалық мүмкіндіктер: функция графиктері мен диаграммаларды құру және өңдеу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz