Қоршаған ортаны ластаушы заттардың әсерін анықтауда биоиндикатор ретінде жәндіктерді пайдалану



ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Биология факультеті
Ботаника және экология кафедрасы
Бітіру жұмысы
Қоршаған ортаны ластаушы заттардың әсерін анықтауда биоиндикатор ретінде жәндіктерді пайдалану
Орындаған:
4-курс студенті
Керимкулова Айгерим
Ғылыми жетекші:
б. ғ. к., ботаника және
экология кафедрасының
доценті Бияшева З. М.

Жұмысымыздың өзектілігі: бәріне белгілі жағдай, ол мұнай шығару, оны қайта өңдеу және тасымалдау зонасында әрдайым қоршаған ортаның қарқынды ластануы жүріп отырады. Осыған байланысты біздің жұмысымыздың мақсаты Атырау қаласының жағдайында Drosophila melanogaster, яғни тест-объектімізді апробациялау.
Міндеттер:
Атырау қаласының жағдайында Drosophila melanogaster табиғи популяциясын іздеу;
Аулау нүктесін анықтау;
2009 жылғы Drosophila melanogaster іріктемелеріне морфо-генетикалық анализ жүргізу.
Атырау қаласындағы морфоздардың түзілу деңгейін бақылаумен (Алматы қаласының маңы - Тұздыбастау) салыстыру.

АУЛАУ ӘДІСІ
Табиғи популяциядан Drosophila мelanogaster аулау үшін көлемі 0, 5 платмас шөлмектерден жасалған тұзақты пайдаландық. Ол үшін: шөлмектің жоғары бөлігін кесіп алып, ауызын төмен қаратып төменгі бөлігіне кигізеді, воронка сияқты, шет жақтарын скочпен жауып тастайды. Еліктіргіш ретінде кез-келген бұзылған жеміспен көкөністі алуға болады. Тұзақтарды жерден өте биік емес, жылы жерлерде және ауа райының жағдайларын ескере отырып орналастырады, жауын-шашын болған жағдайда тұзаққа су кіріп кетпеу үшін алдын ала шаралар жасау қажет. Сол үшін оларды құбырлардың астына қояды.

ДРОЗОФИЛАМЕН ЖҰМЫС ІСТЕУГЕ ҚАЖЕТТІ ҚҰРАЛ-ЖАБДЫҚТАРМЕН ЖӘНЕ ИНВЕНТАРЬ
Шыны түтік және тығын дайындау үшін мақта.
Эфир және морилка. Оның негізгі қасиеті - эфирді үнемдеу, жұмыс бөлмесінде буларының болмауы және шыбындарды наркоздандырудың ең жылдам жолы.
Жіңішке іскек.
Ақшыл түстікүйіктасты тақта, көлемі шамамен 5х10 см.
Әлсіз немесе орташа үлкейткішті бинокулярлы лупа.
Қоректік ортаны дайындау үшін ыдыс
Таразы және мензурка.
Этикетка немесе шыны ыдысқа жазу үшін қалам
Термостат.

Қоректік ортаны дайындау
Төменде көрсетілген рецепт 500 мл суға есептелген. Қажетті көлемдегі суды (500мл) кастрөлге құямыз және плиткаға қоямыз. Су қайнағанша қажетті ингредиентерді келесі пропорцияларда өлшейміз:
Ашытқы . . . 9г
Изюм . . . 20г
Қант . . . 20г
Ұнтақ жарма . . . 18г
Агар-агар . . . 4г
Нипагин . . . 8мл
Сосын негізгі әдістеме бойынша қоректік ортаны дайындаймыз

ТӘЖІРИБЕ НӘТИЖЕЛЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ТАЛҚЫЛАУ
Drosophila melanogaster табиғи популяциясының особьтарын аулауды Атырау қаласының бір районында (Авангард микрорайоны) жүргіздік. Дрозофилаларды аулауды тұзақтардың көмегімен бірнеше нүктелерде жүргіздік, сонымен қатар бақылау зонасы ретінде Алматы қала маңын (Тұздыбастау (Самал-1 дачалары), 14 км оңтүстік-шығыс) алдық, ол жерлерде де тұзақ көмегімен ауладық.

Авангард микрорайоны Дрозофилаға арналған тұзақ

Дрозофиланың табиғи популяцияларының іріктемелерін наркозданырып МБС-10-нің көмегімен сыртқы белгілері бойынша талдадық. Особьтар саны есептеліп, морфоздарды анықтаймыз, оларды жынысына байланысты бөлеміз. (кесте 3) . Біздің жүргізген морфологиялық анализіміздің нәтижесінде, негізінен қанатының морфоздары кездесті: бұралған қанатты, қайырылған қанатты, бір қанаты екіншісінен кем, қанаты мыжылған және т. б.
Көбінесе морфоздар аналығында байқалды. Олардың пайда болуы ассиметриялы болды, яғни денесінің оң жағында жиі кездеседі.
Drosophila melanogaster морфоздары:
1) бүктелген қанатты; 2) ширатылған қанатты; 3) ассиметриялы қанат морфозы

Атырау қаласының Drosophila melanogaster табиғи популяциясының полиморфизмі
Ұрпақ тар
Талданған имаголар саны
Барлық имаголар Σ
Қанат морфозының саны
Барлық морфоздар Σ
Аталық және аналықтардағы морфоз үлесі, %
Морфоз үлесі, %
♀♀
♂♂
♀♀
♂♂
♀♀
♂♂
F0
97
83
180
11
4
15
6, 1
2, 2
8, 3
F1
274
226
552
26
9
35
4, 7
1, 6
6, 3
F2
601
695
1296
70
17
87
5, 4
1, 30
6, 7

Dr. melanogaster изоаналық линиялардағы морфоздың тұқымқуалауы
Бұл кестеден үш ұрпақ бойынша изоаналық линия көрсетілген, сонымен қатар морфоздың берілуін байқауға болады. Изоаналық линияларда да қанат морфоздары басым.
Аулау нүктесі
Изаналық линия саны F1
Морфоз анықтал ған линия саны F1,
Изаналық линия саны F2
Морфоз анықталған линия саны F2,
Изаналық линия саны F3
Морфоз анықтал ған линия саны F3,
Микрорайон Аван гард
5
5
18
15
5
4

2009 жылғы Атырау қаласының Drosophila melanogaster табиғи популяциясындағы морфогенетикалық өзгергіштік
Зерттеу зонасы
Ұрпақ
Анализден ген имаго саны
Морфозды имаго саны
Морфоз үлесі %
Микрорайон Авангард
F0 немесе РР
180
15
8. 3%
Микрорайон Авангард
F1
552
35
6. 3%
Микрорайон Авангард
F2
1296
87
6. 7%
Бақылау- Алматы маңы (Туздыбастау)
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz