Қазақстан өңірінде жабайы түрінде кездесетін таңқурай мен қара қарақаттың in vitro жағдайындағы өсу ерекшеліктері


Slide 1

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ

УНИВЕРСИТЕТІ

БИОЛОГИЯ ФАКУЛЬТЕТІ

ӨСІМДІКТЕР БИОТЕХНОЛОГИЯСЫ, ФИЗИОЛОГИЯСЫ ЖӘНЕ БИОХИМИЯСЫ КАФЕДРАСЫ

Қазақстан өңірінде жабайы түрінде кездесетін таңқурай мен қара қарақаттың in vitro жағдайындағы өсу ерекшеліктері

Орындаған

4 курс студенті:

Калиева А. А.

Ғылыми жетекшісі:

Ережепов Ә. Е.

Мұхитдинова З. Р.

Slide 2

Елімізде аса бағалы жеміс-жидек өсімдіктерінен аурулардан сауыққан экологиялық таза көшеттер алып өндіріске қажет шикізат қорын кеңейту өзекті мәселенің бірі болып саналады. Соңғы кездері, Қазақстанда жабайы түрінде кездесетін қара қарақат пен таңқурайдың түрлері антропогендік әсерлерден жойылып барады. Сол себепті, қара қарақат пен таңқурайдың көптеген вирустық және микоплазмалық ауруларға шалдығатыны белгілі. Аурулардан сауықтыруға қара қарақт пен таңқурайдың аса бағалы сорттарын in vitro жағдайында меристема арқылы көбейтіп, генетикалық біркелкі таза өсімдіктер алып Қазақстанның ұлттық гермоплазма банкін толықтыруға мүмкіндік туады.

Slide 3

Қазақстанда ұлттық гермоплазма банкін толықтыру үшін бүлдіргеннің өнімділігі мол, бағалы сорттарын (таңқурайдың Rubus ideas L. және қара қарақаттың түрлері Ribes nigrum L., R. meyeri Maxim. R. hispidulum (Janc. ) Pojark. ) in vitro жағдайына енгізіп, жаппай көбейтіп өсірудің технологиясын жақсарту болды.

Slide 4

Зерттеу жұмысына таңқурайдың Қазақстан аймақтарында жабайы өсетін түрі Rubus ideas L. және қара қарақаттың түрлері Ribes nigrum L., R. meyeri Maxim. R. hispidulum (Janc. ) Pojark. қолданылды. Таңқурай (Rubus ideas L. ) мен қара қарақаттың (Ribes nigrum L., Ribes hispidulum (Janc. ) Pojark. ) жабайы өсетін түрлерінің үлгілері Іле Алатауына (Үлкен-Ақсу) және Алтай тауларына (Солтүстік-Батыс етегі, Иванов шатқалы, Серый луг, Риддер, Алтай ботаника бағы) шыққан экспедиция кезінде әкелінсе, Ribes meyeri Maxim. Ботаника және фитоинтродукция коллекциясынан алынды.

Slide 5

Қоректік ортаны дайындау үшін Ф. Л. Калинин, В. В. Сарнацская, В. Е. Полищук әдістерін қолданып дайындадық. Асептикалық жағдайға енгізілген өсімдіктерді ары қарай дамытып өсіруге өсуді реттеуші гормондардың: бензиламинопуриннің (БАП), индолилмай қышқылының (ИМК), гиберелл қышқылының (ГК) әртүрлі деңгейдегі концентрациясы қосылған Мурасиге және Скуг (МС) ортасы қолданылды.

Slide 6

Өсімдік ұлпаларын бактериялық және саңырауқұлақ инфекцияларынан арылтып залалсыздандыру үшін құрамында хлоры бар заттар (деохлор, «АСЕ», «Доместос»), сулеманың (HgCl2) 0, 1% ерітіндісі және 3% сутек асқын тотығы (Н2О2) қолданылды. Қоректік ортаны дайындау және экспланттарды өсіру үшін Ф. Л. Калинин, Г. П. Кушнир, В. В. Сарнацская әдістері қолданылды.

Slide 7

NH4 NO3

KNO3

СаС12·2Н20 MgSO4 · 7H20

KH2PO4

H3BO3

MnSO4·4H2O

CoCl2·6H2O

CuSO4·5H2O

ZnSO4·7H2O

Na2MoO4·2H2O

KI

1650

1900

440

370

170

6, 2

22, 3

0, 025

0, 025

8, 6

0, 25

0, 83

FeSO4 ·7H20

Na2EDTA·2H2O

Тиамин(B1)

Пиридоксин(B6)

Никотин қышқылы(PP)

Мезоинозит

Глицин

Сахароза

27, 8

37, 3

0, 1

0, 5

0, 5

100

2, 0

3


Ұқсас жұмыстар
ЖИДЕК ДАҚЫЛДАРЫНЫҢ КЕЛЕШЕГІ МОЛ СОРТТАРЫНА СИПАТТАМА
Өсімдіктерден экономикалық маңызы зор заттарды алу
Жануарлар жасушаларын өсіру ерекшеліктері
Клеткаларды өсіру әдісі
Нейтральды қышқыл топырақта кездесетін индикатор - өсімдіктер
1. Селекция 2. Жасушалық селекция 3. Жасушалық селекцияның әдістері
Будан ұрықтағы хромосомолардың селективті жойылу әдісімен гаплоидтарды алу
Алма туысына негізгі сипаттама
Раушангүлділер тұқымдасы
Өсімдік жасушаларын  биосинтездік  өнеркәсіпте пайдалану
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz