Дәстүрлі қазақ қоғамы




Презентация қосу
Дәстүрлі қазақ Қоғамы
1)Дағдылы құқық немесе әдет-
ғұрып нормалары
2)Шариғат заңдары
3)Заң ережелері, “хан
жарлықтары”
4)Билер институты
5)Қорытынды
Себептері:
Көшпелі өркениеттің
шаруашылық-тұрмыстық
негізі.
Дүниетанымдық
құндылығын жоғалтпаған
қоғам сұранысы.
Кезеңдері:

I. Дағдылы құқық немесе
әдет-ғұрып нормалары
II. Шариғат заңдары
III. Заң ережелері, “хан
жарлықтары”
IV. Билер институты
Баптары:
1) Көтеріліс жасап, бүлік шығарған кісілер өлім жазасына
бұйырылсын.
2) Түрік жұртының мүддесін сатып, елге опасыздық еткендер
өлім жазасына кесілсін.
3) Ру ішінде жазықсыз кісі өлтіргендер өлім жазасына кесілсін.
4) Өзге біреудің әйеліне зинақорлық жасап, ақ некені
бұзушылар өлім жазасына бұйырылсын.
5) Өреде түрған, тұсаулы жұрген сәйгұлік атты ұрлаған кісі
өлім жазасына бүйырылсын.
6) Төбелесте мертігудің тұріне қарай мұліктік құн төленсін.
7) Ұрланған жылқы үшін құнды мұліктің он есе артық құны
төленсін.
“Жеті жарғы”
“Қасым ханның қасқа
жолы”
1) Мүлік заңы (мал, мүлік, жер
дауын шешу ережелері)
2) Қылмыс заңы (кісі өлтіру, ел
шабу, мал талау, ұрлық
қылмыстарына жаза)
3) Елшілік жоралары (шешендік,
халықаралық қатынастарда
сыпайылық, әдептілік)
4) Жұртшылық заңы (шүлен
тарату, ас, той, мереке үстіндегі
ережелер міндеті)
“Жеті жарғының” баптары:
I. Мемлекет тұтастығы
1-бап. Мемлекет билігіне іріткі салған адам өлім
жазасына кесіледі.
2-бап. Әрбір қазақ түтіні ханның, бидің жасағы
мен шабарманын жазда да, қыста да
қабылдап, ат-көлік, азық-түлікпен қамдауға
міндетті болды.
3-бап. Дауларды шешу ханға немесе билерге
жұктеледі.
4-бап. Арнайы тегіс барлық мал-мүлікке таңба
белгіленуге тиіс болады және салық
түрлері белгіленеді.
II. Тән тазалығы
5-бап. Жеті ата ішінде қан алмастыру
өлімге немесе ағайындар белгіленген
жазаға бұйырылады.
III. Дін беріктігі.
6-бап. Жеті адам куә болып, Құдайға тіл
тигізгені дәлелденсе, тас лақтырып,
өлтіріледі.
7-бап. Өзге дінге кіріп, кәпір болған адам
мал-мүліктен айырылады.
8-бап. Өзіне өзі қол салғандар бөлек
жерленеді.
.
IV. Отбасының бірлігі.
9-бап. Егер әйелі ерін өлтірсе, ол өлім жазасына
кесіледі және ешқандай құн төлеумен
ауыстыру мүмкін емес.
10-бап. Егер ері әйелін өлтірсе, ол әйелінің құнын
төлейді.
11-бап. Егер екіқабат әйелді атты кісі қағып
кетсе, одан өлі балла тұссе 5 айлық бала үшін
-5 ат, әрі 1 түйе төлейді.
12-бап. Әйел зорлау кісі өлтірумен бірдей
қылмыс болып есептеледі. Өзі зорлаған қызға
қалың төлеп үйленсе, жазадан босатылады.
13-бап. Әйелі ерінің көзіне шөп салу үстінде
ұсталса, ері өлтіруге хақылы.
14-бап. Біреудің әйелін алып қашса,
өлімге бұйырады, немесе әйелдің
қалың малын төлеуі қажет.
15-бап. Ата-анасына тіл тигізген ұлды
мойнына құрым байлаған күйірде қара
сиырға теріс мінгізіп, өзін қамшымен
сабап, ауылды айналдырып шығады.
Ал қыз болса, аяқ-қолын байлап
анасының билігіне береді.
16-бап. Ерінің ұрлығын біле тұра
хабарламаса, әйелі мен баласы жазаға
тартылмайды. Өйткені үлкеннің
үстінен мәлім айту әбестік саналады.
V. Қылмыс пен жаза.
17-бап. Қанға қан алу принципі жұмсартылып,
яғни біреудің кісісі өлтірілсе, оған ердің құны
төленеді.
18-бап. Ұрлық, қарақшылық жасаған адам өлім
жазасына кесіледі.
19-бап. Денеге зақым келтірілсе, соған сәйкес
құн төленеді.
20-бап. Ата-анасы өз баласының өлімі үшін
жауапқа тартылмайды. Ал анасы баласын
қасақана өлтірсе, өлім жазасына кесіледі.
21-бап. Ұрлық жасаған адам үш тоғызымен
қайтаруы тиіс.
22-бап. Ұрлық пен кісі өлтіруді қоса жасаған
адам екі бірдей жазаға тартылады.
23-бап. Барымтадан қайтқан мал төлімен
қайтарылуға тиіс.
24-бап. Сарбаз атын ұрлаған адам өлім жазасына
кесіледі.
25-бап. Өлтірілген аңшы иті немесе бүркіті үшін
иесінің құл немесе күң беруді талап етуге
қақысы бар.
VI. Адам құқығы және мүлік меншігі.
26-бап. Егер әкесінен енші алған ұл баласыз болып
өлген болса, онда оның қожалығы өзінің әкесіне
беріледі. Жасы кіші балалар жақын туыстарының
қарамағына беріледі.
27-бап. Әйелді ренжіткен адам одан кешірім
сұрауы тиіс, әйтпесе айып салынады.
28-бап. Кімде-кім азғындыққа жетелеген болса,
немесе азғындыққа зорлықпен әйелді
итерлемесе, сол адам 200 қой төлейді.
29-бап. Төре мен Қожаның құны қарадан 7
есе артық.
30-бап. Құлдардың иелері олардың
өмірлерінің қожайыны болып есептеледі.
VII. Билік тәртібі.
31-бап. Үлкен дау-өдамайды хан шешеді
немесе билер, ақсақалдар кеңесі шешеді.
32-бап. Егер жауапкердің билерге күмәні
болса, онда оларды өзгерте алады.
33-бап. Куәлікке екі немесе үш адам
жүреді.
34-бап. Өсиет ағайындар мен молданың
қатысуы арқылы жасалады.
Би-қазақтың құқықтық
дәстүрлерінің
сақтаушысы және оның
қоғамның талаптарына
сай өзгеруін
қадағалаушы, әрі
қолданушы.
Назарларыңызға рахмет!

Ұқсас жұмыстар
Гемайншафт және гезельшафт
Дәстүрлі қазақ
Қазақ қоғамының әлеуметтік құрылымы
Алаш қозғалысы
Қалың мал
Көшпелілік мәдениет түрі
Қазақ жүздерінің ішкі белгілері
Қазақ хандығының негізгі құқықтық ережелері
Қазақстан қоғамы және дәстүрлі діндер
Вставка тәрбие жүйесі Мектеп рисунка ретінде
Пәндер