Селекциялық жетістіктерді қорғау туралы 1999 ж. 13 шілдедегі No 422-1 Қазақстан Республикасының Заңы


Slide 1

Селекциялық жетістіктерді қорғау туралы 1999 ж. 13 шілдедегі № 422-1 Қазақстан Республикасының Заңы

Slide 2

Селекциялық жетістік

адамның шығармашылық қызметінің нәтижесі болып табылатын өсімдіктің патент берілген жаңа сорты, жануарлардың жаңа тұқымы;

Селекциялық жетістіктерді қорғау туралы 1999 ж. 13 шілдедегі № 422-1 Қазақстан Республикасының Заңы

Slide 3

Селекциялық жетiстiктi құқықтық қорғау

Селекциялық жетiстiкке құқық Қазақстан Республикасының заңдарымен қорғалады және патентпен расталады. Патент селекциялық жетiстiктi пайдалануға патент иесiнiң айрықша құқығын, оның басымдығын және селекционердiң авторлығын куәландырады

Slide 4

Патент

Патент қабiлеттiлiгi мен шаруашылыққа пайдалылығы жөнiнен селекциялық жетiстiктерге сараптама жасауды және оларды сынақтан өткiзудi селекциялық жетістіктерді қорғау саласындағы қызмет түрі ретінде мемлекеттiк комиссиялар жүзеге асырады, олар өндiрiсте пайдалануға жiберiлген тиiстi Селекциялық жетiстiктердiң мемлекеттiк тiзiлiмдерiн жүргiзедi.

Slide 5

Патент

Патентпен селекциялық жетiстiкке берiлген құқықтық қорғау көлемi сорттың, тұқымның сипаттамасына енгiзiлген белгiлердiң жиынтығымен анықталады.

Өсiмдiктер сортына патенттiң қолданылу мерзiмi сараптама жасау ұйымына өтiнiм берiлген күннен бастап - 25 жыл, мал тұқымдарына - 30 жыл, жүзiм, сәндiк ағаш, жемiс және орман дақылдары сорттарына, оның iшiнде олардың қалемшелерiне - 35 жыл болады.

Патенттiң қолданылу мерзiмiн патент иесiнiң өтiнiшi бойынша уәкiлеттi орган ұзартады, бiрақ ол 10 жылдан аспауы керек.

Slide 6

Сараптама жасау ұйымы

мемлекеттiк монополияға (селекциялық жетiстiктердi қорғау саласында қызметтер көрсету) жатқызылған салалардағы қызметтi жүзеге асыратын, уәкiлеттi органға ведомстволық бағынысты ұйым.

Slide 7

Селекциялық жетiстiктiң авторы

1. Селекциялық жетiстiктi шығармашылық еңбегiмен жасаған, ашқан немесе өсiрiп шығарған жеке тұлға автор болып танылады.

2. Егер селекциялық жетiстiк бiрнеше адамның ұжымдық шығармашылық еңбегiмен жасалса, олардың бәрi де оның авторлары (Қосымша авторлары) болып есептеледi. Авторларға тиесiлi құқықтарды пайдалану тәртiбi олардың арасындағы келiсiммен белгiленедi.

3. Авторға (авторларға) тек техникалық, ұйымдық көмек көрсеткен немесе сортқа, тұқымға берiлетiн құқықтарды әзiрлеуге және ресiмдеуге жәрдемдескен адамдар авторлар болып танылмайды.

Slide 8

Селекциялық жетiстiктiң патент иесi

Патент:

1) селекциялық жетiстiк авторына (авторларына) ;

2) оның мұрагерiне (мұрагерлерiне) ;

3) автор (авторлар) немесе оның (олардың) құқықтық мирасқорлары Селекциялық жетiстiкке патент беру туралы шешiм қабылданған кезге дейiн селекциялық жетiстiкке жасаған өтiнiмiнде не Қазпатентке берген өтiнiшiнде көрсетiлген жеке және (немесе) заңды тұлғаларға (олардың келiсiмi болған кезде) ;

4) егер селекциялық жетiстiктi қызметкер қызметтiк мiндеттерiн орындау кезiнде жасаса, автор мен жұмыс берушiнiң арасындағы шартта өзгеше көзделмесе, жұмыс берушiге берiледi.

Атына патент беру сұралып отырған бiрнеше адам болған жағдайда, оларға бiр патент берiледi.

Slide 9

Тұқым шаруашылығы туралы 2003 жылғы 8 ақпандағы № 385-II Қазақстан Республикасының Заңы

Slide 10

тұқым шаруашылығы - тұқымдарды өндіру, дайындау, өңдеу, сақтау, тасымалдау, сату және пайдалану жөніндегі іс-шаралар кешенін қамтитын қызмет, сондай-ақ мемлекеттік бақылау, оның ішінде сорттық және тұқымдық бақылау;

Slide 11

Тұқым шаруашылығы саласындағы объектiлерге:

сорт (өскiн, топ, будан, жеке түр, аралас сорттар) ;

тұқымдар;

тұқымдық және тұқым өcipy егiстерi мен екпелерi жатады.

Slide 12

Тұқым шаруашылығы саласындағы субъектiлерге:

сорттың авторы;

сорттың оригинаторы;

тұқым өндiрушiлер;

тұқымдарды сату құқығынсыз үй жанындағы, бау-бақ, саяжай және бақша учаскелерiнде пайдалану үшiн тұқым өндiрумен шұғылданатан жеке адамдарды қоспағанда, тұқымдарды тұтынушылар;

тұқымдардың сорттық және егу сапасын анықтау бойынша қызмет көрсететiн жеке және (немесе) заңды тұлғалар жатады.

Slide 13

Тұқым өндiрушiлер

тұқым шаруашылығы саласындағы қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар

Slide 14

Cорт оригинаторы

сорттың сақталуын қамтамасыз ететін жеке немесе заңды тұлға

Slide 15

Тұқым шаруашылығы саласындағы мемлекеттiк реттеу:

1) тұқым шаруашылығы субъектiлерiн аттестаттау;

2) Қазақстан Республикасында пайдалануға рұқсат етiлген Селекциялық жетiстiктердiң мемлекеттiк тiзiлiмiн жүргiзу;

3) тұқымның сорттық және егу сапасына мiндеттi сараптама жасау;

4) тұқым шаруашылығы саласында мемлекеттiк, оның iшiнде сорттық және тұқымдық бақылау жүргiзу;

Slide 16

Тұқым шаруашылығы саласындағы мемлекеттiк реттеу:

5) аттестатталған тұқым өндiрушiлер қызметiнiң тұқым шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлеген бiлiктiлiк талаптарына сай келуiн бақылау;

6) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тұқым шаруашылығы және селекция саласында ауыл шаруашылық өсiмдiктерiнiң тектiк қорын сақтау, дамыту және пайдалану жөнiндегi iргелi және қолданбалы сипаттағы ғылыми зерттеулер жүргiзу;

7) бiрегей тұқымдар өсiруге субсидия беру және Қазақстан Республикасында пайдалануға рұқсат етiлген және (немесе) перспективалы деп танылған элиталық тұқым сорттарының отандық ауыл шаруашылық тауар өндiрушiлерi сататын құнын арзандату;

Slide 17

Тұқым шаруашылығы саласындағы мемлекеттiк реттеу:

8) ауыл шаруашылық өсiмдiктерiн сорттық сынақтан өткiзудi, тұқымдардың, соның iшiнде отандық ауыл шаруашылығы тауар өндiрушiлерiнiң егуiне арналған тұқымдардың сорттық және егiстiк сапасының сараптамасын мемлекеттiк қамтамасыз ету;

9) тұқымдардың мемлекеттiк ресурстарын қалыптастыру және олардың сан-сапа жағынан жай-күйiн бақылау;

10) тұқым шаруашылығы саласындағы инвестициялық, кредиттiк саясатты қалыптастыру;

11) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру кезiнде тұқым шаруашылығы субъектiлерiнiң мүдделерiн құқықтық жағынан қорғау;

Slide 18

Тұқым шаруашылығы саласындағы мемлекеттiк реттеу:

12) ерекше жағдайларда мемлекеттiк стандарттарда белгiленген тұқым сапасы көрсеткiштерiн бiр жылдан аспайтын мерзiмге төмендету;

13) техникалық реттеу - саласындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету;

14) тұқым шаруашылығы саласында қауіпсіздікке қатысты тұтынушыларды жаңылыстыруға әкелетін әрекеттердің алдын алу арқылы жүзеге асырылады

Slide 19

Тұқым шаруашылығы жүйесi

Ауыл шаруашылық өсiмдiктерiнiң тұқым шаруашылығы жүйесi - сорт алмастыру және сорт жаңарту мақсаты үшiн сорттардың шығарылуын, мемлекеттiк сорттық сынағын, жаппай көбейтiлуiн, тұқымдардың өндiрiлуiн, дайындалуын, өңделуiн, сақталуын, тасымалдануын, сатылуы мен пайдаланылуын, сорттық егiстердi байқаудан өткiзудi, тұқым сапасына сараптама жасауды, мемлекеттiк сорттық және тұқымдық бақылауды қамтамасыз ететiн, функционалдық жағынан өзара байланысты мемлекеттiк органдардың, ғылыми ұйымдардың, тұқым шаруашылығы субъектiлерiнiң жиынтығы.

Slide 20

Ауыл шаруашылық өсiмдiктерiнiң тұқым шаруашылығы жүйесiне

1) тұқым шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган мен оның аумақтық органдары;

1-1) облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдары;

2) тұқым өндiру, дайындау, өңдеу, сақтау, сату және тасымалдау жөнiндегi қызметтi жүзеге асыратын аттестатталған жеке және заңды тұлғалар;

3) белгiленген тәртiппен аттестатталған тұқым сапасына сараптама жасау жөнiндегi зертханалар, байқаудан өткiзушiлер, тұқым сарапшылары кiредi.

Slide 21

Ветеринария туралы 2002 ж. 10 шілдедегі № 339-ІІ Қазақстан Республикасының Заңы

Slide 22

Ветеринария

жануарлардың аурулары мен азықтан улануын (зақымдануын) зерделеуге, олардың профилактикасына, диагностикасына, оларды емдеуге және жоюға, мемлекеттік ветеринариялық-санита­рия­лық бақылау объектілерінің Қазақстан Республикасы­ның ветеринария саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкес келуін қамтамасыз етуге, сондай-ақ халықты жа­нуар­лар мен адамға ортақ аурулардан қорғауға бағытталған арнаулы ғылыми білімдер мен практикалық қызмет саласы;

Slide 23

Ветеринария саласындағы негiзгi мiндеттер мыналар:

1) жануарларды аурулардан қорғау және емдеу;

2) халықтың денсаулығын жануарлар мен адамға ортақ аурулардан қорғау;

3) ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;

4) Қазақстан Республикасының аумағын басқа мемлекеттерден жануарлардың жұқпалы және экзотикалық ауруларының әкелiнуi мен таралуынан қорғау;

5) ветеринариялық препараттардың, жемшөп пен жемшөп қоспаларының қауіпсіздігі мен сапасын бақылау;

Slide 24

6) жануарлар аурулары диагностикасының, оларға қарсы күрестің және ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің құралдары мен әдістерін әзірлеу және пайдалану;

7) жеке және заңды тұлғалар ветеринария саласындағы қызметтi жүзеге асыруы кезiнде қоршаған ортаны ластаудың алдын алу және оны жою;

8) ветеринария ғылымын дамыту, ветеринария мамандарын даярлау және олардың бiлiктiлiгiн арттыру.

Ветеринария саласындағы

негiзгi мiндеттер мыналар:

Slide 25

Ветеринария саласындағы мемлекеттiк саясат:

1) мемлекеттiк ветеринариялық қадағалау бақылайтын жүктердi өндiру, сақтау және өткiзу кезiнде мемлекеттiк ветеринариялық қадағалауды жүзеге асыруға;

2) ветеринария саласындағы қызметтің жекелеген түрлерін жүргізуге мемлекеттік монополияны сақтауға;

3) Қазақстан Республикасының аумағын басқа мемлекеттерден жануарлардың жұқпалы және экзотикалық ауруларының әкелiнуi мен таралуынан қорғауға;

4) мемлекеттiк ветеринариялық қадағалаудың тәуелсiздiгiн қамтамасыз етуге;

Slide 26

5) iндет жағдайын объективтi түрде бағалауды және ветеринария саласындағы халықаралық нормаларды ескере отырып, ветеринариялық (ветеринариялық-сани­тариялық) ережелерді, нормаларды және ветеринариялық нормативтердi ғылыми негiзде әзiрлеуге;

6) ғылыми негiздемесi болған жағдайда, ветеринариялық iс-шаралар өткiзудiң халықаралық ұсыныстарда көзделгеннен анағұрлым жоғары деңгейiне жетуге;

7) ветеринариялық-санитариялық қолайлы жағдайды қамтамасыз ету мақсатында ветеринариялық iс-шараларды жүзеге асыру кезiнде мемлекеттiк ветеринариялық қадағалау бақылайтын жүктердi өткiзуде негiзсiз шектеулерге жол бермеуге;

8) жануарлардың және адамның денсаулығына қауiп төндiретiн, алып қойылатын және жойылатын ауру жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың құнын өтеу тәртiбiн белгiлеуге бағытталған.

Slide 27

Мыналар мемлекеттiк ветеринариялық қадағалау объектiлерi болып табылады:

1) жануарлар, жануарлардың жыныс және дене клеткалары;

2) жануарлар ауруларының қоздырушылары;

3) жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзат, ветеринариялық препараттар, жемшөп пен жемшөптiк қоспалар, патологиялық материал немесе олардан диагностика және ветеринариялық-санитариялық сараптама үшiн алынатын сынамалар, сондай-ақ судың, ауаның, топырақтың, өсiмдiктердiң сынамалары;

4) жануарларға профилактика жасау, оларды емдеу мен дауалау, жануарлар ауруларының диагностикасы, ветеринариялық-санитариялық сараптама үшiн пайдаланылатын ветеринариялық және зоогигиеналық мақсаттағы бұйымдар мен атрибуттар;

5) жануарлар ауруларының қоздырушыларын тарататын факторлар болуымүмкiн көлiк құралдары, ыдыстың барлық түрлерi, буып-түю материалдары;

Slide 28

Мыналар мемлекеттiк ветеринариялық қадағалау объектiлерi болып табылады:

6) жеке және заңды тұлғалардың ветеринария саласындағы қызметi;

7) мемлекеттiк ветеринариялық қадағалау бақылайтын жүктердi өсiретiн, дайындайтын, сақтайтын, өңдейтiн, өткiзетiн немесе пайдаланатын, сондай-ақ ветеринария саласындағы ғылыми қызметтi жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың аумақтары, өндiрiстiк үй-жайлары мен қызметi;

8) мал айдалатын жолдар, маршруттар, мал жайылымдары мен суаттардың аумақтары, оларды бiрдейлендiрудiң рәсiмдерi мен нысандары;

9) ветеринариялық есеппен есептiлiк жөнiндегi құжаттама, ветеринариялық куәлiк, ветеринариялық анықтама, ветеринариялық-санитариялық қорытынды, сараптама актiсi, мемлекеттiк ветеринариялық қадағалау бақылайтын жүктердi өндiру, дайындау (сою), сақтау және өңдеу жөнiндегi нормативтiк-техникалық құжаттама мен ветеринария саласындағы өзге де нормативтiк құжаттамалар.

Slide 29

Ветеринария саласындағы кәсiпкерлiк қызмет

1. Ветеринария саласындағы кәсiпкерлiк қызметтi Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңдарына сәйкес жеке және заңды тұлғалар жүзеге асырады.

2. Жоғары, орта оқу орнынан кейінгі немесе техникалық және кәсіби ветерина­рия­лық білімі бар адамдардың ветеринария саласындағы кәсіпкерлік қызметпен айналысуға құқығы бар

3. Ветеринария саласындағы кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңдарында белгiленген тәртiппен аттестатталуға тиiс.

4. Жеке және заңды тұлғалар өзiнiң кәсiпкерлiк қызметiнiң нәтижелерi бойынша ветеринариялық есеп пен есептiлiк жүргiзедi және оларды Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңдарында белгiленген тәртiппен табыс етедi

Slide 30

. Қазақстан Республикасының ветеринария жүйесi

1) Қазақстан Республикасының Үкіметі;

1-1) уәкілетті орган;

2) мемлекеттiк органдардың ветеринария саласындағы қызметтi жүзеге асыратын бөлiмшелерi;

3) мемлекеттiк ветеринариялық ұйымдар;

4) ветеринария саласында кәсiпкерлiк қызметпен шұғылданатын жеке және заңды тұлғалар кiредi.

Slide 31

Мемлекеттiк ветеринариялық қадағалау объектiлерi

1) жануарлар, жануарлардың жыныс және дене клеткалары;

2) жануарлар ауруларының қоздырушылары;

3) жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзат, ветеринариялық препараттар, жемшөп пен жемшөптiк қоспалар, патологиялық материал немесе олардан диагностика және ветеринариялық-санитариялық сараптама үшiн алынатын сынамалар, сондай-ақ судың, ауаның, топырақтың, өсiмдiктердiң сынамалары;

4) жануарларға профилактика жасау, оларды емдеу мен дауалау, жануарлар ауруларының диагностикасы, ветеринариялық-санитариялық сараптама үшiн пайдаланылатын ветеринариялық және зоогигиеналық мақсаттағы бұйымдар мен атрибуттар;

5) жануарлар ауруларының қоздырушыларын тарататын факторлар болуы мүмкiн көлiк құралдары, ыдыстың барлық түрлерi, буып-түю материалдары;

6) жеке және заңды тұлғалардың ветеринария саласындағы қызметi;

Slide 32

Мемлекеттiк ветеринариялық қадағалау объектiлерi

7) мемлекеттiк ветеринариялық қадағалау бақылайтын жүктердi өсiретiн, дайындайтын, сақтайтын, өңдейтiн, өткiзетiн немесе пайдаланатын, сондай-ақ ветеринария саласындағы ғылыми қызметтi жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың аумақтары, өндiрiстiк үй-жайлары мен қызметi;

8) мал айдалатын жолдар, маршруттар, мал жайылымдары мен суаттардың аумақтары, оларды бiрдейлендiрудiң рәсiмдерi мен нысандары;

9) ветеринариялық есеппен есептiлiк жөнiндегi құжаттама, ветеринариялық куәлiк, ветеринариялық анықтама, ветеринариялық-санитариялық қорытынды, сараптама актiсi, мемлекеттiк ветеринариялық қадағалау бақылайтын жүктердi өндiру, дайындау (сою), сақтау және өңдеу жөнiндегi нормативтiк-техникалық құжаттама мен ветеринария саласындағы өзге де нормативтiк құжаттамалар.

Slide 33

Ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру және өлшеп орау кезіндегi қауіпсіздік талаптары

1. Ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру және өлшеп орау кезінде техникалық регламенттердің талаптары сақталуға тиіс.

2. Ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өлшеп орау сақтау, тасымалдау және өткізу кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз етуге тиіс.

3. Орау материалы ветеринарлық препараттардың, жемшөп пен жемшөп қоспаларының қауіпсіздігі мен сапасына әсер етпеуге тиіс.

Slide 34

Ветеринарлық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын тасымалдау кезіндегі қауіпсіздік талаптары


Ұқсас жұмыстар
Селекциялық жетістіктердің құқықтық қорғалуы
Ауыл шаруашылық кәсіпкерлік қызметінің жекелеген түрлерін құқықтық реттеу
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА АҚПАРАТТЫ ҚОРҒАУ МЕН АҚПАРАТТЫҚ
Тұтынушылардың құқықтарын қорғау
Конвенцияның негізгі мақсаты - максималды түрде баланың қызығушылығын сақтау
Қазақстан Республикасының заңнамалық базасы
Модуль бойынша жұмыс оқу бағдарламасын әзірлеу
ҰЙЫМДЫҚ ҚҰЖАТТАР
Құжат ұғымы және функциясы
ҚАЗАНДА ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz