Қиял туралы жалпы ұғым: пассив және актив, шығармашылық қиял мен схематизация әдістері


Slide 1

Рефераттың тақырыбы: «Қиял туралы жалпы ұғым»

Slide 2 Slide 3

Адам санасының жануар психикасынан басты айырмашылығы, адамда ойлаумен қатар қиял әрекетінің болуында.

Slide 4

Қиялдың адам қажетіне асуы, оның шындықпен байланысты болып келуі адамға ерекше қанат бітіріп, оның ілгері өрлеуіне себепші болады. Халық «Қыран жетпеген жерге, қиял жетеді» деп бекер айтпаған.

Slide 5

Қиялдың негізгі 2 түрі бар:

1) актив

2) пассив

Slide 6

Қиялдық бүтіндей пассивтік түрінің шегі - түс көру. Түс көрудің физиологиясын жан-жақты түсіндіріп берген И. П. Павлов болды.

Ұйқы кезінде ми клеткаларының бәрі тежелмейді, кейбір бөлімдері қозу жағдайында болып жүмыс істей береді. Мидың мүндай бөліктерін «күзетші пункт» деп атайды. Осы «күзетші пункттердең біздің бұрын қабылдаған, көрген, естіген, қолға ұстап, дәмін татқан заттарымыздың бейнелері мида қайтадан «тіріледі». Түсте небір ақылға сыйымсыз образдардың жасалатыны белгілі. Өйткені бұл кезде мидағы сигнал жүйелерінің арасындағы байланыс әлсірейді, мүнда негізінен бірінші сигнал жүйесі ғана қызмет істейді. Екінші сигнал жүйесінің қызметі толық тежелуге ұшырайтындықтан, адамның ойлау қабілеті өте төмен болады.

Slide 7

Творчестволық қиял деп - өзіндік жаңа образдар жасау арқылы әрекетте, жаңа продуктылар беруде көрінетін қиялды айтады. Жазушының, суретшінің, галымның, композитордың т. б. қиялы творчестволық қиялга жатады. Творчестволық қиял - қайта жасау қиялына қарағанда, әрі күрделі, әрі қиын. Абай Құнанбайевтың образдарын жасау, оны сипаттап жазған шығарманы оқып, елестетуден әлдеқайда ауыр. Творчестволық қиял ақын-жазушылардың, суретшілердің, артистердің т. б. осы секілді өнер қайраткерлерінің іс-әрекеттерінде үлкен орын алады.

Slide 8

Актив қиялдың ерекше бір түрі - арман. Арман дегеніміз өз қалауымызша жаңа образдар жасау. Мүның творчестволық қиялдан ерекшелігі мынада: арман өзіміздің тілеген келешекке бағытталған қиял процесі. Арман творчестволық әрекетпен тікелей байланысты емес, ол творчестволық қиялдың бірінші дайындық сатысы. Арманды бағалауда оның әрекетке қандай қатынасы бар екендігі қатты ескерілуі қажет. Орыстың белгілі демократ, публицисі Д. И. Писарев (1840-1868) шындық пен оптимизмге толы арман туралы көп толғанған адам, оның «арманның іске талпындыратын пайдасы» туралы пікірі жастар үшін ерекше маңызды. Өйткені адам әрекет етудің орнына бос қиялға сүңгісе, бүл келешектің қиялы болмай, бос лағу, құрғақ қиял болар еді.

Slide 9

Мәселен, іштен соқыр болып туған адамның түсіне көзге көрінетін «бейнелер кірмейді, оның басқа сезім мүшелері арқылы (иіс, дәм, есіту т. б. ) қабылдаған нәрселері еніп отырады. Егер соқырлық кейінірек пайда болса, онда сол адамның түсіне бүрын көзімен көрген заттарының бейнелері кіре береді. «Барлық адамдардың түсі - бірінші сигналдардың бейнелі, нақты және эмоциялық түрде жандануы». -деп жазды И. П. Павлов.

Slide 10

1. Анализ

2. Синтез

3. Агглютинация

4. Схематизация

Slide 11

Түрлі схемалар мен суреттердің акцентировка (образдың типтік басты белгілерін жасау) тәсілдері схематизация әдісі арқылы колданылады. Қиялдағы елестерді топтастырудың қарапайым түрі агглютинация әдісі деп аталады. Осы әдіс арқылы мифологиялык, бейнелер (кентавр, сфинкс, жезтырнақ) мен түрлі механизмдердің, машиналардың конструкциялары (амфибия - танк, судан өте алатын жеңіл танк, аэрошана - суға қонып, ұша алатын самолет) құрастырылады екен.

Slide 12
Ұқсас жұмыстар
Ойлау мен қиял: теориясы, түрлері және образ жасау әдістері
Қиял: түрлері, механизмдері және дамыту жолдары
Қиял: ұғымы, түрлері, ерекшеліктері және бағалау тесті
Сезіну, қабылдау және қиял: психофизиологиялық негіздері мен түрлері
Бухгалтерлік баланс: анықтамасы, түрлері және актив-пассив құрылымы
Елес пен қиял: түрлері, психологиялық механизмдері және жас ерекшеліктері
Әлеуметтануға кіріспе: тарихи қалыптасуы, негізгі ұғымдар және әлеуметтік қиял
Психикалық процестер: зейін, түйсік, қабылдау, ес, ойлау және қиял
Мектепке дейінгі кезеңдегі баланың ойлау үдерісі, ес және қиял қабілеттерінің дамуы
Инфекция: жалпы ұғым және инфекциялық аурулардың классификациясы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz