Сақтандыру жүйесінің теориялық негіздері


Slide 1

Сақтандыру жүйесінің теориялық негіздері

Slide 2

Жоспар

КІРІСПЕ

НЕГІЗГІ БӨЛІМ.

1. Сақтандырудың теориялық негіздері

1. 1Сақтандырудағы тәуекелдік және әртүрлі зардаптардың келтірер шығындары

1. 2 Сақтандырудың шығу тарихы

1. 3 Сақтандырудың әлеуметтік-экономикалық мәні

2. ҚР-ғы сақтандыру саласы

2. 1 Қазақстандағы сақтандыру ісінің даму кезеңдері

2. 2 Қазіргі жағдайы, проблемалары және оларды шешу жолдары ҚОРЫТЫНДЫ

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

Slide 3

Кіріспе

Біздің қоғамның даму процесі кезінде сақтандыру барынша, айтарлықтай өзгерістерге ұшырады. Жалпы алғанда сақтандыру тәуекелділікпен тікелей байланысты. Тәуекелділік дегеніміз, мүмкін болатын қауіптермен байланысты. Мысалы: (кәсіпорынның ресурсының белгілі бір бөлігінен айырылу, табысының кіріске толық түспеуі және сол сияқты тағы басқа салалардағы қауіптер) . Себебі нарықтық экономикада тәуекелдік факторы кәсіпорынның іс барысына, жалпы экономикаға әсер ететіндіктен, кейінгі кезде Қазақстанда сақтандыру нарығына баса назар аударыла бастады, сөйтіп оның экономикалық өмірде маңызы біршама артып отыр. Және де бұл сала қаржы ұйымдарының аса бір қызығушылығын танытып отыр. Алайда сақтандыру нарығының оң және позитивті өзгерістеріне БАҚ-ның тарапынан көңіл бөлінбеуінің салдарынан, қоғам ішінде сақтандыру ісіне байланысты немғұрайлық байқалады. Сөйткен күннің өзінде, жоғарыда айтқанымдай бұл салаға Қазақстанның қаржы ұйымдары үлкен бет-бұрыс жасады, себебі сақтандыру дамыған елдерде дұрыс жолға қойылған және де бұл нарық үлкен табыстың көзі.

Менің курстық жұмысты жазуымның негізгі мақсаты сақтандыру саласындағы болып жатқан өзгерістер мен проблемаларды айқындап, оларға өз көз-қарасымды білдіру. Сол себепті мен өз алдыма мынандай міндеттер қоямын:

Сақтандыру ісінің тарихы мен теориялық негіздеріне байланысты арнайы әдебиеттерді оқу.

ҚР-ның сақтандыру ісінің дамуымен және де даму кезеңдерімен танысу

ҚР-ның сақтандыру нарығындағы статистикалық мәліметтреді қарау.

ҚР-ның сақтандыруға байланысты заң нормативтерімен танысу.

Және осы міндеттерге байланысты анализ, талдау жасап ҚР-ның сақтандыру саласын зерттеу

Slide 4

Сақтандырудағы тәуекелділік және әртүрлі зардаптардың келтірер шығындары.

Дамыған нарықтық экономика сақтандыру саласын дамытуға қолайлы орта болып табылады, өйткені нарық және сақтандыру өте тығыз байланысты. Нарықтық қатынастар кезінде әрдайым кәсіпкерлік немесе өндірістік тәуекелділік болады, ал тәуеклділік бар жерде сақтандыру болады.

Сақтандыру экономикалық-қоғамдық қатынастардың жүйесі ретінде тәуекелділік категориясымен тікелей байланысты. Алайда барлық тәуекелділік түрі сақтандыруға алына бермейді. Тәуекелділік арқылы көптеген шығындар болуы мүмкін, сонымен қатар тәуекелділікті дұрыс меңгере білсе пайда алып келуі мүмкін. Тәуекелділіктің объектісі ретінде - демографиялық, математикалық және қаржылық тәуекелділік түрлері кіреді.

Мысалы, McKinsey&CO. компаниясының сақтандыруға байланысты стратегиялық кеңесшілері тәуекелділікті төмендегідей екі түрге бөледі, бұл түрлердің негізін ірі қаржы және өндірістік компаниялардың іс-тәжірибесінде кездесетін мысалдарға байланысты алынған.

(1) Сыртқы, жиі қайталанбайтын тәуекелділік.

Бұл топқа халықтың денсаулығына келер зияндар олар: экологиялық, транспорттық тасымалдау кезінде болатын зардаптар; сонымен қатар авторлық құқықты бұзушылыққа байланысты, ол мысалға өндірісті бағдарламамен қамтамассыз ету, биотехнологияда, фармацевтика өндірісінде, машина жасау салаларында. Және осында ақпараттық технология проблемалары кіреді. Сонымен бірге заң нормативтерінің өзгеруі, бухгалтерлік стандарттардың өзгеруі, бір сөзбен айтқанда құқықтық және саяси тәуекелдік.

(2) Жиі қайталанып тұратын нарықтық тәуекелділік.

Бұл топқа мұнай өндірісіндегі, түсті және қара металлургия, ағаш өңдеу өндірісіндегі сұраныс және ұсыныс ауытқулары.

Slide 5

Сақтандырудың шығу тарихы

Сақтандыру - қоғамның экономикалық қатынастарының айрықша сферасын бейнелейтін көне категорияларының бірі. Сақтандыру сферасы адам өмірінің, өндірістік және әлеуметтік-экономикалық қызметінің барлық жағын қамтиды. Сақтандыруға түрткі болатын басты себеп - бұл өндіріс пен адам өмірінің қауіп-қатерлі сипаты. Сондықтан өндіріс процестерін жалғастыру, азаматтардың жекелеген санаттарының өмір тіршілігі мен әл-ауқатын қолдап отыру мақсатында оларды сатып алу үшін қоғамның, жеке өндірушілердің олардың топтарының (салалық және аумақтық аспектілерде) натуралдық заттай босалқы қорларын да немесе резервтерін де сондай-ақ ақша ресурстарында кіріктіретін қажетті қаражаттары да болуы тиіс. Мұндай ақша-қаражаттары әдетте резерв және сақтық қорлары түрінде қалыптасады.

Зерттеушілердің айтуы бойынша, сақтандырудың қазіргі формасы сонау құл-иеленушілік дәуірінде пайда болған дейді. Ерте Римде коллегиялар құрылды, ол ұйымға әртүрлі маман иелері мүше болды; бұл коллегияға кіру үшін алғашқы 100 сестериций және ай сайын 5 ас төлем төлеп отыру керек болды, осы коллегияның мүшесі қайтыс болған жағдайда оның жанұясына 300 сестериций көлемінде төлем төленді. Ал әскери коллегияларда қаза тапқан жауынгерлердің жанұясына 500 денарий төленген екен. Қазіргі күнге дейін сақталған мәліметтерге сүйенсек коллегиялар біздің эрамыздың 2-3 ғасырларына дейін өмір сүрген.

Орта ғасырларда, жойылып кеткен коллегияларды саудагерлер мен қолөнершілер қайта жандандырды. Олар тек қайтыс болғанның жанұясына көмектесіп қана қоймады, сонымен қатар кемемен жүзу және теңіз саудасынның тәуекелділігін өз мойындарына алды. Ғасырдың ортасында Ломбардия мен Францияда теңіз тасымалын сақтандыру кең қанат жайды. Сақтандырудың қазіргі заман элементтері бар ең ерте келісім-шарт сонау 1347 жылы 23 қазанда Генуяда жазылған. Бұл келісім-шарт қарыз хаттамасы түрінде 107 күміс фунтқа бағаланып, егер 6 ай көлемінде «Санта-Клара» кемесі Генуядан Майоркаға жетпесе, қарыз алушы көрсетілген сомманы өз мойынына алған.

Slide 6

Сақтандырудың әлеуметтік-экономикалық мәні.

Сақтандырудың мақсаты қоғамдық ұдайы өндірістің үздіксіздігін қамтамассыз ету үшін азаматтарды, мүліктерді, өндіріс процестерін қоғамдық және ұжымдық қорғау болып табылады.

Сақтандыру категориясы үшін мына белгілер оған тән болып келеді:

1) қатынастардың ықтималдық сипаты;

2) қатынастардың төтенше (жай емес) сипаты (кез-келген ауқымда - мемлекеттік, аймақтық деңгейде, кәсіпорын немесе оның бөлімшесі, жеке адам деңгейінде) .

Сақтандыру категориясы мен қаржы категориясымен ортақ өзгеше белгілері бар:

сақтық қатынастарының ақшалай сипаты;

сақтандырудың қоғамдық өнімнің құнын қайта бөлуге қатысуы;

оның іс-қимылы ақша қорларын жасап, пайдаланумен қосарланып отырады;

сақтық қатынастарының бір бөлігінің міндетті сипатының болуы;

ақша қорларын жасап, пайдалану кезіндегі сақтық баламалығы барлық жағдайда бола бермейді (қатынастардың баламасыздығы) .

Сақтандыру шеңберінде мемлекет сақтық ресурстары меншігінің субъектісі болып келетіндіктен сақтандыру жалпы мемлекет қаржысының құрамды бөлігі болып табылады, қалған барлық жағдайда сақтық ісін (қызметті, бизнесті) экономикалық жүйе шеңберіндегі айрықша сақтанушыға немесе оның қайта бөлу процестерін жүзеге асаратын арнаулы қаржы-кредит институты ретінде қарауға болады.

Сақтандырудың экономикалық мәні барлық қатысушылардың төлемдері есебінен оқыс оқиғаға ұшырағанға көмек көрсетілетіндігінде. Демек, сақтандыру қолайсыз құбылыстар мен күтпеген оқиғалар болған кезде жеке және заңды тұлғалардың мүліктік мүдделерін қорғау және оларға материалдық зиянды төлеу үшін мақсатты ақша қорларын құру және пайдалану жөніндегі қайта бөлгіштік қатынастардың айрықша сферасы.

Сақтандырудың экономикалық мәніне бұл категороияның қоғамдық арналымының көрінісі ретінде оның бөлу, өтемдік, жинақтық және бақылау функциялары сай келеді.

Slide 7

Қазақстан Республикасындағы сақтандыру саласы. Қазақстандағы сақтандыру ісінің даму кезеңдері

Отандық сақтандыру ісінің тарихы сонау жиырмасыншы жылдары кеңестік дәуірде монополиялық түрде құрылған мемлекеттік сақтандыру ұйымымен байланысты. Оның негізгі функциясы сол кезде мемлекеттік сақтандыруды жетілдіру, сонымен қатар осы саланың өндіріс пен шаруашылыққа әсері болды.

Нарықтық қатынас жағдайында, яғни барлық қаржылық механизм түбегейлі түрде өзгерген сәтте, халық шаруашылығы кешенін қаржы жағынан сауықтырудың, тұрғындардың бұдан кейінгі сұранымдарын да барынша қанағаттандырудың ықпалды жолын табу керек, мұндай жағдайда сақтандыру белгілі түрде біздің Қазақстанның тағдырын анықтайтын осы және өзге де маңызды міндеттерді шешуден сырт қалмауға тиіс еді.

Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары біздің ел экономикалық әрі саяси күрделі жағдайда болды. Сөз жоқ, сақтандыру ұйымдары да сол аталмыш қиындықтарды бастан кешіп, құбылмалы жағдайға икемделе түсті. Сонымен бірге сақтандыру ұйымдары сол қиыншылықтарға төтеп берді. Осыған орай отандық сақтандыру нарығы демонополизациялауға ұшырады, сөйтіп айтарлықтай жеделдікпен альтернативтік сақтандыру компаниялары пайда бола бастады.

Нарықтық экономика жағдайында, шаруашылықты жүргізудің әкімшілікдік-әміршілдік тәсілдерін айырбастап, бұрынғы Кеңес одағының орнына тәуелсіз демократиялық мемлекеттердің құрылуы жеке меншікке деген көзқарасты түбегейлі жаңадан қалыптастырды. Осыған байланысты жеке меншік жөніндегі көзқарас түбегейлі өзгерген жаңа қоғам пайда болып, сондықтан бүкіл қаржылық механизм кешеніне тигізер ықпалы күшейді, сөйтіп сақтандыру ісі айтарлықтай өзгеріске ұшарап, халықтың әлеуметтік жағдайын одан әрі нығайту көзделді.

Нарықтық қатынас кезінде сақтандыру саласы Қазақстан экономикасында алдыңғы жетекші орындарды иеленуге тырысты. Сөйтіп сақтандыру ұйымдары мен олардың қызметінің рөлі, орны, сипаты мен функциясы принципті түрде өзгерді. Өндірістің жаңа құрылымдары (акционерлік қоғамдар, шағын кәсіпорындар, компаниялар, кооперативтер) өздерінің қатерін сақтандыру тарапынан қорғауды қажет етті.

Slide 8

Қазіргі жағдайы, проблемалары және оларды шешу жолдары

Ал енді Қазақстанның сақтандыру нарығының қазіргі жағдайына үңілсек. Қазіргі таңда сақтандыру нарығында 32 ұйым жұмыс істейді, олар: «Қазақинстрах», «Династия», «Евразия» тағы сол сияқты. Қазіргі таңда Республикамызда сақтандыру компанияларының 300-ден астам филиалдары мен өкілдіктері жүйелі жұмыс істеуде. Атап айтсақ Шығыс Қазақстан облысында 46 сақтандыру компанияларының филиалдары жұмыс істейді, бұл еліміз бойынша ең жоғарғы көрсеткіш. Бұның себебі осы аймақтағы ірі кәсіпорындардың шоғырлануында, олар «Қазцинк» АҚ, Үлбі металлургия заводы, титан-магний комбинаты. Қарағанды облысында - 36 филиал және Ақмола облысында - 35. Бұл аймақта көмір өндіру шахталары және ИспатКармет комбинаттары орналасқан. Жоғарыда аталған ірі компаниялардың жүйелігі, бизнестің дамуының бірден-бір себебі. Сол арқылы сақтандыру компаниялары да қарқынды жұмыс істейді. Және осы сақтандыру компанияларының сақтандыру сыйақысының мөлшері 2005 жылдың 10 айында 24, 1 млрд. теңге көлемінде болды, бұл көрсеткіш былтырғы жылдың көрсеткішінен 29, 8%-ға көп. Тағы бір айта кететін жайт, осы көрсеткіш жалпы 2002 жылы жиналған сақтандыру сыйақысынанда көп (22, 6 млрд. теңге) . Сонымен қатар сақтандыру төлемдері осы жылы 10 ай көлемінде 3, 3 млрд. теңгені құрады, бұл былтырғы жылдың осы мезгіл арасымен салыстырғанда 80%-ға өскен. Сондай-ақ, сақтандыру төлемдерінің 15, 8%-ті (0, 5 млрд. теңге) резидент емес қайта сақтандыру ұйымдарымен төленген.


Ұқсас жұмыстар
Сақтау және сақтандыру шаралары туралы түсінік
Медициналық сақтандыру
Мемлекеттің бюджет жүйесі
Ақша және несие
Қаржы нарығының міндеттері
Іскерлік мінез құлық
Ақпараттық ғасыр үшін критикалық ойлау технологиясын дамыту
САҚТАНДЫРУ ШАРТЫНЫҢ МАЗМҰНЫ, ҚОЛДАНЫЛУЫ
Мейіргер ісінің қыр-сыры
Дәлелді медицинаның артықшылықтары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz