Қаржы туралы


Slide 1

Қаржы

Slide 2

Қаржының мәні, функциясы және ұдайы өндірістегі рөлі

Қаржының мәні

Қаржының функциялары

Қаржының басқа экономиялық категорияларымен байланысы

Қаржы ресурстары және қалыптастыру көздері.

Slide 3

Экономикалық категория ретіндегі қаржының мазмұнын құрайтын қатынастардың өзгешелігі - олардың көрінісінің әрқашан ақшалай нысаны болатындығында. Қаржы әрқашан экономикалық жүйе шеңберіндегі қоғамдық ұдайы өндірістің әртүрлі субъектілері арасындағы ақша және тек ақша қатынастарын ғана білдіреді. Сондықтан, қаржы қатынастарының ақшалай сипаты - қаржының маңызды белгісі.

Slide 4

Қаржы қатынастары өзінің негізінде бөлгіштік қатынастар болып табылады. Қаржының арқасында экономиканың барлық құрылымдық бөліктерінде (материалдық өндіріс пен өндірістік емес салаларда) және шаруашылық жүргізудің түрлі деңгейлерінде қоғамдық өнім құнын қайта бөлудің сан алуан процесстері жүзеге асады. Қаржы қатынастарының бөлгіштік сипаты экономикалық категория ретінде олардың айрықша белгісі болып табылады.

Slide 5

Қаржының түрлі мақсатты ақша қорларының қозғалысында көрінуі - оның маңызды ерекше белгісі болып табылады. Ақша қорлары, істің шын мәнінде, қаржы қатынастарының объектілері болып табылады.

Slide 6

Ақша қорларының бүкіл ақша қаражаттарынан бөлініп тұратын ерекшелігі сол, олар экономиканы басқарудың барлық деңгейлерінде ақша нысанындағы құнның бір жақты қозғалысының негізінде жасалынады. Кез келген қаржы операциясы осындай ерекшелікпен (салықтар, табыстан аударылатын аударымдар, шығыстарды қаржыландыру, субвенциялар және т. т. ), яғни баламасыздықпен сипатталады

Slide 7

Жоғарыда аталғандардың негізінде қаржының қысқаша анықтамасын былайша тұжырымдауға болады: қаржы - бұл қоғамдық өнімді бөлу және қайта бөлу процесінде пайда болатын айрықша экономикалық қатынастардың жиынтығы, мұның нәтижесінде ұдайы өндіріс қатысушыларының сан алуан қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін олардың ақшалай табыстары, қорланымдары мен қорлары жасалып, пайдаланылады.

Slide 8

Қаржының қажеттігі объективті мән - жайдан - тауар - ақша қатынастарының болуынан және қоғамдық дамудың қажеттіліктерінен туындайды. Қаржының басты арналымы - табыстар мен ақшалай қорларды жасау арқылы мемлекет пен шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржы ресурстарына деген қажеттіліктерін қанағаттандырып отыру және бұл ресурстардың жұмсалуына бақылау жасау.

Slide 9

Қаржының мәні ақша нысанындағы құн қозғалысынан туындайды. Бұл қозғалыстың шарты тауар - ақша қатынастарының болуы және экономикалық заңдардың, соның ішінде құн заңының іс-әрекеті болып табылады. Экономиканың жұмыс істеуінің нарық жағдайында мемлекет тауар-ақша қатынастарын әлдеқайда аз дәрежеде реттейді, негізгі реттеуіш тауарлардың, жұмыстардың және қызмет көрсетудің сұранымы мен ұсынымы болып табылады.

Slide 10

Қаржының функциялары

Қаржының мәні, іс-әрекет механизмі және рөлі оның функцияларынан айқын көрінеді. Қаржының мәнін толық ашу оның ұғымы мен қажеттігін ғана емес, сонымен бірге қаржының қоғамдық арналымын, яғни оның функцияларын анықтауды да талап етеді

Slide 11

Қазіргі уақытта қаржының бөлгіштік және ұдайы өндірістік тәрізді екі тұжырымдамасы танылып отыр. Бірінші тұжырымдаманың жақтаушылары қаржы қоғамдық өндірістің екінші стадиясында - ақша нысанындағы қоғамдық өнімнің құнын бөлу процесінде пайда болады, қаржының бөлгіштік сипаты оның іс-әрекет етуінің ерекшелігін көрсетеді деп санайды. Бұл тұжырымдамаға сәйкес қаржы екі функция орындайды: бөлу және бақылау.

Slide 12

Бөлу функциясы қаржы құралдарын қоғамдық жалпы өнім мен оның аса маңызды бөлігі - ұлттық табысты, сондай-ақ ұлттық байлықтың бір бөлігін (мысалы, айналым қаражаттарын, мемлекеттік мүлік сату операцияларын шығарып тастағанда) бөлу және қайта бөлу процесінде пайдаланған кезде көрінеді. Бұл функцияны қаржы өнімді өздігінше бөле береді деген мағынада емес, қаржы тек жасалған өнімді бөлуді ғана ортақтастырып, жүзеге асырады деп түсіну керек. Былай деп айтқан дұрыс: өнімнің натуралды - заттық құрамын бөлу ақша қорларын бөлу арқылы жасалады. Мемлекет, кәсіпорын, фирма және халық арасында ақша қорларын бөлуге сәйкес жасалған натуралды өнім де бөлінеді.

Slide 13

Қоғамдық өнімді бөлу алғашқы және кейінгі, немесе қайта бөлу болып ажыратылады. Алғашқы бөлу кезінде жиынтық қоғамдық өнімнің жалпы көлемінен орнын толтыру қоры (материалдық шығындар мен амортизациалық аударымдар) шығарып тасталады және жаңадан жасалған құн - ұлттық табысты бөлудің нәтижесінде мемлекеттің, өндірістік сфераның және халықтың алғашқы табыстары қалыптасады, олар бөлудің және қайта бөлудің күрделі процестеріне ұшырайды, бұл процестерде маңызды рөлді қаржы атқарады. Қоғамдық өнім мен ұлттық табысты алғашқы бөлу кезінде қаржы еңбекақы төлеу және баға сияқты экономикалық категориялармен тығыз байланыста дамиды.

Slide 14

Қайта бөлу салық, сондай-ақ аумақтық тұрғыдан шаруашылық жүргізуші субъектілер бойынша қоғамдық өнімді мүшелеудің сан алуан процесін қамтиды. Мұның нәтижесінде натуралдық - заттың нысандағы өнімді түпкілікті тұтынуды қамтамасыз ету үшін ұдайы өндіріс қатысушыларының ақша қаражаттарына деген әртүрлі қажеттіліктерді қанағаттандырып отырады. Бұл орайда қатысушылардың бәрінің табыстары басқалардың шығыстары есебінен қалыптасады және ұлттық табыс қорлану қоры мен тұтыну қорына ие болады.

Slide 15

Бірінші жағдайда қаражаттар өндірісті кеңейту үшін немесе материалдық сфера капиталынан, әлеуметтік инфрақұрылымының өндірістік емес қорларынан болатын өндірістік қорлардың өсімі үшін, резервтер мен сақтық қорларды жасау үшін пайдаланады. Тұтыну қоры бүкіл халықтың оның ұдайы өндіріске арналған түпкілікті табыстарын, әлеуметтік сфераның мекемелерін ұстауға, ғылымға, мәдениетке, басқаруға, елдің қорғанысына арналған ресурстарды құрайды.

Slide 16

Ұлттық табысты қаржы көмегімен қайта бөлудің негізгі мақсаттары мыналар болып табылады: өндірістік емес саланы қаржы ресурстарымен қамтамасыз ету; бұл салада ұлттық табыс жасалмайтыны белгілі; елдің жеке экономикалық аймақтары арасында қаржы ресурстарын мақсатты бөлу; қаржы ресурстарын маңызы зор прогрессивті салалардың айырықша дамуын қамтамасыз ететін басым түрде салааралық бөлу; қаржы ресурстарын ұтымды түрде сала ішінде бөлу, ол кәсіпорындардың әр түрлі рентабелдігімен және күрделі жұмсалымдардың құбылмалы тиімділігімен ынталандырылып отырады.

Slide 17

Ұдайы өндірістік тұжырымдамасы жақтаушыларының қаржының мәнін осылай кеңінен ұғынуына сәйкес олар қаржыға мына функцияларды береді: ақшалай табыстар мен қорларды жасау; ақшалай табыстар мен қорларды пайдалану; бақылау функциясы.

Slide 18

Қаржы көмегімен мемлекет өзінің иелігіне материалдық өндіріс сферасында жасалған қоғамдық жиынтық өнім құнының бір бөлігін алады. Бұл процесс қаржының бірінші функциясын - ақша қорларын жасау арқылы жүзеге асады, бұл өзінің нақты түрдегі практикалық көрінісін, ең алдымен, мемлекеттің салық саясатында табады. Нәтижесінде қоғамда дәйекті түрде сан алуан ақша қорлары - орталықтандырылған ( мемлекеттік бюджет), орталықтандырылмаған (аймақтық және жергілікті деңгейдегі), мақсатты қорлар және т. т. жасалады.

Slide 19

Коммерциялық есеп пен маркетинг операцияларын жүзеге асыруға байланысты болатын қаржының бақылау функциясын барлық ғылыми тұжырымдамалардың өкілдері мойындайды. Қаржының бұл функциясы экономикалық категория ретіндегі қаржыға тән қасиет және қаржының не бірінші, не екінші функциясымен бір мезгілде жүзеге асады. Бақылау функциясы мазмұнының нақтылы көрінісі мемлекеттің қаржы саясатын жүргізетін қаржы органдары қызметінің барысында іске асады. Бақылау функциясы қаржының бөлгіштік функциясынан туындайды және жиынтық қоғамдық өнімді, ұлттық табысты және таза табысты тиісті ақша қорлары бойынша бөлуге және оларды мақсатты жұмсауға бақылау жасаудан көрінеді.

Slide 20

Бақылау функциясы қаржылық бақылауда - жалпы ішкі өнімді тиісті қорларға бөлуге және оларды мақсатты арналым бойынша жұмсауға бақылау жасауда көрінеді. Ұдайы өндіріс процесіндегі қаржының бақылау функциясының рөлі қаржылық тәртіп арқылы жүзеге асуымен және оның жәй-күйімен, белгіленген нормалар мен нормативтердің сақталуымен, қаржылық міндеттемелердің орындалуымен байланысты болуы мүмкін.

Slide 21

Қазіргі кезде қаржылық бақылаудың мынадай түрлерін ажыратады: қаржылық - шаруашылық бақылау. Оны фирмалардың, кәсіпорындардың, бірлестіктердің, министрліктер мен ведомстволардың қаржы органдары ақша қорларын бөлу жолымен жүргізеді. Ұдайы өндірістің бүкіл барысына: өнімді шығару мен өткізудің ауқымына, өзіндік құн мен рентабелділікке, еңбекақы төлеуге осылайша ықпал жасалады. Қаржылық бақылаудың бұл түрі өндіріс тиімділігін жүйелі арттырып отыруға бағытталған;

Slide 22

Қаржылық- бюджеттік бақылау. Ол кәсіпорындар табысының бір бөлігін мемлекеттік бюджетке алу арқылы, сондай- ақ кәсіпорындар мен құрылыстарды қаржыландыру арқылы жүзеге асырылады. Осылайша, қаржы жүйесі белгіленген төлемдердің бюджетке дер кезінде түсуін, бюджет қаражаттары бизнес- жоспардың немесе құрылыс қарқынының орындалуына қарай берілуін бақылайды;

Slide 23

Кредиттік - банктік бақылау. Ол фирмалар мен кәсіпорындарды несиелендіру арқылы жүргізіледі. Бұл жағдайда қаржының бақылау функциясы кредит берудің мезгілдігі, қайтарымдылығы, ақылығы қағидаттарынан көрінеді. Бақылаудың бұл түрі банк арқылы өтетін ақшалай есептесудің жүйесі арқылы жүргізіледі

Slide 24

Қоғамдық өнімді бөлу процесі өте күрделі, мұның барысында өндірісте жасалған құн шаруашылық жүргізуші субъектілер арасында, ал олардың әрқайсысында мақсатты арналым бойынша бөлінеді. Осыған байланысты ол түрлі экономикалық категориялардың көмегімен жүзеге асады, бұлардың әрқайсысы ерекше, тек өзіне тән рөлдерді орындайды. Қаржы құндық процесіне қатыса отыра, баға, жалақы, несие сияқты категориялармен өзара тығыз байланысты болады және өзара іс-қимыл жасайды. Алайда, олардың қатысу өлшемі мен нысандары бірдей емес. Жеке экономикалық категориялардың ұдайы өндіріс процесінің түрлі стадияларындағы қатысу дәрежесі әр түрлі.

Slide 25

Қаржы көмегімен шаруашылық жоспарларымен және үйлесімдерімен белгіленген құн қозғалысының шарттарын ескере отырып бөлудің бағамен басталған процесі түзетіледі. Егер бағаның көмегімен өнімді өткізуден түсетін жалпы түсім - ақша қалыптасатын болса, қаржылық бөлу бұл түсім- ақшаны одан ары бөлуге арналған мақсатты ақша қорлары бойынша бөлшектейді. Сөйтіп, бөлудің қаржылық әдістері анағұрлым иілгіш келеді, олар бұл процестегі үлкен атаулы сипатты қамтамасыз етеді. Бөлу кеңдігінің дәрежесі әр түрлі: егер баға құнның қоғамдық қажетті шығындардан ауытқуы немесе шығындардың жеке - дара шығындардан ауытқуы түріндегі оның тек бір бөлігін бөлетін болса, қаржы өнімнің бүкіл құнын қайта бөледі.

Slide 26

Баға амортизациялық аударымдардың көлемін анықтауда ерекше рөл атқарады. өндіріс құралдарының бастапқы және қолданыстағы бағаларының арасындағы алшақтық амортизациялық қордағы елеулі ауытқуларға себепші болады. Өндіріске кепілдікке салынған, құнның бағалық бұрмалануы баламасыз сату кезінде күшейеді және бөлу мен тұтыну стадияларындағы қайта бөлгіштік қатынастардың көбеюін тудырады.

Slide 27

Қаржы еңбекақы төлеумен тығыз байланысты. Материалдық өндіріс саласында еңбекақы төлеу қоры «жалақы қоры» қаржының көмегімен өнімді өткізуден түскен түсім- ақшадан бөлінеді. Бұл қор өндірілген өнімнің көлеміне қарай қалыптасуы мүмкін. Шаруашылық практикада табыс категориясын пайдаланған жағдайда еңбекақы төлеу қоры қол жеткен қаржы нәтижелерімен тығыз байланысты үйлесімде қалыптасады.

Slide 28

Еңбекақы төлеу стадиясында, яғни тауарлар мен қызметтер көрсетуге ақы төлеу арқылы пайдаланылады. Бір мезгілде оның белгілі бір бөлігі қаржылық әдістермен халықтың салықтарды, сақтандыру жөніндегі жарналарды төлеуі түрінде; кредиттік әдіспен - банктерге салынған салымдар, мемлекеттік заемдардың облигациялары түрінде; акцияларды және басқа бағалы қағаздарды сатып алу, лотереялар өткізу жолымен жұмылдырылады.

Slide 29

Қаржы ғылыми қаржыны тек экономикалық категория, яғни айрықшалықты өндірістік қатынастардың жиынтығы ретінде ғана қалыптастырып қоймайды, сонымен бірге мақсатты ақша қорлары түріндегі олардың материялдық іске асуын баса көрсетеді. Бұл қорлар қаржы қатынастарының тұрақты иесі болып келеді. олардың қалыптасу көздері және қорлардың өздері ұлттық шаруашылықтың тиісті буындарының қаржы ресурстары болып табылады

Slide 30

Демек, қаржы ресурстары - бұл жалпы ішкі өнім құнының бір бөлігін, ақша нысанындағы таза табысты бөлу және қайта бөлу процесінде жасалынатын мемлекеттің, шаруашылық жүргізуші субъектілердің және халықтың қарамағындағы ақша қаражаттары, олар ұлғаймалы ұдайы өндіріс пен жалпымемлекеттік қажеттіліктерді қамтамасыз етуге арналған. Қоғамдық жалпы өнім мен ұлттық табысты арттыру қаржы ресурстары өсуінің басты шарты болып табылады.

Slide 31
Ұқсас жұмыстар
Қаржы ресурстары туралы түсінік
ҚАРЖЫНЫҢ ПАЙДА БОЛУ ТАРИХЫ
Ақша қорларының жиынтығы
Қазақстанның қаржы нарығын мемлекеттік реттеу
Акционерлік қоғам жайлы
Ақша жүйесі
Қаржы саласындағы мемлекеттік басқару мен жоспарлау
Қаржы есептілігі
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕП СТАНДАРТТАРЫ
Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есептілік
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz