Басқарудың әлеуметтік – психологиялық әдістері жайлы




Презентация қосу
Басқарудың әлеуметтік –
психологиялық әдістері
Басқарудың әлеуметтік-психологиялық
әдістердің жалпы сипаттамасы

Басқарудың әлеуметтік-психологиялық әдістері
ұжымды қалыптастыру әрі дамыту процесіне, олардың өз
араларындағы әлеуметтік процестерге ықпал етудің нақты
амалдары мен тәсілдерін білдіреді.
Бұл әдістердің мақсаты-адамдардың өсе түскен, яғни
өскелең әлеуметтік қажеттіліктерін қанағаттандыру,
олардың жан жақты үйлесімді дамуын қамтамасыз ету
және осылардың негізінде жеке тұлғаның еңбекке деген
құлшынысын, ұжымдардың тиімді еңбек етуін арттыру.
Басқару әдістері еі алдымен ықпал етудіңм бағытын
анықтайтын өзінің уәждемелік (мотивационной-себеп
тудыратын) сипаттамасымен ерекшеленеді.
Басқарудың әлеуметтік әдістері

Әлеуметтік нормалау Әлеуметтік -саяси

Әлеуметтік реттеу Әлеуметтік бастама

Моральдық ынталандыру
Әлеуметтік нормалау әдістері әр түрлі әлеуметтік
нормаларды енгізу жолымен ұжым және жекелеген
жұмыскерлер арасындағы әлеуметтік қатынасты оңайлатуға
мүмкіндік тудырады. Бұл нормаға ішкі тәртіп ережесі, ұйым
жарғысы, әр түрлі кодекстер өндірістік ережелері, тәртіпке
шақыру формалары жатады.
Әлеуметтік – саяси әдіс - бұған қоғамдық
ұйымдардың ықпал етуі әдістері кіреді (үгіт насихат, сендіру,
басқару ісіне қатыстыру және т.б.).
Әлеуметтік реттеудің әдістері әр түрлі ұжымдардың,
топтардың, тұлғалардың мүдделері мен мақсаттарын анықтау
және реттеу жолымен әлеуметтік қатынастарды ретке келтіріп,
үйлестіруде пайдаланылады.
Моральдық ынталандыру әдістерін өз қызметтерінде
жоғары нәтижелерге қол жеткізген жеке жұмыскерлерді,
ұжымдарды көтермелеу үшін қолданады.
Басқарудың психологиялық тәсілдері
Басқардың психологиялық тәсілдері адамдар
арасындағы қарым –қатынастарды ұжымда үйлесімді ахуал
жасау арқылы реттеуге бағытталған.
Адам еңбегі әрқашан адам психологиясының жұмыс
істеуі, яғни дүние таным, қиял, ықылас -ілтипат және басқа
элементтер негізінде жүзеге асады. Сондықтан, адамның
уақыт сәтіндегі психологиялық ахуалы оның жеке іс-
қызмет нәтижелеріне тікелей және тура әсер етіп қана
қоймайды, барлық ұжымның іс-қызмет қорытындыларына
да әсер етеді.
Басқаруды ұйымдастыру мен жүзеге асыру кезінде
адамдардың іс-қызметтегі мінез - құлқының заңдарын
ескеру қажет
Шағын топтар мен ұжымдарды іріктеп жинақтау әдістері шағын
таптардағы еңбеккерлер арасындағы оңтайлы сандық және сапалық
арақатынастарды анықтауға мүмкіндік береді. Арнайы зерттеулер
көмегімен топ ішінде пайда болған бір –бірін ұнату мен жек көру
сезімдерін, оның әрбір мүшесінің орнын топтағы қызметкерлермен
психологиялық үйлесуі негізінде анықтауға болады.
Еңбекті ізгілендіру (гуманизациялау) әдістеріне маналар жатады:
түрлі түс пен музыканың психологиялық әсер етуін қолдану, еңбектің бір
сарындылығын болдырмау, шығармашылық үдерістерді кеңейту және т.б.
Еңбеккерлердің психологиялық ынтасын ояту моральды
ынталандыруда еңбеккерлерді еңбекке тартуға бағытталуымен
айрықшаланады. Кәсіпорында еңбеккерлерге (кәсіби мүдделер еңбектің
шығармашылық мәні) себептеме болатын жағдайлар жасау мен еңбек
әдістерін қалыптастыру жолмен қамтамасыз етіледі. Олар еңбеккерлердің
еңбек етуге деген ішкі құштарлығына әкеледі.
Кәсіби іріктеу мен оқыту әдістері қажетті психологиялық
сипаттамаларды дамытуға: орындалатын жұмысқа неғұрлым көп деңгейде
сәйкес келетін психологиялық қасиеттері бар адамдарды іріктеуге
бағытталған.
Басқарудың әлеуметтік –
психологиялық әдістерінің ролі
Әлеуметтік – экономикалық жүйеде басқарудың әлеуметтік –
психологиялық әдістерінің атқаратын роліне баға жеткісіз. Бұл
жерлерде негізгі элемент – адам (басшы, субъект).
Басшының өндірістегі аса маңызды функциясы – шешім
қабылдау, ол шешімдерге жеке стильдер ықпал жасайды. Мысалы,
болжамдардың ұсыныстарына да, оларды тексеруге де бірдей көңіл
бөліп отыратын басшылар салиқалы түрдегі шешімдер қабылдайды.
Болжамда жасау процессі оларды тексерумен анықтау жөніндегі іс-
қимылдан тым басым түсіп жататындарға албырттық шешімдер
қабылдау тән. Практикалық жұмыста шешімдердің албырттықпен
қабылдануы жеткілікті дәржеде негіздемеген шешімдердің іске
асырылуына әкеп соғуы мүмкін.
Әлеуметтік – психологиялық әдістері раухани мүддеге
(қажеттілікке ) ықпал етудің мүмкіндіктерін пайдаланылады.
Әлеуметтік мотивация саяси, моральдық, ұлттық, отбасылық және
басқа да әлеуметтік мүдделердің бағдарын қарастырады.
Ұжымның әлеуметтік сипаттамасы мен өндірістің экономикалық
және ұйымдастырушылық көрсеткіштері арасында тығыз байланыс
болады. Әлеуметтік мәселелерді шешіп алмайынша еңбекке деген
дұрыс қатынасқа (көзқарасқа) өндірісті тиімді дамытуға қол жеткізу
мүмкін емес.
Әлеуметтік – психологиялық әдістерді қолдану тетігі қоғамның,
ұжымның және жеке тұлғалардың мүдделерін ескеру мүмкіндігі
басқару прооцесінде қамтамасыз етілетіндей болып құрылуы тиіс.
Өндірістік ұжым – бұл қоғамның
пайдасы үшін бірігіп қызмет ететін,
ортақ мақсат, ортақ мүдде бастарын
біріктірген, бәрі біреуі үшін, біреуі үшін
жауап беретін, бір ұйымға жұмыс
Әлеуметтік – істейтін адамдардың жиынтығы.
психологиялық
аспектіде
өндірістік Өндірістік ұжым – бұл бірігіп еңбек
ететін адамдардың тек жай ғана бос
ұжымның ролі қосылуын білдірмейді. Ол жекелеген
жұмыскерлер мен топтар арасындағы
тұрақты әрекет ететін экономикалық,
өндірістік – техникалық, мәдени,
тұрмыстық өзара қарым –
қатынастарының күрделі жүйесіне
негізделген бірлестік
Өзара қарым –қатынас ұжымның
құрылымдарындағы көрінісі
Бейформальды
Формальды құрылым
құрылым

Ұжымда формальды түрде
анықталып заңмен Жақсы көру, жек көру, мінез
міндеттемелермен, ұөсастығы, ортақ мүдде,
өкілеттіліктермен және өзара түсіністік негізінде
жауапкершілікпен бекітілген қалыптасатын байланыстар
адамдардың байланыстары мен қатынастарды
мен қатынастарын бейнелейді.
бейнелейді.

Ұқсас жұмыстар
Басқарудың әлеуметтік – психологиялық әдістері
Басшылық билік және ықпал
Менеджмент әдістері
ПСИХОЛОГИЯ МЕНЕДЖМЕНТІ
Менеджмент психологиясы
Басқарудың экономикалық әдістері
Басқару әдістері
Персоналды басқарудың мақсаты
Әкімшілік - құқықтық нысандар мен басқару әдістер ұғымы
БАСҚАРУ ФУНКЦИЯСЫ
Пәндер