ҚАЗАҚСТАН ЖЕРІНДЕГІ КЕЙІНГІ ОРТАҒАСЫРЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТЕР



1. Қарахан мемлекеті 2. Қарақытай Жетісуда 3. Найман, Керей және Жалайыр ұлыстары 4. Қыпшақ хандығы
ҚАЗАҚСТАН ЖЕРІНДЕГІ КЕЙІНГІ ОРТАҒАСЫРЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТЕР

Қарахан мемлекетінің географиялық жағдайы
Қарахан қағанаты Шығыс Түркістан, Жетісу, Сырдария, Талас, Шу өңірін құтты қоныс етті. Оның құрылуы 940 жылдан басталады. Астанасы - Шу өзені бойындағы Баласағұн, кейінірек Ордакент (Тараз) қаласы болған.

Қарахан мемлекетінде аса маңызды әлеуметтік-саяси институт әскери-мұралық жүйе болған. Хандар елді өзіне жақын адамдармен және уәзірлермен бірігіп басқарды. Мемлекет бірнеше үлестерге бөлінді. Хан мемлекеттік немесе әскери қызметі үшін феодалдарға жер беріп, сол жердегі халықтан салық жинауға рұқсат еткен.

Мұндай жерлер икта деп аталады. Қарахан қағанатында халықтың ең басты тіршілігі көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығы болған. Сонымен қатар мұнда қала өмірі, сауда, қолөнері, егін шаруашылығы жақсы өркендеді. Русьпен, Византиямен, Иранмен, Закавказьемен, Орта Азиямен қызу сауда жүргізген қарахандықтар көршілес мемлекеттермен ұзақ уақыт бойы табан тірескен соғыстар да жүргізді.

Бұл соғыстар мемлекетті әлсіретпей қойған жоқ. Қағанатқа 1089 жылы Орта Азиядағы Селжұқ (Сельджук) сұлтандығы шабуыл жасап, Батыс Қараханның орталығы Самарканд қаласын басып алды. Дәл осы кезде Шығыс Қарахан қанағатына Шығыс Түрік қағанатының билеушісі Тоғұрыл шабуыл жасап, Қашғар қаласын өзіне қаратты. Осындай шапқынышылықтарға байланысты XII ғасырдың бірінші жартысында Қарахан мемлекеті іс жүзінде тарихи сахнадан шығып қалды. 1210 жылы ол біржолата құлады

Қарахан мемлекетінің негізін салушы Сатұқ Боғрахан (915-955 ж) . Сатұқ Тараз және Қашқар қалаларын өзіне қаратып, 942 жылы Баласағұндағы билеушіні құлатып, өзін жоғарғы қаған деп жариялады. Сатұқтың баласы Мұса 960 жылы Қарахан мемлекетінде ислам дінін орнатты.
Мұса өлген соң, Қарахан жеріндегі жоғарғы қаған атағы оның баласы Әли Арсылан ханға көшті. Оның енші жерінің орталығы Қашқар болды.
Қарахан мемлекетінің саяси тарихи

Сонымен қатар ол Тараз бен Баласағұнның билеушісі болып есептелді. Қарахан мемлекетінің саяси тарихында екі ірі әулеттің ықпалы зор болды. Олар - Әли Арслан хан мен Хасан (Харун) Боғра ханның ұрпақтары. Алғашқы кезде Әли ұрпағының ықпалы күштірек болса, ал кейін бұл ықпал Хасан ұрпақтарына көшті.

Қарахан мемлекетінің жорықтары
990 жылы Қарахан мемлекетінің билеушілерінің бірі Хасан Боғра хан Исфиджабты бағындырды;
992 жылы олар шығыста Хотанды, батыста бұхараны басып алды;
999 жылы Әли Арсыланның баласы Насыр Орта Азиядағы Саманилер мемлекетіне ойсырата соққы берді;

1004-1005 жылдары қарахандықтар ұзақ соғыстан кейін Мәуеренахр жерін түгелдей өзіне қаратты.
ХІ ғасырдың 30 жылдары Батыс және Шығыс қағанат болып екіге бөлінді.
Қарахан мемлекті ішкі талас-тартыстан құлдырай түсті, сөйтіп ХІІ ғасырдың 30-шы жылдары қарахан жерін шығыстан келген қидандар жаулап алды.

Қарақытай мемлекетінің географиялық жағдайы
Монғол тілі қидан тайпалары б. з. ІV ғасырында Қытайдың солтүстік жағында Маньчжурия мен Уссури аймағын мекенеген.
Х ғ. басына Солтүстік Маньчжурия мен Монғолияа Қиданның Ляо мемлекеті /907-1125/ құрылды. Қидандықтар Сұн империясының жерінің бір бөлігін және Селенгі мен Орхондағы Ұйғыр қағанатының жерлерін басып алып, Алтай мен Тарбағатайға қарай жылжиды.

Кидандықтар Сұн (960-1279) империясы жерінің бір бөлігін және Селенгі мен Орхондағы Ұйғыр қағанатының жерлерін басып алып, Алтай мен Тарбағатайға қарай жылжыды. 1010 жылы Кидандар Жетісуға басып кірді. Кидандардың Ляо империясы тұрақты болмады. Көрші тайпалардың соғыстарына және ішкі талас-тартыстарға байланысты Ляо империясы әлсірей берді.

1125 жылы ол тұнғыс-маньчжур тайпаларының соққысынан бас көтере алмайтын халге жетті. Осыдан кейін Кидан тайпалары Елюй Дашидың басшылығымен батысқа қарай көшіп, Жетісу жеріне келіп орнықты (жергілікті жерлерде оларды қара қытай деп атады) .

Кидандар Орта Азияға қарай жылжып, Селжұқ сұлтаны Санжарға соққы беріп, 1141 жылы Самарқанд қаласын басып алды. Осыдан кейін Елюй Даши өзін гурхан деп жариялады. Қайтар жолда гурхан әскерларі Бұқараны оңай басып алып, Баласағұн аймағына келіп орналасты. XII ғасырдың 30-40 жылдарында қазіргі Оңтүстік Қазақстанның, Бұқара мен Самарқандты қоса алғанда Мәуреннахр аймағының жері Қарақытай иелігіне кірді.

Елюй Даши 1143 жылы өлді. Одан кейін Иле гурхан болды. Оның кезінде тұңғыш рет халық санағы жүргізіліп, 84 мың отбасы бар екені анықталды. Иледен кейін де бірнеше гурхандар болды. Көп ұзамай қарақытайлар Орта Азияны басып алған жерлерінен айырыла бастады. 1198 жылы Ауған аймағынан шыққан Гурид билеушілері қарақытайларға күйрете соққы берді. Ал 1210-1213 жылдары Қарақытай мемлекеті Хорезм шахы Мұхаммедпен және наймандармен соғыстар барысында ыдырап құлады.

Қарақытай мемлекетінің жорықтары
1128 жылы Қарақытайлар көсемі Елюй дашы Баласағұнды басып алып, Қарахандардың жеріне Жетісуда өз мемлекетін орнатады. Осыдан кейін мемлекет шекарасын Енесейден Таласқа дейін кеңейтті, олар Қарлұқтарды бағындырып, Шығыс Түркістанды қосып алды.

1137 жылы қарақытайлар Ходжент қаласы маңында Мәуеренахрдың билеушісі Махмудхан әскерін талқандады.
1141 жылы қарақытайлар Самарқанд қаласын басып алды.

Найман, Керей және Жалайыр ұлыстары орналасуы
Қазақстан жеріндегі ертеден келе жатқан - Найман, Керейт, Жалайыр ру-тайпалары. Найман тайпалар одағы /түрікше “сегіз тайпа одағы ”/ VIII ғасырдың орта шегінде жоғарғы Ертіс пен Орхон аралығында пайда болып, Ханғайдан Тарбағатайға дейінгі жерлерді алып жатты.

Керейіттер
Керейттердің батысында - наймандар, солтүстігінде - меркіттер, шығысында - татарлар, оңтүстігінде - таңғұрттар мекендеген. Солтүстік ордасы - Орхон өзені бойындағы Қатынбалық қаласы, ал оңтүстік ордасы - Хуанке өзенінің бұрылысындағы Қара-Хото қаласы.

Жалайырлар
Жалайыр жері өте үлкен аймақты алып жатқан. Атап айтқанда, олардың бір шеті онан бойынан болса, екінші бір шеті Монғолияның орталық аймағы Қарақорымға дейін жеткен.

Найман, Керей және Жалайыр ұлыстарының соғыстары
1202 жылы Бұйрықхан меркіт, татар, қаташын ұлыстарымен бірігіп, үлкен әскер жинап, Шынғысханға шабуыл жасап жеңіліске ұшырайды;
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz