Қазкоммерц Инвест компания туралы
Презентация қосу
Компания туралы
«Қазкоммерц Инвест» АҚ-ның Қазақстан нарығындағы жұмыс
тарихы, 2003 жылдың 22 тамызында, «Қазкоммерц Инвест»
Акционерлік қоғамының Қазақстан Республикасының Әділет
министрлігінде мемлекеттік ресми тіркелуінен кейін басталды.
Өз қызметінің басында «Қазкоммерц Инвест» АҚ-ы «Қазкоммерцбанк»
АҚ-ның 100%-ық қатысуымен еншілес компаниясы болған. 2004 жылы
желтоқсанның соңында «Қазкоммерц Инвест» АҚ-ның акциялары,
жобалардағы инвестицияға маманданған компанияға – «Заңғар Инвест»
АҚ-на сатылды. 2006 жылдың желтоқсанынан бастап «Қазкоммерц
Инвест» АҚ-ның 100% орналастырылған қарапайым дауыс беруші
акцияларына иелік етуші бірден-бір акционері «Заңғар Финанс Груп»
Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі болып табылады.
Қазіргі уақытта «Қазкоммерц Инвест» АҚ – Қазақстанның қаржы
нарығында толық қызмет түрлерін ұсынатын, көпсалалы инвестициялық
компания.
Компания, Қазақстан Қаржыгерлері Қауымдастығы және Активтерді
Басқарушылар Қауымдастығы сынды кәсіби қауымдастықтардың мүшесі
болып табылады. Бұған қосымша «Қазкоммерц Инвест» АҚ-ы, «Қазақстан
қаржы биржасы» АҚ-ның акционері және мүшесі, «Бағалы қағаздардың
орталық депозитарийі» АҚ-ның акционері болып табылады.
«Қазкоммерц Инвест» АҚ бағалы қағаздар нарығында қаржылық кеңесші және андеррайтер қызметтерін көрсету үшін
қажетті лицензиясы бар, бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушы болып табылады.
Қазақстан экономикасының дамуы жағдайында, қаржыландыруды тарту әр компанияның корпоративтік өміріндегі ең
бір маңызды мәселенің бірі болып табылады. Капитал нарығына шығу - бұл өз бизнесіңді кеңейтуге, стратегиялық
серіктестерді тартуға, қаржы нарығында өзіңді танытуға, компанияның капиталдануын жоғарылатуға жақсы
мүмкіндік.
«Қазкоммерц Инвест» АҚ-ның міндеттерінің бірі қаржылық кеңес беру қызметтері және болашағы бар қазақстандық
кәсіпорындар үшін қаржыландыру тарту болып табылады.
«Қазкоммерц Инвест» АҚ бағалы қағаздар нарығында қаржылық кеңес беруші және андеррайтер ретінде келесі
қызметтерді ұсынады:
бағалы қағаздарды шығаруды, орналастыруды тіркеу, бағалы қағаздарды орналастыру және өтеу қорытындылары
жөнінде есепті бекіту сынды процедуралық мәселелер бойынша эмитенттерге кеңес беру;
бағалы қағаздарды шығару процедураларын жоспарлау;
бағалы қағаздарды орналастыру тәсілі мен параметрлерін анықтау;
бағалы қағаздар шығарлымын және бағалы қағаздар жобасын мемлекеттік тіркеу үшін құжаттар пакетін дайындау,
оларды өкілетті органдарда алып жүру;
бағалы қағаздарды Қазақстан қор биржасының (ҚҚБ) ресми тізіміне енгізу мәселесі бойынша кеңес берулер. ҚҚБ-ның
ресми тізіміне ену үшін листинг процедурасына өтуіне көмектесу;
Эмитенттің бағалы қағаздарын ҚҚБ листингіне шығару үшін құжаттар пакетін және инвестициялық меморандумды
дайындау;
басқа да кеңес беру қызметтері.
«Қазкоммерц Инвест» АҚ Еуропалық Қайта Құру және Даму Банкінің (BAS) Іскерлік Кеңес беру Бағдарламасының
аккредиттелген кеңесшісі болып табылады. Бұл біздің клиенттерімізге бағалы қағаздар шығарылымын ұйымдастыру
үшін комиссия төлеуге грант алуға мүмкіндік береді. BAS қаржылық кеңес үшін 10.000 АҚШ доллары сомасына дейін
комиссия бойынша шығындарды 50%-дейін өтейді (ҚҚС-ын шегеріп тастағанда).
«Қазкоммерц Инвест» АҚ-ның кәсіби мамандары нарықта кереметтей беделге, кең көлемді іскерлік байланыстарға ие
және Қазақстанның ірі банктері мен инвестициялық компанияларда салиқалы жұмыс тәжірибелері бар.
Компанияның акционерлері
Қазіргі уақытта Компанияның «Қазкоммерц
Инвест» АҚ-ның төленген жарғылық капиталында
жүз пайыздық акциясына иелік етуші бір ғана
акционері бар.
Акционер Мекен-жайы Төленген жарғылық капиталдағы үлесі
«Заңғар Финанс Груп» ЖШС Алматы қ., Қабанбай батыр көш., 77 чА. 100%
Халықаралық мойындау
Еуропалық қаржы журналы «Euromoney»
қазақстандық «Қазкоммерц Инвест»
инвестициялық компанияға «Корпоративтік
басқару деңгейі бойынша дамушы
Еуропадағы 2007 жылғы жетекші институт»
марапатын табыс етті.
«A Leading Institution In Corporate Governance In
Emerging Europe» («Корпоративтік басқару деңгейі
бойынша дамушы Еуропадағы жетекші институт»)
номинациясы компания менеджментінің ашық та
мінсіздігін дәлелдейді және бұл компанияның
қаржылық тазалығы, жетілдірілген ұйымдастыру
құрылымы, компанияны басқару жүйесі,
инвесторлар мен акционерлермен өзара қарым-
қатынас жүйесі, компанияның нарықтағы
ұстанымы, қызметінің инновациялық сипаты және
қызметкерлерінің кәсібилігі сияқты
көрсеткіштерден қалыптасқан.
Қызмет көрсетулер
Жарналық инвестициялық қорлар
Инвестициялық банкинг
Тікелей инвестициялар
Делдалдық қызметтер
Жарналық инвестициялық қор
дегеніміз не?
Бүгінгі таңда жарналық инвестициялық
қорлар – халықтың бос қаржыларын
инвестициялаудың ең қарапайым да қол
жетімді құралы, ол көптеген
инвесторлардың (жарнаны ұстаушылар)
қаражатын бір ғана портфельге біріктіруге
және олардың әрқайсысы өз қаражаттарын
жекеше инвестициялауына қарағанда,
оларға әлдеқайда қолайлы жағдайда
инвестициялауға мүмкіндік береді.
ЖИҚ-лар түрлері
Қазақстанда ЖИҚ-лар ашық, интервалды және жабық болуы
мүмкін. ЖИҚ-лар инвестициялаудың сәйкесінше тәуекелділігі және
жарнашы ала алатын табыс мүмкіндігіне байланысты
инвестициялаудың түрлі стратегиясын пайдалануды қарастырады –
консервативтік, теңгермелі немесе тегеурінді.
Ашық ЖИҚ – жарнаны өтеу екі аптада бір рет (одан жиі емес)
жүзеге асырылады. Бұл қорларға салым барынша өтімді.
Интервалды ЖИҚ – жарнаны өтеу жылына бір рет (одан жиі
емес) жүзеге асырылады. Әдетте басқарушы компаниялар мұндай
қорлардан сатып алуды бір айда, тоқсанда немесе жартыжылдыққа
қарастырады.
Жабық ЖИҚ – жарнашыға сол қордың жарнасын ұстаушылардың
жалпы жиналысына қатысу және жарналар бойынша дивидент алу
құқығын береді. Жабық жарналық инвестициялық қорлардың
жарна ұстаушылары басқарушы компаниядан оған тиесілі жарнаны
сатуды талап етуге қақысы жоқ. Инвестициялау мерзімі қордың
өзге түрлеріне қарағанда, әдетте ұзағырақ болады.
ЖИҚ-дың жұмыс сұлбасы
Жарнаның құны қалай
есептелінеді?
Таза активтердің құны
(міндеттемені шегеріп тастағанда қордың біріккен активтері)
Жарнаның құны = ________________________________________
Қор жарналарының саны
Әрбір инвестор қорға салған ақша сомасына
пропорционалды белгілі бір жарна мөлшерін
иемденеді.
Жарнашы үшін табыс жарнаны сатып алу күнііндегі
құны мен жарнаны сату күнінің арасындағы иеліктегі
жарналар санына көбейтілген айырмасы болып
табылады.
Қор активтерінің құны өскен сайын, әрбір
жарнашының капитал салымының да құны өседі.
Активтерді жекелей басқару
Инвестицияның айтарлықтай көлемінде клиент активтерді жекелей басқаруды қолдана
алады.
Активтерді сенімді жекелей басқару – барынша мүмкін табыстылықты алу және әрбір
нақты клиенттің алға қойған инвестициялау мақсатын қанағаттандыру үшін кәсіби компания
басқарушысына (Сенімді басқарушыға) басқаруға берілген, Инвестордың (Сенімді басқару
құрылтайшысы) ақша қаражаттарын немесе бағалы қағаздарын басқару процесі.
Бағалы қағаздар нарығында тиімді іс-әрекет жасау үшін арнайы білім, технология және
уақыт қажет. Сондықтан инвестициялаудың мұндай түрі басы артық еркін қаржы
иемденетін, бірақ өз еркімен портфелді құруға және басқаруға жеткілікті тәжірбиесі мен бос
уақыты жоқ инвесторлар үшін барынша тиімді.
«Қазкоммерц Инвест» басқарушы компаниясы өз клиенттеріне дербес инвестициялық
жобаларды жасау мен қалыптастырумен және бағалы қағаздардың портфелдерін жеке
басқарумен байланысты қызмет көрсетулердің толық спектрін ұсынуға дайын.
Активтерді жекелей басқарудың артықшылығы
Дербес менеджер және әрбір нақты инвесторға жекелей келу Инвестициялық стратегиялар
қалауынша. Иинвестициялаудың жеке стратегиясын әзірлеу.
Қаржы нарығының өзгерісі мен зерттелуінің жедел сараптамасы.
Клиентті ақпараттық қамтамасыз етуі мен есеп беру дайындығы.
Құпиялық
Шарт
Жеке тұлғалар үшін инвестициялау сомасы – 200 000 АҚШ долларынан;
Заңды тұлғалар үшін инвестициялау сомасы – 500 000 АҚШ долларынан;
Инвестициялау мерзімі — жарты жылдан кем емес.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz