САЯСИ БИЛІК ТУРАЛЫ
Презентация қосу
САЯСИ
САЯСИ БИЛІК
БИЛІК
Орындаған: ОЗХТ 203 топ
Тексерген: Кеңесов А.А.
Жоспар:
1. Саяси билік
2. Саяси биліктің қызметтері
мен жіктелуі
3. Саяси билік пен мемлекеттік
билік.
4. Қазақстандағы биліктің
легитимдігі
Саяси билік
• Саясаттануда саяси билік теориясы негізгі орын алады. Ол
саясатпен тығыз байланысты және саясаттың, саяси институттар
мен барлық саясат әлемінін мәнін түсініп-білуге мүмкіндік береді.
Себебі, саясаттың негізгі мәселесі—билік, ал мазмұны — билік үшін
күрес және билікті жүргізу. Шығыстың көрнекті ойшылы Ибн-
Халдун (1332—1406) адамның басқа жан-жануарлардан
ерекшелігі — ол билік үшін күреседі деген екен.
• Ағлшынның ең ірі фәлсафашыларының бірі, қоғам кайраткері
болған Бертран Рассел (1872—1970) физикада басты ұғым
энергия болса, қоғамдық ғылымдарда негізгі ұғым билік болып
табылады деп дұрыс айтқан. Ал Американың әйгілі
әлеуметтанушысы Талкотт Парсонс (1902—1979) экономиқалық
жүйеде акша каңдай орын алса, саяси жүйеде билік те
соншалықты орын алады деген. Сондықтан бұл курстағы басқа
тақырыштардың бәрі билікке байланысты келеді.
• Билік жөнінде ғалымдар арасында әр түрлі анықтамалар мен
тұжырымдамалар бар. Солардың негізгілеріне қысқаша тоқтала
кетейік.
• 1.Телеологиялық, анықтама билікті белгілі бір
мақсатқа,белгілеген нетижеге, қорытындыға жету мүмкіндігі
деп түсіндіреді. Мысалы, ағылшын фәлсафашысы Т. Гоббс (1588
—1679) билік болашақта игілікке жетудің құралы және өмірдің
өзі өле-өлгенше билік үшін үздіксіз ұмтылыс деп жазды.
• 2.Бихевиористік анықтама бойынша билік деп басқа
адамдардың жүріс-тұрысын, өзін-өзі ұстауын өзгерту
мүмкіндігіне негізделген іс- әрекеттің ерекше түрі.
• 3.Инструменталистік анықтама билікті белгілі бір
құралдарды, амалдарды (зорлық-зомбьшық, күштеу сиякты
шараларды) пайдалану, колдану мүмкіндігі деп біледі. Мәселен,
Америаньщ белгілі саясаттанушысы Р. Даль (1915жылы туған)
билік бірад амға екінші адамды өз еркімен жасамайтын іс-
әрекетті жасауға мәжбүр ету мүмкіңдігін береді дейді.
• 4.Структуралистік анықтама билікті басқарушы мен
бағынушының арасындағы қатынастың ерекше түрі деп ұғады.
Олар
кейбір адамдарды туғанынан, табиғатынан әміршіл, басқарғысы
келіп тұратын болады, ал басқалары көнбіс, көнгіш, басқа біреу
өз ырқын билеп, басқарып, жол көрсетіп тұрғанын ұнатады,
қалайды дейді. Солардың арасында, олардың ойынша, билік
катынастары туады.
• 5.Конфликтілік анықтама билікті дау-жанжал жағдайында
игілікті бөлуді реттейтін мүмкіндік, шиеленісті шешудің кұралы
деп түсіндіреді.
• 6.Біразғалымдар билікті кең мағынасында басқаларға
тигізілетін жалпы ықпал ретінде қарайды.
• 7.П. Моррис, А. Гидденс сияқтылар, жоғарыдағы көзқараспен
келіспей, билікті біреуге немесе бірдеңеге тигізетін жәй ғана
ықпал, әсер емес, оларды өзгертуге бағытталған іс-әрекет дейді.
• 8. Америка саясаттанушылары Г. Лассуэлл мен А. Каплан
"Билік және қоғам" деген кітабында билікті шешім қабылдауға
қатысу мүмкіндігі ретінде сипаттайды.
• Сонымен, біз билік туралы ғалымдардың арасында ортақ пікір,
анықтама жоқ екенін байқадық. Батыстың әлеуметтанушысы Р.
Мартин билік махаббат сияқты, күнделікті тілімізде жиі
пайдаланылады, іштей сезіледі, бірақ сирек анықталады деп бекер
айтпаған. Оның себебі, француздың саясаттанушысы Ж. К.
Шевалье айтқандай, адамдарды биліктің жалпы ұғымының
айналасындағы айтыс-тартыстан гөрі нақтылы, шын мәніндегі
биліктін өзі көбірек ойландырған, магнитше тартқан.
• Дегенмен, ғылым болғандықтан анықтама беріледі. Мысалы,
"Философиялық энциклопедиялық сөздікте" билік туралы былай
делінген: "Сөздің жалпы мағынасында билік өз еркінді жүзеге
асыруға қабілеттілік пен мүмкіндік, адамдардың жүріс-тұрысы, іс-
әрекетіне қайсыбір амал-әдістер — бедел, құқық, күштеу арқылы
шешуші ықпал жасау" ("Философский энциклопедический словарь".
М., 1983, 85-бет). Біздіңше, билік деп біреудің екіншілерге әмірін
жүргізіп, олардың іс-әрекеті, қызметіне ықпал етуін айтады.
• Билік адамзат қоғамымен бірге пайда болады және оның даму
барысында бола бермек. Ол ең аддымен қоғамдық өндірісті
ұйымдастыру үшін керек. Онсыз барлық қатысушы адамдарды
біртұтас ерікке бағындыру қиын. Билік адамдар арасындағы
қарым-катынастарды, адамдар, қоғам және мемлекеттік саяси
институттар арасындағы қатынастарды реттеуге міндетті. Ол
қоғамның тұтастығы мен бірлігін қолдау үшін керек.
• Алғашқы қауымдық қоғамда билік қоғамдық сипатта болды. Ол
кезде билікті қауым бастығын сайлайтын ру-ру мен тайпалардың
барлық мүшелері бірігіп іске асыратын. Әлеуметтік бөлшектену
өрістеп, мемлекеттің пайда болуына байланысты ру
басшыларының адамгершілік беделі төмендеп, оның орнына
ақесүйектер билігінің беделі ұлғайды. Биліктің аппараты дүниеге
келді, адамдарды еркінен тыс, ықтиярсыз еркіне көндірген
мекемелер пайда болды. Олар мемлекет ретінде қоғамнан
дараланып, оқшауланып, оның үстінен қарайтын органға
айналды. Құлдық қоғамда саясат, саяси билік пайда болды.
Сондықтан саяси биліктің пайда болуын қазіргі саясаттануда
мемлекеттің пайда болуымен байланыстырады.
• Әдетте, "билік" деген сөз әр түрлі мағынада қолданылады. Оны
ықпал ету бағытына, объектісіне байланысты былай етіп бөледі:
ата-аналар билігі, мемлекеттік, экономиқалық, саяси, әлеуметтік,
құқықтық, әскери, рухани билік және т.т. Бірақ биліктің толық
мағынасы мемлекеттік-саяси салада ғана айқындалады.
Сондықтан саяси билік биліктің ең басты түріне жатады.
• Биліктің басқа түрлерімен салыстарғанда саяси биліктің мы-
надайерекшеліктерібар: оныңөктемдіксипаты (ол басқабилік-
терден жоғары тұрады, оның шешімдерін қалғандары орындай-
ды), оның бүкіл қоғамның атынан билік жүргізуі, басқарумен
кәсіби айналысатын адамдардын ерекше тобының болуы, оның
кепшілік адандардың мүддесін қозғауы, басқа мекемелерге
Қараганда билік органдарының тәуелсіздігі, қоғам өмірінін.
жұмыс тәртібін белгілеуде жеке-дара құқығы, мемлекет
шеңберінде ашық күш қолдана алуы және т.б.
• Саяси билік бар жерде теңсіздік бар. Мүнда біреулер билік етуге
қүқықты да, екіншілері оларға бағынуға міндетті. Бұл теңсіздік
неден туады? Ол үшін саяси биліктің қарамағында теңсіздікті
қамтамасыз ететін әдіс-кұралдары бар. Оған жататын-дар:
• 1. Экономиқалық қор. Қандай саяси билік болмасын оған қаржы-
қаражат керек. Мысалы, сайлау науқанын өткізу үшін ондаған
миллион ақша жұмсалады. Мемлекет тарапынан белінген
қаражат жетіспегеңдіктен шет елдерде үміткерлер жеке бай
адамдардың, бірлестіктердің кемегіне сүйенеді. Билеуші
аппаратты үстау үшін каншама каржы кетеді. Оның үстіне, әдет-
те, билік басына келген топ өзінің экономиқалық
бағдарламасымен келеді. Мысалы, АҚШ-тың көрнекті
президенттері: Ф. Рузвельт "Жаңа бағыт", Дж. Кеннеди
"Жаңашел", Л. Джонсон "Кедейлікке қарсы соғыс" және т.с.с.
бағдарламаларды алға тартқан. Оларды жүзеге асыруға қыруар
акша іздестіруге тура келеді.
• Экономиқалық қорға коғамдық өндіріс пен түтынуға керек басқа
да материалдық күндылықтар, құнарлы, шұратілы жерлер,
пайдалы казба байлықтары жәме т.б. кіреді.
• Әлеуметтік әдіс-құралдар. Үстемдік етіп отырған билік өзж
қолддйтын, оның одан әрі өмір сүруіне мүдделі адамдар іздейді.
Ондай рөлді ең алдымен оның мәртебелі, абыройлы, жалакысы
мол қызметтерді атқаратын, көптеген жеңілдіқтермен пайдали-
натын қызметкерлері орындайды. Қазіргі Батые елдерінде
үстемдік етіп отырған саяси билікті сақтауға халықтын көпшілігі
мүдделі. Себебі, оларда орта деңгейде тұратын адамдар көп, сая
си билік басына келгендер соларға арқа сүйейді. көпшілікті
мұқтаждық жағдайға жібермейді, елдерінде әлеуметтік
әділеттілік, халықты сактандыру кең дамыған. Мысалы, зейнет-
кер жұмыс істеп жүргенде алған жалақысының 90%-ке дейіні
ісін
ала алады, неше түрлі кайырымдылық қорлары жұмыс істейді
жәнет.с.с. Күш жұмсау құралдары. Олар мемлекетті қорғайды,
ішкі
тәртіпті сактайды, саяси билікті құлатуға әрекет жасаушыларға
мүмкіндік бермейді. Оған жататындар: әскер, полиция,
қауіпсіздік органдары, сот, прокуратура және т.т. Тарихи тәжіри-
беге сүйенсек, саяси билік оларды өз максаттарына әсіресе эко-
номиқалық және саяси дағдарыстар кезінде жиі пайдаланады.
Оның арнайы дайындалған адамдары болады.
• Ақпарат күралдары. Қоғамдық пікіртудырып, саяси өміргс
ықпал ету жағынан оны төртінші билік деп те атайды. Кейбір
саяси кайраткерлер кім теледидарды бақыласа, сол бүкіл елді
бақылай алады деп санайды. Шынында да, олардын
мүмкіншіліктері мол. Әсіресе, әрбір үйде радио, теледидар бар
кезде адамдар өз елдеріңдегі жағдайды ғана емес, дүние жүзінде
не болып, не қойып жатқанын көріп-біліп отырады. Ақпарат
күрадцарының маңызы шын мәнінде сөз, бастіасөз бостандығы
берілғен, оппозициялық партиялар бар елдерде арта түседі.
• Ақпарат құралдарымен катар билікті жүрғізуде информа-
циялық қордын да маңызы зор. Білім мен ғылыми мағлұматты
алу, оларды тарату бүгінгі танда алдыңғы қатарлы орындарға
шығуда. Кейбір ғалымдардын (жапондықтардың) айтуынша,
информация кімнің қолында болса, XXI ғасырда билік сонын
қолыңда болады дейді.
• Саяси билік әлеуметтік институттар арқылы жұмыс істейді. Ол
үйымдар, мекемелер, техниқалық, информациялық, адамдық
жәйттар, қоғамдық қатынастарды ұйымдастыру мен реттеуді
қамтамасыз ететін ережелер арқылы іске асады. Биліқтің қайнар көзі,
бастауына бедел, күш, байлық, заң, адамның қоғамдағы алатын орны,
үйым, мүдде, білім және ха-барлама мәліметтер (информация)
жатады.
• Билікті жүзеғе асырғанда құқық, бедел, сендіру, әдет-ғұрып, дәстүр,
амал-айла, кулық, күштеу, зорлау, еріксіз көндіру сияқ-ты әдіс-
амалдар пайдаланылады. Оны жүзеғе асырудың түрлері не үстемдік
жүргізу, басшылық ету, үйлестіру, ұйымдастыру, бақы-лау жатады.
• Биліктің қызметтері мен жіктелуі
• Саяси биліктің езіндік қызметтері болады. Оған жататындар:
коғамның саяси жүйесін қалыптастыру; өның саяси өмірін ұйым
дастыру (ол мемлекет пен коғам, таптар мен топтар,
ассоциациялар, саяси институттар, мемлекеттік басқару
органдары мен аппараттары, партиялар, азаматтар және т. б.
арасындағы каты-настарды қамтиды); әр түрлі деңгейдегі қоғам
мен мемлекеттің істерін басқару; екімет органдары, саяси емес
процестерге басшылық жасау; саяси және басқа қатынастарды
бақылау және түптеп келгенде, белгілі бір коғамға сәйкес
басқарудын, түрін, саяси тәртіпті және мемлекеттік құрылысты
(монархиялық, республиқалық), ашық не жабық (басқа
мемлекеттерден оқшаула-нып, коршауланып алған,
автаркиялық) коғамды кұру, қоғам-дықтәртіп пен түрактылықты
қолдау; дау-дамай, шиеленістерді ашып, оларға шек кою және
дер кезінде шешу; қоғамдық келісім-ге, мәмілеге келу және т. б.
• Қоғамда билік өзара тығыз байланыстағы 3 деңгейде ұйымдас-
тырылып, жұмыс істейді: 1):жоғары орталық саяси институттар,
мемлекеттік мекемелер мен ұйымдар, саяси партиялар мен
қоғамдық ,ұйымдарды басқару органдары кіретін өте ірі денгей;
• 2) орта буынды аппараттар мен мекемелерді қамтитын және
аймақтық, облыстық, аудандық шеңбердегі жергілікті
әкімшілік билік (әр түрлі мекемелер, агенттіктер,
комиссиялар, кенестер, префектуралар және т. б. мекемелер)
кіретін орта деңгей; 3) адам-дар, кішігірім топтар, ұйымдар,
одақтар, өндіріс және басқа ұжымдар арасындағы қоғамдық
қатынастардың негізі, арқауы болып табылатын, саяси және
қоғамдық өзін-өзі басқару өрісін құрайтын кіші деңгей.
• Биліқ мәселесін қарастырғанда саяси биліктің "субъектісі"
және "иелік етуші" деген ұғымдарға назар аударуға тура
келеді.
• Субъект деп іс-әрекетті жасаушы, объекті өзгертуші жеке
адам, әлеуметтіқ топ, тап, партия, мемлеқетті айтады. Саяси
билікті жүзеге асыру үшін арнайы ұйымдар мен мекемелер
құры-лып, субъект оларға өкілдіқ береді. Олар билікті
қолданушы, қорғаушы, "иелік етуші" болып есептеледі. Басқа
сөзбен айтқан-да, субъект билікті "иелік етушілер" арқылы
жүргізеді. Сондық-тан мұны түсінбейтін адамдар билікке
"иелік етушілерді" биліктің өзімен шатастырады немесе "иелік
етушілерді" билік субъектісінен тәуелсіз деп санайды.
Мысалы, мұндай адамдар кез келген шенеунікті, үйым немесе
мекеменің, саяси, әкімшілік,
• Мұндай тусінік субъекті енжарлыққа, керенаулық әкеліп
соқтырады, биліктен шеттетіледі. Олар өз тағдырын бед сенді
түрде өзі шешетін мүмкінішлігіне сенімі азаады.
• Биліктің субъектісіне жеқе адам немеее партиялар, ұйымда және
т. б. жатады деда:, Бірак олар бәрі бірдей билік жүргізе алмайды.
Соңцықган мұвдай құкық адамдардың, ұжымдардың
партиялардыі^ Іаптардың, топтардың белгілі бір бөлігіне ғанг
беріледі. Будан келіп билік етуге сенім білдіру мөселесі туады.
• Демократиялық саяси жүйе ойдағыдай өз ісін аткаруы үшін,
әдетте, мемлекеттік билікті заң шығарушы, атқарушы, сот билігі
етіп үш тармакка бөледі. Оның негізін салушы ағылшын ойшы-лы
Джон Локк (1632—1704) пен француз ғалымы Ш. Л. Монтескье
(1689—1753) болды.
• Заң шыгарушы билік (парламент) заң шығарумен, оны бекі-ту,
өзгерту немеее жоюмен айналысады. Ол заң қабылдайды, салық
салуды анықтайды, үкіметті тағайындайды, бюджетті бекі-теді,
соғыс ашып және армияны қамтамасыз етеді, сауданы рет-тейді,
сотты үйымдастырады, халықаралық келісім-шарттарды
кабылдайды, саясаттың манызды ішкі және сыртқы бағытын
айқындайды. Онын жұмысына конституция атынан ерекіпе ор-
гандар (конституциялық кадағалау, конституциялық сот) бакы-лау
жасайды. Атқарушы билікке үкімет пен әкімшілік жатады. Оларды
заң шығарушы өкілдік органдар қалыптастырады.
• Атқарушы билік заң шығарушы биліктің бақылауыңда болып, олардың
алдында есеп береді. Оның жұмысы заңға негізделіп, заң шеңберінде
іс істеуі керек. Сырттай қарағанда ол заң шығарушы билікке тә-уелді.
Бірақ іс жүзінде ол саясижүйенің маңызды бөлігіне айнал-ған және
коғамдық өмірде зор рөл атқарады. Үкімет саяси шешімдер
кабылдайды (бірак олар конституция шеңберінде бо-луы және заңға
негізделуі керек). Ал әкімшілік ол шешімдерді жүзеге асырады.
• Соттық билік адамдардың құқығын қорғайды, занды бұрма-
лаушылықтан сақтайды, парламент не президент қабылдаған
зандардың, конституциялық жарғьшардың сәйкестігін анықтай-ды.
Оны халық немеее өкілетті мекемелер қалыптастырады. Ол заң
шығарушы немеее атқарушы билікке тәуелсіз. Өз жұмысын-да тек
занды ғана басшылыққа алады. Егер жоғарғы сот мемле-қеттік
органның немеее қызмет адамының шешімін қонститу-цияға қарсы
десе, ол шешім толығымен күшін жояды. Соттың маңызды
принциптеріне жариялылық, айыпкердің езін қорғауға және сот үкімін
бұздыру туралы шағым арыз беруғе кұкығы жатады. Біраз елдерде
соттың тәуелсіздігін және әділдігін қамтама-сыз ету үшін ант берген
әділ сот құрылады. Мұндай жағдайда сот процесінде судьяларға
тәуелсіз, арнаулы ант берген азамат-тардан тұратын қазылар алқасы
қатысады. Олар айыпкердің кінәсы жөнінде шешім кабылдайды.
Соның негізінде судьялар үкім шығарады.
• Қазіргі кезде биліктің үш тармағы жөнінде саясатшы ғалым-дардың
арасында әр түрлі көзқарастар бар. Олардың кейбіреуі билік санын
көбейткісі келсе, екіншілері кеміткісі келеді.
• Билік санын көбейткісі келгендер төртінші билік деп ақпа-
ратқұралдарынатайды. Олардың қазіргі кезде, өмірдіңдемокра-
тияланып жатқан дәуірінде алар орны зор. Әсіресе, сөз, баспасөз
бостандығы шын мәнінде беріліп, радио мен теледидарды пай-
цалану мүмкіндігі қамтамасыз етілген елдерде азаматтардың
өзіндік санасының өсуіне, коғамның ісіне белсенді араласуына,
адамдардын басшылығы мен жауапкершілігін тәрбиелеуде ақпа-
рат кұралдарынын мүмкіншілігі ерекше. Ел басқарушы шенеу-
ніктердің кылмысты істерін қалт жібермей өшкерелеп отырса
(сондықтан олардан қаймықса), халықтың мұңын мұндаса, шы-
нында да, төртінші билік емей немене?
• Бесінші деп сайлаушылар билігін айтады. Мұнда сайлаушы-
лардын еркі, талап-тілектерімен катар кейбір елдерде сайлаушы
лар соты да бар.
• Алтыншыға бақылау билігін жатқызады. Қайсыбір елдерде
қарамағында аппараты бар Бас бақылаушы да болады.
• Жетінші саяси билік дейді. Мұнда билікті жүргізіп отырған
басқарушы партия туралы сөз болып отыр.
• Кейбіреулер биліктің ерекше түрі деп әскери билікті атап жүр.
• Сонымен катар мемлекеттік билік санын қыскарткысы ке-летіндер
де бар. Мысалы, француздың белгілі саясаткерлері Р. Арон, Ж.
Бюрдо және тағы басқалар мемлекетте екі-ак билік, атап
айтканда, заң шығарушы және оған бағынышты әкімшілік билік
болады дейді. Сот билігін жокка шығармайды, бірак оны әкімшілік
билікке қосады.
• Дегенмен, дүние жүзінің алдыңғы катарлы елдерінде үш тар-мақты билік
қалыптаскан. Мемлекетті басқару ыңғайлы болу үшін ол биліктер
орталық (жоғары) және жергілікті билік бо-лыпбөлінеді.
• Биліктің кейпін, сырт бейнесін, коғамдағы рөлін, жұмысын және
болашағын бағалау үшін оны жүйелеп, топтастырудың мәні зор. Әр түрлі
билік өзара байланысты бірқатар белгілермен өзге-шеленеді. Атап
айтқанда: 1) институционалданған (өзінің басқа-рушы және тәуедді
кұрылым деңгейі бар әр түрлі мекемелер түрінде үйымдаскан, темен
шенділердің жоғары шенділерге бағынышты болып, араларында билеу-
бағыну қатынастары орнаған)және инсгитуционалданбаған (биресми,
басқарушы және атқарушы тотвр анық, ашықхөрсетілмеген) биліктің түрі
(мөсе-лен, саяси ассоциациялардағы билік, биресми топтарды және т. б,
басқару); 2) жұмыс істеу саласына байланысты билік саяси және саяси
емес болып бөлінеді. Мысалы, соңғысына эконо-миқалық, ата-аналар,
корпорациялар және т. б. билігі жатады; 3) құқықтық шегіне, кұдіретінің
мөлшері мен саласына қарай билік мемлекеттік, ассоциативтік
(партиялық, топтық, жергілікті әкімшіліктің және т. б. билігі) болып,
сырткы саясат катынаста-рындағы, дүниежүзілік ұйымдар мен
одақтардың халықаралық билігі болып жіктеледі; 4) биліктің субъектісі
бойынша ларла-менттік, үкіметтік, соттық, дербес (монархиялық —
корольдік, патшалықжәнет. б. — президенттік), ұжымдық (партиялық,
бас-қарушы топтардың алқалық, халықтық, таптық және т. б. билі гі)
болып топталады; 5) колданылатын әдіс, тәсіліне қарай үстемдік,
озбырлық, басқа түрлерді еріксіз көндіру, сендіру, ерік, бедел және т. б.
билігі болып бөлінеді; 6) әлеуметтік түріне қарай феодалдық,
буржуазиялық және т. с. с. билігі болып жүйеле-неді.
Саяси билік пен мемлекеттік билік
• Билік саяси және мемлекеттік болып екіге бөлінеді. Бұл мәсе-ленің
үлкен астары бар. Себебі, бүрынғы кеңестік дәуірде бұл
ұғымдарды теңестіріп, бірыңғайлау саяси жүйенің барлық құры-
лымын мемлекеттендіруініңтәсілдемелік негізі болды.
• Саяси билік таптық, топтық жеке адамның саясатта тұжы-
рымдалған өз еркін жүргізу мүмкіндігін білдіреді. Ал мемлекеттік
билікке барлық адамдарға міндетті зандарды шығаруға жеке-дара
к,ұқығы бар зандар мен ұйымдарды сактау үшін ерекше күштеу
аппаратына сүйенетін саяси биліктің түрі жатады. Бұдан біз саяси
биліктің мағынасының мемлекеттік биліктен кен екендігін
байқаймыз. Себебі, біріншіден, саяси билік адамзаттарихының
барлық кезендерінде болған. Мысалы, алғашқы адамдьіқ қауым
кезінде ақсақалдар кеңесінің, веченің (Ежелгі Русьтегі азамат-тар
жиналысының түрі), вече соттарының және т. б. билігі болды.
Екіншіден, саяси билік тек мемлекеттік аппарат аркылы ғана емес,
сонымен бірге партиялар, кәсіподақтар, халықаралық ұйымдар
(БҮҮ, НАТО және т. б.) сиякты саяси жүйенің басқа эле-менттері
арқылы да билігін жүргізеді. Үшіншіден, мемлекеттік билік,
жоғарыда көрсетілгеніндей, ерекше күштеу аппаратына сүйенеді
және оның билігіне коғамның барлық мүшелері тегіс бағынады.
Мемлекеттік билік саяси биліктің ең жоғары, ең толық, ең дамыған
түрі, оның өзегі болып табылады.
• Мемлекеттік биліктің заңдылығы оның легитимдігінен білінеді.
Легитимдік (латын тілінде зандылық,, шындық деген мағынаны
білдіреді) дегеніміз халықтың устемдік етіп отыр-ган саяси билікті
мойындауы, оның зацдылыгы мен шешімдерін растауы.
• Демократиялық жағдайда мемлекеттік билік легитимді бо-луы
үшін мынаңдай екі шарт қажет: 1) ол халықтың калауы бойын-ша
қалыптасуы және көпшіліктің еркіне қарай орындалуы кс-рек.
Яғни, мемлекеттік биліктің иесін тура немесе жанама түрдс
белгілі бір мезгілгс халық сайлауы керек және оның жұмысын
бақылап отыруға мүмкіндік болуы тиіс; 2) мемлекеттік билік
конституциялық кағидаларға сәйкес жүзеге асырылуы керек.
• Немістің көрнекті ғалымы Макс Вебер билік басына келу-дегі
легитимдіктің мінсіз турлері ретінде үш үлгісін көрсстті. Ен,
біріншісі — әдет-ғұрыптық легитимдік. Ол сонау ерте заманнан
бастап халықтың санасына сіңген, әбден бойлары үйреніп, дұрыс
деп тапкан салт-дәстүрлерге сүйенді. Сондық-ган, мысалы,
(кейбір елдерде казір де) хан, султан, патша, шах, әмір және т. б.
билігін халық дұрыс, занды деп түсінді. Билік әкеден балаға мирас
болып қалып келді, оны жүрт ата-салты-мыз деп мойындап
отырды.
• Екінші түріне харизматиқалық легитимдік жатады. Мүнда өзінің
ерекиге батырлығымен, адалдылығымен немесе басқа үлгілі
кабілет-қасиеттерімен көзге түскен адамды басшы етіп жариялап,
соның соңынан ереді. Халық тек сол көсемге беріліп, соған ғана
сенеді.
• Мысалы, Мухаммед пайғам-бар, Ганди, Аятолла Хомейни және т.
б. Ол адамдар жеке басқа табыну дәрежесіне жетті. Харизма
деген сездің өзі де көсемге, мемлекеттік басқарушының жеке
басына табыну деген мағынаны білдіреді.
• Үшінші түріне Вебер акыл-парасатты ң, к ұ к ьі к ты н легитимдігі-
н жатқызады. Онда саяси билік салт-дәстүрге немесе тарихи
түлғаға байланысты емес, қазіргі саяси кұрылым орнаткан
кұкықтық ережелерге, тәртіптің ақыл-ойға сыйымды-лығына
негізделеді. Мұндай легитимділік саяси билікті н, пайда болуы
және өмір сүруі демократиялық талаптарға сәйкес келе ме, жоқ
па сонымен анықталады.
• Легитимдіктің алдыңғы екі түрі кұлдық және феодалдық
қоғамдарға тән болса, үшінші түрі казіргі дамыган елдерге тән.
Шығыс елдерінің саяси кайраткерлері биліктін легитимділіі'інс
зор назар аударады. Себебі, халық казіргі үстемдік етіп тұрған
саяси тәртіпке сенуі керек. Сонда ғана оны жұртшылық кол-
дайды және ол тиімді қызмет атқарады.
Қазақстандағы биліктің легитимдігі
• Мемлекеттік құкықтьіқтәгяіптің легитимдігінің ең биік дәре-жесіне
конституция жатады. 1995 жылғы 30 тамызда Республи-
кааақ^юфсреіідумда кабылданған Қазақстан Республикасының
жаңа Ішншш:уцнясы саяси билікке накгылы легитимдік берді. Онда
Қйақстан Республикасын демократиялық, зайырлы, қрйрық және
өлеуметтік мемлекет деп жариялады. Оның ең кэымбат қазынасы —
адам және адамның өмірі, құқықтары мен боетандықтары.
Қазақстан Республикасы — президента к басқа-ру нысанындағы
біртұтас мемлекет. Мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы —
халық. Республикада мемлекеттік билік біртұтас, ол Конституция
мен зандар негізінде заң шығарушы, аткзрущы және сот
тармактарына бөліну, олардьщ тежемелік врі тепе-тендік жүйесін
пайдалану арқылы, өзара іс-қимыл жа-сау принципіне сәйкес жүзеге
асырылады. Республика Президент! мемлекет басшысы, оның ең
жоғары лауазымды тұлғасы болып табылады. Ол — халық пен
мемлекеттік билік бірлігінің, Конституцияның мызғымастығының,
адам және азамат құкықтары мен бостандықтарының рәмізі әрі
кепілі. Парламент — заң шығару функциясын жүзеге асыратын
республиканың ең жоғары вкілді органы. Сот билігі азаматтардың
қүкықтарын, бостан-дықтары мен занды мүдцелерін қорғауды
жүзеге асыруға арнал-ған. Конституциялық Кеңес республиканың
бүкіл аумағында ҚР Конституциясы үстінен қарауды қамтамасыз
ететін мемлекеттік орган болып саналады.
• Саяси билік мәселесін сөз еткеңце оның принциптеріне тоқ-талмауға
болмайды. Олар қоғамдық өмірдің қолайлы, орнықты қалпын қамтамасыз
ету үшін қажет. Оған мыналар жатады: легитимдік принципі (яғни, билік
заңға, заң шығаруға сүйенгенде ғана өзін сенімді, еркін сезіне алады),
қорғау принципі (билікті сан түрлі әдістермен қолда ұстай білу және оны
арттыра білу керек), ұтымдылық принципі (биліқ батымды, өтімді,
ықпалды, табанды болғаны жен, онсыз билік билік бола алмайды), сыр
бермеу принципі (билік үшін ең қауіпті нәрсе—шындықты уақы-тынан
бүрын айтып кою).
• Қолдағы билікті атқара да білу керек. Бұл оңай шаруа емес, тіпті еңқиыны
десе де болады. Себебі, кемшіліктің көбі билікті і;олдану барысында
жіберіледі. Билікті атқару тетігіне заң жүзіңде рұқсат етілген әлеуметтіқ
іс-әреқеттер жатады. Оның да взіндік принциптері бар. Оларға
жататындар: іштей еріқсіздіқ (өміршініңөз билігі өзінде бола бермейді),
сақтық (саяси іс-әре-кетті алдын ала парасатты түрде дәлме-дөл есептеп
алған дұрыс), қызметтестік (биліктің мықтылығы бірлесіп іс басқара
білуде), шыдамдылық^әмірші төзімді, тілектес, мейірбанды болуға тиіс),
ымыраға келушілік (биліктің қисыны жағдайға-байланысты ;бо-луы
мүмкін; сондықтан өкім жүргізушіге келісімге, ымыраға келуге,
бірлестіктерге, блоктарға енуге немесе олардан іргені зулақ салуға 'тура
келеді), жауапкершілік (әмірші шексіз билік-ке қызықпай, жауапкершілігін
сезінгені абзал), ұлылық, (билік жүргізуші езінің ішкі маңыздылыгымен,
ұлылығымен, Ішбын-дылығымен бағаланады), мәдениеттілік, табандылық,
тұракды-лық, езара сындылық және т. с. с. Билік — дәйектілігімен, іс-
әрекетініңқисындылыгымен қадірлі. Керек кезінде соңғы коры-тынды сөзді
айта білгеннің де маңызы зор.
• Қоғамдық өмірді билік арқылы реттеп, жөнге келтірудің бірнешетүрі бар.
Мысалы, бұрынғы Кеңес өкіметі кезінде билік тұгелдейтоптастырылған
болатын. Әлеуметтік бастамалар шыға-ру, шешімдер кабылдау және т. б.
бәрі қатал орталықтанған еді. Бұл билік қоғамның прогресті дамуына
жол бермейді. Ал кейбі-реулер биліктің қай түріне болмасын қарсы
шығып, анархизмді уағыздайды. Бұл жолдың да болашағы жоқ.
Сондықтан алдынғы қатарлы дамыған елдер биліктің орталықтануы мен
шоғырла-нуынан саналы түрде бас тартып, барлық адамдардың өкімет
шешімдерін кабылдауға, билікке қатысуын қалайды. Содан да болар
қоғамнын қарқындап дамуына жағдай жасап, халықтың тыныс-
тіршілігіне жайлы саналатын казіргі өркениетті елдер деп аталып жүрген
мемлекеттердегі демократиялық республика, конституциялық монархия
және т. б. сиякты биліктердің түрлері дұрыс деп саналуда. Демократия
деген сөз гректің "демос"— халық және "кра-Ігіос"— билік деген
сездерінен тұрады, яғни халық билігі деген мағынаны білдіреді.
• Қазір бұл сөз бірнеше мағынада колданылады: 1) мемлекеттің тұрпаты
(типі) мен жалпы саяси жүйесі; 2) мүшелерінінтендігі-не, басқару
органдарының мерзімді сайлануы және копшілік дауыспен шешімдер
кабылдау принциптеріне негізделген кез келген үйымның
ұйымдастырылу түрі; 3) қоғамдық құрылым-ның мұраты (идеалы) және
соған сәйкес көзқарастар.
• Демократияның көпшілік таныған бірыңғай анықтамасы жок. Әр
дәуірдегі ойшылдар оны әр түрлі түсінген. Оның үстіне әр түрлі елдерде
олардың ұлттық, тарихи және т. б. ерекшеліктері-не байланысты
демократия сан түрлі рең алуы мүмкін.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz