ПСИХИКА ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК




Презентация қосу
ПСИХИКА ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ
ТҮСІНІК
Сонау ерте замандарда-ақ адам заттық (айнала қоршаған табиғат, адамдар, әр
алуан заттар) және затсыз, дерексіз (әр түрлі адамдар мен заттардың бейнелері, оларды
еске алу, көңіл күйі), түсініксіз тылсым құбылыстар болатындығына назар аударған. Бұл
жұмбақ құбылыстарды дұрыс түсінуге, олардың табиғаты мен пайда болу себептерін ашуға
мүмкіндігі болмаған соң, адамдар оларды қоршаған ақиқат дүниеге тәуелсіз, өз бетінше
өмір сүреді деп санай бастады. Осылайша тән мен жан, материя мен психика
болмыстарының бөлектігі жөніндегі топшылаулар пайда болды. Бұл топшылаулар
принципті түрде кереғар, бірін-бірі жоққа шығаратын философиялық екі бағыт:
материализм және идеализм болып қалыптасты.
Материализм мен идеализмнің арасында осыдан екі мың жылдан астам уақыт
бұрын басталған тартыс қазір де жүріп жатыр. Бұл ретте мынаны естен шығармаған жөн,
егер идеализмнің пайда болуын адамдардың білім дәрежесінің төмендігінен деп түсіндіруге
болатын болса, ал оның күні бүгінге дейін сақталуы таптық қарама-қайшылықтардан, езуші
таптың идеализмді өзінің билеп-төстеу жағдайын негіздеуге және нығайтуға пайдалану
талпынысынан туады. Адамзат тарихынын бүкіл бойында идеализм кертартпалық, ескілік
философиясы болып келеді және солай болып та отыр.
Психикалық құбылыстарды идеалисті тұрғыдан түсінудің мәні психиканың
материадан тыс, өз бетінше өмір сүретін болмыс ретінде қаралатындығында
болып табылады. Психика — тәнсіз, материалсыз негіздің — «абсолютті
рухтың», «идеяның» көрініс беруі,— дейді идеалистер. Тарихи жағдайларға
байланысты идеализм өз ұсқынын өзгертеді, бүркемелене түседі, бірақ мәні
өзгермей сол күйінде қалады.
Психиканы материалистік тұрғыдан түсінудід идеализмге қарама-
қарсылығын психиканың материядан шығатын екінші кезекті құбылыс, ал
материяның бірінші кезекті, субстрат (негіз), психиканың иесі ретінде
қаралатындығында.
Материяның бірінші және психиканың екінші кезекті екендігін психиканың
материяның дамуының белгілі бір кезеңінде ғана пайда.болатындығымен
нанымды дәлелдеуге болады. Жер бетінде психикаға ие тіршілік иелері пайда
болғанға дейін жасы миллиардтаған.жылдармен есептелетін өлі табиғат болған.
Алғашқы тірінілік иелерінің өзі бұдан бірнеше миллиондаған жылдар бұрың ғана
пайда болған.
«Жер бетінде,— деп жазды В. И. Ленин,— ешқандай адам, жалпы
айтқанда, тіпті, ешқандай жан иесі болмаған және болуы мүмкін де емес уақытта
жердің осы қалпында бар болға-нын жаратылыс тану ғылымы батыл қуаттап
отыр. Организмді материя кейін жаралған нәрсе, ұзақ уақыт дамудың жемісі...
Материя — алғашқы нәрсе,— ой, сана, түсінік,— өте жоғары дәрежеде дамудың
жемісі» .
Материалистік ілім бойынша психика айрықша ұйымдасқан жоғары дәрежелі материя — мидың қасиеті
ретінде ұғынылады. Ал психиканың шынында да ми қызметінің нәрі, оның ерекше қасиеті еқендігі
жануарларға жасалған көптеген тәжірибелер және адамдарды клиникалық жағдайда байқаумен
дәлелденуде. Мәселен, мидың белгілі бір зақымдануы . кезінде психика міндетті түрде өзгеріске ұшырайды
және оның мидың қай учас-кесіне байланысты еқенін анықтауға болады: егер мидың сол жақ, сыңарының
шүйделік бөлігіндегі қыртысы зақымданса, адамның қеңістіқте бағдар жасауы бұзылады, ал мидың саман
бөлігі зақымданғанда сөзді, музыка әуендерін қабылдау (түсіну) бұзылады. Осындай және басқа да
көптеген мысалдар психиканың ми қызметімен бірлікте екенін көрсетеді.
И. М. Сеченев «Ми рефлекстері» (1863) деген еңбегінің өзін-де-ақ, психиқалық қызмет — рефлекторлық
немесе бейнелендіргіш қабілеті бар қызмет деп жазған болатын. Ол психиканың рефлекторлық табиғатын
аша келіп, адам миының рефлекстеріне үш буынның енетінін қөрсетті. Бірінші, бастапқы буын — сезім
мүшелерінде сыртқы асерден туған қозу. Екінші, орталық буын — мида өтетін қозу және тежелу процестері.
Солардың не-гізінде психиқалық құбылыстар (сезіну, елестеу, сезімдер және басқалар) пайда болады.
Үшінші, соңғы буын — сыртқы қозға-лыстар және адамның әрекеттері. Осы буындардың барлығы өзара
байланысты және біргбіріне өзара себепкер.Сеченев ұсынған қағидалардың маңьіаы аса зор: біріншіден,
психикалық құбылыстарға сыртқы әсерлердің себепші болу жайы ашылады; екіншіден, психика ми
қыртысында өтетін қозу мен тежелудің физиологиялық процесінің нәтижесі ретінде қаралады, үшіншіден,
психика сыртқы қозғалыстарды және тұ-тас алғанда мінез-құлықты реттеуші ретінде қаралады.
Мидың өзін-өзі ретқе қелтіретін жүйе ретіндегі қүрылымы мен жұмыс тәсілдері туралы қазіргі кездегі білім
психикалық құбылыстардың материалистік негізін'және психиканың адамның бар қызметін реттёгіш
ретіндегі ролін тереңірек түсінуге мүмкіндік береді.
Психиканы зерттеу мидыд жұмысын зерттеумен тамамдалмайды. Психиканың ми қызметінің ерекше
нәтижесі, мидың ай-нала қоршаған әлемді бейнелендіруі екенін ешқашан да естен шығаруға болмайды.
Психика мидың ақиқатты бейнелендіретін қызметі болғандықтан да, ол өз негізінде жатқан физиологиялық
механизмдермен ғана емес, сондай-ақ белгілі бір мазмұн-мен, яғни адам айнала қоршаған дүниеден дәл
нені бейнелен-діретіндігімен сипатталады.
Психикалық бейнелендіру ерекшеліктері. В. И. Ленин еңбектерінде, ең алдымен «Материализм және
әмпириокритицизм» (1908) атты шығармасында объективті шындықтың бейнеленуі ретінде психиканың
мәні жан-жақты ашылған.
Адамның айналаны қоршаған ақиқатты бейнелендіруі ретіндегі психика немен сипатталады? Біріншіден,
психика — өлі, айнадағыдай, бір актілі бейнелеу емес, ол процесс. «Адамның бойында табиғаттың
бейнеленуін «тұйық», «абстракт түрде» түсінбеу керек, қозғалыссыз, қайшыльщтарсыз деп түсінбеу ке-рек,
қайта мәңгі қозғалыс процесінде қайшылықтардың туып және олардың шешіліп отыру процесінде түсіну
керек» .
Екіншіден, психика — объективті шындықты бейнелендіру кезінде кез
келген сыртқы әсер (яғни, объективті шындықтың әсері) психиканың бұрыннан
қалыптасқан ереқшеліктері арқы-лы, нақты бір адамның бойындағы қазіргі
сәттегі психикалық жағдайы арқылы өңі өзгеріп өтетін бейнелендіру. Сондықтан
белгілі бір сыртқы әсердің өзін әр адам әр түрлі, тіпті бір адамның өзі әр басқа
уақытта және әрқалай жағдайда әр түрлі бейнелендіруі мүмкін. Бұл құбылыспен
біз өмірде, әсіресе, балаларды оқыту және тәрбиелеу -процесінде үнемі
кездесеміз. Мәселен, класта мұғалімнің белгілі бір сабағын оқушылардың бәрі
де тыңдайды, ал оқу материалын олардың әрқайсысы әр түрлі игереді,
оқушылардың бәріне қойылатын талап біреу, ал оқушылар оларды әр түрлі
қабылдап, әр түрлі орынданды. Белгілі бір сыртқы әсердің әр түрлі өңге енетінін
міне.осы мы-сал көрсетеді. Жас шамалары әр түрлі бір топ бала «Максимка» (К.
М. Станкжовичтің осы аттас шығармасы бойынша қойылған) кинофильмін көріп
шықты. Содан соң оларға фильмде не жайлы айтылатынын әңгімелеп беру
ұсынылған.
Психиканың нақ осы ерекшелігі білім беру мен тәрбиелеу процесінде әр
баланың жас шамасын жәнё индивидуалды ерек-шеліктерін ескерудің өте қажет
екендігі жөніндегі педагогикалық маңызды принциптің негізіне алынған. Бұл
ерекшеліктерді ескермейінше педагогикалық ықпал жасау шараларын әр бала
қалай бейнелендіретінін білу мүмкін емес.
Психикалық бейнелену — ақиқаттыц шынайы және дұрыс.
бейнелету.Материалдық дүниенің пайда болатын бейнелері өмірде бар
заттардың, болып жатқан құбылыстар мен оқиға-лардың суреті, мүсіні, көшірмесі
болып табылады. Психикалық бейнеленудің субъективтілігі, бейнеленетін затты
адамға ғана . тән түрде белсене құбылту айнала қоршаған дүниені дұрыс
бейнелендірудің объективті мүмкіндіктерін ешбір жоққа шыға-ра алмайды.
Психикалық бейнеленудің дұрыстығын мойындаудың прин-циптік маңызы зор.
Себебі нақ осы қасиет ақиқатты танып-білуді, оның объективті заңдылықтарын
анықтауды және одан кейінгі жерде оларды адамның теориялық және
практикалық қызметінде қолдауды мүмкін етеді.
Ақиқатты бейнелендірудің дұрыстығы адамзаттын қоғам-дық-тарихи
практикасымен тексеріледі. «Материалистердің көз-қарасынша,— деп атап
көрсетті В. И. Ленин,— адамның прак-тикасының «сәтті» болғаны, біздің
түсініктеріміз бен біз анға-ратын заттардың объективтік тегінің сәйкестігін
дәлелдейді» . Егер де біз Күн немесе Аи қашан тұтылатындығын алдын ала
болжай білсек, егер де біз алдын ала Жердің жасанды серігінің ұшу орбитасын,
немесе кемелердің жүк көтеру мөлшерін есеп-теп шығара алатын болсақ, әрі ол
есептеріміздің дұрыстығын кейінгі өмір тәжірибесі дәлелдеп берсе; егер баланы
зерттеген соң біз педагбгикалық ықпал жасаудың белгілі бір шараларын
белгілесек жәңе оларды қолдана отырып, көздеген мақсаты-мызға жетсек, онда
мұның бәрі біздің объективті ақиқаттың тиісті заңдарын (космостық механика,
гидродинамика заңдарын, баланың дамуының объективті заңдарын) дұрыс
бейнелен-діретінімізді білдіреді.
Сонымен психикалық бейнелену — бір актілі емес, іс атқа-рушы
(процессуальды) сипатқа ие бейнелену, бұл бейнелендіру кезінде сыртқы әсер
бейнелеңдіретін адамның ішкі ерекшеліктері арқылы өңін өзгертетін бейнелену,
сондықтан да психика объективтік дүниенің субъективті бейнеленуі болып
табылады. Ақырында, психикат~ қоғамдық-тарихи практикамен тексеріліп,
құпталған дүниенің шынайы да дұрыс бейнеленуі.
САНА – СЕЗІМ ПСИХИКАНЫҢ ЕҢ ЖОҒАРҒЫ САТЫСЫ
Психика және сана. Психика адамдармен қатар жануарларға да тән. Психиканың
адамға ғана тән жоғары дәрежеде дамуын сана деп атайды.
Сананың пайда болуы және дамуы биологиялық жағдайлар-ға ғана емес, сонымен
қатар және. ең бастысы әлеуметтік-тарихи заңдылықтарға байланысты. Сана —
адамның қоғамдық тір-шілік иесі ретіндегі тарихи дамуының жемісі, сондықтан да са-
наның даму процесі, оның әр көрінісі актісі адамзат қоғамы дамуының бүкіл
барысымен және қазіргі әр жайт сайын ұшы-райтын реалды тарихи жағдайлармен
анықталады.
Сананық тарихи сипаты онық жануарлар психикасынан айырмашылығын көрсететін
бірінші сипат болып табылады,
Айнала қоршаған дүниені сана деңгейінде психикалык бейнелендіру — танымның
күрделі процесі болып табылады. Бұл процесс, оның ұдайы жетілуі, өзара
байланысты үш бағытта, бір мезгілде өтеді. Ең алдымен, қоршаған әлемді
бейнелендірудің өзі тарихи дамудың әр кезеңінде әр түрлі болады. Бұл бей-нелеудің
сипаты қашан да өмірдегі әлеуметтік-тарихи жағдай-ларға тәуелді. Екінші сөзбен
айтқанда, таным жалпы тарихи түрғыда өзгереді.
Қоршаған әлемді бейнелендіру процесі әр адамның өмірі барысындагда өзгеріссіз
қала алмайды, яғңи таным онтогенетикалық. тұрғыда өзгереді. Бейнелендіру
ерекшеліктері адамның жасьшену және жинақтаған индивидуалдық тәжірибесімен
бай-ланысты. Бейнелендіру әр белгілі бір таным актысының әр кезеңінде, білмеден
білуге, орталау, саяз білімнен әлдеқайда толық және;мәнді білімге, сезімдік танымнан
логикалық, абст-рактылы танымға өту -процесінде де әр түрлі болады. Бұл рет-те
бейнелену өзгерісі индивидуалды-гностикалық тұргыда өтеді.
Адамның айнала қоршаган дүниені тануындағы тарихи, ой - тогенетикалық және
индивидуалды-гностикалык, бірлік — адам санасының жануарлар психикасынан
айырмашылығын білдіретін екінші сипат.
Адамның еңбегі нәтижесінің заттануы, жинақталған тәжіри-бенің сөз жүзінде талданып
қорытылып, есте сақталуы адам-дарға тек қазіргі жайын ұғыну ғана емес, сонымен
бірге өзінің өткен өмірін де білуге мүмкіндік береді. Өзікің өткеңдегісі мен бүгінгісін
салыстыра отырып, адам объективті себеп-салдарлы байланыстарды ашуға мүмкіндік
алады. Себеп-салдарлы бай-ланыстарды біле отырып, адам болашағын киял аркылы
көз алдына елестете алады, бүл оған қызмет мақсатын саналы түр-де белгілеуге және
ерік күшін бүгінгісін қайта күруға жүмсауға мүмкіндік береді
Адамның саналы қызметі қашан да мақсат-бағдарлы сипатта болады.
«Адам табиғаттан алынған нәрсенің формасын өзгертіп капа қоймайды; сонымен бірге ол
табиғаттан алынған нәрсе жөнінде өзінің саналы мақсатын да жүзеге асырады, ал мұның
өзі заң ретінде оның іс-әрекетінің әдісі мен сипатын белгілейді, соңдықтан ол өз еркін осы
мақсатқа бағындыруға тиіс».
Егер де жануарлар психикасы олардың қалыпты жағдайға бейімделуіін қамтамасыз етсе,
адам санасы айнала қоршаган ортаға ықпалын тигізуге мүмкіндік береді. Адам санасы
айнала қоршаған дүниені бейнелендіріп қана қоймайды, сонымен қатар ол жасампаз да
деп, В. И. Ленин атап көрсеткенді.
Адам санасының белсенділігі адамиың қоршаған ортаны өзгерте алатындығынан
ғана емес, сонымен бірге оның осы қызмет үстінде өз табиғатын өзгертетіндігінен де көрініс
береді.
Адам санасыньщ мақсат-бағдарлы. және белсенді сипаты —онық жануарлар психикасынан
айырмашылығын білдіретін үшінші сипат.
Адам санасының төртінші маңызды айырмашылық ерекше-лігі — өзіндік сана сезімнің
барлығы.
«Жануар өзінің тіршілік әрекетімен тікелей үқсастықта болады. Ол өзінің тіршілік әрекетінен
бөлектенбейді. Оның өзі осы тіршілік әрекеттен тұрады. Ал адам өзінің өмір қызметін өз
еркі мен өз санасына ырықты затқа айналдырады».
Белгілі бір қызмет процесіне енген жеке адам ретінде сезінген кезде өзіндік сана-сезім
адамның өзін-өзі тануға бағыт-талған сананың бір бөлігі немесе бір қыры ретінде көрініс
береді.
Ойлау және сөйлеу қабілеттерінің арқасында адам санасын-да айнала қоршаған дүниенің
бейнеленуі жалпылама және жанама формада, тек тікелей бейнелер түрінде ғана емес,
сондай-ақ елеулі байланыстар мен қарым-қатыстардың жалпылама көрінісі болып
табылатын үғымдар түрінде де жүзеге асады.
Ақиқаттың адам санасында жалпылама және жанама түрде бейнеленуі —
сананьщ жануарлардьщ психикасынан айырмашылығын білдіретін бесінші сипат
болып табылады.
Сана және іс-әрекет. Қазіргі совет психологиясында сана мен іс-әрекет тығыз
бірлікте қарастырылады. Бұл бірлік бірне-ше бағытта көрініс береді.
Ең алдымен сана мен іс-әрекеттін бірлігі сананың әрекеті процесінде және
бәрінен бұрын еңбек проңесінде пайда болады, дамиды және көрініс береді. Бұл
жағынан іс-әрекет адам санасының пайда болу шарты, қалыптастырушы
факторы және қолданылатын объектісі ретінде көрінеді.
Екіншіден, сана мен іс-әрекеттің бірлігі қызметтің сана белсенділігінің формасы
ретінде көрініс беруінен аңғарылады. Егер сананы бейнелену ретінде ұғыну оның
екінші кезекті сипатын анықтап, оның адекватты (ақиқатқа толық сәйкес келу)
бейнелену екендігін көрсетіп тұрса, онда сананы іс-әрек'ст ретінде ұғыну
сананың белсенділік сипатын білдіреді, ақиқатты бсйнелендіру айнала коршаған
дүниенің идеялды моделін құ-растыруға ғана емес, сонымен бірге оны қайта
құруға әксле-тіндігін мегзейді.
Сана іс-әрекеттің мақсатты-бағдарлы сипатта болуын кам-тамасыз етеді.
Сана мен іс-әрекет бірлігі сананың адамның бар мінез-құлқы мен барлық
әрекетін реттеуші сапасында болатын-дығында. Іс-әрекеттің мақсатты сипаты,
мәні жинақталған тә-жірибе, белгілі бір проңестердің заңдылықтарын білу —
адамга болашақты болжау мүмкіндігін туғызуда болып табылатын ал-дын
ала,бейнелендірудің (П. К. Анохин) болуымен қамтамасыз етіледі.
Ақырында, сана мен іс-әрекеттің бірлігі олардың пакты бір жеке адамның
өзіне.тән екендігінен көрініс береді. Бұл әрка-шанда әлеуметтік және тарихи
жағынан анықталған жеке адамның санасы мен іс-әрекеті болады.
ПСИХИКАЛЫҚ ДЕҢСАУЛЫҚТЫҢ ВАЛЕОЛОГИЯЛЫҚ АСПЕКТІСІ
Адам танымының жеке бір саласы ретінде кез келген ғылымның өзі зерт-тейтін
ерекше пәні болады. Жалпы айтқанда, психологияныц зерттейтін пәні психика деуге
тұрарлық. Психика — шын мәнін де ерекше зерттеу пәні. Психиканың миға тән қасиет
екендігі жоғарыда айтылғанды. Ми көптеген қасиетке ие, бірақ психика ерекше қасиет —
айнала коршаған ақиқатты бейнелендіретін қасиет.-'БейяёленЙру'кұбылысы табиғатта өте
кең тараған, дегенмен психикалық бөйнелендірудің тек өзіне ғана тән ерекшеліктері бар.
Психология ғылым ретінде психиканың әр түрлі құбылыста-рын зерттеу және түсіндірумен
ғана емес, сондай-ақ олардың мәнш қорыта:талдау және ашып көрсету, яғни солардық негі-
зівде психологиялық құбылыстар мен процестердің себептерін, әрі олардың болашақта
көрініс беретіндігін болжауға болатын белгілі бір -заңдылықтарды ашып анықтаумен
шұғылданады.
Бірақ психиканың құрылымы бір текті емес. Әсіресе жануарлар психикасы; мен адам
санасының айырмашылығы орасан. Сонымен- психология — жалпы алғанда психиканың
және ерекшелрп алғанда адамның қақты тарихи жеке адам ретіндегі санасыньің пайда
болу, дайу және көрініс беру заңдылықтары туралы ғылым.
Психологиялық білімнің кейбір ерекшеліктері. Психологияны ғылым ретінде
сипаттағанда психологиялық білімге тән кёйбір ерекшеліктерді атап өту керек.
Біріншіден, ол біздің әрқайсымызға тікелей тән қүбылыстар туралы білім. Әр адамда
түйсік бар, оның есінде әр түрлі елестер үзіліосіз сақталады, әр адамды ұдайы белгілі бір
сезім тебірентеді тағысы тағы бар. Психология ғылымында осы құ-былыстар жөніндегі
талданып қорытылған және дерексіз білімдер жинақталған.
Екшшіден, психологиялық білім олардың күнделікті тұр-мыстағы және ғылыми
мағыналарының сәйкес келмейтіндігімен сипатталады. Күнделікті тұрмыста адамдар
ІЛихологиялық терминдер мен ұғьімдарды кеңінен қолданады. Олардың жікте-рі айқын
ажыратылмағандықтан әр адам бір -терминге немесе ұғымға әр түрлі мазмұн береді.
Ғылыми ұғымдардың айырмашылығы олар белгілі бір мағынаға қатаң түрде
сәйкестендірілген және өздерінің ауқымы мен мәні жағынан тұтас болып келеді. Ғылыми
негізделген білімді жеткілікті мөлшерде терең игермеген жағдайда, күнделікті тұрмыстық
білім өзгеріске үшы-рағанымен, кейде көп дегенде біршама психикалық құбылыстардың
кейбір қырлары туралы әйтеуір жалпы, әдетте, бір жүйеге түсірілмеген, үзік-үзік мағлұмат
болғанымен психология-ны шын меңгергендік жөнінде жалған пікір туады.
Психологиялық білімнің үшінші ерекшелігі — оның диалектикалық-
материалистік дүние танымды қалыптастыру үшін, өзінді өзің тану және
өзіңді өзің тәрбиелеу үшін маңыздылыры. Психологияның тармақтары.
Дамудың қазіргі кезеңіндегі психологиялық ғылым — ғылыми пәндердің
күрделі де тармақталған жүйесі болып табылады. Психологияның жеке
салалары (немесе тармақтары) өзара тығыз байланысты.Қазіргі кезде
Психологияның мына төмендегі салаларын бөліп көрсетуге болады
(жіктеу негізіне психологиялық зерттеу объектілері алынған).
Жалпы психология қалыпты ересек адамның психикалық
қызметінің Інеғұрлым жалпы заңдылықтарын зерттейді. Сондай-ақ
ғылымның негізгі принциптері, оның әдістері, Психологияның әр
саласында өткізілген зерттеулер негізінде талданып қоры-тылған және
абстракцияланған ұғымдар жүйесі де жалпы психологияның мазмұны
болып табылады.
Жас ерекшелік психологиясы адамның психика лык даму
заңдылықтарын, әр түрлі психикалық пргіңестердің (естің, ой-лаудың,
қиялдың, сезімнің) қалыптасу процесіи және жеке адамның психикалық
қасиеттерін зерттейді. Жас ерекшелік психологиясында балалық шақ
психологиясы, жас өспірім психологиясы, жастық шақ психологиясы,
ересек адам психологиясы, қарттық психологиясы сияқты бөлімдері
болуы мүмкін. Жас ерекшелік психологиясының міндеті жастық
ерекшеліктерді лшу, жасқа қатысты шақтардың біріншісінен екіншісіне
өтудің заңдылықтарын белгілеу болып табылады.
Педагогикалык, психология білім беру мен
тәрбиелеудің психологиялық негіздергн
зерттейді және жас ерекшелік
психологиясымен тығыз байланысты, өйткені,
білім беру мен тәрбиелеудің психологиялық
заңдылықтарын оқитындардың жас шамасын
және индивидуалдық ерекшеліктерін
ескермейінше ашумүмкін емес.
Педагогикалық психология саласындағы
зерттеулер білім беру мен тәрбиелеу
жұмыстарының мәнін дұрысырақ түсінуге,
оқулықтар мен оқу құралдарына қойылатын әр
түрлі талаптар-ды анықтауға, оқушылардың
ақыл-ой қызметі мен мінез-құлқын басқара
отырып, олардың дамуын қамтамасыз ететін
білім беру және тәрбиелеудің тиімді тәсілдерін
тауып негіздеуге, мүмкін-дік береді. Сондай-ақ,
педагогикалық психология мұғалімдер мен
оқушылардың арасындағы өзара қатынас
мәселелерін, мұ-ғалімнің жеке басына
қойылатын талаптарды зерттейді,
педагогикалық қабілеттер мазмұны мен
қалыптасу процесін ашып береді.
Педагогикалық психологияда кәсіптік-
техникалық учи-лищелерде, жоғары мектепте,
білім беру, ересек адамдарды оқытумен және
тағы басқалармен байланысты мәселелер
ерекше орын алады.

Ұқсас жұмыстар
ПСИХОЛОГИЯ пәні
ЖАЛПЫ ПСИХОЛОГИЯ ПӘНІ ТУРАЛЫ
Психика және сана
Адам психикасы және Психология гылымының даму тарихы
Психика биологиялық эволюцияның жемісі және жалғасы
Психология ғылымындағы даму ұғымы
Сана мен ойлаудың жаңа үлгісі
Психология туралы жалпы түсінік
Сана туралы анықтамасына тоқталып, сонымен қатар жалпы түсінік беріп және өзіндік сана туралы мұғлұматтар жинау
Психиканың перцептивті сатысы
Пәндер