Пайдалы қазба кен денелерін контурлау




Презентация қосу
Пайдалы қазба кен денелерін контурлау

• Контурлау - пайдалы , қазба денесін
кеңістікте шектеу процесі. Бұл процеске екі
процедура кіреді: тіректі нүктелердің
орналасуын анықтау және бұл нүктелерді
өзара қосу, яғни контурды жүргізу. Пайдалы
қазбалар денелерін контурлау графикалық
материалдарда: пландарда, қималарда,
проекциялар мен блок-диаграммаларда
жүргізіледі.
• Контурлардың негізгі екі тобы бөлінеді -
табиғи ( табиғи себептерге байланысты) және
жасанды.
Контурлардың жіктелуі
• Табиғи контурларға мыналар жатады: нөлдік,
пайдалы қазба денесінің толық сыналану сызығы
болып табылады немесе ауқымында пайдалы
компонент жоқ алқапты шектейді; сорттык,
пайдалы қазбаның минералдык типтері мен
өнеркәсіптік сорттарын шектейді. Жасанды
контурлар әрине табиғи контурлармен
байланыста болады, бірақ олар көбінесе
формалдық белгілер бойынша жүргізіледі.
Жасанды контурларға баланстық және
забаланстық кордың, қор категорияларының шахта
алаңдарының және т.б. контурлары жатады.
Ішкі және сыртқы контурлар
• Қолданылатын контурлау тәсілдеріне
байланысты контурлар екі түрге бірігеді:
ішкі және сыртқы. Ішкі контурлар тек
қана пайдалы қазбаны киып өтетін
үңгімелер арқылы өтіп, көбінесе
жасанды болады, ал сыртқылар - осы
үңгімелердің аралығы немесе олардан
тыс жүргізіліп, жасанды да, табиғи да
болуы мүмкін (14.1 -сурет).
Суретте кескіндеу
• 14.1-сурет. Күрт еңіс денені тік жазықтықтағы
проекцияда контурлау (В.М.Крейтер бойынша): 1-2 -
ұңғымалардың проекция жазықтығында қиылысқан
нүктелері: 1 - кен денесін қиған; 2 - пайдалы қазбаны
кездестірмеген; 3-4 - контурлар сызықтары : 3 - ішкі, 4
- сыртқы
• Пайдалы қазба денесінің контуры оның әр түрлі
бөліктерінде әр түрлі тәсілдермен алынуы мүмкін,
басқаша айтқанда, аталған айлалардың әрқайсысы
пайдалы казба денесінің толық немесе оның
бөліктерінің контурын тұрғызуға (14.2-сурет) мүмкіндік
береді.
пландағы кескіні

• 14.2 -сурет. Пайдалы қазба денесінің
контурын әр түрлі айлалар қолданып
жүргізу: 1 - жапсырмаларды үздіксіз
қадағалау; 2 - интерполяция; 3 -
шектелмеген экстарполяция; 4 -
шектеулі экстарполяция
Лекция №15. Қатты пайдалы қазба кенорындар
қоры классификациясы мен болжамдық ресурстар
жіктемесі. Қорды есептеу әдістері
• Кенорындарды геологиялық-өнеркәсіптік бағалауға
оның қорын есептеу мен пайдалы қазбалар
ресурстарын нақтылау немесе кеніш құрылысының
кен-геологиялық жағдайларын анықтау кіреді. Қор
мен болжамдық ресурстар деп кенорындар
(кенбілінімдер) немесе оның бөлікшесі ауқымындағы
пайдалы қазбалар мен пайдалы компонеттер
мөлшерін айтады. Олар жер қойнауында анықталып,
пайдалы қазбаны өндіру, тасымалдау, байыту мен
өңдеу кезіндегі ысырабының мөлшерін ескермейді.
Құрылыс материалдарының қорын есептеу
(болжамдық ресурстарды бағалау) көлем бірлігінде,
басқа пайдалы қазбалар массасы бойынша
жүргізіледі.
Қор түрлері
• Халық шаруашылығындағы мәні бойынша қорлардың
екі тобы бөлінеді: баланстық және тысбаланстық.
• Баланстыққа қабылданған (бекітілген) кондицияларға
сай, қазіргі немесе игеріле бастаған техника мен
технология бойынша жер қойнауын ұтымды
пайдалану мен қорғау талаптарын сақтай отырып,
пайдалануы экономикалық тұрғыдан тиімді болатын
қорлар жатады.
• Тысбаланстық - деп қазіргі кезде пайдаланылуы
экономикалық тұрғыдан тиімсіз немесе қазіргі техника
мен технология бойынша мүмкін емес, бірақ алдағы
уақытта баланыстыққа өтуі ықтимал қорлар саналады.
Қор категориялары
• Зерттелгендік дәрежесіне байланысты
кенорындардың тиісті бөлікшелерінде пайдалы
қазбалар қорының төрт категориясы бөлінеді: А, В, СІ
және С2. Олардың ішінде А, В және С1, категориялы
қорлар барланған, ал С2 категориясы - алдын ала
бағаланған деп аталады. Қордың белгілі бір
категорияға жататындығын анықтау үшін пайдалы
қазбаның технологиялық қасиеттерін мынадай
дәрежеде зерттеу қажет: А категориясы үшін -
технологиялық сұлба жобасын жасауға; В
категориясы үшін - принциптік технологиялық
сұлбаны таңдауға; С1 мен С2 категориялары үшін -
пайдалы қазбаның өнеркәсіптік құндылығын
негіздеуге жеткілікті болады.
Болжамдық ресурстар
• Сонымен, қордың категориясы пайдалы казба
мөлшерін анықтаудың дәлдігін ғана емес, оны
өндіретін кенорын бөлікшесінің геологиялық және
кен-техникалық ерекшеліктері зерітелуінің толықтығы
мен анықтылығын сипаттайды.
• Болжамдық ресурстар әдетте жер қойнауын
геологиялық зерттеудің бастапқы сатыларында
бағаланады. Жүргізілген зерттеулердің
нақтыланғандығына және алынған деректердің
анықтылығына байланысты болжамдық
ресурстардың үш категориясы бөлінеді: Р1, Р2 және
Р3.
Болжамдық ресурстардың
сипатталуы
• Р1 категориялы болжамдық ресурстар кебінесе
өндірістегі кенорындардың шеттерінде бағаланып, С2
категориялы қор конурларынан тыс алаңдарды
барлауды кеңейту арқылы қорды толықтыру мүмкіндігін
қарастырады. Р2 категориялы болжамдық ресурстар ірі
масштабты геологиялык түсіру кезінде анықталған
пайдалы минералдау білінімдері, сонымен қатар
табиғаты жекелеген үңгімелер бойышна зерттелген
геофизикалық және геохимиялық ауытқылар негізінде
жаңа кенорындар ашу мүмкіндігін сипаттайды. Р3
категориялы болжамдык, ресурстар геологиялық түсіру
кезінде анықталған стратиграфиялық, лигологиялық
және тектоникалық сілтемелер негізінде жаңа
өнеркәсіптік кенорындар болудың потенциалдық
мүмкіндігін бағалауға мүмкіндік береді.
Кондициялар туралы түсінік

• Кондициялар - минералдық шикізатқа қойылатын
өнеркәсіптік талаптар. Олардың негізінде кенорынды
немесе оның бөліктерін игерудің экономикалық
ұтымдылығы анықталады. Басқаша айтқанда, кондициялар
-пайдалы қазбаны өндіру тиімсіз саналатын шекаралық
параметрлердің ең төменгі көрсеткіштері. Кондициялар әр
кенорын үшін техниканың, технологиялар мен
экономиканың қазіргі күйіне, сонымен қатар кенорынның
географиялық-экономикалық және кен-геологиялық
жағдайларына қатысты есептеледі. Осы айтылған
факторлардың кез келегн біреуі өзгерсе, кондициялар
қайта қаралады. Кондициялардың құрамы, яғни шекаралык
жағдайлар анықталатын көрсеткіштер тізбесі, минераддық
шикізаттың түріне байланысты болады, бірақ қандай
жағдайда болмасын, талаптардың үш тобы бөлінеді:
сапалық, сандық және кен-техникалық жағдайлары.
Қолданылуы
• Металл пайдалы қазбалар мен кен-
техникалық, кен-химиялық шикізат
кенорындары кондициялары қүрамына
кіретіндер: пайдалы компоненттің минимал
өнеркәсіптік мөлшері, зиянды , қоспалардың
рудалы максимал мөлшері, пайдалы
қазбаның алынатын минимал қалыңдығы, бос
таужыныс кабатшаларының максимал
қалыңдығы немесе рудалылық шектік
коэффициенті, шектік кен-техникалық және
гидрогеологиялық жағдайлары
қарастырылады.
Қорды есептеу

• Қорды есептеудің негізгі маңсаты - пайдалы қазба
мен пайдаль компоненттердің мөлшерін анықтау.
Есептеуді оның дәлдігі меі аққиқаттылығын
төмендетпей жеңілдету үшін пайдалы қазбала
денелерінің пішіні мен пайдалы компоненттер
таралуы біршама қарапайымдалады. Қорды
есептеу тәсілі мынадай айлалардан тұрады
пайдалы қазбаның денесі контурланады, бұл
контур біршама қарапайым пішінді бөлікшелерге
бөлінеді, әр бөлікшеде қорды есептеу үшін
бастапқы деректердің біршама біркелкі мәндері
анықталады.
Пайдалы қазба қорын есептеудегі
қолданылатын формула
• Жалпы алғанда пайдалы қазбаның мөлшерін Q есептеу үшін
мына формула қолданылады:
• Q = Vd = Smd, 15.1
• Мұндағы; V – пайдалы қазбаның көлемі; S – пайдалы қазба
денесінің ауданы; m – дененің орташа қалыңдығы; d – пайдалы
қазбаның орташа тығыздығы.
• Пайдалы қазбадағы пайдалы компоненттің (мысалы, кендегі
металдың) қоры P - мына формулла мен есептелінеді:
• P = QC/100 = SmdC/100, 15. 2
• C - Есептеу блогындағы пайдалы компоненттің орташа
мөлшері.
• . Келтірілген (15.1) және (15.2) формулалары бойьшша есептеу
жүргізу үшін барлау материалдары бойьшша оларға кіретін
бастапқы деректерді (S, m, d) анықтау керек.
Есептеу тәсілдері
• Қорды есептеу тәсілдері геометризациялау тәсілдері мен
айлаларына байланысты әр түрлі болады. Есептеу тәсілін
талдау пайдалы қазба денесінің пішініне, оның өлшемдеріне,
қалыңдығы мен пайдалы компоненттер таралу өзгергіштігінің
дәрежесіне, кен үңгімелерінің орналасуы мен жиілігіне, сонымен
қатар есептеудің практикалық мәселелеріне байланысты.
Жалпы саны 20-дан асатын қорды есептеу тәсілдері үш топқа
бөлінеді: орташа арифметикалык, геологиялық блоктар мен
қималар.
• Орташа арифметикалық тәсіл, атынан көрініп тұрғандай, қорды
есептеудің бастапқы деректерінің орташа мәндерін есептеп,
содан кейін олардың негізінде - жалпы (15.1) және (15.2)
формулалары бойышпа пайдалы қазба мен пайдалы
компоненттері өте әркелкі таралған пайдалы қазбалар қорын
есептеуге қолданылады. Ол көбінесе негізгі есептеудің дәлдігін
есептейтін қосымша тәсіл ретінде пайдаланылады.
Блоктар әдісі
• Әрбір геологиялық блок ауқымында бастапқы
деректер орташа арифметикалық тәсілмен
есептеледі, ал оның ауданы планиметрмен немесе
палеткамен анықталады. Блоктағы қор (15.1) және
(15.2) формулалары бойнша есептеледі. Кенорын
бойынша жалпы қор жекелеген блоктардағы пайдалы
қазба (кен) мен пайдалы компоненттер (металдар)
қорын жинақтап қосу жолымен анықталады, ал
пайдалы компонентгің орташа мәні (15.3) формуласы
бойынша кері есептеу арқылы шығарылады, яғный :
• C = P/Q100
Мұнай қорын есептеу әдістері.
• Мұнай қорын есептеу үшін келесі әдістер пайдаланады:
көлемдік, статистикалық және материалдық баланс. Белгілі бір
әдісті таңдау бастапқы деректердің саны мен сапасына,
кенорынның зерттелгендік дәрежесіне және мұнай жатыны
жұмысының режиміне байланысты болады. Геологиялық
кеніштің практикада ең кең қолданылатыны – көлемдік әдіс.
• Мұнай қорын көлемдік әдіспен есептегенде мына формула
қолданылады:
• Qш = FhKkKmnPm Ө=VmnPmQ 15. 4
• Мұндағы, Qш – мұнайдық шығымдық қоры, т; Fh – мұнайдың
ауданы, м2;
• Kк - ашық кеуектілік коэффиценті; Km – мұнайқанықтылық
коэффиценті; n – мұнайберім коэффиценті; Pm – мұнайдың
жербеттік жағдайдағы тығыздығы, т/м3; Ө - мұнайдың отыруын
ескеретін коэффициент, Ө = 1/б (б – қабаттық мұнайдың
көлемдік коэффициенті)
Қорды есептеу материалдарын
ресімдеу.
• Қорды есептеу материалдарына кіретіндер: 1)
есепнаманың мәтіні; 2) қорды есептеудің
кестелері; 3) графикалық материалдар; 4)
геологиялық-барлау, геофизикалық
гидрогеологиялық зерттеу және сынамалау
жұмыстарының құжаттамасы мен қорды
есептеудің басқа да бастапқы деректері, ал
өндірістегі жатындар бойынша басқа да
бастапқы деректері тіркеледі. Есепнаманың
мәтіні қысқа, қолда бар фактілік материалдар
талдамасынан және қорытындыдан тұруы
керек.

Ұқсас жұмыстар
Мұнай мен газ
Ұңғылардың қолданылуына қарай топталуы
КЕНДІ ПАЙДАЛЫ ҚАЗБАЛАР
Тас көмір Калий тұзы
Жанатын пайдалы қазбалар
ТАУ - КЕН ІСІ КАРЬЕР ЖӘНЕ ШАХТА ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ
Иленген тері бұйымдарының ассортименттері
Скипидар және канифоль
Бал жинау ойыны
«Калий тұзының өндірісі. Политермиялық және
Пәндер