Foodmaster компаниясына магкетингтік талдау
Презентация қосу
Foodmaster компаниясына
магкетингтік талдау
Пәлсапас
Компанияның міндетті ісі
Тұтынушының жоғары талаптарына толық сәйкес келетін сапалы өнім
өндіру. Біздің тұтынушы өнімінің сапасына және Компанияның барлық
салаларының жұмыс деңгейіне көңлі толуы тиіс. Біздің
тұтынушыларымыздың барлық тілектері қанағаттандырылуы қажет.
Компания пәлсапасы
Ұлт саулығы, салауатты өмір салты
Қазақстан саналы, білімді, жаны мен тәні сау адамдарға зәру. Біз нарыққа
осы үлы мұраттың орындалуына септігімізді тигізу үшін араластық.
Дұрыс, сау, сапалы тамақтану – осы бағдарламаның бір бөлігі. Біз
өскелең ұрпақ еншісіндегі кемел келешекке үлесімізді қосқалы келдік.
Жаңашылдық, даму, икемділікті бағдар тұту
Біздің алдымызда өндірісті жетілдіру және тұтынушыларға пайдалы болып
табылатын, сенімге тұрарлық жоғары сапалы өнімдерді өндіру
міндеттері тұр. Біз әрқашан іздену үстіндеміз Біз адал бизнес мен сау
бәсекелестік жағындамыз. Біз еркін нарықтық қатынастар
ұстанымдарын ту етпекпіз.
жалғасы
Сапа – біздің ұлы мұратымыз
Біз қоғамдық пікірді бағалаймыз. Компанияның өнімі қай жерде
өндірілгеніне қарамастан, ол ұдайы сапа стандарттарына сәйкес
келеді. «ФудМастер — өз ісінің шебері болып табылады».
Компанияның басты құндылығы мен қозғаушы күші –
біздің адамдар
Мықты маман құрметке, өз еңбегінің жоғары адамдық және
материалдық бағасын алуға лайықты. Әр қызметкердің
болмысынан «ФудМастер» компаниясын көруге болады.
Қызметкер Компания мәселелерін, ал Компания әр
қызметкердің мәселесін шешеді.
Біз қызметкер бойындағы бастамашылық пен
шығармашылықты бағалаймыз
Қызметкерлердің әрқайсысын тұлға ретінде бағалап,
шығармашылық қайнар-көзін ашуға, тұрақты еңбек қызметіне,
кәсіби өсу мен қызметте жоғарылауға жағдайлар жасаймыз,
әркімнің бастамасын ынталандырамыз.
жалғасы
Шешім қабылдаудағы жауапкершілік
Компанияның негізгі құндылықтарының бірі – өндірістегі
және адамдармен қарым-қатынастағы күрделі
жағдайларда жауапкершілік көтеру, еңбек
потенциалының дамуы барысында басшылар
жауапкершілігін арттыру.
Жұмыстың топтық-қауымдық ұстанымы
Топ мүшелерінің жекелей емес, біріккенде ғана
анағұрлым көп жетістіктерге жететіні баршаға аян.
Өзара көмек көрсете отырып, әріптестердің
жетістіктерін қуаттап, қолдай отырып, біз алдыңғы
қатарлы ұйым бола түсеміз.
Products: сүт.
«ФудМастер» сүтінде жақсы теңдестіріліген және жеңіл
қорытылатын белоктар, майлар, көмірсулар, витаминдер сияқты
барлық қажетті құрамдастар бар.
Орамы: 1 литрлік Финпакет
Майлылығы: 2,5% 3,2%
Кефир
«ФудМастер» айранының нәзік жұмсақ дәмі бар, сергектік пен
қуат береді, ішек микрофлорасын қалыпқа келтіреді, зат алмасуды
жақсартады, организм қарсылығын арттырады.
Орамы: 500 гр., 1000 гр. Тетрапакет; 1000 гр. Финпакет; 500 гр.,
1000 гр. Тетратоп
Майлылығы: 2,5% 3,2%
Сақтау мерзімі: 21 күн
Қаймақ
«ФудМастер» қаймағының нағыз үй қаймағының дәмі,
біртекті қоюлығы, аса құнды тағамдық сипаттары бар, тез және
жеңіл қорытылады.
Орамы: 200 гр., 400 гр. пластикалық стақан; 500 гр. Тетрапакет
Майлылығы: 10% 15% 20% 30%
Сақтау мерзімі: 21 күн
Ряженка
«ФудМастер» ряженкасы адам денсаулығына оң әсер ететін
көптеген пайдалы түрлер кіретін кешендік ашытуды қолдану
арқылы тұтас қойытылған сүттен өндірілген.
Орамы: 500 гр. Тетрапакет
Майлылығы: 3,5%
Сақтау мерзімі: 21 күн
Айран
Бірегей дайындау тәсілі арқылы дайындалған «ФудМастер» айранының
жақсы дәмдік және органолептикалық қасиеттері бар. Шөлді қандырып,
салмақты белсенді түрде түсіреді, қан қысымын қалыпқа келтіріп, холестерин
деңгейін азайтады, қалыпты ас қорытуға таптырмайды.
Орамы: 1000 гр. Тетрапакет; 500 гр. Тетратоп
Майлылығы: 1,4%
Сақтау мерзімі: 21 күн
БФБ
«БФБ» (бифидумбактерин) – бұл бифидо бактериялары қосылған сүт
қышқылды емдік-профилактикалық өнім. Бифидо бактерияларының арқасында
«БФБ» асқазанның тепе-теңдігін қалпына келтіріп, ас қорытуды жақсартады
және тағамдық аллергиядан қорғайды. Тәтті емес.
Орамы: 500 гр. Тетратоп; 500 гр. Тетрапакет
Майлылығы: 1,5%
Сақтау мерзімі: 21 күн
Лакта +
«Лакта +» – сүт өнімдерінің ішіндегі «пайданы күшейткіші» болып
табылатын лактулоза қосылған сүт қышқылды емдік-профилактикалық өнім.
Лактулозаның арқасында «Лакта +» ағзаның табиғи микрофлорасын қалпына
келтіреді және кальций мен минералды заттарды сіңіруіне көмектеседі. Тәттілігі
орташа.
Орамы: 500 гр. Тетратоп; 500 гр. Тетрапакет
Майлылығы: 2,5 %
Сақтау мерзімі: 21 күн
«Нежный ірімшігі»
«Нежный» ірімшігі — бұл үй ірімшігінің ұсақталған жеңіл ірімшік
массасы, қаймақ қосу қажет емес. Құрамында қант жоқ. Тек өзіңізге
ұнайтын қант, жеміс, мюсли немесе жаңа шыққан көк шөп қосыңыз да,
отбасына ортақ дәмді әрі пайдалы таңертеңгі ас ретінде ішіңіз.
Орамы: 100 гр., 400 гр. пластикалық стақан
Майлылығы: 4% 0%
Сақтау мерзімі: 21 күн
Тәтті ірімшіктері
«ФудМастер» тәтті ірімшіктері табиғи жеміс джемдері қосылған
және жаңа дайындалған үй ірімшігінен әзірленеді. Үлпілдек дәмімен
ерекшеленеді. Кальций мен витаминге бай.
Орамы: 100 гр. пластикалық стақан
Майлылығы: 4%
Дәмдері: Таңқурай, Шабдалы, Құлпынай
Сақтау мерзімі: 21 күн
Жылтырақ тәтті ірімшіктері
«ФудМастер» жылтырақ тәтті ірімшіктері – табиғи шоколадтың қалың қабатындағы дәмді,
үлпілдеген ірімшікті өнім, құрамында көп кальций бар, сондықтан балаларға пайдалы болып табылады.
Салмағы: 36 гр., 50гр.
Майлылығы: 26%
Дәмдері: Құлпынай, Шие, Карамель, Ваниль, Шабдалы, Тоғай жидегі, Қойытылған сүт
Сақтау мерзімі:
+4…-2С температурасы барысында 10 күн
+2…-7С температурасы барысында 20 күн
-7…-18С температурасы барысында 40 күн
-18…-25С температурасы барысында 90 күн
«Үй» сүті
«Домашнее» сүті – балалық шақтан дәмі ауызда қалған сүт
енді жаңа, ыңғайлы орамда қол жетімді болып табылады. Сүтте
консерванттар жоқ, пайдалануға дайын.
Орамы: 1 литрлік Тетрабрик
Майлылығы: 1,5%, 2,5%, 3,2%, Сақтау мерзімі: 1 жыл
Майлылығы: 6%, Сақтау мерзімі: 6 ай
«Үй» ірімшігі
«ФудМастерден» үй ірімшігі сапасы өте жоғары 100% табиғи сүт
пен кілегейден жасалған, жұмсақ дәмі мен нәзік ерітіндісі бар. Кальций
мен витаминдерге қанық, өте дәмді және аса пайдалы болып
табылады.
Салмағы: 200 гр., 450 гр.
Майлылығы: 9% 0%
Сақтау мерзімі: 21 күн
«ФудМастер» ұсынған үй
пісірмесі
«ФудМастер» ұсынған үй пісірмесі — бұл нағыз үй дәмі бар ерекше өнім, себебі:
жоғары сапалы табиғи өнімдердің дәстүрлі тәсілімен дайындалған;
дәмнің сапасына баршаға танымал ФудМастер бренді кепілдік береді;
арнайы жасалған қаптама өнімді жылытуға мүмкіндік береді.
Орамы: 350 гр., 165 гр
Майлылығы: 9%
Дәмдері: Ваниль, Мейіз, Алмұрт пен Шие ұсынылған.
Сақтау мерзімі: 21 күн
Йогуртты сусындары
«Лактония» йогурт сусыны — бұл табиғи жеміс-жидек тілімдері мен астық
түйіршіктері қосылған ең дәмді йогурт сусыны. «Лактония» йогурт сусынының ерекшелігі –
оның құрамында табиғи лактулоза заты бар. Лактулоза біздің ағзамызға тағамдағы
дәрумендерді, минералдар мен кальцийді көбірек сіңіруіне көмектеседі.
Орамы: 330 гр. Тетратоп
Майлылығы: 0%, 2,5%
Дәмдері: Ананас, Дәнді, Дәнді +Алма+Алмұрт, Дәнді+Өрік, Құлпынай+Банан, Шабдалы,
Қара жидек
Сақтау мерзімі: 21 күн
СырМастеры
«Ресей» СырМастеры – ұсақ «торшалары» бар үлпілдеген сыр.
Дәстүрлі дайындау тәсілі бойынша әзірленген. Дәмі қышқылдау,
біраз ащылығы бар.
«Неміс» СырМастеры — үлпілдек ерітіндісі бар қатқыл сыр.
Қордай кентіндегі ескі сыр өндірісі зауытының жеке дайындау
тәсілі бойынша жасалған. Өзіндік, біраз ащылау дәмі бар.
«Ленгер» СырМастеры
«Ленгер» СырМастеры – қышқыл сүтті, біраз тұзды дәмі бар жұмсақ ащы сыр.
Бірегей дайындау тәсілі бойынша жасалған және қайталанбас дәмі бар. Біраз дөңестеу және
көлденең беті бар сопақша кесегі болады. «Ленгер» сыры – ең жақсы ащы сырлардың
классикалық дәмі, ал оның орамы тұтынушы үшін анағұрлым тартымды болып табылады.
Пісу уақыты: 30 күн
Сақтау мерзімі: +1…-6С температурасы барысында 60 күн
Майлылығы: 40%
Салмағы: 470 гр.
Бутерброд шебері
PRESIDENT тілімделген «Мастер бутерброд» балқытылған ірімшігінің түрлерін ұсынады.
«Мастер бутерброд» балқытылған ірімшігінің түрлері 5 танымал — Кілегей, Жеңіл, Мааздам,
Эмменталь, Моцарелла дәмдерінен тұрады. «Мастер бутерброд» өнімдерінің желісі PRESIDENT
балқытылған ірімшігінің түрлерін толықтыруға және теңдестіруге арналған. Оларды әртүрлі
бутерброд және сэндвич дайындауға пайдалануға болады. Қораптағы әрбір тілімге арналған
ыңғайлы жеке қаптама «Мастер бутербродты» үйден тыс жерде пайдалануға мүмкіндік
береді. «Мастер бутерброд» — талғамыңызға қарай тамақтанып алу!
Қаптамасы: Вакуум пакет
Салмағы: 150 гр.
Майлылығы: 20%, 40%, 45%
Дәмдері: Жеңіл, Мааздам, Моцарелла, Кілегейлі, Эмменталь
Жарамдылық мерзімі: 240 күн
Сақтау температурасы: -2-ден +4-ке дейін
Қораптағы саны: 48 дана
Домалақ
PRESIDENT тілімделген «домалақ қораптағы» балқытылған ірімшігінің мол түрін
ұсынады. Жаңа өнімдер — АССОРТИ — сатып алушыларға PRESIDENT ірімшігінің барлық
тамаша дәмін татып көруге мүмкіндік береді. PRESIDENT ұсынған жаңа ерекше ұсыныс —
«Отбасы ортасы» үлкен қаптамасы, онда ірімшіктің ең танымал дәмдері (кілегейлі, ысталған
ет қосылған, саңырауқұлақ қосылған және Ассорти) бар.
Қаптамасы: 8 және 16 тілімнен тұратын домалақ қорап
Майлылығы: 20% 30% 45% 50%
Дәмдері: Ассорти, Жеңіл, Мааздам, Эмменталь, Кілегейлі, Саңырауқұлақ, Ысталған ет, Қызыл
балық, Татымды шөптер, Жаңғақтар
Сақтау мерзімі: 240 күн
Сақтау температурасы: -2-ден +4-ке дейін
Қораптағы саны: 18 дана, 24 дана
Науашық
PRESIDENT «науашықтағы» балқытылған ірімшігінің мол түрін ұсынады. PRESIDENT тұтынушылар
бағасының сараптамасы тұрғысынан келіп, жаңа сегменттер құра отырып, балқытылған ірімшік түрлерін үнемі
молайтып отырады. Әркім өз талғамына сай ірімшікті табады. PRESIDENT үлкен қаптамадағы 400 г, үлкен
отбасына арналған ыңғайлы көлемді балқытылған ірімшіктің ең танымал дәмдерін ұсынады. Арнайы шығарылған
PRESIDENT науашығының қаптамасы біздің өніміміздің — ірімшіктің барлық дәм сапасын сақтауға мүмкіндік
береді, рецептурасын Ресей мен Францияның ірімшік өндірушілері – жетекші мамандар әзірлеген.
Қаптамасы: Пластик науашық
Салмағы: 200 гр., 400 гр.
Майлылығы: 20%, 30%, 45%
Дәмдері: Жеңіл, Мааздам, Эмменталь, Кілегейлі, Саңырауқұлақ, Ысталған ет, Қызыл балық, Татымды шөптер,
Жаңғақтар, Шоколад
Сақтау мерзімі: 240 күн
Сақтау температурасы: -2-ден +4-ке дейін
Қораптағы саны: 16 дана, 24 дана
Эмменталь
Жеміс-жаңғақты тәтті дәмі бар бұл ірімшік сонау XII ғасырда өндіріле бастады.
Эмменталь — нағыз үлкен ірімшік, оның домалақтары 80 кг шамамен. Дайын ірімшікті
домалақтың ортасынан кесіп алады, бұл оның таңқалдырарлық дәмін қамтамасыз етеді.
Эмментальді пісіру барысында ірімшікте өз сұрыбына тән тесіктер пайда болады.
Қаптамасы: Пленка пластиктері
Салмағы: 200 гр., 400 гр.
Майлылығы: 20%, 30%, 45%
Түрлері: Кесек, Кесілген, Үгітілген
Сақтау мерзімі: 12 күн, 72 күн, 120 күн
Сақтау температурасы: -2-ден +4-ке дейін
Қораптағы саны: 16 дана, 24 дана
Place:
ФМ–Алматы
«ФудМастер» компаниясының алғашқы зауыты Алматы
облысының Есік қаласында орналасқан. «ФудМастер-Алматы»
мекемесі 1995 жылы құрылған. Кәсіби мамандар тобы мекемені
алдыңғы қатарлы озық мекемеге айналдырды. Тәулік сайын сүт
зауыты жүз тонна сүтке дейін өңдеп шығарады.
Зауыт өнім құю жөніндегі жоғары технологиялық
желілермен жарақтандырылған. 2001 жылы құбыр жуу бойынша
қос желілі автоматты стансасы мен сағатына 50 000 литр су
өткізетін қуаттылығы бар CIP жабдықтамалары орнатылған.
Жоғары технологиялық жабдықтама өндірілетін өнімнің мүлтіксіз
сапасын қамтамасыз етеді. Тек қана 2001-2002 жж. Есік сүт
зауытын жаңалау мен қалпына келтіруге 2 млн. АҚШ доллары
жұмсалды. Енді зауыт жарақтандырылуы бойынша алдыңғы
қатарлы еуропалық мекемелерден кем түспейді.
жалғасы
ФМ–ЖА (Астана)
«ФудМастер, ЖА» Компаниясы ЖШС-і 1997 жылғы
қаңтарда құрылған. Мекеме алдында Қазақстан
Республикасының жаңа астанасын сапалы және Алматыда
танымал «ФудМастер»-лік сүт өнімдерімен қамтамасыз ету
міндеті тұрды.
Қысқа мерзім ішінде негізінен Астананың қалалық сүт
зауытының “бұрынғы” жұмысшыларынан тұратын мамандар
тобы «ФудМастер» компаниясы өнімінің негізгі түрлерінің
өндірісі мен сатуды бастай алды. Тек сапалы өнімдер шығара
және жаңалықтар енгізе отырып, мекеме тұтынушылар
тарапынан сенімге ие бола бастады. Мекеме мамандарының
көпшілігі Еуропа мен Американың жетекші тағам өндірісі
мекемелерінде тәжірибе жинақтаған.
жалғасы
ФМ–Шымкент
1998 жылы «ФудМастер» Оңтүстік Қазақстан облысындағы Көк
саек ауылындағы май-сыр зауытын меншіктеді. «ФудМастер»
компаниясының иелігіне өткеннен бастап зауыттың жеті жылғы
тұралаудан кейінгі жаңа тіршілігі қайнап кетті. Күніне 30 тонна сүтке
дейінгі қуаттылығы бар зауытта, Қазақстан нарығында жоғары
сұранысқа ие болған айран, био-айран және сүт өндіріледі.
Заманауи «Хугарт» және «Роверси» технологиялық желілері жаңа
және сапалы өнімдердің көптеген түрлерін өндіруге мүмкіндік береді.
Жергілікті тұрғындардан құралған еңбек ұжымы өз ісінің шеберлері
және мекеменің үздіксіз өскен жетістіктерінің айқындауыш бөлігі болып
табылады. 2003 жылғы тамызда «ФМ – Шымкент» компаниясы сүт
өңдеу және сүт өнімдерінің өндірісі саласында ISO – 9001 сапа
менеджменті жүйесіне сәйкестіктің халықаралық сертификатын алды.
жалғасы
ФМ–Қордай
Жамбыл облысының Қордай кентінің жанында
Қырғызстанмен шектескен жерге таяу шұрайлы
жерде «ФудМастер» компаниясының сыр зауыты
орналасқан. «ФудМастер» компаниясы қатқыл
сырдың бірегей дайындау тәсілін сақтап қана қоймай,
атақты сыр жасау шеберлерін сақтай алды. 1998
жылдан бастап «ФудМастер-Қордай» Костромалық,
Ресейлік, Голландиялық сияқты дәстүрлі қатқыл іріткі
сырларын өндіреді. Зауыт күрделі қалпына келтіру
жүргізілді. Жаңартылған жабдықтама анағұрлым ұзақ
сақтау мерзімді мінсіз, сапалы сырларды өндіруге
мүмкіндік береді.
жалғасы
Компания зауыттарының ҚР-
ның әр облысында орналасуы оның
өнімдерінің республика бойынша
барлық өңірге жеңіл тасымалдауға
мүмкіндік береді. Өнімдер
сапасының жоғарылығы,
ұсынылатын ассортименттің кең
болуы сатып алушыларды, ал одан
шыға сатып алушыларды да үлкен
көлемде тартады. Сұранысқа сай
ұсынысты қамтамассыз ету жолында
табыс табамын деген әр азық-түлік
дүкені сату ассортиментінде
Foodmaster компаниясының өнімінің
болуын қалайды. Соның
нәтижесінде, Қазақстанның қай
түпкірінде болсаң да Foodmaster-дің
айранын, не қаймағын қаласаң,
маңайдағы кез-келген дүкеннен
сатып ала аласын.
Price:
Promotion:
«ФудМастер» ірімшік десерттері «Лактония» йогуртты сусыны
«Лактония» йогуртты сусыны «ФудМастер» ірімшігі
Орындағандар: ГиМУ07К2.
Нурпеисова Д. Абдышева Ж.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz