Қазақстан - әлем назарында
Презентация қосу
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік
Әнұраны
Сөзін жазған:
Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев
Алтын күн аспаны,
Алтын дән даласы,
Ерліктің дастаны,
Еліме қарашы!
Ежелден ер деген,
Даңқымыз шықты ғой.
Намысын бермеген,
Қазағым мықты ғой!
Қайырмасы:
Менің елім, менің елім,
Гүлің болып егілемін,
Жырың болып төгілемін, елім!
Туған жерім менің - Қазақстаным!
Ұрпаққа жол ашқан,
Кең байтақ жерім бар.
Бірлігі жарасқан,
Тәуелсіз елім бар.
Қарсы алған уақытты,
Мәңгілік досындай.
Біздің ел бақытты,
Біздің ел осындай!
Қайырмасы:
Менің елім, менің елім,
Гүлің болып егілемін,
Жырың болып төгілемін, елім!
Туған жерім менің - Қазақстаным!
Мақсаты: Оқушылардың бойында Отанға деген
сүйіспеншілік пен құрмет қасиетін қалыптастыру. Оның
табиғатына, салт - дәстүріне, ұлттық мұраларына деген
қызығушылығын арттыра отырып, сөздік қорын байыту,
тіл байлығын дамыту.
Қазақстан рәміздері туралы түсініктерін кеңейте отырып,
оны құрметтеуге, мақтан тұтуға тәрбиелеу. Өз
мемлекетінің азаматы ретінде сезіне отырып, көркейіп,
дами беруіне үлестерін қосуға ықпал ету.
Егемендік баспалдақтары
• 1. 1991 жылы 16 желтоқсанда “Қазақстан Республикасының
мемлекеттік тәуелсіздігі туралы” заң қабылданды.
• 2. 1992 жылы 4 маусымда Президент “Қазақстан
Республикасының мемлекеттік Жалауы, Елтаңбасы, Ән ұраны
туралы” заңдарға қол қойды.
• 3. 1992 жылы әлемде ең беделді БҰҰ Нью-Йорктегі
ғимараттарының алдында көгілдір аспан түстес туымыз
желбірей бастады.
• 4. 1993 жылы 12 қарашада “Қазақстан Республикасының
ұлттық валютасын енгізу туралы” Президенттің жарлығы
шықты.
• 5. 1995жылы 30 тамызда Ата Заң қабылданды.
• 6. 1998 жылы Қазақстан Республикасының астанасы Алматы
қаласынан Астанаға көшірілді.
Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік Туы
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік
Туы – Қазақстан Республикасының
мемлекеттiк негiзгi рәмiздердiң бiрi.
Мемлекеттік ту көгiлдiр түстi тiк бұрышты
кездеме. Оның ортасында арайлы күн,
күннiң астында қалықтаған қыран
бейнеленген. Ағаш сабына бекiтiлген тұста
— ұлттық оюлармен кестеленген тiк жолақ
өрнектелген. Күн, арай, қыран және
ою-өрнек — алтын түстi. Тудың енi
ұзындығының жартысына тең.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік
Елтаңбасы
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасының
негiзi — шаңырақ. Шаңырақ — мемлекеттiң түп-негiзi —
отбасының бейнесi. Шаңырақ — Күн шеңберi. Айналған Күн
шеңберiнiң қозғалыстағы суретi iспеттi, Шаңырақ — киiз
үйдiң күмбезi көшпелi түркiлер үшiн үйдiң, ошақтың,
отбасының бейнесi. Тұлпар — дала дүлдiлi, ер-азаматтың
сәйгүлiгi, желдей ескен жүйрiк аты, жеңiске деген жасымас
жiгердiң, қажымас қайраттың, мұқалмас қажырдың,
тәуелсiздiкке, бостандыққа ұмтылған құлшыныстың бейнесi.
Қанатты тұлпар — қазақ поэзиясындағы кең тараған бейне. Ол
ұшқыр арманның, самғаған таңғажайып жасампаздық
қиялдың, талмас талаптың, асыл мұраттың, жақсылыққа
құштарлықтың кейпi. Қанатты тұлпар Уақыт пен Кеңiстiктi
бiрiктiредi. Ол өлмес өмiрдiң бейнесi. Бiр шаңырақтың
астында тату-тәттi өмiр сүретiн Қазақстан халқының өсiп-
өркендеуiн, рухани байлығын, сан сырлы, алуан қырлы бет-
бейнесiн паш етедi. Бес бұрышты жұлдыз гербтiң тәжi iспеттi.
Әрбiр адамның жол нұсқайтын
Теңге – мемлекет келбеті
Қазақстан Республикасы – егеменді, тәуелсіз демократиялық мемлекет. Оның өзі Ата
Заңы, мемлекеттік рәміздері, ұлттық валютасы бар.
Тәуелсіздік елдің ең бірінші айрықша белгісі – ұлттық валюта. Ол – Қазақстан
Республикасы көлемінде пайдаланатын заңды төлем құралы. Ақша – асыл қазына,
халық байлығы.
Халқымыз теңгені бұрын да пайдаланған. Ерте замандарда теңгелерді Түрністан,
Тараз қалаларындағы арнаулы шеберханаларда жасаған.
Теңге өмірге оңайлықпен келген жоқ. Елбасымыз осы теңгемізді шығаруға
қаржыгерлерге арнайы тапсырма берді. Ұлттық валютамыздың өз дизайны, өз идеясы
болуы керектігін қатаң тапсырылды. Қазақстан айиағында ерте кезеңінде қандай ақша
болғанын, тарихта бұл жөнінде қандай деректер бары іздестірілді.
Ұлттық валютамыз теңгені жасап шығаруға жұмыстар жүргізілді. Бірнеше эскиздер
жасалып, ішіндегі «мықтылары» Елбасының таңдауына берілді. Елбасының берген
тапсырмасына сәйкес ұлттық валюта 1993 жылғы 12 қарашадағы жарлығымен 15
қараша күні таңертеңгі сағат 8.00 ден бастап енгізіліп, елдің қолына тиіп, ел мәре-сәре
болысты. Өйткені төл теңгеміз тәуелсіздігіміздің басты белгісі еді.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz