Жапония саяси жағдайы
Презентация қосу
Жапония саяси
жағдайы
Ниппон,
Ниппон, Нихон (Таң шапағы елі) – Шығыс Азия жағалауларында жақын маңыдағы Тынық мұхит аралдарында
орналасқан мемлекет. Ел 4 мыңға жуық аралдардан тұрады. Ең үлкендері; Хоккайдо, Хонсю, Сикоку, Кюсю,
т.б. Жер аумағы 372,2 мың км 2. Халқы 126,2 млн. (1997). Астснасы – Токио қаласы, оның алып жатқан жер
көлемі 11,9 млн км2. Әкімшілік жағынан 47 префектураға бөлінеді. Жапония – бір ұлтты ел. Халқының 99,4% -і
жапондар. Бұдан басқа қытайлар, корейлер, америкалықтар тұрады. Ресми тілі – жапон тілі. Негізгі діндері –
синто және будда діндері болып табылады. Жапонияның – конституцияласы монархияны сақтаған ел. 1947
жылы 3 мамырда қабылданған конституция бойынша император – «мемлекет пен халық бірлігінің көрінісі». Ол,
парламенттің ұсынысы бойынша премьер – министрді тағайындайды және премьер – министрдің ұсынысымен
үкімет мүшелерін, Жоғарғы соттың төрағасы мен мүшелерін тағайындайды немесе орнынан алады.
Конституция бойынша, мемлекеттік істерге толығымен премьер – министр басқаратын үкімет жауап береді.
Жоғары заң шығарушы орган парламент - екі палатадан (өкілдер палатасы және кеңесшілер палатасынан)
тұрады. Ұлттық мерекесі 23 желтоқсан (император Акихитонның туған күні. Ақша белгісі – иен.
1910 жылы Жапония Кореяны толық жаулап алды. 1-ші
дүниежүзілік соғыс жылдарында (1914-18) еуропалық
мемлекеттердің өзара соғысып жатқанын пайдаланып, Германияның
Қытайдағы иеліктерін басып алды да, Қытайға 21 талаптан тұратын
Декларация тапсырды. Қытай бұл талаптарды негізінен, орындауға
мәжбүр болды. 1-ші дүниежүзілік соғыс жылдарында Жапония
өзінің Қиыр Шығыстағы бәсекелестерін (Германия,
Ұлыбритания,Ресей) ығыстырды. 1914 -19 жылы өнеркәсіп өнімдері
13- тен 65 млрд. Иенге өсті. Ресейдегі азамат соғысын пайдаланып,
1918 жылы 5 сәуірде Владивостокты басып алып, Қиыр Шығыспен
Сібірге баса көктеп енді. Алайда, 1922 жылы күзде Жапон әскерлері
кеңестік Қиыр Шығысты тастап шығуға мәжбүр болды. 1924 -25
жылдары АҚШ және Ұлыбритания үкіметтерімен қайшылық күшейіп
кетті де, Жапония КСРО – мен қарым – қатынас жасай бастады.
1929 – 33 жылдары елде экономикалық дағдарыс басталды. 3 млн-
нан аса жұмыссыздар армиясы пайда болып, шаруалар да күрт
кедейленіп кетті. «Жас офицерлер» ұйымдары пайда болып,
үкіметтен елде әскери диктатура орнатуды талап етті.
Сыртқы және ішкі саясатта әскерилердің беделі күрт өсті. 1931 жылдары
күзде Маньчжурияда қуыршақ үкімет құрылып, 1933 -36 жылдары Қытайға
қарсы агрессияны күшейтті. Жапония 1936 жылы қарашада Германиямен
«Антикоминтерндік пактіге» қол қойды да, 1937 жылы шілдеде Қытайды
толық жаулап алу үшін соғыс бастады. 1938 жылы Қытайдың неғұрлым
шығыс бөлігін толық басып алып, Кеңес Одағы мен Моңғолияға шабуыл
жасауға дайындалды. Бірақ 1938 жылы шілдеде Хасан көлі жағасында 1939
жылы мамыр – тамыз айларында Халхин – Гол ауданында кеңес
әскерлерінен жеңіліп қалды. Осыдан кейін жапондар оңтүстік бағытта, яғни
еуропалық мемлекеттер мен АҚШ – тың Оңтүстік Шығыс Азиядағы
отарларына шабуылды күшейтті. 1940 жылы қыркүйекте Үндіқытай түбегінің
солтүстігін басып алды. 1941 жылы 7 желтоқсан күні түнде жапон әскерлері
ешқандай соғыс жарияламастан америкалықтардың Гавай аралындағы
негізгі соғыс базасы Перл – Харборға және Гуем, Манила, Ганконгке басып
кірді. 1942 жылдың орта тұсына дейін Филиппинді, Тайландты, Үндіқытайды,
Бирманы, Малайзия мен Индонезияны басып алды. 1945 жылы 6 – 9 тамыз
күндері Америка әскери - әуе күштері Жапонияның екі қаласына
(Хиросима мен Нагасаки) атом бомбасын тастады. 1945 жылы 9 тамызда
Кеңес әскерлері шабуылға шығып, Манчжурияны, Солтүстік Кореяны,
Оңтүстік Сахалин және Куриль аралдарын азат етті. 2 қыркүйек күні
Жапония өзінің толық жеңілгендігі жөніндегі актіге қол қойды.
Елге одақтастар атынан АҚШ әскерлері басып кірді. Жапония барлық
отарларынан айырылып, ел экономикасы аса қиын жағдайда қалды. 1947
жылы 3 мамырда Конституция қабылданды. 1946 – 49 жылдары аграрлық
реформа жүргізіп, мемлекеттік аппарат пен ағарту саласы
демократияландырылды. Жүргізген реформа елдің әрә қарай жедел
дамуына мүмкіндік туғызды. Корея соғысына қажетті әскери тапсырыстың
күрт артуы өнеркәсіптің жедел дамуына алып келді. Сөйтіп, 1950 жылдардан
бастап экономика тез арада көтеріліп, 60-жылдардың аяғына таман
Жапония дамыған елдер арасында АҚШ – тан кейінгі екінші орынға
шықты. Жапония - өнеркәсібі жоғары дамыған мемлекет. Өңдеуші өнеркәсіпте
14 млн- дай адам немесе елдегі халықтың 25 % -ы жұмыс істейді. Жапония
кеме шығарудан (52%), автомобиль (30%), трактор, металл өңдейтін құрал –
жабдықтар, тұрмыстық қажетті электроника, робот жасаудан дүниежүзінде
бірінші орын алады. Бұған қоса жапондар әлемдегі түрлі – түсті
теледидардың 60 % -ін, жасанды талшықтың 12,3% -ын өндіреді. Жапония
энергия ресурстарына өте кедей. Сондықтан энергетикасы энергия
көздерінің (мұнай, газ, көмір, уран т.б.) 80%- ын шеттен әкеледі. Соңғы
жылдары су және атом энергиясын өндіру жедел артып келеді. Елде жалпы
көлемі 35 млн квт. Ток өндіретін 43 атом реакторы бар. Атом
шарушылығында 5,7 млн адам жұмыс істейді және жалпы жиынтық өнімнің
2,2% -ын өндіреді. 5,3 млн га жер өңделеді.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz