Қазақстанның қазіргі замандағы мұнай өнеркәсібі



Қазақстанның қазіргі замандағы мұнай өнеркәсібі
Мұнай, газ, көмір өнеркәсібі-дүниежүзілік энергетиканың негізі. Мұнай өнеркәсібінің ерекше үлкен маңызы бар.
Қазақстан Республикасы да әлемдегі ежелден мұнай өндіруші елдер қатарына жатады. Оның тарихы 1899 жылы Атырау облысының Қарашұңғыл елді мекеніндегі С. Леман экспедициясы қазған №7 ұңғыдағы (барлығы 21 ұңғы бұрғыланған) 40 метр тереңдіктен жеңіл мұнай атқылауынан бастау алғаны белгілі. Сөйтіп 1997 жылға дейін Қазақстан қойнауынан 617 миллион тонна мұнай, 110, 969 миллиард текше метр жаңғыш газ өндірілді. Еліміз өз тәуелсіздігін алғаннан кейін жүргізілген барлау жұмыстары оның алынбаған қорлары әлі де мол екендігін анықтап берді. Барлау жұмыстарының алғашқы кезеңінің өзінде 5, 3 миллиард тонна қара алтын қорының барлығы айқындалып, мұның өзі елімізді мұнайдың дәлелденген қоры жөнінен әлемдегі он екінші орынға шығарды. Сонымен қатар 2015 жылға таман мұнай өндірудің көлемі бойынша әлемдегі алғашқы ондық елдерінің қатарына қосыламыз деген болжам да бар .
Қазіргі кезде, қазақ даласында бірнеше мұнай-газ саласында мекемелер мен қызметкерлер өз жұмысын атқарады. Мысалы: Орал-Каспий мұнай қоғамы (ОКМҚ), «Ембі-Каспий», «Ағайынды Нобельдердің серіктестігі», «Ембі», «Орал мұнайы» және басқалары ең ірілері болды. 1894 ж. петербургтық кәсіпкерлер тобы мұнай кен орындарын іздеуге және барлауға концессия алды.

Мұнай өндіру тарихында 1912 жылғы 10 сәуірдегі үкіметтік актімен құрылған «Ембі» мұнай-кәсіпшілік және сауда акционерлік қоғамы (1911-1919 жж. ) ерекше орын алады. Оның құрылтайшылары толық стат кеңесшісі Э. Л. Нобель, стат кеңесшісі Т. В. Белозерский және текті құрметті азамат И. И. Стахеев (ҚР ОММ, 681-қор, 1-тізімдеме, 13-іс) болды. Мұнай-кәсіпшілік акционерлік қоғамының барлық қаржы операциялары Орыс-Азия банкі арқылы жүргізілді.
Қазақ даласындағы мұнай-газ өндірісі сонымен қатар, Кеңес үкіметі тұсында өз дамуын тапты. Батыс Қазақстанның жер қойнауын кешенді зерттеу бойынша республикалық ғылыми зерттеулердің қалыптасуында академик Қ. И. Сәтбаевтың бастамашылығымен 1949 жылы Гурьев қаласында жүргізілген ҚазКСР ҒА-ның көшпелі сессиясының маңызы зор болды. Сол кезде оның басшылығымен, мұнай геологиясы, игеру, бұрғылау техникасы мен технологиясы саласындағы белгілі ғалымдар мен мамандардың қатысуымен көмірсутегіні іздеу мен барлаудың, өндіру мен тасымалдаудың негізгі проблемалары қаралды. Мұнда В. Федынскийдің, Н. Байбақовтың, П. Авровтың, Б. Дьяковтың, П. Неволиннің, Ю. Васильевтің, Н. Чарыгинның, С. Оруджевтың, П. Еникеевтің, С. Өтебаевтың, Н. Калининнің, Ж. Досмұхамбетовтың, Н. Имашевтың, Г. Хәкімовтың және басқаларының еңбектерін атап өткен жөн.

Мұнай алаңы

1956 жылы, тұтастай алғанда, республиканың минералдық-шикізат ресурстарын, оның ішінде көмірсутегі шикізатын одан әрі өсіруге бағытталған геологиялық-барлау жұмыстарының бүкіл кешенін орталықтандырылған жоспарлау және мақсатты жүргізу бойынша Қазақ КСР Геология министрлігі ұйымдастырылды [22. 12б] .
Еліміздегі кен байлықтың бірі мұнай мен газ өнеркәсібінің қарқынды дамуы айырықша екенін жақсы білеміз. Шетел инвесторларын Қазақстанға өндіріске, мұнай-газ саласына ауқымды инвестиция салуда. Мұнайгаз саласы Атырау өңірінде ғана емес, ел эканомикасының өркендеуіне тың серпін берген бірнеше жоба іске асырылды. Әрине, айтуға жеңіл болғанымен Теңіз Новороссиск бағытындағы мұнай құбырын тарту үшін қаншама келіссөздер жүргізілді. Осы жобаның қазақ мұнайын Қара теңізге тіке шығаратын төте дәліз болатыны біраз елдің қызығушылығын тудырады. Ал, «Теңіз» кен орын мол көлемде инвестиция құйған «Шеврон» секілді әлемдік тәжірибиесі бар компанияның біздің еліміге бет бұруында.
Қазіргі кезде Каспий қайраңын игеру бағытында мүдделестік танытқан шетелдік компаниялар мұнай мен газ дайындау зауытын тұрғызуды қолға алды. Таяудағы жылдарда теңіз мұнайын игеру басталмақ.
Атасу-Алашанқай құбырының іске қосылуы да қазақ мұнайының және бір бағытқа тасымалдауына кең жол ашты. Міне осындай жобаларға инветиция салған шетелдік енвесторларға мұнай мен газ секілді байлықты игеріп қана қоймай, елдің әлеуметтік дамуына, инфра құрылымдарды жетілдіруге барынша қолдау білдіруді тапсыруының маңызы айрықша.
Еліміз осы зор көлемдегі шетелдік инвестицияларды игеру арқылы өзінің өндірістік әлеуетін күшейте бастады. Тек 1992-2001 жылдар ішінде мұнай-газ саласына 8 млрд. доллар көлемінде шетелдік инвестиция тартылды.

Мұнайды өндіру үстінде

Қазақстан Республикасының ұлттық экономикасы құрылымындағы мұнай-газ секторы:
Еліміздің мұнайгаз кешенінің меншікті ішкі құрылымы бар, оның құрамында мынадай құрылымдық элементтерді бөліп көрсетуге болады:
өндіру;
тасымалдау;
мұнай мен газды өңдеу.
Өндіретін және тасымалдайтын кәсіпорындар үшін қажетті мұнайгаз жабдығын, сондай-ақ сауданың көтерме-сауда желісін (автомобильге май құю станцияларын және басқа) өндіретін кәсіпорындарды да осында (яғни мұнайгаз кешенінің құрамына) жатқызған дұрыс. Дәл қазір мұнай өндіру саласы Қазақстан ұлттық экономикасының құрылымында жетекші орын алып отыр. Салық түсімдері есебінен ол бюджеттік кіріс бөлігіне едәуір үлес қосуда, сондықтан да экономика басқа да (экспортталмаған) салаларын және әлеуметтік саланы қаржылай қолдауға, сондай-ақ тұрғындардың өмір сапасы стандарттарын орнатуға мүмкіндік береді [25. 21-23бб] .
Қазақстан Республикасының көмірсутегі әлеуеті бағамдар бойынша әлемдік қордың жалпы көлемінде айтарлықтай маңызды. Мұнайдың расталған қоры бойынша Қазақстан әлемнің жетекші елдері қатарына кіреді. Қазақстан барлық ТМД республикалары арасында Ресей Федерациясынан кейін көмірсутегі қоры бойынша екінші орынды иеленеді. Құрлықты қоса алғанда, Қазақстан Республикасының көмірсутегі шикізатының бекітілген алынатын қоры мынадай: мұнай - 30 млрд. барр. (4. 0 млрд. тонна) ; газ - 3. 0 трлн. м3

- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz