Ауыл шаруашылығындағы шарттық қатынастарды құқықтық реттеу


Slide 1

Ауыл шаруашылығындағы шарттық қатынастарды құқықтық реттеу

Slide 2

Ауыл шаруашылығындағы шарттық қатынастың түсінігі, сипаттамасы, ерекшеліктері

Ауыл шаруашылығындағы шарттардың жекелеген түрлері

Ауыл шаруашылығы өнімдерді сатып алу- сату шарттары, мемлекеттік тапсырыс бойынша ауылшаруашылық өнімдерін сатып алу- сату шарты, контрактация шарты, ауыл шаруашылық өнімдерін материалдық-техникалық жабдықтау шарттары, лизинг шарты, ауыл шаруашылық жерлермен мәміле жасау

Slide 3

Ауыл шаруашылығындағы шарттық қатынастың түсінігі, сипаттамасы, ерекшеліктері

ҚР АК 378-бап:

Екi немесе одан көп адамның азаматтық құқықтар мен мiндеттердi белгiлеу, өзгерту немесе тоқтату туралы келiсiмi шарт деп танылады.

Екiден көп тараптармен жасалатын шарттарға (көпжақты шарттар), егер бұл осындай шарттардың көпжақтылық сипатына қайшы келмесе, шарт туралы жалпы ережелер қолданылады.

Slide 4

1. Тиiстi шарттың мазмұны, заңдармен жазылған жағдайлардан басқасында, шарт ережелерi тараптардың өз қалауы бойынша белгiленедi.

Шарттың ережесi заңдарға сәйкес қолданылатын қалыппен көзделген реттерде, егер тараптардың келiсiмiмен өзгеше (диспозитивтiк қалып) белгiленбесе, тараптар өздерiнiң келiсiмдерiмен қалыптың қолданылуын жоя алады немесе сол қалыпта көзделгеннен өзгеше жағдайды белгiлей алады.

2. Егер шарттың ережесiн тараптар немесе диспозитивтiк қалып белгiлемеген болса, тиiстi жағдайлар тараптардың қатынастарында қолданылатын iскерлiк қызмет өрiсiндегi әдеттегi құқықтармен белгiленедi.

Slide 5

Шарттың елеулi ережелерi

1. Тараптар арасында шарттың барлық елеулi ережелерi бойынша тиiстi жағдайларда талап етiлетiн нысанда келiсiмге қол жеткен кезде шарт жасалды деп есептеледi.

Шарттың мәнi туралы ережелер, заңдарда елеулi деп танылған немесе шарттардың осы түрi үшiн қажеттi ережелер, сондай-ақ бiр тараптың мәлiмдеуi бойынша келiсiмге қол жеткiзуге тиiстi барлық ережелер елеулi ережелер болып табылады.

2. Егер шарт жасасу үшiн заң құжаттарына сәйкес мүлiктi беру қажет болса, шарт тиiстi мүлiк берiлген кезден бастап жасалды деп есептеледi.

Slide 6

Сонымен шарттар ауыл шаруашылық өндірістің барлық сатысын қамтиды:

өнімдерді өндіру, ауыл шаруашылығы қызметін көрсету, мүліктік, еңбек, жер және ұйымдастырушылық-басқару қатынастарын бекіту.

Slide 7

Шарттың қандай ауыл шаруашылық экономикалық аяда қызмет етуіне байланысты келесі функцияларды атқарады:

Серіктестер арасында қалыптасатын экономикалық қатынастырады заңи бекітеді, оларға заң күшімен қорғалатын орындауға міндетті нысан береді.

Ауыл шаруашылық тауарларға нарықтағы нақты қажеттелікті анықтау құралы ретінде.

Шарттық қатынас қатысушыларының мүдделерін экономикалық қорғау тәсілі қарастырылады.

Slide 8

Агроөндірістік кешенде шарт байланысының жүйесі 3 топтан тұрады:

Жалпы азаматтық шарттар: сатып алу-сату, тасымалдау, мердігер (құрылыс мердігері), мүлікті жалға беру, банкілік несие т. б.

Экономиканың ауыл шаруашылық секторына бейімделген арнайы шарттар:

ауыл шаруашылық өніміне контрактация шарты, ауыл шаруашылық мақсатына арналған жерді жалға беру, аграрлық өндіріс аясында қолданылатын қызмет көрсету шарттары мен әр түрлі мердігерлік шарттары.

Slide 9

Ауыл шаруашылық коммерциялық ұйымдарда ішкі шаруашылық және еңбек қатынастарын реттейтін шарттар

Егер тараптар белгiлi бiр нысанда шарт жасасуға уағдаласса, заң бойынша шарттардың осы түрi үшiн бұл нысан талап етiлмесе де, шарт оған уағдаласқан нысан берiлген кезден бастап жасалды деп есептеледi.

Slide 10

ҚР АК 395-бап:

1. Шарт жасасу туралы бiр немесе бiрнеше нақты жақтарға жасалған ұсыныс, егер ол жеткiлiктi дәрежеде айқын болып, ұсыныс жасаған жақтың ол қабылданған жағдайда (акцепт) өзiн сонымен байланысты деп есептеу жөнiндегi ниетiн көрсетсе, оферта деп танылады. Егер ұсыныста шарттың елеулi ережелерi немесе оларды анықтау тәртiбi көрсетiлсе, ол жеткiлiктi дәрежеде айқын деп табылады.

2. Оферта оны жiберген жақ ол алушының қолына тигеннен бастап байланысты етiп қояды.

Егер офертаны қайтарып алу туралы хабар офертаның өзiнен бұрын немесе онымен қатар келсе, оферта алынбаған болып есептеледi.

Slide 11

3. Егер офертаның өзiнде өзгеше айтылмаса не ұсыныстың мәнiнен немесе ол жасалған жағдайдан туындамаса, алушының қолына тиген офертаны оның акцептi үшiн белгiленген мерзiм iшiнде қайтарып алуға болмайды.

4. Жарнама және беймәлiм адамдар тобына жiберiлген өзге де ұсыныстар, егер ұсыныста тiкелей өзгеше көрсетiлмесе, оферта жасасуға шақыру ретiнде қаралады.

5. Ұсыныс жасаушы жақтың кез келген хабарлаушысымен ұсыныста көрсетiлген жағдайларда шарт жасасу еркi көрiнетiн, шарттың барлық елеулi ережелерi бар ұсыныс оферта (жария оферта) деп танылады.

Slide 12

ҚР АК 396-бап:

1. Оферта жолданған жақтың оны қабылдағаны туралы жауабы акцепт деп танылады.

Акцепт толық әрi бұлтарыссыз болуға тиiс.

2. Егер заң құжатынан, iскерлiк қызмет өрiсiндегi әдеттегi құқықтардан немесе тараптардың бұрынғы iскерлiк қатынастарынан өзгеше туындамаса, жауап қайтармау акцепт болып табылмайды.

3. Офертаны алған жақтың оның акцептi үшiн белгiленген мерзiмде онда көрсетiлген шарт ережелерiн орындау жөнiнде жасаған әрекеттерi (тауарлар тиеп жөнелту, қызмет көрсету, жұмыс орындау, тиiстi соманы төлеу және т. б. ), егер заңдарда өзгеше көзделмесе немесе офертада көрсетiлмесе, акцепт деп есептеледi.

4. Егер акцептi қайтарып алу туралы хабар оферта жiберген жаққа акцептiң өзiнен бұрын немесе онымен қатар келсе, акцепт алынбаған болып есептеледi.

Slide 13

Ауыл шаруашылығындағы шарттардың жекелеген түрлері

Сатып алу-сату шарты

Контрактация шарты

Тауар жеткізілімі шарты

Айырбастау шарты

Slide 14

ҚР АК 406-бап:

1. Сатып алу-сату шарты бойынша бiр тарап (сатушы) мүлiктi (тауарды) екiншi тараптың (сатып алушының) меншiгiне, шаруашылық жүргiзуiне немесе жедел басқаруына беруге мiндеттенедi, ал сатып алушы бұл мүлiктi (тауарды) қабылдауға және ол үшiн белгiлi бiр ақша сомасын (бағасын) төлеуге мiндеттенедi.

Slide 15

Сатушының тауар беру мiндетiн орындау кезі

Егер сатып алу-сату шартында өзгеше көзделмесе, сатушының сатып алушыға тауар беру мiндетi:

1) егер шартта тауарды жеткiзiп беру бойынша сатушының мiндетi көзделсе, сатып алушыға немесе ол атаған адамға тауарды берген;

2) егер тауар сол тауар орналасқан жерде сатып алушыға немесе ол атаған адамға берiлуге тиiс болса, сатып алушының билiгiне тауар берген кезiнде орындалған болып есептеледi

Slide 16

Контрактация шарты бойынша ауыл шаруашылық өнімін өндіруші өзімен өндірілген өнімді қайта өңдеу немесе сату үшін сатып алуды жүзеге асыратын тұлғаға - өндірушіге беруге міндеттенеді.

ҚР АК бойынша 478-бап келiсiм-шарт жасасу шарты деп көрсетілген.

1. Келiсiм-шарт жасасу шарты бойынша ауыл шаруашылық өнiмiн өндiрушi өзi өсiрген (өндiрген) ауыл шаруашылық өнiмiн - ұқсату немесе сату үшiн осындай өнiмдi сатып алуды жүзеге асыратын дайындаушы-тұлғаға беруге мiндеттенедi.

Slide 17

479-бап. Дайындаушының мiндеттерi

1. Егер келiсiм-шарт жасасу шартында өзгеше көзделмесе, дайындаушы өндiрушiден ауыл шаруашылық өнiмiн оның тұрған жерiнде қабылдауға және тасып әкетудi қамтамасыз етуге мiндеттi.

2. Ауыл шаруашылық өнiмiн қабылдау дайындаушы орналасқан жерде немесе ол көрсеткен өзге орында жүзеге асырылатын жағдайда дайындаушының келiсiм-шарт жасасу шартының талаптарына сәйкес келетiн және дайындаушыға шартта келiсiлген мерзiмде берiлген ауыл шаруашылық өнiмiн қабылдаудан бас тартуға құқығы жоқ.

Дайындаушы өнiм сапасын стандарттарға сәйкес дәл анықтауды қамтамасыз етуге мiндеттi.

Slide 18

3. Келiсiм-шарт жасасу шартында ауыл шаруашылық өнiмiн ұқсатуды жүзеге асыратын дайындаушының өндiрушiге оның талап етуi бойынша ауыл шаруашылық өнiмiн ұқсатудан қалған қалдықтарды шартта белгiленген баға бойынша ақы төлете отырып қайтару мiндетi көзделуi мүмкiн.

480-бап.

Ауыл шаруашылық өнiмiн өндiрушi дайындаушыға өсiрген (өндiрген) ауыл шаруашылық өнiмiн мөлшерi, сапасы мен түр-түрi келiсiм-шарт жасасу шартында көзделгендей етiп беруге мiндеттi.

Slide 19

481-бап. Ауыл шаруашылық өнiмiн өндiрушiнiң жауапкершiлiгi

Мiндеттеменi орындамаған немесе мiндеттеменi тиiстi түрде орындамаған ауыл шаруашылық өнiмiн өндiрушi өзiнiң кiнәсi болған жағдайда жауапты болады.

Slide 20

Тауар жеткiзiлiмiнiң шарты

ҚР АК 458-бабына сәйкес:

Кәсiпкер болып табылатын сатушы (тауар берушi) сатып алушыға өзі өндіретін немесе сатып алатын тауарларды кәсіпкерлік қызметке немесе жеке өзіне, отбасына, үй ішіне және сол сияқты өзге де пайдалануға байланысты емес өзге мақсаттарға пайдалану үшін келісілген мерзімде немесе мерзімдерде беруге міндеттенеді.

Slide 21

Тауар жеткiзілiмi шартын жасасу кезiнде тараптар арасында шарттың жекелеген талаптары бойынша келіспеушіліктер пайда болған жағдайда шарт жасасуды ұсынған және басқа тараптан осы талаптарды келісу туралы ұсыныс алған тарап осы ұсынысты алған күннен бастап отыз күн iшiнде, егер өзге мерзiм тараптармен келiсiлмеген болса, шарттың тиiстi талаптарын келiсу жөнiнде шаралар қолдануға не басқа тарапты оны жасасудан бас тарту туралы жазбаша түрде хабарландыруға тиiс.

Slide 22

Тауар жеткiзiлiмi шарты бiр жылға, бiр жылдан астам мерзiмге (ұзақ мерзiмдi шарт) немесе тараптардың келiсiмiнде көзделген өзге де мерзiмге жасалуы мүмкiн.

Егер шартта оның қолданылу мерзiмi белгiленбесе және ол мiндеттеменiң мәнiнен туындамаса, шарт бiр жылға жасалған деп танылады.

Slide 23

Тауар берушi тауарларды жеткiзiп берудi оларды шартта көзделген көлiкке тиеп және шартта белгiленген жағдайларда жөнелту жолымен жүзеге асырады.

Егер шартта тауарды жеткiзiп берудiң қандай көлiк түрiмен немесе қандай жағдайларда жүзеге асырылатындығы белгiленбесе, көлiк түрiн таңдау немесе тауарды жеткiзiп беру жағдайларын белгiлеу құқығын заң актiлерiнен, iскерлiк айналым дағдыларынан немесе міндеттеменің мәнінен өзгеше туындамайтындықтан тауар беруші иеленеді.

Slide 24

Айырбас шарты

ҚР АК 501-бабына сәйкес:

1. Айырбас шарты бойынша тараптардың әрқайсысы шаруашылық жүргiзудi, оралымды басқаруды басқа тараптың меншiгiне бiр тауарды екiншiсiне айырбасқа беруге мiндеттенедi.

2. Айырбас шартына тиiсiнше сатып алу-сату шартының ережелерi қолданылады, өйткенi бұл осы тараудың ережелерiне және айырбас мәнiне қайшы келмейдi. Бұл орайда тараптардың әрқайсысы тауарды беруге мiндеттенетiн сатушы деп және айырбастап алуға мiндеттенетiн сатып алушы деп танылады.

Slide 25

Ауыл шаруашылық өнімдерін материалдық-техникалық жабдықтау шарттары

Ауыл шаруашылығында мердігерлік шарты;

Құрылыс мердігерлігі шарты;

Өтелмелі қызмет көрсету шарты;

Тасымалдау және көлік экспедициясы шарты.

Slide 26

Ауыл шаруашылығында мердігерлік шарты

ҚР АК 616-бапқа байланысты:

1. Мердiгерлiк шарты бойынша бiр тарап (мердiгер) екiншi тараптың (тапсырысшының) тапсырмасы бойынша белгiлi бiр жұмысты атқаруға және белгiленген мерзiмде оның нәтижесiн тапсырысшыға өткiзуге мiндеттенедi, ал тапсырысшы жұмыс нәтижесiн қабылдап алуға және оған ақы төлеуге (жұмыстың бағасын төлеуге) мiндеттенедi. Егер заң актiлерiнде немесе шартта өзгеше көзделмесе, жұмыс мердiгердiң тәуекелiмен орындалады.

Slide 27

Егер шартта өзгеше көзделмесе, жұмыс мердiгердiң қарамағында: соның материалдарымен, күштерiмен және қаражатымен орындалады.

Мердiгер өзi берген материалдар мен жабдықтардың сапасы лайықсыз болғаны үшiн, сондай-ақ үшiншi тұлғалардың құқықтары қосылған материалдар мен құралдарды бергенi үшiн жауапты болады.

Slide 28

Мердiгердiң жұмыс сапасының тиiстi дәрежеде болмауы үшiн жауапкершiлiгi

Егер жұмысты мердiгер шарттан жұмысты нашарлататын ауытқулармен немесе оны шартта көзделген не шартта тиiстi ережелер болмаған кезде - әдеттегi пайдалану үшiн оларды жарамсыз ететiн өзге де кемшiлiктермен орындаса, заң актiлерiнде немесе шартта өзгеше белгiленбегендiктен, тапсырысшы өз таңдауы бойынша мердiгерден:

Slide 29

1) қисынды мерзiмде жұмыстың кемшiлiктерiн өтемсiз жоюды;

2) жұмыс үшiн белгiленген бағаны мөлшерлес азайтуды;

3) тапсырысшының кемшiлiктердi жою құқығы шартта көзделсе, өзiнiң оларды жоюға шыққан шығыстарын өтеудi талап етуге құқылы.

Slide 30

Құрылыс мердігерлігі шарты

Құрылыс мердiгерлiгiнiң шарты бойынша мердiгер тапсырысшының тапсырмасы бойынша шартта белгiленген мерзiмде белгiлi бiр объектiнi салуға не өзге де құрылыс жұмысын орындауға мiндеттенедi, ал тапсырысшы мердiгерге жұмысты орындауы үшiн қажеттi жағдайлар жасауға, оның нәтижесiн қабылдап алуға және ол үшiн келiсiлген бағаны төлеуге мiндеттенедi.

Slide 31

2. Құрылыс мердiгерлiгiнiң шарты кәсiпорынды, үйдi (оның iшiнде тұрғын үйдi), ғимаратты немесе өзге де объектiнi салуға немесе қайта жаңартуға, сондай-ақ монтаждау, iске қосу-жөнге келтiру және салынып жатқан объектiмен тығыз байланысты өзге де жұмыстарды орындауға жасалады. Егер шартта өзгеше көзделмесе, осы параграфтың ережелерi үйлер мен ғимараттарды күрделi жөндеу кезiнде де қолданылады.

Slide 32

Құрылысты толық аяқтау туралы шарт жасасу кезiнде мердiгер өзiне құрылыс және оны қамтамасыз ету жөнiндегi барлық мiндеттеменi алады және шарт ережелерiне сәйкес тапсырысшыға пайдалануға дайын объектiнi тапсыруға тиiс.

Аяқталмаған құрылыстың иесi оны тапсырысшыға тапсырғанға дейiн және оған төлем жасалғанға дейiн мердігер болып табылады.

Slide 33

Жұмыс нәтижелерін тапсыру және қабылдау

Құрылыс мердігерлігі шарты бойынша орындалған жұмысты не, егер бұл шартта көзделсе, жұмыстың бір кезеңін тапсыруға дайын екендігі туралы мердігердің хабарын алған тапсырысшы дереу оның нәтижелерін қабылдауға кірісуге міндетті.

Егер шартта өзгеше көзделмесе, тапсырысшы жұмыс нәтижелерін қабылдауды өз есебінен ұйымдастырады және жүзеге асырады. Заң актілерінде көзделген жағдайларда жұмыс нәтижесін қабылдауға мемлекеттік органдардың және жергілікті өзін-өзі басқару органдарының өкілдері қатысуға тиіс.

Slide 34

Жұмыстың жекелеген кезеңдерін алдын-ала қабылдаған тапсырысшы оның мердігердің кінәсінсіз жойылу немесе бүліну қаупін мойнына алады, бұған оның ішінде шартта жұмысты мердігердің тәуекелімен орындау көзделген жағдайлар да кіреді.


Ұқсас жұмыстар
Қазақстанда аграрлық заңнамалардың даму тарихы
Аграрлық қатынастарды реттеуде экономиканың тетігін құқықтық қамтамасыз ету
ҚҰҚЫҚТЫҢ МАЗМҰНЫ МЕН ҚҰРЫЛЫМЫ
Шарт жасасу және оның түрлері туралы
Шарт жасасу және оның түрлері
Еңбек құқығының функциясы
Жерге меншік құқығы
Жер құқығының әдістері
Ауыл шаруашылық кәсіпкерлік қызметінің жекелеген түрлерін құқықтық реттеу
Еңбектік қатынастар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz