Саяси әлеуметтену: түсінігі, кезеңдері мен типтері


Slide 1

Саяси әлеуметтену

Туризм, 4 - топ

Slide 2

Саяси әлеуметтенудің түсінігі мен мәні

Бүгінде жеке тұлғалардың саясатқа деген қызығушылығын арттыру, қоғамдық - саяси өмірге қатысуының ауқымын кеңейту, сондай-ақ, саясатқа ел жұрттың барлық жаңа топтарын тарту әлемдік дамудағы маңызды бағыттардың бірі болып саналады. Саясатқа жаңа буын өкілдерінің қіруі олардың бойында қоғамдық жүйедегі саяси құндылықтар мен ұстанымдарға, саяси бағыт-бағдарлар мен дағдыларға деген белгілі бір қарым-қатынасты орнықтыруды қажет етеді. Қоғамға ұрпақтар алмасуы кезінде саяси даму мен тұтастықты сақтауға қол жеткізу маңызды жайт. Бұл үрдіс қоғамда «саяси әлеуметтену» деп аталады.

Slide 3

Яғни, адамдар туғанынан саяси сауатты, саяси өмірге бейімделіп тумайды. Олар біртіндеп, өмір бойы білімін кеңейтеді, толықтырады. Саяси мәдениеттің үлгілері бір дәуірден екінші дәуірге мұра ретінде қалып, соңғы ұрпақ алдыңғы ұрпақтың үлгі - өнегесінен үйреніп отырады.

«Әлеуметтену» ұғымын алғаш рет ғылыми айналымға ХІХ ғасыр аяғында американ әлеуметтанушысы Ф. Гиддингс пен француз әлеуметтанушысы және психологі Г. Тар енгізді. Олар әлеуметтенуді «тұлғаның әлеуметтік табиғатының даму үдерісі», «әлеуметтік ортаның ықпалымен жеке тұлғаның қалыптасуы» деп түсіндіреді [37. Б. 43 ] . Олар әлеуметтану деп тұлғаның әлеуметтік ортаға байланысты қалыпатасуын айтты.

Slide 4

Саяси әлеуметтену процесі үш негізгі мәселені шешуге бағытталады:

- қоғамның жаңа мүшелеріне саяси мәдениеттің және саяси сананың негізгі элементтерін жеткізу;

- қоғам мүшелеріне қажетті саяси тәжірибе алуға, саяси іс-әрекет етуге және шығармашылық жасауына қолайлы жағдай жасау;

- саяси мәдениеттің элементтерін өзгерту.

Slide 5

Саяси әлеуметтену институттарына мыналар жатады:

Отбасы

Білім жүйесі

Ақпарат құралдары

Мемлекет

Партия

Діни ұйымдар

Жеке саяси оқиғалар

Slide 6

Кезеңдері:

саясаттану, яғни балдырғанның ата-ана билігінен де жоғары саяси билік барын ұғынуы;

жекелеу. Мұнда бала саяси билікті президент, полицейский тұлғас арқылы жекелеп сезінуі;

дәріптеу, яғни саяси қайраткерлерге тек жақсы қасиеттерді таңу;

институционалдандыру, саяси билікті жеке тұлғалар арқылы емес, иесіз институттар арқылы (партия, сот, парламент, әскер және т. б. ) қабылдау.

Slide 7

Типтері:

Үйлесімді;

Гегемонистік;

Плюралистік;

дау -жанжалдық.

Slide 8

Үйлесімді

Саяси әлеуметтенудің үйлесімді түрі адам мен билік институттарының арасында адам сияқты қолайлы психологиялық қатынастар қалыптасқанда пайда болады. Мұнда құқықтық тәртіп орындарына, мемлекетке, өзінің азаматтық міндеттеріне құрметпен қарайды. Жеке адам мен билік органдары арасында сыйластық, туындаған саяси мәселелерді өзара келісім арқылы шешетін жағдай қалыптасады. Бұл үшін әдетте мәдени біртектес орта, дамыған демократиялық дәстүр, азаматтық қоғам болуы керек. Мысалы, мұндайға АҚШ, Ұлыбритания елдерін жатқызуға болады.

Slide 9

Гегемонистік

Саяси әлеуметтенудің гегемонистік түрі өзінің саяси және әлеуметтік жүйесінен басқа жүйелерге жат көзбен қарап, оларды жақтырмайды. Мұнда саяси әлеуметтену бір таптық, діннің немесе идеологияның негізінде қалыптасады. Саяси әлеуметтенудің бұл түрі жабық саяси жүйеге тән. Мысалы, оған бұрынғы КСРО-ны, қазіргі Солтүстік Кореяны жатқызуға болады.

Slide 10

Плюралистік

Саяси әлеуметтенудің плюралистік түрі не адам басқа азаматтардың, олардың құқығы мен еркіндігін, теңдігін мойындайды, құрметтейді. Мұнда өзінің бұрынғы саяси көзқарасын өзгертіп, басқа саяси құндылықтарды басшылыққа алуы әбден мүмкін. Оған Еуропа Одағы елдері мысал бола алады.

Slide 11

Дау-жанжалды

Саяси әлеуметтенудің дау -жанжалды түрі топаралық күрес, қарама-қайшы мүдделер негізінде қаланады. Мысалы, Ауғанстан елін алсақ, онда пұштындар, өзбектер, тәжіктер және т. б. әрқайсысы өз салт -дәстүрлерін, қз ұлтының құндылықтарын жоғары қойып, әртүрлі тайпалардың бастары бірікпеуде. Соның негізінде әлсін әлі дау-жанжал туып, ел ішінде кикілжің көбеюде.


Ұқсас жұмыстар
Тұлғаның әлеуметтену кезеңдері мен институттары
Әлеуметтену: сәйкестендіру теориялары, кезеңдері және ресоциализация мен десоциализация
Қоғам теориясы: анықтамалар, даму сатылары, типтері және гендерлік әлеуметтену
Саяси мәдениет пен мінез-құлық: тұжырымдамасы, құрылымы, әлеуметтену және типологиясы
Әлеуметтендіру кезеңдері: бастапқы, екіншілік және ересек кезеңдегі әлеуметтену
Әлеуметтену және сәйкестендіру теориялары: рөлдік тәсілдер мен тұлғаның даму кезеңдері
Мемлекет: түсінігі, пайда болу теориялары, типтері және функциялары
Саяси сана мен саяси идеология: түсінігі, функциялары және негізгі түрлері
Саяси партиялар мен қозғалыстар: түсінігі, функциялары, жіктелуі, Қазақстандағы көппартиялық жүйе және лоббизм
Саяси лидерлік: типтері, қасиеттері, қызметтері және Қазақстандағы жағдайы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz