Бағалы қағаздар нарығы туралы
Презентация қосу
Тақырыбы:Бағалы қағаздар
нарығы
Орындаған: Серікқызы А.
Бердібай С.
Тексерген: Керімбекова Н.
Мазмұны
Кіріспе.
Бағалы қағаздар нарығының түсінігі.
Бағалы қағаздар нарығының заңдары.
Бағалы қағаздар нарығының құқықтық
қатынастарда алатын орны
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер
Кіріспе.
Бағалы қағаздар нарығы – бағалы қағаздар сатып алынатын және сатылатын
нарық. Бағалы қағаздар (банктер, арнаулы кредит институттары мен қор
биржалары) арқылы кәсіпорындардың, банктердің мемлекеттің және жеке
адамдардың қорланған ақшасы шоғырландырылып, капиталдың өндірістік және
өндірістік емес жұмсалымына салынады.
Өркениетті мемлекеттерде экономикалық өрлеуді қаржыландырудың басты жолы
– бағалы қағаздар нарығы. Бағалы қағаздар кез-келген нарықтық экономиканың
төлем айналымында маңызды орын алады, себебі олар арқылы мемлекеттің
инвестициялық қызметі жүзеге асырылады, яғни бұл күрделі қаржы тікелей халық
шаруашылығының ең тиімді саласына жіберіледі, оларды нарық жүйсіндегі ең
өміршең субъектілер ғана ала алады.
Елде дамыған бағалы қағаздар нарығы қалыптасуы үшін оның құрамдас бөліктері
болуы қажет. Олар:
сұраныс пен ұсыныс;
делдалдар мен басқа қатысушылар;
нарықтық инфрақұрылым яғни коммерциялық банктер, қор биржалары,
инвестициялық институттар және с.с.;
нарықты реттейтін және өзін-өзі реттейтін жүйелер.
Нарықтың осы құрамдас бөліктері қазіргі уақытта негізінен құрылып болды. Бұл
жөнінде елімізде экономикалық жүйені реформалауды тереңдету жолында
қабылданған Қазақстанда мемлекеттік меншікті жекеменшіктендіру Ұлттық
бағдарламасы бағалы қағаздар нарығының негізгі субъектілері – акционерлік
қоғамдардың құрылуын тездетуде шешу рөл атқарады.
Акционерлік қатынастардың Қазақстан Республикасында күн өткен сайын
арта түсуі акционерлік қоғам туралы заңнаманы, акционерлік қоғамдардың
құқықтық механизімін зерттеуді талап етіп отыр.
Осы ұсынылып отырған жұмыс Қазақстан Республикасының заңнамасы
бойынша заңды тұлғаның бір ұйымдық-құқықтық түрі болып табылатын
акционерлік қоғамдардың құқықтық жағдайына және ол бойынша әрекет
етуші акционерлік заңнамаға, сонымен қатар акционерлік қоғам зерттеуге
бағытталған.
Осы курстық жұмысымның 1-ші бөлімінде бағала қағаздар нарығының пайда
болып нарықтық экономикада қалыптасуы және бағалы қағаздардың түсінігі
туралы жазамын.
Бағалы қағаздар нарығын мемлекеттік реттеу, менің ойымша ең маңызды
және жауапты міндеті. Себебі, бағалы қағаздар нарығының қатысушылары
заң шеңберінен ауытқымай, құқықтық нормалар негізінде іс жүргізеді.
Сондықтан мен 2-ші бөлімде бағалы қағаздар нарығын реттеу мен бағалы
қағаздар нарығының қатысушыларына тоқталып өтемін.
Бағалы қағаздар нарығының түсінігі.
Алғашқы бағалы қағаздар нарығы 20 жылдары КСРО-да жаңа экономикалық
саясат кезінде пайда болған. Ал қазіргі кезде Қазақстанда бағалы қағаздар
нарығының алғашқы нұсқалары Кеңес Одағы заңдарының негізінде 90-шы
жылдардың басынан бастап пайда бола бастады.
Бағалы қағаздар нарығы тек әдеттегі тауар-ақша қатынастары және меншік
қатынастары жағдайында дамуы мүмкін. Мемлекеттік меншікті жаңа нарықтық
қатынастарға сай өзгертуге тек оны жекеменшіктендіру арқылы ғана іске асады.
Соңғы 10 жылдықта дүниежүзінің көптеген елдерінде жекеменшіктендіру жүрді.
Әсіресе, Англияда ол шапшаң қарқынмен өтті. Бірақ Батыс Еуропа елдерінде
жекеменшіктендіру өркендеген нарық экономикасы жағдайында жүрді.
Сондықтан жекеменшіктендірілген кәсіпорындардың акция саны қанша көп
болса да өркендеген нарық жағдайында оларды орналастыру өте оңай болды.
Ал тәуелсіз мемлекеттер достастығындағы (ТМД) елдердің жайы өзгеше.
Бұл елдерде бағалы қағаздар нарығы жаңадан қалыптасып келе жатқан
жағдайда мемлекеттік кәсіпорындарды жекеменшіктендіру оларды
акцияландыру арқылы жүргізілді. Себебі, көптеген кәсіпорындар да халықта
осындай жаңа құбылыстар арқылы нарыққа кең көлемде қатынасуға мүмкіндік
алады. Жекеменшіктендіру бағалы қағаздардың жаңа түрі – жекеменшіктендіру
чектерін (купондарын) өмірге келтірді. Бұл мемлекеттің бағалы қағаздардың
бір түрі, олар, өз иесіне мемлекеттің иелігінен алып, жекеменшіктендірілген
меншіктің бір бөлігін қайтарымсыз пайдалануына құқық береді.
Ірі және орта кәсіпорындарды жекеменшіктендіру оларды акционерлік қоғам
ретінде қайта құрудан басталды. Акционерлік қоғамның иесі – акционерлер,
олардың меншік құқы акция берумен куәландырылады.
Жекеменшіктендіру чектеріне кез-келген жекеменшіктендірілген
кәсіпорынның акциясын сатып алуға болады. Ал жекеменшіктендірілген
кәсіпорын ұжымының мүшелері өздері қызмет істеп жүрген кәсіпорнының
акциясын жеңілдікпен сатып алуға құқы бар. Ондай сатып алуды да
жекеменшіктендіру чегімен төлеуге болады. Жекеменшіктендіру чегіне басқа
акционерлік қоғамға айналған кәсіпорындардың акциасын сатып алу
аукциондарда жүргізіледі. Аукцион өтетіні туралы алдын ала ақпарат
құралдарында жарияланады. Сонымен бірге жекеменшіктендіру чегіне
арнаулы инвестициялық қорлардың да акциясын сатып алуға болады. Ондай
қорлар чектерді өздерінде көптеп шоғырландырып, оған басқа акционерлік
қоғамдардың акцияларын сатып алады. Инвестициялық қорлардың
акциаларын сатып алушы сол қордың иемденушісінің біреуі болып
есептеледі. Қор оған өз пайдасының бір бөлігін төлейді. Инвестициялық
қорлар – жеке ұйым.Мемлекет нивестициялық қорларға салған чектерге
кепілдік бермейді.
Осы айтылғандардан басқа, жекеменшіктендіру чегін мұра етіп қалдыруға,
сыйлық ретінде беруге және сенімхатпен басқа адамға беруге болады.
Біздің елімізде мемлекеттік меншікті жекеменшіктендіру және
жекеменшіктендіру чегіне акция сату 1994 – 1995 жылдары өтті. Ол кездерде
көптеген инвестициялық қорлар ашылып, халық ол қорларға чектерін
тапсырғанымен олардың орнына акция алғандары аз.
Қазақстанда бағалы қағаздар рыногі 1991 жылдан бастап қалыптаса бастады.
Бұл мәселеде мемлекеттік кәсіпорындардың жекешелендірілуі және
акционерлендірілуі шешуші рөл атқарды. Қысқа мерзім ішінде күллі ұлттық
шаруашылық кешені заңды түрде экономикалық жағынан өзгеше
кәсіпорындарға айналды, олардың көпшілігі нақты иесі бар акционерлік
капитал ретінде көрінді. Осының нәтижесінде 1991 – 1993 жылдары 200
акционерлік қоғамның, соның ішінде 30-ға жуық акционерлік коммерциялық
банктің акциялары тіркелінді. Бұл жылдары эмиссияның жалпы сомасы 110
млрд. сом болды.Соның ішінде банктердің үлесі 80% құрады.
1-кезең. 1991 – 1992 ж. дейінгі уақыт және негізінен сауда объектілерінен
қызмет көрсету салаларын сату. Сондай-ақ мемлекеттік меншікті еңбек
ұжымына беру қолға алынды. Осы уақыт ішінде 2500-ден астам ірі және
шамамен 4000 шағын кәсіпорындар экономиканың мемлекеттік емес
секторына өтті. Бұл арада тек әрбір бесінші кәсіпорын ғана мемлекет
иелігінен алынып жекеменшікке өтті. Негізінен арадағы сауда, қоғамдық
тамақтандыру және тұрмыстық қызмет көрсету салаларындағы кәсіпорындар
жекеменшіктендірілді.
2-кезең. 1993-1996 жылдардың басына дейінгі уақыт. Бұл кезеңдегі
жекешелендіру принципі жекешелендіру купонын халыққа таратып беруге
негізделді. Халық бұл купонды арнайы инвестициялық қорларға салу құқығына
ие болды. Бұл купондар сондай-ақ мемлекеттік кәсіпорындардың акцияларын
сатып алу үшін қолданылды. Қазақстан Республикасының барлық азаматтары
купон кітапшаларын алды. Бұл арада халықтың материалдық жағдайындағы
айырмашылығын ескере отырып, қала халқына 100 купон бойынша, ауылға
120 купон бойынша есептелді. Ұлттық банк филиалдары купонды таратып беру
1993 жылы аяқталды, купонмен халықтың 90% қамтылды. 1994 жылдың
мамырынан - 1996 жылдың ақпан айына дейін Қазақстан Республикасында 22
купондық аукционда 1700-ден астам кәсіпорын сатылуға ұсынылды.
3-кезең. Жеке жобалар бойынша жекешелендіру 5000-нан астам адам жұмыс
істейтін ірі кәсіпорындар мен айрықша мемлекеттік маңызы бар кәсіпорындар
мысалы, кен өндіруші өнеркәсіптер немесе табиғи монополиялар жеке
жобалар бойынша жекешелендіру бағдарламасы негізінде жекешелендіру
керек болған сол себептен осы категорияға шамамен 170 кәсіпорын кірді.
Бағалы қағаздар нарығы. Бұл нарықтың кейбір белгілері КСРО-да қазан
революциясына дейін болғанымен, соңғы 70 жыл бойы оның ешқандай өсу
белгісі болған жоқ. Ал 1990 жылдардың басында ТМД елдерінде, оның
Қазақстанда басталған нарық қатынастары даму және одан әрі жетілу үшін
белгілі бір уақыт қажет.
Себебі, нарық меншік қатынастарын және мемлекет пен жергілікті басқару
органдарының қаржы саясатын өзгертуден басталады. Нарық ең бірінші
меншікті жекеменшіктендіру және мемлекеттік кәсіпорындарды
акцияландырудан басталады. Қазіргі кезде егемен жас мемлекеттер бюджет
тапшылығын толтыру мақсатында бұрынғы үйренген әдіс – ақша белгілерін
шығарумен шұғылданбай, оның орнына мемлекеттік бағалы қағаздардың бірі
– қысқа мерзімді мемлекеттік вексельдерді (ГКО) шығарумен айналысуда.
Жергілікті басқару органдары да дәл осы жолды пайдалануда.
Бағалы қағаздар нарығы экономиканың кез келген саласының өз қажетіне
ақша қорын жасауына жол ашуда. Мысалы, акция шығарып осы қорды үнемі,
яғни кәсіпорын жабылғанша пайдалануға болады, ал облигацияны шығару
несиені банктен алудан тиімділеу жағдай жасайды. Бұл айтылғандар бағалы
қағаздар нарығын өрістетуге мүмкіндік береді.
Қаржы нарығына мемлекеттік үстемдікті жойған кезде, ол әкімшілік емес, тек
экономикалық заңдардың әсерімен қызмет жасайды. Егер қаржы нарығы
жеке меншікке негізделсе, әрине оның әкімшілік тәсілмен қызмет етуі мүмкін
емес. Кәсіпорын мемлекеттік меншіктен акционерлік меншікке өткенде бүкіл
табыстың салық төлегенне кейін қалғаны өз меншігінде болады.
Кәсіпорындар уақытша бос қаржысына коммерциялық банктердің төлейтін
пайыздық мөлшері нарық деңгейіне сай келгенде ғана оларды есеп шоттарда
сақтайды. Сонымен, шаруашылықты экономикалық әдістермен жүргізу -
өндірістің өсуін қамтамассыз етіп, қаржы қорларының көбейіп, қоғамда
әлеуметтік оң өзгерістердің болуының кепілі.
Бағалы қағаздар – иеленушілеріне мүліктік құқық және белгілі бір ақшалай сома
алуға құқық беретін ақша немесе тауар құжаттары; мүлікті құқықты куәландыратын
белгілі бір жазбалар мен басқа да белгілердің жиынтығы.
Акция – акционерлердің қоғамдағы үлесін немесе меншігін куәландыратын бағалы
қағаз. Ол иемденушісіне компанияның капиталының, мүлкінің, кірісінің бір бөлігіне
заң жүзінде меншік құқын береді.
Бағалы қағаздар нарығы басқа нарықтардан онда сатылатын өзінің айрықша
тауарымен өзгешеленеді. Ол өзгеше тауар – бағалы қағаздар. Олар біріншіден,
меншік белгісі, екіншіден, қарыз міндеттемесі, яғни олар бойынша табыс алу құқы
және табыс төлеу міндеттемесі пайда болады. Одан бұрын айтқанымыздай, бұл
тауарды өз құқына аз болсада, өте жоғары нарық бағасымен сатуға болады. Бағалы
қағаздардың көрсетілген құны өте төмен болғанымен, мысалы, өндіріс кәсіпорнына
жұмсалған нақты капиталдың белгілі бір мөлшерін көрсетеді. Егер бағалы қағаздарға
нарықтық сұраныс оның ұсынысынан жоғары болса, онда оның бағасы көрсетілген
құнынан жоғары болады.
Бағалы қағаздар – мүлікті құқықты растайтын ақшалай құжаттар немесе мұндай
құжаттарды шығарған ұйымға олардың иелері қарызының қатысы.
Бағалы қағаздардың бір ерекшелігі ретінде олардың мүліктік сипатын айтуға болады.
Яғни бағалы қағаздар міндетті түрде оның ұстаушының қалай да бір мүлікке құқылы
екендігін куәландыруға тиіс. Бұл белгілі бір тауар немесе нақты акция сомасын алуға
мүмкіндік береді. Сондай-ақ бағалы қағаздар белгілі бір қоғамның, кәсіпорынның,
фирманың, ұйымның меншігіне қатысуға және басқаруға құқық береді.
Бағалы қағаздар нарығы – нарықтық экономикада күтпеген кездейсоқ
болатын процестердің реттеушісі. Бұл алдымен капиталды инвестициялау
процесіне қатысты. Капиталды инвестициялау деген оның капиталға мұқтаж
өндіріс салаларына құйылуы, ал артық болған уақытта сол саладан кері
алынуы. Капиталдың бұндай айналыс механизмі мұнадан түсінікті. Мысалы,
кейбір тауарларға немесе қызмет түрлеріне сұраныс өссе, онда оған сәйкес
бағасы да өседі. Демек, оларды өндіруден пайда да өседі,сондықтан басқа
салалардың өніміне сұраныс азайып, олардың экономикалық тиімділігі кеміп,
ондаға капиатал өніміне сұраныс өсіп тұрған салаларға құйылады. Бағалы
қағаздар осы механизмнің құралын қамтамасыз ететін құрал. Олар уақытша
бос капиталды сату-сатып алу арқылы тиімді өндіріске бағыттап отырады.
Бағалы қағаздар нарығының заңдары.
Бағалы қағаздар нарығының өзін-өзі реттейтін ұйым – бағалы қағаздар
нарығында өз қызметінің бірыңғай ережелері мен стандарттарын белгілеу
мақсаттарымен қауымдастық нысанында бағалы қағаздар нарығының кәсіби
қатысушылары құрған заңи тұлға. Оның негізгі міндеті өзін-өзі реттейтін ұйым
мүшелерінің және олардың клиенттерінің құқықтары мен мүдделерін қорғау, сондай-
ақ ҚР-ның бағалы қағаздар нарығында кәсіби қызметті жүзеге асырудың бірыңғай
жағдайларын жасауды қамтамасыз ету болып табылады.
91-бап. Өзін-өзі реттейтін ұйымның міндеттері мен мақсаттары
Өзін-өзі реттейтін ұйымның негізгі міндеті өзін-өзі реттейтін ұйым мүшелерінің және
олардың клиенттерінің құқықтарымен мүдделерін қорғау, сондай-ақ ҚР-ның бағалы
қағаздар рыногында кәсіби қызметті жүзеге асырудың бірыңғай жағдайларын
жасауды қамтамасыз ету болып табылады.
Өзін-өзі реттейтін ұйымның негізгі мақсаттары:
өзін-өзі реттейтін ұйым мүшелерінің кәсіби қызметінің бірыңғай ережелер мен
стандарттарын белгілеу;
өзін-өзі реттейтін ұйым мүшелерінің қызметін және олардың ҚР-ның бағалы қағаздар
рыногы туралы заңдарын сақтауын бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру;
өзін-өзі реттейтін ұйым мүшелерінің және олардың клиентттерінің құқықтары мен
мүдделерін қорғау;
өзін-өзі реттейтін ұйымның мүшелері арасындағы дауларды, сондай-ақ мүшелері
мен олардың клиенттері арасындағы дауларды шешу;
мемлекеттік өкімет пен басқару органдарында, сот және өзге де ұйымдарда
өзін-өзі реттейтін ұйым мүшелерінің мүдделерін білдіру болып табылады.
92-бап. Өзін-өзі реттейтін ұйымның құқықтық жағдайы
Өзін-өзі реттейтін ұйымның мәртебесін заңды тұлғаға:
бағалы қағаздар рыногында белгілі бір қызмет түрін жүзеге асыратын барлық
лицензиаттардың кем дегенде жартысы осы заңды тұлғаның мүшелері
екенін;
сол заңды тұлғаның осы Заңның 94-бабында көзделген ішкі құжаттары
уәкілетті органмен келісілгенін;
барлық қызметкерлердің (техникалық функцияларды жүзеге асыратын
қызметкерлерді қоспағанда) тиісті санаттағы біліктілік куәліктері бар екенін;
басшы қызметкерлер осы заңды тұлға мүшелерінің аффилиирленген
тұлғалары емес екендігін растайтын құжаттар негізінде уәкілетті орган береді.
Заңды тұлға осы тармақтың 1) – 4) тармақшаларының талаптарына сәйкес
келмеген жағдайда өзін-өзі реттейтін ұйым мәртебесінен айрылады.
Заңды тұлғаға өзін-өзі реттейтін ұйым мәртебесін беру және оның жойылу
тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен белгіленеді.
Өзін-өзі реттейтін ұйымның атауында осы ұйым мүшелерінің негізгі қызметінің
түрін көрсететін сондай-ақ «қауымдастық», «Одақ» немесе «Бірлестік» деген
сөздер болуға тиіс.
уәкілетті органға бағалы қағаздар рыногында кәсіби қызметті жүзеге асыру
тәртібін белгілейтін нормативтік құқықтық актілердің жобалары,
нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу жөнінде ұсыныстар беру;
бағалы қағаздар рыногында өзін-өзі реттейтін ұйымның мүшелері
арасында туындайтын дауларды және мүшелері мен олардың клиенттері
арасындағы дауларды қарау;
уәкілетті органның тиісті рұқсаты болған жағдайда бағалы қағаздар
рыногында қызметті жүзеге асыруға ниет білдірген адамдарға оқу
бағдарламаларын әзірлеу және оларды оқытуды жүргізу;
бағалы қағаздар рыногында қызметті жүзеге асыруға ниет білдірген
немесе өзінің кәсіби деңгейін растайтын адамдарды тестілеу процесіне
қатысу;
өзін-өзі реттейтін ұйым мүшелерінің рейтингтерін жасау және жариялау;
уәкілетті органның бастамасы бойынша өзін-өзі реттейтін ұйым
мүшелерінің қызметін тексеруге қатысу;
бағалы қағаздар рыногында өз мүшелерінің қызметін бақылауды жүзеге
асыру және ҚР-ның заңдарын және өзін-өзі реттейтін ұйымның ішкі
құжаттарын бұзуға жол берген өзін-өзі реттейтін ұйым мүшелеріне өзінің
ішкі құжаттарында белгіленген тәртіптік ықпал ету шараларын қолдану
болып табылады.
Өзін-өзі реттейтін ұйым өз мүшелерінен, коммерциялық, қызметтік және заңмен
қорғалатын өзге де құпияны құрайтын ақпаратты қоспағанда, олардың бағалы
қағаздар рыногындағы қызметі туралы ақпарат табыс етуді талап етуге құқылы.
Өзін-өзі растайтын ұйым өз мүшелерінің қызметі мәселелері бойынша уәкілетті
орган беретін ақпаратты өзінің мүшелеріне жеткізіп отыруға міндетті.
94-бап. Өзін-өзі реттейтін ұйымның ішкі құжаттары
Өзін-өзі реттейтін ұйымның ішкі құжаттары:
өзін-өзі реттейтін ұйымның мүшелері қызметінің ережелері мен
стандарттарын;
өзін-өзі реттейтін ұйымның өз мүшелерінің қызметіне қатысты бақылау
және қадағалау іс-шараларын жүргізу ережелерін;
өзін-өзі реттейтін ұйымның мүшелері арасындағы дауларды және
мүшелерімен олардың клиенттері арасындағы дауларды шешу
ережелерін;
өзін-өзі реттейтін ұйымның мүшелігіне қабылдау, мүшелікті тоқтата тұру
және өзін-өзі реттейтін ұйымның мүшелігінен шығару ережесін;
өзін-өзі реттейтін ұйым мүшелерінің кәсіби этика ережелерін;
жаза қолдану ережелерін;
өзін-өзі реттейтін ұйымның бөлімшелері, комитеттері, филиалдары мен
өкілдіктері қызметінің тәртібін белгілеуге тиіс.
Бағалы қағаздар нарығының құқықтық
қатынастарда алатын орны
Азаматтық құқықтық объектілерінің бірі бағалы қағаздар болып табылады.
Азаматтық кодекстің 129-бабында оған мынадай анықтама берілген:
белгіленген нысан мен міндетті реквизиттерді сақтай отырып, жүзеге
асырылуы тек оны көрсеткенде ғана мүмкін құқықтарды куәландыратын
құжат бағалы қағаз болып табылады. Осындай анықтамадан бағалы
қағаздың ерекше сипаты шығады, ол атап айтқанда:
бағалы қағаз – түрі және мазмұнымен заң талаптарына қатаң бағынатын
құжат. Мәселен, бағалы қағаздармен куәландыратын құқықтардың түрлері,
бағалы қағаздардың міндетті реквизиттері, бағалы қағаз нысанына
талаптар және басқа да қажетті талаптар заң құжаттарымен немесе
соларда белгіленген нысанға сәйкес келмеуі оның жарамсыз болуына
әкеліп соқтырады;
бағалы қағаз оның иеленушісінің мүліктік құқығын куәландырады.
бағалы қағаздағы құқықты жүзеге асыру үшін оны көрсеткенде не бергенде
ғана құқық іске асырылады. Айталық, бағалы қағазда жасалған
индоссамент бағалы қағазбен куәландырған барлық құқықтарды бағалы
қағаз бойынша құқықтар берілетін адамға – индоссаментқа немесе соның
бұйрығына ауыстырады. Индоссамент бланкінің болуы мүмкін (орындауға
тиіс адам көрсетілмейді).
Бағалы қағазбен куәландырылған құқықтарды жүзеге асыру, бұл
құқықтарды индосантқа бермей-ақ (сену индоссаменті) индосаментке
тапсырумен ғана шектелуі мүмкін. Бұл жағдайда индоссант өкіл ретінде
әрекет жасайды. (АК-тің 132 бабы).
Азаматтық кодекс бағалы қағазды құжат деумен бірге оны зат деп те көрсетеді.
Өйткені, кез келген құжаттың түп-төркіні материалдық дүниеге қатысты келеді.
Сондықтан да онда көрсетілген әріп таңбалары мен сандары, тасқа басылып не
қолмен жазылған жазбалары осы құжат туралы тиісті ақпарат береді. Сонымен
бірге кез-келген құжаттың бағалы қағаз болмайтыныны тағы бар, тек заңмен
белгіленген шарттық белгілері сақталғаны бағалы құқығын алады.
Бағалы қағаздың міндетті реквизиттері арнайы нормативтік құқықтық
құжаттарында көрсетілген (оның атауы, сериясы, нөмірі, өтініш жасау мерзімі,,
субъектінің қағаз бойынша көрсетілген міндеті, номиналдық құны, кіріс көлемі
немесе марапаттау (пайыздар), қағаз бойынша орындалу орны және басқа
шарттар) талаптар болып табылады. Мұндай талаптар түгелдей сақталмаса, яғни
бағалы қағаздың міндетті реквизитерінің болмауы немесе бағалы қағаздың ол үшін
белгіленген нысанға сәйкес келмеуі оның жарамсыз болуына әкеліп соқтырады.
Бағалы қағаздар зат ретінде бірнеше түрге бөлінеді, әрі иеленушінің талап-
мүддесіне сәйкес бланк, қағаз парақшасы түрінде кездеседі. Бағалы қағаздың
құны тиісті материалдық игіліктің құнына негізделеді.
Азаматтық кодекстің 130-бабы мүліктік құқықтар куәландыратын мазмұнына
қарап бағалы қағаздарды облигация, консамент, акция және заң актілерінде
немесе соларда бекітілген тәртіппен бағалы қағаздар қатарына жатқызылған басқа
да құжаттар деп негізгі түрлерге бөлінеді. Кодекстің 130-бабының 2-тармағына
сәйкес, бағалы қағаздар іштей ұсынбалы, атаулы және ордерлік болып жіктеледі.
Ұсынбалы бағалы қағаздар құжаттың түпнұсқасы болады, ал түпнұсқасын ұсынушы
келесі тұлғаға көрсеткен сәтте өзінің өкілеттілігін жүзеге асырады. Демек, ұсынбалы
бағалы қағаздар онда көрсетілген мерзімде нақты құнымен басқа мүліктік балама алуға
құқық береді. Бағалы қағаздың мәтінінде оны ұсынушы үшін нақты тұлғаның есімі
көрсетілмейді, тек бұл құжаттың бағалы қағаз екендігі ғана айқындалады. (мысалы,
облигация)
Ордерлік бағалы қағаз да құжат болып табылады, ол бойынша міндетті субъект
құжат мәтінінде көрсетілген тұлғаға міндеттенген нәрсені орындауды ұсынады, немесе
өзі де белгіленген ереже боцынша құжат мәтінінде көрсетіледі. Ордерлік бағалы қағаз
құқықтың субъектісі юолып табылатын белгілі бір тұлғаға беріледі.
Сонымен бірге мезгілде мүліктік құқықтың айналым қабілеттілігін жақсарту
мақсатында ордерлік қағаздар үшін оны тапсырудың ерекше механизімі жасалған.
Ордерлік бағалы қағаз жоғалып кетсе, оған оны ұстаушының өзі жауап береді
(“Қазақстан Республикасындағы вексельдік қатынастар туралы” Заңның 96-бабын
қараңыз). Ордерлік қағаздың иесі айырылып қалған құжаты кімнің қолында екенін білсе,
құжатты қайтаруға виндикациялық талап қоюға құқылы. Егер кейінгі индоссамент
бланктік болса, жоғалған құжатқа құқық меншігін дәлелдеу іс жүзінде мүмкін болмайды.
Мұндай қағазды жоғалтқанда оның орындалуына да уміт аз. Ал ордер қағазы жойылып
кетсе, онда құжаттың балама данасын беруге болмайды.
Атаулы бағалы қағаз – бұл мүліктік сипаты бар құжат, оның иесі кім екендігі құжаттың
мәтінінде көрсетіледі. Яғни атаулы бағалы қағаз бойынша құқықты талап ету сонда
көрсетілген адамға ғана тиесілі болады.
Азаматтық кодекстің 130-бабында бағалы қағаздардың әр түрінің белгілерін қамтитын
бағалы қағазды шығару көзделген. Оған мысал ретінде атаулы түрін ұстаушының
жүргізуін талап ететін “Бағалы қағаздар нарығы туралы” Заңның 34-бабының нормасын
келтіруге болады.
ҚОРЫТЫНДЫ
Бағалы қағаздар нарығы экономиканың кез-келген саласының өз қажетіне
ақша қорын жасауына жол ашуда. Мысалы, акция шығарып, осы қорды
үнемді, яғни кәсіпорын жабылғанша пайдалануға болады, ал облигацияны
шығару несиені банктен алудан тиімділеу жағдай жасайды. Бұл айтылғандар
бағалы қағаздар нарығын өрістетуге мүмкіндік береді. Бағалы қағаздар
нарығы – нарықты экономикада күтпеген кездейсоқ болатын процестердің
реттеушісі.
Қазіргі кезде республикада бағалы қағаздар нарығының қызметін толық
қамтамасыз ететін инфрақұрылым құрылып бола қойған жоқ. Оның ішінде
бағалы қағаздар нарығында кездесетін барлық қатынастарды толығынан
реттеп жеткілікті нормативтік заң актілері жоқ. Бағалы қағаздар нарығының
мемлекеттік реттеу ғылымға негізделіп, алдын-ала дайындалған концепцияға
жүргені дұрыс деп ойлаймын.
Және де әлі Қазақстанда Бағалы қағаздар нарығы дұрыс дамымаған.
Бірақ болашақта бағалы қағаздардың нарықтық қатынастарда үстемдік
орнату үшін, біріншіден Қазақстанның экономикалық жүйесін реттеу керек,
яғни жаңа реформалар енгізу керек, екіншіден шетелдік инвестицияны қолдау
керек, яғни шетелдік елдермен тығыз қарым-қатынаста болып, олардан әр
түрлі моделдерді үйреніп, оны қазіргі кезеңге сай жүзеге асыру керек. Сонда
ғана біздің бағалы қағаздардың нарығы алға жылжи алады.
Қолданылған әдебиеттер
1. ҚР-ның құқықтық-нормативтік актілері:
2. «Бағалы қағаздар» туралы ҚР-ның заң актілері 1997 ж. 10 шілде
3. «Бағала қағаздар нарығы» туралы заң. Егемен Қазақстан 5 шілде 2003
жыл.
4. Ғылыми әдебиеттер:
5. Көшенова Б.А. «Ақша, Несие, Банктер, Валюта қатынастары» Оқу
құралы / - Алматы: Экономика 2000 – 328 бет.
6. Көшенова Б.А. «Бағалы қағаздар нарығы» Оқу құралы / - Алматы:
Экономика – 1999 – 234 бет.
7. Ілиясов Қ.Қ., Құлпыбаев С. Қаржы: Оқулық. – Алматы: 2005. – 552 бет.
8. Адамбекова А.А. «Рынок ценных бумаг в Казахстане» Алматы, 2003 –
133 с.
9. Қосымша әдебиеттер:
10. Аналитикалық журнал «Қазақстанның бағалы қағаздар нарығы» №6
1997, № 12 2004, № 1 2005, № 3 2005.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz