Патогенділігі бойынша микроорганизмдердің жалпы сипаттамасы жайлы



СӨЖ
Тақырыбы: Патогенділігі бойынша микроорганизмдердің жалпы сипаттамасы
С. Ж. Асфендиаров атындағы Қазақ Ұлттық
медициналық университет
Кафедра: микробиология, вирусология және иммунология
Орындаған: Ахметова Ж.
Тобы: қдс09-07(02)
Қабылдаған:Мусаева А. А.
Алматы 2010.

Жоспар
Кіріспе
Негізгі бөлім
2, 1. Патогенді микробтардың қасиеттері
2, 2. Микробтардың патогенділік факторлары
2, 3. Патогенділік факторларын генетикалық реттеу
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
<#>

1. Кіріспе
Патогенділер (грек: pathos- азап шегу, зиян шегу; genis- туылу) - бұл адамдардың, жануарлар мен өсімдіктердің жұқпалы ауруларының қоздырғыштары. Эволюция барысында патогенді микробтардың адаптациялануының тереңдегені сонша, олар белгілі бір уақытта макроорганизмнен тыс жағдайда бола алатынына қарамастан, макрорганизмде тіршілік етуі микробтың биологиялық түр ретінде сақталуына қажетті шарт болып табылады. Осыған орай олар үшін ауру - бұл эволюция барысында макроорганизммен симбионттық қатынас қалыптасуының нәтижесі болып табылады.
<#>

2. Негізгі бөлім 2, 1. Патогенді микробтардың қасиеті
Патогенді микробтар - ұзақ мерзімді қатал эволюциялық даму барысында сапрофиттерден пайда болған паразиттер. Бұл кезде олар ферменттік жүйелерінің бір қатарын жоғалтқан. Өйткені көптеген заттарды дайын түрде оларға макроорганизмдер береді. Олар әртүрлі органдарда, тіндерде және жасушаларда гетеротрофты паразиттік қоректену типіне бейімделген. Жасушаішілік паразиттік тіршілік ету қабілеттілігіне қарай осындай микробтарды 3 топқа бөлуге болады.
<#>

Микробтар
Жасушаішілік облигатты (нағыз) паразиттер
Жасушаішлік факультативті (салыстырмалы) паразиттер
Жасушадан тыстық облигатты паразиттер
Бұлар өзінің қоректік қажеттілігін тек қана жасушаішілік тіршілік ету жағдайында қанағаттандырады (вирустар, риккетсиялар, хламидиялар, алапес, безгек, токсоплазмос қоздырғыштары) .
Жасуша ішінде де және жасушадан тыс жағдайда да тіршілік ете алады (туберкулез, туляремия, соз, менингококты инфекция қоздырғыштары) .
Жасуша ішіне кірмейтін, бірақ жасушалар бетіне жабысып, жасушааралық қуыстармен, таралатын микробтар. (тырысқақ қоздырғышы, лептоспиралар, микоплазмалар т. б. )
<#>

Патогенді микробтардың бірқатар қасиеттері соның ішінде ең алдымен патогенділігі болуы керек.
Патогенділік (син. :аурутуғызушылық) - ол микробтардың инфекциялық процес қоздырушы патенциалдық қабілеттілігі, яғни осы микроб үшінтабиғи жұғу жағдайында тиісті ие организміне байланыстыену, онда өсіп- өніп көбею, гомеостаздың әртүрлі бұзылыстарын туғызу және макроорганизм жағынан жауап ретінде қарсы реакциялар қоздыру қабілеттілігі. Патогентілікті ие макроорганизміне микробтың бейімделу функциясы деп қарастыруұсынылған, оның негізінде жаңа жағдайда адекватты тіршілік ету микроб метаболизмінің қайтадан икемделуі жатыр. Тәжірибелік жағдайда жоғары вирулентті микробтардың тиісті дозасын пайдаланғанда кез келген микроб кез келген тәсілмен жұқтырғанда инфекциялық процес қоздыра алады.
<#>

Сондықтан патогенділік деген ұғым ие түрінде және жұғу жолдарын қамту керек. Бұл тұқым қуалайтын түрлік, генетикалық детерминантталған белгі.
Ол микробтың тек қана потенциалды инфекциялық процес қоздыру қабілеттілгін көрсетеді. Генотиптің фенотиптік іске асуы тиісті жағдайда ғана жүреді. Мұндай жағдайлар кейбір микробтарға көбірек, ал басқаларына аз ғана қажет болуы мүмкін қабылдамаушы макроорганизмде микроб патогенділігі іске аспай қалады, өйткені ол үшін жағдай жоқ, адгезиялану және колонизациялану болмайды, микроб өзінің тіршілік ету қабілеттілігін жоғалтады және өледі. Қабылдаушы организмде олардың көбеюі белсенді түрде жүреді.
Мысал ретінде Т. pallidum немесе S. typhi-ді келтіруге болады, олар табиғи жағдайда адмдарда ғана ауру қоздырады.
<#>

Патогенді микробтарға
Нозологиялық спецификалық
органотроптылық
Нозологиялық тәнділік - ол қабылдаушы организмнің қайсысына түскеніне қарамастан патогенді микробтардың әрбір түрі тек қана соған сәйкес инфекциялық процесс және де патологиялық реакциялардың кешенді симптомдарын қоздыру қабілеттілгі. Сонымен S. typhi тек қана - іш сүзегін, ал N. meningitidis менингококты инфекция қоздырады. Қоздырғыштардың осындай спецификалығы өздігінше нозологиялық түр ретінде жекеленген жұқпалы аураларға клиникалық диагноз қоюға мүмкіндік береді. Шартты- патогенді бактерияларда осындай нозологиялық тәнділік болмайды.
Органотроптылық - олш биохимиялық қасиеттері бойынша микробтардың тіршілігі үшін ең қолайлы жасушаларда, тіндерде және ағзаларда қоныстану және оны зақымдау қабілеттілігі. Мысалы: ауалы - тамшылы инфекциялардың қоздырғыштары тыныс алу жолдарын, ал ішек инфекцияларының қоздырғыштары - асқазан- ішек жолдарын зақымдайды.
<#>

2, 2. Микробтың патогенділік факторлары
Патогенділік факторлар - ол микробтардың инфекциялық процес қоздыру қабілеттілігін қамтамасыз ететін материалдық заттектер. Оларды зерделеу патогенді микробтардың патогенсіздермен және қабылдағыш макроорганизмнің қабылдамайтынынан қандай айырмашылықтары бар екенін түсінуге мүмкіндік береді. Сапрофиттерге қарағанда патогенді микробтар макроорганизмнің табиғи тосқауылдарын жеңуі және сол организмде тіршілік етуі үшін адгезиялық, коллонизациялық және инвазиялық қасиетке ие болу керек, яғни макроорганизмнің қорғаныс тосқауылдарын бұзып өту, инфекцияның кіру есігінен тысқары жерде макроорганизмнің ішкі ортасына енуі және тіндерде таралу керек.
<#>

Сонымен қатар агрессивтік, яғни макроорганизмнің қорғаныс факторларымен интерференцияланатын агрессиндердің көмегімен организмнің бейспецификалық және спецификалық реактивтілігін басып тастайтын, соның ішінде фагоцитозға қарсы тұру, қабілеттілігі болу керек.
Макроорганизмде сақталу және өсіп- өніп көбею мағынасын қамтитын “инвазивтік” терминді қазіргі кезде стафилококтар, стрептококтар, псевдомонадалар т. б. . Жасушадан тыстық паразиттер үшін қолданады. Патогенді микробтар макроорганизмге улық әсер етуі керек. Патогенді микробтар осы функциялардың әр қайсысын, макромолекулардан тұратын, инфекциялық процестің спецефикалығын қамтамасыз ететін патогенділік факторларды сақтаушы арнайы құрылымдардың көмегімен іске асырылады. Адгезиялануды, колонизациялануды және фагоцитоздан қорғануды негізінде микробтардың беткейлік морфологиялық құрылымының құрамына кіретін макромолекулалар іске асырады.
<#>

Инвазиялық және агрессиялық қасиет негізінде экзоферменттердің, ал улық әсер етуімен байланысты. Инфекциялық процестің тиісті сатыларының дамуында бірден бірнеше патогендлік факторлары қатысады.
Патогенділік факторлар
Адгезиялануды және колонизациялануды қамтамасыз ететін патогенділік факторлар
Инвазивтілікті және агрессивтілікті қамтамасыз ететін патогенділік факторлар
Антифагоцитарлық белсенділігі бар патогенділік факторлар
<#>

2, 3. Патогенділік факторларын генетикалық реттеу
Бактериялардың патогенділігінің полидетерминанттылық сипаты бар және бір топ гендермен бақыланады. Патогенділік факторлардың генетикалық детерминанттарының көпшілігі функциональды байланысқан гендер топтарының жекеленген кластерлері түрінде хромасомаларда орналасады. Геномның көпшілік бөлігі осындай кезекшілдігімен ерекшеленеді, ол өз кезегінде олардың шығу тегінің бөгде екені туралы болжам айтуға мүмкіндік береді. Оларға ұқсас құрылымджар плазмидаларда да табылған.
<#>

- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz