ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖЕТІ КЕРЕМЕТІ




Презентация қосу
Орындағандағандар:
Садуахасова Г.
Ибраимова Ж.
Булатбеков Е.
Қабылдаған: Нұрахова Б.Ж.
Қазақстанның жеті кереметі
Мамандардың айтуынша, Қазақстанда 25 мыңға жуық тарихи,
археология, сәулет ескерткіші бар. Әрине, қазақтың маңдайына
біткен қайталанбас кереметтер жетіден асып кететіні белгілі.
Әйткенмен, «Әлемнің жеті кереметі» сынды неге қазақтың да жеті
кереметі болмасқа?!
Өткен жылдың 10-шілдесінде Алматыда «ӘлемАрт» қоғамдық
қорының бастамасымен жеті кереметті анықтайтын интерактивті
жоба іске қосылды.
Кейіннен жобаға ҚР Туризм және спорт министрі Т.Досмұхамбетов,
Мәдениет және ақпарат министрі М.Құл-Мұхаммед, Білім және
Ғылым министрі Ж.Түймебаев, ҚР ауылшаруашылығы министрі
А.Күрішбаев қолдау көрсетіп, ол Астанада «Қазақстан
Республикасында «Қазақстанның жеті кереметі» байқауын өткізу
туралы» бұйрықпен бекітілді. Сөйтіп, байқау өткен жылдың
қыркүйек айында республикалық деңгейге шықты.
22-наурыз ұлыстың ұлы күні байқаудың қорытындысы
шықты. Тоғыз ай бойы республика тұрғындары
ғаламтор арқылы таңдаған тарихи ескерткіш, табиғи
мекендер мен архитектуралық құрылыстың тізімі
жарияланды.
Сонымен, жеңіп шыққан «Қазақстанның жеті
кереметіне» үңілсек.
1. Оғыландыдағы Бекет-Ата жерасты мешіті (2124
дауыс берілген)
2. Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесі (1485)
3. Сауран қалашығы (594)
4. Қаратау жотасы (412)
5. Қазақстандағы ең терең Қарағия ойпаты (405)
6. Шерғала (369)
7. Астанадағы Бәйтерек монументі (284).
• Бір айта кетерлігі, Қазақстандағы «жеті кереметтің» үшеуі –
Маңғыстауда орналасқан. Тізімнен Маңғыстаудағы Қара-ғия ойпаты
мен Шерғала тауын да көруге болады. Қарағия – әлемдегі ең терең
ойпаттың бірі. Ол теңіз деңгейінен 132 метр төменде жатыр.
Ғалымдардың айтуынша, Қарағия – жаңбыр бұлттарының табиғи
генераторы іспеттес. Жаз мезгілінде Қарағия аспанын бірнеше
шақырымдық бұлттар басып тұрады.
Ал, Шерғала – биiктiгi 305 метрге жуық ежелгi жер сiлкiнiстерi
кезінде бұзылған таулардан қалған жалғыз төрткiл ақбор тау. Бір
жағынан қарасаң, ақ киіз үйге, екінші жағынан ұйықтап жатқан
арыстанның бейнесіне ұқсайды. Тарихшылардың айтуынша, таудың
шығыс бетiнде жасырын үңгiр жолы бар. Ол тау басындағы бекiнiске
апарады.
Жеті кереметке Қаратау шоқысы мен көне Сауран қалашығы да енген.
«Қазақстанның жеті кереметі» қоғамдық жобасы қараша айында
Астанада БҰҰ Бас Ассамблеясы аясында өтетін Бүкіл әлемдік
туристік ұйымның ресми бағдарламасына қатыспақ. Яғни, әлемнің
160 елінен келген өкіл халық таңдаған жеті кереметті аралайтын
болады. Бұл – туристік бизнестің дамуына ықпал етпек.
Сауран – ортағасырлық қала орны,
Түркістан шаһарының теріскейіне
таман 35 км. жерде. Тіршілік еткен
уақыты – ІХ–XVIIғғ. Түркістандық ең
мықты қамалдардың бірі болған.
Берік қорғаныс ғимараттары, мал,
азық-түлік қоры, қамал ішінде
құдықтар болуы себепті Сауран көп
айлар бойы қоршауға төтеп бере
алатын еді. Сауранда жерасты
суару жүйесі, қоғамдық қызмет
ғимараты салынды, қалада
медресе болды. Сауранды бірінші
рет 1867 жылы зерттеген кісі -
П.И.Лерх.Оңтүстік Қазақстан
археологиялық экспедициясы, 1967
ж. Қ.А.Ақышевтың жетекшілігімен
Қазақ ССР Ғылым академиясының
Жетісу археологиялық
экспедициясы отряды қазба
жұмыстарын жүргізді
• Сауран қаласы

• Сауран – Қазақстан жеріндегі орта
ғасырдағы ірі қалалардың бірі.
Түркістанның солтүстік-батысында, 30
шақырым жерде орналасқан Сайрам ол
кезде Сырдария алабындағы маңызды
сауда орталығы ретінде белгілі болған.
Араб тарихшысы Мақ диси өз
шығармасында "Сауран жеті қабат дуалмен
қоршалған үлкен қала, оның ішінде рабат,
мешіт бар" деп жазған. XIII ғасырдың орта
шенінде Сауран Ақ Орданың астанасы
болды. XVII ғасырдың аяғында қаланы Әмір
Темір әскери қамалға айналдырған. XVI
ғасырда Сауран мұнаралы биік дуалдармен
қоршалған үлкен қала болған. Сауран XVII
ғасырдың аяғы мен XVIII ғасырдың басында
әлсіреп, XIX ғасырдың басында біржолата
күйреді. Қалаға қақпа арқылы кіруге
болады. Қаланы қоршаған дуалдың сырт
жағында көптеген каналдардың іздері
сақталған.

Тарих парақтарынан...
• Орналасқан жері: Сауран қалашығы Қызылорда
облысы, Түркістан қаласының оңтүстігінде
орналасқан. Ол қазақ даласындағы ең жақсы
сақталған ежелгі қалалардың бірі.
• Сауран – Қаратау мен Сырдария тау жоталарын
бақылаушы сауда – саттық орталағы болған.
Қаланың жалпы тұрғындарының саны 3000-
15000 дейін жеткен.
• XIVғ бірінші жартысында Ақ Орданының жошы
қағанатының астанасы болған.1320 ж ел қағаны
Сасы – Бұға осы қалада жерленген.
Араб геогрофы Макдиси: « Сауран – жеті
үлкен қамалмен қоршалған, қала ішінде
үлкен мешіт орналасқан үлкен қала болып
табылады », - деп қала ерекшілігін жазып
кеткен. Қала құрылымы басқа қалалардан
айырмашылығы: Сауран қаласы су
құбырының толық жабдықталуы мен табиғи
жауын-шашындарға бірніші күн бойы төтеп
бере алыуымен ерекшеленеді.
Сауран қаласының аэрофотосы
Сауран археологиялық қорығының карта –схемасы
• Ақын жазушы Васифидің еңбектерінің бірінде Саурандағы
тербелмелі екі мұнара жайлы айтылған. Мұнараның
күмбезінің астына орналастырылған бөренені (чуб)
шынжырмен бекіткен. Егер бөренені қатты қозғаса, шынжыр
тербеліп қарама-қарсы тұрған адамға мұнара құлап
кететіндей көрінген. Ал бұл – әлем ғажаптарының бірі.
Күрделі инженерлік құрылымдардың бірі кәріздердің көне
Сауранда болғаны да үлкен дамуды көрсетеді. Тау
беткейлерінен тартылған бұл жерасты ирригациялық
құрылымдары жер қабаттарының түзілісін, ерекшеліктерін
білуді ерекше қажет еткен. Саурандағы кәріз жүйесінің
болуы біздің елімізде суармалы егіншіліктің
дамығандығының айқыны.
Сауран – дiндарлар қаласы

• Ертеректегi Сауран жөнiнде Х ғасырдың өзiнде араб жаһанкездерi жетi қатар
дуалмен қоршалған қала деп жазады. ХIII ғасырдағы моңғол шапқыншылығында
саурандықтардың берiлгiсi келмегенi де сол берiк қорғандарына сенгендiгiнен
болар. Қала қиратылды, тек аздаған адамдар ғана аман қалған. Бұл - моңғол
шапқыншылығы кезiнде көптеген қалалардың басына түскен тағдыр.
Үлкен аймақтың рухани және саяси орталық ретiндегi дамуы мен даңқын
жаңғыртып, Сауран ендi жаңа жерден қайтадан бой көтердi. Жаңа Сауран
бұрынғысынан да берiк етiп салынды. Деректердiң баяндауынша “Сауран
қамалының берiк, күштi де қуаттылығы соншалық, тағдырдың ұзын қолы
қашанда оның биiк дуалының түбiне жете алмаған, көк аспанның көзi де …
бұрын-соңды мұндай берiк бекiнiстi көрмеген”.
Сауран тек берiк қамал ғана емес, жайлы да бай қала болған. Оның не бiр
ғажайыптары жөнiнде көп жазылған. Ондайда әсiресе, Зайнаддин Васифиге жиi
жүгiнедi : “ Оның айуанының екi иығына аса зәулiм және асқақ екi мұнара
орнатылған, медреседедегi ақындардың бiрi оны жылан ұстап тұрған Заххакқа
теңеген. Ол мұнараның гүлдестелерi шынжырмен байланған, ал, әр мұнара
күбезiнiң астына бөрене қойылған, егерде бiреу керемет күшпен оны қозғалтатын
болса, шынжыр тербелiп, қарсы жақта тұрған адамға мұнара ендi-ендi
құлайтындай көрiнедi, бұл шайқалмалы мұнара әлемдегi ғажайыптардың бiрi”.
• Шежiренiң айтуынша Сауранға жасалған шапқыншылықтың бiр себебi оның
ықпалды бiр адамының байлық даңқына байланысты болса керек. “ Өзiнiң
бiрнеше жақындарын қосып ол Ыбрахим сұлтанды Түркiстан облысына, Сауран
қаласына, Мири Арабтың үйiн тонауға аттандырды.Шығыс сұлтаны таң алдында
қарала арғымағына мiнiп, тоналған қазынаны қараңғы түннiң патшалығына
берген сәтте олар дирхемдер мен динарларды, үлкен-кiшiсiне қарамай барлық
дүниенi басып алды. Мири Арабтың жер астында салынған төбесiндегi саңлау
тесiгiне дейiн алтын мен күмiске толы қоймасы бар екен дейдi”. Қазба
жұмыстарында бiз айтып отырған құрылыс, мүмкiн Мири Арабтың тоналған сол
сарайы шығар.
Бiз топшылап отырған сарайдың кезiнде төбесi жабылған ұзындығы 6,6 м. кiре
берiс дәлiзi бар. Сарай медресенiң қарсысында орналасқан, екеуiнiң
табалдырығының арасы 18м. Ғимарат ХҮI-ХҮII ғасырларда, әсiресе, Орта
Шығыстың сәулет өнерiнде кең тараған ансамбль жүйесiмен салынған. Бұл
үлгiнiң бәрiне ортақ бiр тәсiлi - бiр ғимараттың екiншiсiне қарсы орналасуы, соның
өзiнде бiрiнiң маңдайшасы екншiсiнен аумайтындай ұқсас келедi.
Айырмашылығы тек құрылыстың көлемiнде ғана. Қала қақпаларынан орталық
алаңға келетiн көше тап осы жерде алаңға ұласып, кеңейе түседi. Алаңның
ұзыны мен көлденең бағыттары өзiнше қайталанбас сәулеттiк ансамбль құрған
үлкен ғимараттармен қоршалған.
“Қазақстан Республикасының мәдени мұра” мемлекеттiк бағдарламасы бойынша
жүргiзiлетiн археологилық жұмыстар осынау тарихи ескерткiш қала туралы
танымымызды одан әрi жетiлдiре түспек. Көп уақыт бойына Сауран қаласының
кең көлемдi қазба жұмыстары жүргiзiлген жоқ, дегенмен де, зерттеу нәтижелерiне
қарағанда тарихи ескерткiштер тек табылып қана қоймай, осы аймақтың мүлдем
соны мәдени, рухани және материалдық құндылықтарының жаңа деректерi
ашыла түспек.

Ұқсас жұмыстар
Қазақтың киелі сандары. Сатылай кешенді талдау технологиясын қолдана отырып сөздерге талдау жасау түрлері
Маңғыстау жерасты мешіті
АСПАЛЫ БАҚТЫҢ СУРЕТІ АРТЕМИДА ҒИБАДАТХАНАСЫ
ӘЛЕМНІҢ ЖАҢА ЖЕТІ КЕРЕМЕТІ
Ғылыми жобаның тақырыбы
"7 саны киелі сан"
Таңғажайып жеті саны
Біз екеуміз - екеумізге екеу
Тарихи ескерткіштер
Сандардың шығу тарихы.Жеті санына байланысты аспаптар.Жеті санының қасиеті!
Пәндер