Жаратылыстану пәндерін оқытуда жаңа технологияларды пайдалану
Презентация қосу
Жаратылыстану пәндерін
оқытуда жаңа
технологияларды
пайдалану
Баяндамашы – доцент Нұрбатырова Т.С.
ЖОСПАР:
1. Жаңа педагогикалық оқыту технологияларының
түрлері.
2. Оқытудың ақпараттық технологияларының
ерекшелігі.
3. Жаңашыл педагогтардың іс-тәжірибесі
(физика және информатика кафедрасы бойынша)
4. Интрактивтік тақтаны пайдаланудың тиімді
жолдары.
1.Жаңа педагогикалық оқыту технологияларының түрлері.
Оқыту әдістері – көп тармақтан тұратын, көп компоненті ғылыми-
практикалық ұғым. Оқыту әдістерін ғылыми негізде талдау жасасақ :
Оқушылардың біліп-тану үрдісінің сипатына қарай М.Н.Скаткин мен
И.Я.Лернердің классификациясы бойынша оқыту әдістерінің жүйесі 5 түрге
бөлінеді: түсіндірмелі-иллюстративтік, репродуктивтік, проблемалық,
эвристикалық, зерттеушілік әдістер.
Проблемалық оқыту тұрғысынан М.И.Махмутов оқыту әдістерін
информациялық, орындаушылық, түсіндірушілік, репродуктивтік, нұсқаулық-
практикалық, нәтижелі-практикалық, түсіндірмелі-оятушылық, ойланушылық,
жартылай ізденушілік, ізденушілік әдістер деп 10 түрге бөлді.
Дидактикалық мақсат тұрғысынан М.А.Данилов пен Б.П.Есиповтың
классификациясы бойынша оқыту әдістері 4 компоненттен тұрады: білім алу
әдісі; оқушылардың ебдейлігі мен дағдыларын қалыптастыру әдісі; олардың
алған білімдерін практикада және шығармашылық істе пайдалану; әрбір жас
жеткіншектердің білімдерін, ебдейліктерін, дағдыларын тексеру мен бекіту әдісі.
Оқу процесін оптималдандыру принципі бойынша (Ю.К.Бабанский) оқыту
әдістері беске бөлінеді: сөзбен түсіндіру, көрнекілік, практикалық,
репродуктивтік, ізденушілік әдістері.
Келешекте оқыту әдістерінің жүйелерін зерттеп, оның қандай бір жаңа түрлерін
табуға ұмтылғанда, атақты дидактик Я.А.Коменскийдің айтқан мынадай көргендік ойын
әрқашан басшылыққа алған жөн: қандай әдісті ойлап шығарсақ та, ол педагогтардың
аз үйретіп, оқушылардың өздерінің көп оқуына жағдай туғызатын болуы керек,
сонда мектепте сөз бен нәтижесіз еңбек аз болып, оқушы жастардың бос уақыты,
қуанышы, тартымды табысы молаяды; бұл біздің педагогиканың негізі болып
қалсын (Я.А.Коменский. Великая дидактика. Избр. Педаг. Соч.,М., 1955, Учпедгиз,
стр. 218).
Педагогикалық технологияға талдау жасай келе, оқыту
технологиясының негізгі параметрлері ерекшеленеді.
1. Оқыту іс-әрекет теориясы, барлық технологияларды психологиялық негізі ретінде
қарастырылады. Оқу танымдық әрекеттің толық циклінің қажетті үрдісін іске асыруға
бағытталған, оқушы мен мұғалімнің іс-әрекеттерінің түрлері бөлініп шығады. Олар:
қабылдау, ойлау, еске сақтау, қолдану, жалпылау, жаңа информацияны жүйелеу. Осы
шаралардың тізбектей орындалуы қойылған мақсатқа жетелейді. .
2. Диагностикалық мақсат қою. Педагогикалық технология ұсынып отырған, іс-әрекет
ықпалы мен оқыту мақсатында жобалау тәсілі. Оқушының ісімен көрінетін оқыту
мақсатында жобалау тәсілі. Оқушының ісімен көрінетін оқыту нәтижесі
қалыптастырылады.
3. Оқу үрдісінде технологиялық оқытудың жеке тұлғаны дамытуға бағытталған, әр түрлі
деңгейлі оқытуды жүзеге асырады.
4. Оқушының өзіндік іс-әрекет жасауын ұйымдастыру. Сонымен оқытудың барлық жаңа
технологиялары оқушының өзіндік оқи білуін үйретуге бағытталған.
Белгілі оқыту технологиялары жоғарыда айтылған бір-екеуімен ғана
шектеледі.
Ғылым мен техникалық прогрестің бүкіләлемдік деңгейде ғарыштап
алға басуы, сондай-ақ қоғамдағы соңғы өзгерістер барлық елдерде де білім
беру жүйесіне түбегейлі өзгерістер негізуді қажет етеді. Жаңа өзгерістерді
енгізе отырып, оқытудың әр түрлі технологиясын қолдану арқылы, оқушылар
білімін жетілдіру бүгінгі күннің басты проблемасы болып отыр.
Ж.Қараев оқыту технологиясының негізгі төрт деңгейін атап
көрсетеді:
1. оқытушылық
2. алгоритмдік
3. эвристикалық
4. шығармашылық
Мұндағы, 3-деңгейді меңгерген оқушының білімі білім стандартына
сәйкес келеді, ал 4-деңгейде дарынды оқушылармен жұмыс болып табылады
Алдында отырған оқушының білім деңгейі, білімді меңгеру дағдысы
барлығында бірдей болуы мүмкін емес жағдай.
Сондықтан профессор Ж.Қараев насихаттап жүрген жаңа оқыту
технологиясын соңғы жылдары мектеп өміріне толық енді.
А. «Оқытушылық» деңгей – үйренушілік деңгей. Оқушылардың жаңа
тақырыптан алған білімдерін бекіту, практикада қолдана білуге жаттықтыру.
Мұнда заңдылықтарды, ережелерді, формулаларды білуі қажет етіледі. Берілген
есепке формулаларды түрлі жағдайда қолдана білулері, өмірмен байланыстыра
алулары, қызығушылары мен танымына ерекше назар аударылады.
Ә.«Алгоритмдік» деңгей - Үйренушілік деңгейдегі білімін толықтыру,
кері қатынасиағы амалдары құрастыра алулары, күрделі материалдарды
жүйелей алуы, сол тақырыпты еркін меңгергендігі ескеріледі.
Б. «Эвристикалық» деңгейде оқушылардың меңгерген білімдерін тереңдету
үшін танымдық ізденіс, әр түрлі логикалық есептерді талдай, жинақтай,
салыстыра білуді қажет етеді. Проблемалық мәселелерді шешуге, өздігінен
графиктер, диаграммалар құрауға, формулаларды қорытып шығаруға,
зертханалық жұмыстарды өз бетімен жасауға дағдыланады.
В. «Шығармашылық» деңгейде құбылысты өз бетімен талдай келіп, шағын
шығармашылық тұрғыдан зерттеу жұмысын өткізуге баулу,
яғни ол оқушыға «кішкентай жаңалық» ашқанмен бірдей.
Міне, осы әдістерді қатар жүргізуді тәжірибеге енгізу, оқушылардың білім
деңгейін жетілдірері анық. Топтау, блоктық жүйе және деңгейлеп оқыту әдістері
бірін-бірі толықтырып, білімді өзі деңгейінде оқушыға жеткізу мен оқушының
қабылдау қабілетінің көзін ашып, оның өз біліміне сын көзімен қарауына
мүмкіндік тудырады.
2. Оқытудың ақпараттық технологияларының ерекшелігі.
Жаңа педагогикалық технологиялардың бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны
қалыптастырудағы, білім сапасын арттырудағы тигізетін ықпалын жеке тұлғаға
бағытталған білім беру үрдісі арқылы ұйымдастырып, жүзеге асыруға боладындығы
бәрімізге мәлім.
Ғылым ғасырында қазіргі таңда компьютер өмірдің барлық саласына кеңінен енуде.
Қазір компьютер өндірісімен айналысатын фирмалар оқу орындарында қолданылатын
түрлі бағдарламаларды әзірлеп беріп отыр. Бағдарламаларда көрініс, дыбыс анимация
сияқты ерекшеліктерге көбірек мән беріледі. Компьютер бағдарламасы орынды
қолданған жағдайда оқушыларға театр, кино, мультфильм сияқты әсер етіп, берілген
ақпараттарды бекітуде маңызды роль ойнайды. Оқыту жүйесінде компьютерді енгізбеген
оқу орындары көп ұзамай заман талабына ілесе алмайтыны сөзсіз. Оқу арқылы
ақпараттың 10% -і, тыңдау арқылы 20%-і, егер тыңдау көрнекті құралмен ұштастырылса
40-50%-і, оқыту процесінде оқушы белсенділігін артыратын мүмкіндіктер жасалса
білімінің 70%-і есте сақталады. Нағыз өмір шындығымен ұштастырылған ақпараттың
жеке тұлға ойында қалу дәрежесі 90%. Олай болса, бір мәліметті есте сақтау,
қолданылған әдіс-тәсілге байланысты. Компьютер арқылы түрлі графиктер, суреттер,
видеокөріністер, дыбыс және музыка тыңдатып көрсетуге болады. Бұл, әрине,
оқытушының тақтаға жазып түсіндіргенінен әлдеқайда тиімді әрі әсерлі. Оқытушылар
сабақта ауызша өз мәнінде меңгертілуі қиын ұғымдарды компьютердің көмегімен
студенттерге ұғындырса, бұрынғыға қарағанда әрбір жаңа тақырыпқа деген студенттің
құштарлығы мейлінше көп оянады.
Біз болашақ мектеп мұғалімдерін дайындап жатырмыз, сондықтан
жаратылыстану пәндерін оқыту әдістемесі мен технологиясы пәндерін оқытуға
ерекше мән беруге тиіспіз. Бүгінгі күні оқу үрдісіне енгізіліп жатқан жаңа
технология түрлерімен жан-жақты таныстырып отыруға тиіспіз. Мәселен,
қазіргі заман талабына сай мультимедиялық компьютердің ғажайып
мүмкіндіктерін қолдануға болатын оқу әдістемелік құралдардың бірі - «ІС:
Репетитор. Физика» бағдарламасын физика сабағында пайдаланудың маңызы
өте зор. Себебі, бұл әдістемелік құралдың құрылымы мынадай. Оқушы мектеп
бағдарламасындағы физиканың кез-келген бес негізгі тарауларының бірімен
(механика, малекулалық физика, электрлік және магниттік құбылыстар,
электрмагниттік толқындар және оптика, салыстырмалық теория және
кванттық физика) жұмыс істеуіне мүмкіндік бар. Әрбір тараудан оқушы
мынадай мәліметтерді жеңіл және шұғыл түрде таба алады:
1. Тақырыпты формуласымен бірге түсіндіретін мәтіндер (ең қажетті
материалдар нақты, қысқа түрде жазылған); .
2. Тақырыпқа қатысты суреттер мен графиктер және компьютерлік анимация
элементтері;
3. Физикалық заңдылықтардың дұрыстығына көз жеткіздіру,
формулалардың параметрлерін өзгерту арқылы оқушымен өзара әсерлесуінің
міндетті элементі және экранда осы өзгерістердің нәтижесін бірден қадағалу,
зерттеу;
4. Физика ғылымының дамуына ерекше үлесін қосқан ұлы ғалымдардың өмірі туралы
мәліметтер; .
5. Тақырып материалдарын меңгеруге арналған тестер (бірінші тестің толық шешімі үлгі
ретінде көрсетілген, ал екінші тесттің тек жауабы ғана берілген);
6. Тақырып бойынша есептер (бірінші есептің толық шешілу жолы көрсетілген, ал
екіншісі үшін тек жауабы берілген); .
7. Бірліктің жүйесі, негізгі физикалық тұрақтылар, физикалық шамалардың сандық
мәндерінің кестесіне қатысты анықтамаларды кез-келген мезетте алу мүмкіндігі; .
8. Физиканың негізгі формулалары жөнінде кеңес беретін көмекшіңді дер кезінде
шақыру мүмкіндігі; .
9. Мектеп курсындағы математиканың негізгі формулаларының анықтамасы;
10. Калькуляторды шақыру мүмкіндігі; .
11. Физика курсы бойынша әрбір тарауға күрделілігі жөнінен үш деңгейге бөлінген
қорытынды тестер мен есептер. .
Сонымен қатар бұл әдістемелік құралда кейбір физикалық эксперименттердің
видеокөріністері орын алған. Әрбір экспериментте компьютерлік анимациялар, графиктер,
сандық нәтижелер көрсетілген. Компьютерлік эксперименттің параметрлерін өзгертіп және
нәтижелерін бақылай отырып, оқушы әрбір экспериментке интерактивті физикалық
зерттеулер жүргізе алады. Видиокөріністер сабақты қызықты етіп жандандыра түседі.
Мұндай бағдарламалардағы белсенділік оқушыларды пассивтіктен құтқарады. Бұл тәсіл
арқылы оқушылардың өзі белсенді жеке жұмыс істей алады. Оқушының жеке жұмысын
жеңілдетіп, тек қана алғашқы сәтте жол көрсетушілік жасауды қажет етеді. Сонда мұғалім
оқушылардың өзіндік жұмысына бағыт беріп оны бақылаушы, технологиялық аппаратты
басқарушы болады. Мұндай мұғалім белсенділігі кеміп, оқушы белсенділігі артады.
3. Жаңашыл педагогтардың іс-тәжірибесі
Оқу - тәрбие үрдісін ұйымшылдықпен жүргізуде оқытушы басты тұлға.
Осындай талапқа сай қызмет істеу үшін алдымен оқытушы өзінің теориялық
және әдістемелік білімін ұдайы толықтырып, үздіксіз ізденуі, өз мамандығын
барынща жетілдіру және психология мен педагогика ғылымдары жайындағы
жаналықтар мен озық тәжірибелерді үнемі пайдаланып отыруы тиіс. Сонда ғана
оқытушы қызметінің жемісі оқу-тәрбие жұмысының нәтижесі бүгінгі күннің
көтеріңкі талабына үн қосады. Үздіксіз іздену - бүгінде оқытушыларға қойылып
отырған басты талаптардың бірі.
Оқытушы шеберлігінің негізгі көрсеткіштерінің бірі - әдістеме саласындағы
ғылыми жаналықтар мен озық алдыңғы қатарлы тәжірибені жетік игеру. Демек
сапалы, тиімді, нәтижелі жүргізілген сабақ - ұстаздың тынымсыз еңбегінің
айғағы.
Оқу - тәрбие үрдісінің дұрыс жүргізілуіне сабақта мұғалімнің әр алуан
оқыту әдіс – тәсілдерінің тиімдісін оқушылардың мүмкіндіктері мен жеке
жағдайларына байланысты таңдап алуы көп әсер етеді.
Педагогика ғылымы мен озық тәжірибенің бүгінгі даму деңгейінде белгілі
болған оқыту тәсілдерінің бәрін де еркін меңгеріп, әрбір нақтылы
жағдайларға орай солардың ең тиімдісін таңдап алу және олардың
бірнешеуінің жиынтығын түрлендіре үйлесімді әрі шығармашылықпен
қолдану ұстаз шеберлігінің басты белгісі болмақ.
Оқыту әдіс-тәсілдерін сапалы таңдап алуды осылайша түсіну оқытуда
табысқа жетуге негіз жасап, сабақтың тиімділігі мен сапасын барынша
арттыра түспек. Жеке тұлғаға терең білім беру үшін мына төмендегідей
қағидаларды есте сақтаған жөн. .
1-ден: оқытушы өзі дәріс беретін пәнді жетік терең меңгеріп, оны
студенттерге жай қарапайым тілмен, өмірмен байланыстыра ғылыми
тұрғыдан бере білу қажет. .
2-ден: оқытушы өзінің сабағында ғылым мен педагогика саласындағы
жаналықтарды үнемі пайдаланғаны жөн. .
3-ден: оқытушы әрбір студентке, бүкіл топқа қатаң талап қоя білуі керек.
4-ден: мүмкіндігінше, кейбір үлкен тақырыптарды топтап жеке блоктар
түрінде топтастыра білгені абзал, себебі кредиттік жүйе бойынша берілген сағат
саны аз да, материал өте көп. .
5-дан: студенттердің ұзақ уақыт есте сақтау қабілетін арттыру үшін жаңа
сабақты, әсіресе заңдылықтар мен құбылыстарды тірек белгілері мен тірек
конспектілері бойынша бере алғаны жөн. .
6-ден: студенттердің сапалы да тиянақты білім алуы үшін әр бөлім әр
тарау бойынша олардың білімдерін тексеріп отыруы керек. Студенттердің
білімдерін тексеруде, мынадай әдістерді қолданған жөн: .
- тестік жүйе бойынша; .
- реферат жаздырту; .
- коллоквиум тапсырту.
7-ден: сабақта халық педагогикасы элементтерін пайдалану а) физика сабағында
халық ертегілерінен, аңыз-әңгімелерінен, өлең-жырларынан үзінділер келтіріп,
олардың мағынасын түсіндіру. б) физика сабағында әр түрлі табиғи құбылыстарға
байланысты жұмбақтар шешіп, сөзжұмбақ, бейнесөз құрастыру, болашақ ұстаздар
үшін аса қажет деп есептеймін. .
8-дан: сабақта студенттерді таң қалдырып, себебін белгілері келетін әр түрлі
қызықты тәжірибелер мен физикалық фокустарды ұдайы көрсеткен жөн.
9-дан: ең бастысы әрбір дәріс өз дәрежесінде өтуі керек. .
Қорыта айтқанда, біз үшінші мыңжылдыққа лайықты маман дайындауымыз қажет.
Ол қазіргі жаңа технология түрлерін толық меңгергенде ғана жаңа заманға лайық тұлға
бола алады. .
Ғылым мен техниканың даму ғасырында дүниежүзілік тәжірибе жаратылыстану
пәнінен білім беруге төмендігі тенденсияны бөліп көрсетеді.
1-ден, әр студент әрбір теориялық білімнің қажет екенін түсінуі және сәйкес ізденістер
жүргізуі;
2-ден, жоғары сатыда теориялық дайындықты кең түрде деформациялау;
3-ден, жаратылыстану ғылымдарының қолданбалығын ескерту; .
Мысалы, физиканың көмегімен табиғатта болып жатқан құбылыстар зерттеліп,
бақылаулар мен модельдер жасалынды. Адам қызметінің көптеген саласында физика
жаңалықтарын енгізу, әсіресе ЭВМ-ң күрт дамуына байланысты өнеркәсіптің
автоматтандырылуы, жас жеткіншектердің физика саласындағы дамуының жылдан-
жылға артуын қажет етеді. Осының салдарынан адамда өз ойын жеңіл жүйелеу,
негізделу, дәлелдеу механизмдері қалыптасып, логикалық ойлау қабілеттерін дамытады.
Жалпы технология үш деңгейде қолданылады.
Жалпы педагогикалық технология – мақсат, мазмұн оқытудың құралдары мен
әдістері, оқыту процесінің обьектілері мен субьектілері әрекет алгоритмі кіреді.
Салалық – бір пән шеңберіндегі оқыту мен тәрбие мазмұнын жүзеге асыруға
негізделген әдістер мен құралдар жиынтығы.
Локальдық (модульдік) – жеке әрекеттер технологиясы, ұғымды дара
қасиеттерді қалыптастыру және дамыту сабақ технологиясы. Жаңа материалдарды
меңгеру техникасы, қайталау мен бақылауды ұйымдастыру технологиясы, жаңа
локальдық деңгейлер оқыту әдісімен үндес. Тек айырмашылық технологияда.
Сонымен бірге педагогикалық технологияны топтарға жіктеуге болады.
1. Педагогикалық қарым-қатынасты демонстрациялық және ізгіліктік негізінде құру
педагогикалық технологисы.
2. Оқушы әрекетін жандандыру және жетілдіру негінде оқыту технологиясы.
3. Оқу үрдісін ұйымдастыру және басқару тиімділігіне негізделген технология.
4. Әдістемелік жетілдіру және дидактикалық қайта өңдеу негізіне қарай дайындалған
технология.
5. Табиғат пәнділік ұлттық педагогика әдісіне негізделген технология.
6. Альтернативті технология.
7. Комплексті политехнология.
Педагогикалық технологияны топтарға жіктеу
1.Педагогика- лық
қарым-қатынасты
демократиялық
және ізгіліктік
негізінде құру
2. Оқушы әрекетін
7. Комплексті жандандыру және
политехнология жетілдіру негізінде
оқыту
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ
ТЕХНОЛОГИЯНЫ
ТОПТАРҒА
ЖІКТЕУ 3. Оқу үрдісін
6.Альтернативті ұйымдастыру
технология және басқару
тиімділігіне
негіздеу
4. Әдістемелік
5. Табиғат пәнділік жетілдіру және
ұлттық педогогика дидактикалық
әдісіне негіздеу қайта өңдеу
негізінде қарай
дайындау
Жаратылыстану пәндерін оқытуда «жеке тұлғаның әрекетін жетілдіру және
жандандыру» негізінде оқыту технологиясын кеңінен қолданамыз:
1. Іскерлік ойын
технологиясы
7. Дамыта оқыту 2. Проблемалық
технологиясы және
интеграциялап
оқыту
ЖАҢА
ОҚЫТУ
6. Модульдеп 3. Шаталовтың
оқыту ТЕХНО- трек-конспектісі
негізінде оқыту
ЛОГИЯ-
ЛАРЫ
5. Деңгейлеп 4. Компьютерлік
оқыту программалау
Жоғары оқу орындарында ақпараттық оқу жүйесін пайдалану тиімді деп
ойлаймын. Сонымен қатар, біз өз кафедрамызда дәріс сабақтарында
Шаталовтың тірек конспектісімен оқыту, компьютерлік программалау,
модульдеп оқыту, деңгейлеп оқыту дамыта оқыту технологияларын
пайдаланамыз.
Дәріс сабақтары (2-5 ауд.) өзіміздің кафедрамызға бөлінген интрактивтік
тақтада өткізіледі. Бұл тақтаны біз өз сабақтарымызда тек көрнекілік үшін емес,
оның функцияларын студенттерге пайдалану жолдарын да меңгертуді басты
назарда ұстаймыз. Мысалы, «Физикадан есептеп шығару әдістемесі» сабағында
әрбір дәріс кезінде тақтаның бр функциясын меңгертуді назарда ұстауға болады.
Графикалық есептерді шығарғанда графиктер салуды, әр түрлі фигураларды
салуды, траекторияларды түрлі-түсті сызықтармен жүргізуді т.б.
Сонымен қатар, зертханалық сабақтарда өздеріңізге белгілі бізде физикалық
приборлар жеткіліксіз. Қазақстанда прибор шығаратын завод жоқ. Сондықтан,
біз соңғы кезде осы киындықтардан шығуға виртуальды эксперименттер
көмектесуде. Оны лекция сабақтарында да, физикалық практикумдарда
пайдалануға болады.
Электрондық оқулықтарды пайдалану
Біз қазір барлық пәннен оқу әдістемелік кешендер дайындап жатырмыз. Сол
жұмыстарымызды жетілдіріп, электрондық оқулық жасасақ, студенттердің нәтижелі білім
алуына тигізер әсері мол. .
Электрондық оқулықтар мен компьютерлік оқу-әдістемелік құралдарды өз
дәрежесінде қолдануды үйренген студенттер зерттеуге құштар, дүниені аз уақытта танып
білетін, байланыс туралы жеткілікті меңгерген технология саласының білгірі болады.
Сондықтан оқу сапасына жағымды әсер ететін компьютерлік оқыту жүйесін
жаратылыстану сабақтарында пайдалану студенттердің жаратылыстану ғылымдарына
деген қызығушылығын арттырудың және сабақтың қарқынын күшейтудің мықты құралы
болып табылады. .
Биылғы оқу жылында Астана қаласында ашылған тұңғыш президенттің тұңғыш
интелектуальды мектебі физика-математикалық бағытта білім береді. Мектептің
ашылуында сөйлеген сөзінде президентіміз Қазақстанда осындай тағыда 19 мектеп
болатындығын баса айтқан болатын. ХХІ ғасыр ғылым мен білім ғасыры, сондықтан білім
саласына бөлінетін қаржыны 7 есе өседі. Қазақстанда салынатын 100 мектептің 80-і
биылғы жылдың үлесінде екенін айтып өтті. Интелектуальды мектептердің ашылуы мына
отырған сіздер мен біздерге өте үлкен жауапкершілік жүктейтіні баршамызға аян. Олай
болса, бүгінгі қаралып отырған мәселе ең көкейтесті проблемалардың бірі деп есептеймін.
Болашақ интелектуальды мектептің бірі біздің Ақтау қаласында болатыны сөзсіз. Ол
мектепке кадрлар арнайы конкурспен қабылданады. Сондықтан қазірден бастап сол
мектепке кадр дайындап жатқанымызды естен шығармауға тиіспіз. Жаратылыстану
пәндерінің берілісінде жаңа технологияларды жан-жақты пайдалану әрбір оқытушының
басты міндеті.
Интрактивтік тақтаны пайдаланудың
тиімді жолдары.
Жаңа технологияның оқу орындарында енгізілуіне байланысты әрбір
институт көлемінде 2-3 интерактивтік тақталар бар. Осы интерактивтік тақтаны
пайдаланып жұмыс жасау қазіргі оқу үрдісінде басты мақсат та, өте қажет
техникалық оқу құралы болып отыр. Бұл әсіресе физика, информатика,
математика, химия мамандықтары үшін өте қажет. Осыған байланысты
айтарым, интерактивтік тақтаны пайдаланудағы кейбір оқытушылардың дұрыс
түсінбейтіндігі, яғни текстік редакторде жазған дәрістерін, жазбаларын
тақтадан көрсетіп, оны оқушыларға көшірту не болмаса оны опорный конспект
ретінде пайдалану. Ал интерактивтік тақтаның ең қарапайым қолданысы ол
презентация түрінде - Power Point программасын пайдалану немесе
интерактивтік тақтаның өзінің презентациясын пайдалануға болады.
Интерактивті тақтаны пайдалану – оның көмегімен физика және
информатика пәндерінен әртүрлі зертханалық жұмыстардың сызбаларын сызу,
физикалық – математикалық формулаларды автоматты түрде
жазу,презентациялар құру және де сол тақтаның өзін көп жазулар, есептеулерге
пайдалану қазіргі заманға сай жеке тұлғаны дайындау болып табылады.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz