Салықтар ұғымы мен әлеуметтік-экономикалық мәні
Презентация қосу
Ұйымдық-құқықтық жағынан салықтар – бұл мемлекет біржақты тәртіппен заң
жүзінде белгіленген бір мөлшерде және мерзімде бюджетке төленетін қайтарусыз және
өтеусіз сипаттағы міндетті ақшалай төлемдер.
Салықтардың экономикалық мәні олардың өзінің функциялары мен міндеттерін
жүзеге асыру үшін мемлекет жұмылдыратын ұлттық табыстың бір бөлігі болып
табылатындығында.
Қазіргі кезде салықтар фискалдық, реттеуші, қайта бөлу сияқты 3 функция
атқарады.
Фискалды функция: бюджеттік қор қалыптасады, мемлекеттік бюджеттің кірістерін
толыстырады, экономиканы, әлеуметтік-мәдени шараларды жүзеге асыруды қамтамасыз
етеді.
Реттеуші функция: ұлттық шаруашылықтың дамуына қабылданатын,
юағдарламаларға ықпал етеді, ұдайы өндірістің құрылымы мен үйлесіміне, қорлану,
тұтыну көлеміне ықпал етеді.
Қайта бөлу функциясы: түрлі субъектілердің табысының бір бөлігі мемлекеттің
қарамағына өтеді. Бұл функцияның іс-әрекетінің ауқымы ЖҰӨ салықтардың алатын үлесі
арқылы анықталады.
Салықтардың аталған функциялары олардың әлеуметтік-экономикалық мәні мен
мазмұнын аша түседі.
Мемлекетте алынатын салық түрлерінің, оларды құрудың және алудың
нысандары мен әдістерінің, салық службасы органдарының жиынтығы әдетте
мемлекеттің салық жүйесін құрайды.
1991 жылы желтоқсанның 25-інен бастап біздің елімізде тұңғыш салық жүйесі
жұмыс істей бастады. Ол “ҚР салық жүйесі туралы” заңға негізделді.
I. Салықтар:
1. Корпорациялық табыс салығы
2. Жеке табыс салығы
3. Қосылған құнға салынатын салық
4. Акциздер
5. Жер қойнауын пайдаланушылардың салықтары мен арнаулы төлемдері
6. Экспортқа шығарылатын шикі мұнайға салынатын рента салығы
7. Әлеуметтік салық
8. Жер салығы
9. Көлік құралдарына салынатын салық
10. Мүлік салығы
11. ҚР жасалған келісім-шарттары бойынша өнімді бөлу жөніндегі үлесі
II. Алымдар:
1. Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркегені үшін алынатын алым
2. Жеке кәсіпкерлерді мемлекеттік тіркегені үшін алынатын алым
3. Жылжымайтын мүлікке құқықтарды және олармен жасалынған мәмілелерді мемлекеттік
тіркегені үшін алынатын алым
4. Радиоэлектрондық құралдарды және жиілігі жоғары құрылғыларды мемлекеттік тіркегені
үшін алынатын алым
5. Механикалық көлік құралдары мен тіркемелерді мемлекеттік тіркегені үшін алынатын
алым
6. Теңіз, өзен кемелері мен шағын көлемді кемелерді мемлекеттік тіркегені үшін алынатын
алым
7. Азаматтық әуе кемелерін мемлекеттік тіркегені үшін алынатын алым
8. Дәрілік заттарды мемлекеттік тіркегені үшін алынатын алым
9. Автокөлік құралдарының ҚР аумағы арқылы жүру алымы
10. Аукциондардан алынатын алым
11. Консулдық алым
12. Жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым
13. Телевизиялық және радиохабар ұйымдарына радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат
бергені ұщін алым
III. Төлемақылар:
1. Жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақы
2. Жер бетіндегі көздердің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы
3. Қоршаған ортаны ластағаны үшін төлемақы
4. Жануарлар дүниесін пайдаланғаны үшін төлемақы
5. Орманды пайдаланғаны үшін төлемақы
6. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшін төлемақы
7. Радиожиілік спектірін пайдаланғаны үшін төлемақы
8. Кеме жүретін су жолдарын пайдаланғаны үшін төлемақы
9. Сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру үшін төлемақы
VI. Мемлекеттік баж
V. Кеден төлемдері:
1. Кеден бажы
2. Кеден алымдары
3. Алдын ала шешім қабылдағаны үшін төлемақы
4. Алымдар
Сөйтіп, Қазақстанның салық жүйесі салықтардың және басқа да міндетті
төлем түрлері бойынша сараланған.
Барлық өркениетті елдерде салықтардың бүкіл жиынтығы әр түрлі қағидаттар
бойынша жіктеліп сипатталады.
Салық салу объектісіне қарай салықтар тікелей және жанама салықтар болып
жіктеледі.
Тікелей салықтар жалғаусыз немесе тікелей табысқа немесе мүлікке салынады.
Тікелей салықтарға мына салықтар жатады:
• заңды және жеке тұлғалардың табысына салынатын салық;
• мүлік салығы;
• жер салығы;
• бағалы қағаздармен жүргізілетін операцияларға салынатын салық.
Жанама салықтар-баға немесе тарифке үстеме түрінде белгіленген салық
төлеушінің кірістері мен мүлкіне тікелей байланысты емес салықтар. Жанама салықтарға
қосылған құнға салынатын салық, акциздер жатады. Жанама салықтарға сондай-ақ
сыртқы экономикалық қызметтен түсетін түсімдер де (кеден баждары түріндегі,
экспортқа және импортқа салынатын салық түріндегі кеден кірістері, ішкі рынокте
сатылатын тауарлар бағасы мен олардың фактуралық құнының айырмасы) жатады.
Салықты алатын және оған билік жасайтын органға қарай орталық
(жалпымемлекеттік) және жергілікті салықтарды ажыратады.
Пайдалану тәртібіне қарай барлық салықтар жалпы және мақсатты
(арнаулы)болып бөлінеді.
Жалпы салықтар тиісті деңгейлердегі бюджеттерде шоғырландырылады және
жалпымемлекеттік қажеттіліктерді қаржыландыруға пайдаланылады. Мақсатты
(арнаулы)салықтардың нысаналы арналымы болады және әдеттегідей түрлі арнаулы
қорлардың қаржы базасын құруға арналады.
Объектінің экономикалық белгілері бойынша табысқа салынатын салықтар және
тұтынуға салынатын салықтар болып ажыратылады. Табысқа салынатын салықтар
төлеушінің салық салынатын кез келген объектіден алған табыстарынан алынады.
Тұтынуға салынатын салықтар-бұл тауарлар мен қызметтер көрсетуі тұтыну кезінде
төленетін шығынға салынатын салықтар.
Жанама салықтар мемлекеттің фискалды мүдделерін білдіреді. Оларды саналы
пайдалану баға белгілеу процесіне оңтайлы ықпал жасауы және тұтыну құрылымына әсер
етуі мүмкін. Бұдан басқа, салық төлеушілер үшін табыстарға тура салық салудың өсуінен
гөрі олардың шығыстарына салық салудың өсуі жақсырақ. Сонымен бірге тұтынуға
салынатын салықтар болып табылатын акциздердің, сатудан алынатын салықты, қосылған
құнға салынатын салықты пайдаланудың көбірек артықшылығы болады, өйткені: олардан
жалтарыну қиынырақ; олармен экономикалық бұзушылық аз байланысты; олар еңбекке
деген ынталандырмаларды аз қысқартады; тапшылықтың жоқтығы жағдайында,
ауыстырушы тауарға да тапшылықтың жоқтығын қоса олар тұтынушыға таңдау құқығын
сақтап қалады; салықтардың жасырымдылығын қамтамасыз етеді және т.с.с.
Жанама салықтардың кемшіліктері: бұл кемшіліктерге олардың инфляциялық және
регресифтік сипатын жатқызуға болады. Бірақ бұл салықтардың оң нәтижесі олардың
теріс әсерін жауып кетеді. Егер баға өсетін болса, сонымен бірге бюджет шығыстары да
өсетін болса, онда бұл салықтардан түсетін түсімдер бағаның өсуімен көбейтетін болады.
Бұл әлеуметтік бағдарламаларды іске асыруға қаражаттар алуға мүмкіндік береді. Бюджет
жүйесіне инфляцияға қарсы автоматты механизм кіріктірілетін болды.
Салық салу жүйесінде ортақ заңдылықтың болатының есте ұстау қажет:
экономиканың дағдарысы жағдайында,тұралаушылықты - өндірістегі, саудадағы және
экономиканың басқа секторларындағы тоқырауда – салық салуды тұтынысқа объективті
қайта бағдарлау болады. Осы кезде мемлекеттің шығыстары мұндай жағдайда
қысқармайды, тіпті кейде халықтың жұмыспен қамтылуының төмендеуінің нәтижесінде
оны әлеуметтік қолдануды кеңейту, экономиканың құрылымын қайта құруға, оның
тіршілікті қамтамасыз ететін салаларын қолдауға жұмсалатын шығыстарды және басқа
кезек күттірмейтін шығыстарды арттыру қажеттілігінен көбейеді.
Сондықтан салық ауыртпалығын көп тұтынатындарға ауыстырудың қажеттігі
пайда болады. Бөлгіштік процестегі белгілі бір теңестіруге жанама салықтардың өзіндік
әлеуметтік бағыттылығы осында көрінеді. Дүниежүзілік тәжірибе мұндай практиканы
қолдап отырады.
Әр елде аймақтардың шаруашылығын, әлеуметтік сферасын, әрбір
әкімшілік-аумақтық бірліктерді абаттандыру үшін, заң шығарушы билікті,
басқару аппаратын ұстауды және басқа шараларды қаржыландыру үшін
олардың ақша ресурстарын жұмылдыруды қамтамасыз ететін бюджеттер
тармақтарының желісі құрылады. Бюджеттердің жекелеген түрлерінің
кірістері мен шығындарын қалыптастыру, оларды теңдестіру процесін заңмен
реттеліп отыратын белгілі бір қаржылық өзара қарым-қатынастар пайда
болды. Осы элементтердің барлығы – бюджет жүйесінің ұйымдастыру мен
құрудың қағидаттары, оның буындарының өзара қатынастары мен
байланысының ұйымдық нысандары, бюджет құқықтарының жиынтығы -
бюджет құрылысын құрайды.
Бюджет құрылысында басты орынды бюджет жүйесі алады. Ол
экономикалық қатынастарға және құқықтық нормаларға негізделген түрлі
деңгейлер деңгейлер бюджеттерінің, сонымен бірге бюджет прцесі мен
қатынастарының жиынтығын білдіреді.
ҚР ның бюджет жүйесі бюджет құрылымының унитарлық
типімен анықталады, өйткені Қазақстан – федералды емес, басқарудың
Президенттік нысаны және сайланатын Парламенті бар унитарлы
мемлекет.
Қазақстан Республикасының бюджет
жүйесі
Мемлекеттік
Ұлттық қор
(төтенше мемлекеттік)
бюджет
Республикалық бюджет Жергілікті бюджет
Ресчпубликалық
Облыстық Астана маңызы бар қала
бюджет бюджеті бюджеті
Ауылдық Республикалық
бюджеттер мен Астана ауданының маңызы бар қала
Ауданның кенттердің бюджеті ауданының
бюджеті бюджеті бюджеті
Бюджеттік процесс – бюджетті жоспарлау, әзірлеу, қарау, бекіту, атқару,нақтылау, түзету
жөніндегі, бюджеттің атқарылуы бойынша бюджет есебі мен есептемені жүргізу, мемлекеттік
қаржылық бақылау, сонымен бірге байланыстырылған гранттарды жоспарлау мен пайдалану
жөніндегі бюджет заңнамасымен регламенттелінген қызмет.
Бюджеттік комиссия бюджет жобасын уақтылы және сапалы әзірлеуді және бюджетті
нақтылау және атқару жөнінде ұсыныстар дайындауды қамтамасыз ету мақсатында
құрылады.
ҚР-да бюджеттік процесс Бюджет кодексіне, “Қазақстан Республикасының жергілікті
мемлекеттік басқару туралы”, жыл сайынғы “Республикалық бюджет туралы” заңға және
Қазақстан Республикасының басқа заңдарына сәйкес жүргізіледі. Бұл задар әр түрлі деңгейдің
бюджеттерін қалыптастыру процесінде пайда болатын қаржы қатынастарын реттейді,
республикалық және жергілікті бюджеттерді әзірлеу, қарау, бекіту, атқару және бақылау
тәртібін белгілейді.
Бюджетке түсімдердің түсуін, бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуын
қамтамасыз ету, сондай-ақ бюджет тапшылығын қаржыландыру жөніндегі іс-шаралар
кешенін орындау бюджеттің атқарылуы болып табылады.
1) әлеуметтік-экономикалық даму болжамы жөнінде ұсыныстар әзірлеу;
2) бюджеттер жобаларының көрсеткіштерін айқындау жөнінде ұсыныстар әзірлеу;
3) республикалық немесе жергілікті бюджеттердің шығыстарын ұлғайтуды немесе кірістерін
қысқартуды көздейтін нормативтік құқықтық актілердің жобалары бойынша ұсыныстар
әзірлеу;
4) бюджеттерді нақтылау жөнінде ұсыныстар әзірлеу;
5) бюджеттік мониторингтің нәтижелерін, нәтижелерге жүргізілген бағалауды қарау және олар
бойынша ұсыныстар әзірлеу.
Бюджет процесі: жоспарлау, әзірлеу, қарау(талқылау), бекіту.
Бюджеттік жоспарлау жоспарланып отырған кезеңге арналған бюджет
түсімдерінің көлемін және басымдылықты ескере отырып мемлекеттің әлеуметтік-
экономикалық даму міндеттеріне сәйкес оларды пайдалану бағыттарын айқындау жөнінідегі
ұсыныстарды әзірлеу процесі болып табылады. Бюджет бір қаржы жылына жоспарланады.
Республикалық бюджет жобасын әзірлеу процесі мынадай кезеңдерді кіріктіреді:
1. Алдағы қаржы жылына арнал,ан түсімдердің болжамды көрсеткіштерін айқындау;
2. Ағымдағы бюджеттік бағдарламалар мен бюджеттік даму бағдарламаларына арналған
щығыстардың лимиттерін айқындау;
3. Республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік өтінімдерді жасауы;
4. Республикалық бюджеттің бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік өтінімдерін қарау;
5. Алжағы қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңның жобасын әзірлеу.
Қазақстан Республикасының Үкіметі республикалық бюджет туралы заңның жобасын
Қазақстан Республикасының Парламентіне ағымдағы қаржы жылының 1
қыркүйегінен кешіктірмей енгізеді.
Талқылау Үкімет уәкілеттік берген адамның ҚР-ның әлеуметтік-экономикалық дамуының
мерзімді жоспары, орта мерзімді фискалдық саясат және тиісті қаржы жылына арналған
республикалық бюджет туралы заңның жобасы жөніндегі, ҰБ Төрағасының ақша-кредит
саясаты бойынша баяндамаларын, сондай-ақ Парламенттің палаталары уәкілеттік берген
адамдардың заң жобасы бойынша қорытындылармен қоса баяндамаларын қамтиды.
Алдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджет Парламент палаталарының
бірлескен отырысында кемінде 2 оқылымда және ағымдағы жылдың 1 желтоқсанынан
кешіктірілмей бекітіледі. Тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджетті бекіту
Парламент палаталарының бірлескен отырысында заң қабылдау арқылы жүзеге
асырылады.
Алдағы қаржы жылына арналған бюджеттік қаржы жоспары бұқаралық ақпарат
құралдарында жарияланады.
Қаржылық байланыстың орасан зор алуандығында жеке ортақ
ерекшеліктерімен көзге түсетін оқшауланған сфераларды бөліп көрсетуге
болады. Экономикалық қатынастардың жиынтығы ретіндегі мемлекеттік
бюджеттің объективтік сипаты бар. Бөлудің дербес сферасы ретіндегі оның
өмір сүруінің объективті қажеттігі ұлғаймалы ұдайы өндірістің
қажеттіктерімен, мемлекеттің табиғатымен және функциясымен байланысты.
Ақша қаражаттарын орталықтандыру бүкіл ұлттық шаруашылық ауқымында
үздіксіз ауыспалы айналымды ұйымдастыру үшін, жалпы экономиканың
жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін қажет.
Экономика дамуының қазіргі кезеңінде орталықтандырылған қаржы
ресурстары мемлекетке қоғамдық өндірістің қажетті қарқыны мен үйлесімін
қамтамасыз етуге, оның салық және аумақтық құрылымын жетілдіруге жетуге,
экономиканың салаларын дамытудың бірінші кезекті бағдарламасы үшін
қажетті көлемде қаражаттарды қалыптастыруға, ірі әлеуметтік өзгерістерді
жүргізуге мүмкіндік береді.
Сөйтіп, объективті бөлгіштік қатынастардың экономикалық нысаны бола
отырып, құндық бөліністің ерекше бөлігі ретінде мемлекеттік бюджет
айрықшалықты қоғамдық арналымды орындайды- жалпымемлекеттік
қажеттіліктерді қанағаттандыруға қызмет етеді, эконмикалық категория
ретінде көрінеді.
Құндық бөліністің айрықшалықты сферасы ретінде мемлекеттік бюджет
мына өзгеше белгілермен сипатталады:
1) мемлекет жалпы қоғамдық өнімнің бір бөлігін оқшауландырумен және оны қоғамдық
қажеттіліктерді қанағаттандыруға пайдалану мен байланысты бөлгіштік қатынастардың
айрықша экономикалық нысаны болып табылады;
2) құнды жасау және оны тұтыну процесін шарттастыратын материалдық өндіріс
қаржысынан және құнды тұтынуға қызмет ететін өндірістік емес сфера қаржысынан
мемлекеттік бюджеттің айырмашылығы ол ұлттық шаруашылықтың салалары, аумақтар,
экономиканың секторлары, қоғамдық қызметтің сфералары арасында құнды қайта бөлуге
арналған;
3) қоғамдық өнімнің оның тауар нысанындағы қозғалысымен тікелей байланысты емес
құндық бөліністің стадиясын білдіреді және одан белгілі үзілісте жүзеге асырылады, ал
қаржы қатынастары материялдық өндірісте де, өндірістік емес сферада да тауар-ақша
қатынастарымен тығыз тоқайласып жатады.
Мемлекеттік бюджет, кез келген басқа экономикалық категория сияқты,
өндірістік қатынастарды білдіреді және оларға сәйкес келетін нақты
материалдық-заттық түрінде болады: бюджет қатынастары
мемлекеттің орталықтандырылған ақша қорында- бюджеттік қорында
затталынады. Бюджеттік қор – бұл қоғамдық өнім мен ұлттық табыстың
құндық бөліністің белгілі стадияларын өткен және ұлғаймалы ұдайы өндіріс,
халыққа әлеуметтік-мәдени қызмет көрсету, қорғаныс және басқару жөніндегі
қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін мемлеке түсетін бөлігі қозғалыстың
объективті шарттасылған экономикалық нысаны. Бюджеттік қордың
қалыптасуы мен пайдаланылуы құнды бөлу және қайта бөлумен байланысты
оның қозғалыс процесін білдіреді.
Экономикалық категория ретінде мемлекеттік бюджет мемлекеттің
орталықтандырылған ақша қорын жасау және оны ұдайы өндіріс пен қоғамдық
қажеттіліктерді қанағаттандыру мақсаттарына пайдалану жолымен қоғамдық
өнімнің құнын бөлу және қайта бөлу процесінде мемлекет пен қоғамдық
өндірістің басқа қатысушылары арасында пайда болатын ақша қатынастарын
білдреді. Бұл функциялардың іс-қимылы, мазмұы, мәні мен маңызы бюджет
қатынастарының қаралған айрықшалығымен айқындалады. Сонымен бірге
мемлекет қаржысының негізгі буыны ретінде мемлееттік бюджет бөлгіштік
функция шеңберінде қосалқы функцияларды, атап айтқанда: ұлттық табыс пен
жалпы ішкі өнімді қайта бөлу; экономиканы мемлекеттік реттеу және
ынталандыру; әлеуметтік саясатты қаржымен қамтамасыз ету; ақша
қаражаттарының орталықтандырылған қорын жасау және пайдалануға бақылау
жасау сияқты сипатты функцияларды орындайды.
Баланс –тепе-теңдік, бюджетті жасаған кезде негізгі мәселе мемлекеттің
ақшалай түсімдері мен шығыстарының осындай жай-күйіне жетуі.
Кірістердің шығыстардан, яғни бюджетке түсетін түсімдердің жалпы
соммасының шығыстардың және қайтарымды негізде бөлінетін кірістердің
ауқымнан асып түсуі бюджет артығын – профицитті құрайды. Шығыстардың
кірістерден асып түсуі мемлекеттік бюджеттің тапшылығын тудырады.
Тапшылықтың ұйғарымды деңгейі деп елдің ішкі өнімге қатысты 2-3%
мөлшері саналады.
Бюджет тапшылығы экономиканың жай күйін қамтып көрсетеді, ал
оның болуы мына себептерге байланысты:
Елдің экономикасында өндірістің жалпы құлдырауы;
Қоғамдық өндіріс шығындарының өсуі;
Айналысқа тауар жиынымен жабылмайтын ақшаны шектен тыс шығару;
Бюджеттің шығыстарында экономиканың даму деңгейіне сәйкес келмейтін
едәуір әлеуметтік шығыстардың басымдығы;
Әскери-өнеркәсіп кешенін ұстауға жұмсалатын әскери шығыстарды, басқару
шығыстарын қаржыландырудың қомақты ауқымы,
«көлеңкелі» экономиканың ірі ауқымды айналымы;
Ұлттық шаруашылықтағы өнімсіз шығыстар мен ысыраптар.
Бюджет тапшылығын төмендету әдістері:
Шығыстар тұрақты, кірістер өседі;
Кірістер тұрақты, шығыстар азаяды;
Кірістер өседі, шығыстар азаяды (тапшылық 2 еседен жылдамырақ төмендейді).
Бюджет тапшылығын қаржыландырудың жолдары:
1. Ақша белгілерін шығару. Бұл жол терім әлеуметтік –экономикалық салдарлары болатын
инфляцияға жеткізіді. Өз кезегінде ақша эмиссиясы айналысқа ақша белгілерін тікелей
шығаруда да, жанама түрде мемлкеттік бағалы қағаздар шығару және оларды
коммерциялық банктерге өткізу арқылы да тұлғалануы мүмкін, коммерциялық банктер
өзінің резервтерін көбейтеді және банктік мультипликатордың арқасында айналыстағы
ақшанаң санын көбейтеді.
2. Мемлекеттік қарыздар. Бұл жағдайда қаржыландыруға бос ақша қаражаттары бар
компаниялар, банктер және т.б. қатысады.
3. Шетелдік қарыздар. Оларды БВҚ, басқа халықаралық қаржы ұйымдары, үкіметтер,
банктер береді.
4. Ұлттық байлықты пайдалану. Бұл орайда мемлекет басқа субъектілерге өзінің активтерін
сатады.
Бюджет тапшылығына қатысты фискалдық саясат үш тұжырымдамаға
негізделеді:
1. Жыл сайынғы теңгерілетін бюджет.
2. Циклдік негізде теңгерілетін бюджет. Бюджет жыл сайын емес, экономикалық циклдың
барысында теңгеріледі.
3. Қаржының функциялық тұжырымдамасының мақсатты макроэкономикалық
тұрақтылыққа, инфляциялық емес толық қамтылуды қамтамасыз етуге жету үшін жалпы
экономиканы теңгеру болып табылады.
Кірістер мемлекетті қажетті ақша қаражаттарымен қамтамасыз етеді,
шығыстар орталықтандырылған ресурстарды жалпымемлекеттік
қажеттіліктерге сәйкес бөледі.
Бюджеттің кірістері салықтық және басқа міндетті төлемдер, ресми
трансферттер, мемлекетке өтеусіз негізде берілетін , қайтарылатын сипатта
болмайтын және мемлекеттің қаржы активтерін сатумен баланысты емес,
бюджетке есептелуге тиісті ақшалар болып табылады.
Мақсатты ресми трансферттерді қоспағанда, кірістердің нысаналы
мақсаты болмайды.
ҚР-ның Бюджет кодексіне сәйкес республикалық бюджетке түсетін
кірістер мыналар болып табылады:
1) Салықтық түсімдер, алымдар және басқа да міндетті төлемдер;
2) Салықтық емем түсімдер республикалық меншіктен алынатын кірістер;
3) Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер;
4) Ресми трансферттердің түсімдері.
Бюджеттің шығыстары қайтарылмайтын негізде бөлінетін бюджет
қаражаттары. Шығыстардың қатаң мақсатты арналымы болады.
Бюджет шығындарын мынадай түрлерге бөледі:
1) Мемлекеттік мемкемелердің қызметін қамтамасыз ететін шығындар;
2) Тұрақты сипаты жоқ іс-шараларды ұйымдастыру мен өткізуге байланысты шығындар;
3) Мемлекеттік тапсырысқа раналған шығындар – мемлекеттік саясатты іске асыру
мақсатында;
4) Жеке тұлғаларға ақашалай төлемдер –қызметкерлерге еңбегі үшін ақшалай төлемдерден
басқа, ҚР-ның заңнамалық актілерін сәйкес тұлғаларға ақша нысанындағы төлемдермен
байланысыты шығындар;
5) Заңи тұлғаларға субсидиялар;
6) Ресми трансферттер – бюджеттің бір деңгейінен екіншісіне, сондай-ақ Ұлттық қорға
трансферттер төлеу және мемлекеттік міндеттемелерді орындауға арналған шығындардың
өзге түлері.
Республикалық бюджеттің шығыстары мына бағыттар бойынша
жұмсалады:
Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер көрсету;
Қорғаныс, қоғам, тәртіп, қауіпсіздік;
Құқық, сот, қылмыстық атқару қызметі;
Білім беру;
Денсаулық сақтау;
Әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамсыздандыру;
Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңестер;
Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы және қоршаған ортаны қорғау, жер қатынастары;
Өнеркәсіп, жер қойнауын пайдалану, сәулет, қала құрылысы және қызметі;
Көлік және коммуникациялар;
Экономикалық қызметті ретттеу;
Басқа бағыттар: аймақтар бойынша бөлу.
Салықтарды аудару - салық ауыртпалығын салықтың түпкүлікті салынушысына
салықтардың негізгі ауртпалығын өз мойнына аламын халыққа көшіру процесі.
Аудару бүркемелі нысанда өндіріс сферасында да, сонымен бірге айналыс
сферасында да болады.
Салық төлуден жалтарыну- салық төлемдерін толық немесе ішінара төлемеу
мақсатымен салық төлеушінің салық салу объектісін әдейі жасыруы және азайтуы.
Салық төлеуден жалтарынудың себептері:
1. Шаруашылық, кәсіпкерлік немесе өзге де қалыпты жүргізугет мүмкіндік бермейтін
елеулі салық ауыртпалығы ;
2. Салық заңнамасының анық еместігі;
3. Салық службасын ұйымдастырудағы кемшіліктер т.б.
Салық салудағы
әділдік қағидаты
Қарапайымдылық
қағидаты
Салықтардың
анықтылығы
Салық салудың экономикалық Жеңілдіктердің ең аз
бейтараптылығы саны
Салық мөлшерлемелерінің
салыстырмалылығы
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz